Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;

 

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы регламентте келесiдей негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) балаларға қосымша бiлiм беретiн ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы; 
      2) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер.

2. Жалпы ережелер

      2. Осы "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) балаларға қосымша бiлiм беру үшiн қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 
      3. Мемлекеттiк қызмет балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарымен көрсетiледi (байланыс деректері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген).
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бап 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетiледi (бұдан әрi - стандарт). 
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi қосымша бiлiм беру ұйымына стандарттың 2-қосымшасына сәйкес баланың заңды өкiлi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негiзiнде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. 
      7. Мемлекеттiк қызмет 3 жастан 18 жасқа дейiнгi жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: 
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi қарастыру 3 жұмыс күнiн құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептерi үшiн 15 күн); 
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алу үшiн күту (тiркелу кезiнде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      9. Мемлекеттiк қызметтi алушы жеке өтiнiш берген жағдайда мемлекеттік қызмет өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күн ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес ауданның білім беру бөлімі және бiлiм беру ұйымдарының веб-сайттарында және қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi фойедегi стендтерде орналастырылады. 
      10. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген кестеге сәйкес түскi үзiлiспен 09.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және қызметтi жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      11. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде даму мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдерi: 
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымына жүгiнедi, өтiнiш бередi және жауапты тұлғаға құжаттар пакетiн ұсынады;
      2) балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттарды тiркейдi және балаларға қосымша бiлiм беру ұйымы басшылығының қарауына ұсынады, ол жауапты тұлғаны айқындайды;
      3) жауапты тұлға келiп түскен құжаттарды тексередi, балалардың заңды өкiлдерi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының арасында жасалған шарт негiзiнде балаларға қосымша бiлiм беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ресiмдейдi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн балаларға қосымша бiлiм беру ұйымында құжаттарды қабылдауды iске асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнде
әрекеттер тәртiбiн сипаттау

      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарына тапсырылады. 
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
      1) балаларды қосымша бiлiм беру ұйымдарына тiркеу туралы немесе заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi; 
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшiрмесi;
      3) бала мен ата-анасы (заңды өкiлдерi) туралы мәлiметтерi бар сауалнама;
      4) қызмет көрсету талаптары көрсетiлген шарт (қажеттiлiгiне қарай);
      5) қажеттiлiгiне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      16. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштi қабылдау күнi мен нөмiрi, қызметтi алу күнi көрсетiлген жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу туралы қолхат берiледi.
      17. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi туралы ақпаратты алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш түскеннен кейiн 3 жұмыс күнi өткен соң бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзi баруы тиiс.
      18. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы Регламенттiң 15-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық ұсынбауы бас тартудың себептерiн жазбаша дәлелдеумен мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер қатысады (бұдан әрi – ҚФБ):
      1) балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының басшылығы; 
      2) балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы.
      20. Әрбiр әкiмшiлiк әрекеттiң орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнiң реттiлiгi мен өзара әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаты осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк әрекеттер мен ҚФБ логикалық реттiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы Регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      22. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрi – лауазымды тұлға).
      Лауазымды тұлға мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мерзiмде көрсетудiң iске асырылуы мен сапасына жауапты болады.