Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;

 

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер; 
      2) уәкiлеттi орган – "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды.
      3. Мемлекеттiк қызмет "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және аудандық коммуналдық мүлiк болып табылатын Қазақстан Республикасының бiлiм беретiн ұйымдарымен (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) көрсетiледi (байланыс мәлiметтерi осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген).
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетiледi (бұдан әрі – стандарт). 
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. 
      7. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: 
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды; 
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алғанға дейiн күтетiн (тiркелу кезiнде) барынша шектi уақыты – 30 минуттан аспайды; 
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсететiн шектi уақыты – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi және республикалық бюджет есебiнен тегiн көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және қызметтi жедел ресiмдеусiз уәкiлеттi органның және бiлiм беру ұйымдары бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес күнтiзбелiк жыл бойында ұсынылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарында орналасқан стендтерде, сондай-ақ, уәкiлеттi органның және бiлiм беру ұйымдарының ресми сайттарында орналастырылады. 
      11. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде даму мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкiлеттi органның және бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi: 
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы уәкiлеттi органға немесе бiлiм беру ұйымына жүгiнедi және өтiнiш бередi, жауапты тұлғаға құжаттар топтамасын ұсынады;
      2) уәкiлеттi органның немесе бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттарды тiркейдi және уәкiлеттi орган немесе бiлiм беру ұйымы басшылығының қарауына ұсынады, ол жауапты тұлғаны айқындайды;
      3) жауапты тұлға келiп түскен құжаттарды тексередi, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ресiмдейдi, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдаманы немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты толтырады және мемлекеттiк қызметтi алушыға бередi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн уәкiлеттi органда немесе бiлiм беру ұйымында құжаттарды қабылдауды iске асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнде
әрекеттер тәртiбiн сипаттау

      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға немесе бiлiм беру ұйымдарына тапсырылады. 
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 
      1) ата-аналардан өтiнiш; 
      2) жеке басын куәландыратын құжат; 
      3) өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы орган беретiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 
      4) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      16. Уәкiлеттi орган және бiлiм беру ұйымы барлық қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi мен күнi; 
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi; 
      3) қоса тiркелген құжаттардың саны мен атаулары; 
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орыны; 
      5) құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi орган немесе бiлiм беру ұйымы қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты; 
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      17. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) өзi келген жағдайда жүзеге асырылады. 
      18. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы Регламенттiң 15-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметтi ұсыну үшiн белгiленген тұлғалар санаттарына сай келмеуi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады. 
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi – ҚФБ): 
      1) уәкiлеттi органның басшылығы;
      2) уәкiлеттi органның жауапты тұлғасы; 
      3) бiлiм беру ұйымының басшылығы; 
      4) бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы. 
      20. Әрбiр әкiмшiлiк әрекеттiң орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнiң реттiлiгi мен өзара әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттауы осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген. 
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк әрекеттер мен ҚФБ логикалық реттiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы Регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      22. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге уәкiлеттi органның басшысы және бiлiм беру ұйымының басшысы жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрi – лауазымды тұлғалар).
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мерзiмде көрсетудiң iске асырылуы мен сапасына жауапты болады.