Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бірінші сыныптар үшін аса маңызды:

 

- баланы мектеп өміріне төселуге үйрету. Оқушының «ішкі көз қарасын» қалыптастыруда жаңа деңгейде ересектермен араласу қажеттілігі және танымдық қажеттілігі туындайды. Мектеп ережесіне сәйкес мектеп деген не, не үшін білім алу керегін баламен әңгімелесе отырып түсіндіру қажет. Бірінші сынып оқушысы үшін өзінің мектеп ортасына қабылданғанын сезіну өте маңызды. Мектепте жемісті оқу үшін өзінің күшіне, өзінің қабілетіне және мүмкіндігіне оқушы сенімді болуы керек. Өзінің оқушы атанғандығы туралы оң көз қараста болуы, оған өзгерген өмір жағдайына және оқушылық дәрежеге нық тұруына жақсы бейімделу мүмкіндігін береді, сондай – ақ мектепке деген жақсы сезімдік қатынас қалыптастырады.

- оқушы күнтәртібін жасау. Мектеп күнтәртібін бірізділікпен құру.

- баға туралы ұғымды түсіндіру, өзін - өзі бағалауды және әр-түрлі тәсілдердің дұрыстығын, ұқыптылығын, әдемілігі сияқты әдістерді баламен бірге қызығушылығын арттыра отыра, осының барлығына қол жеткізуге мүмкіндік туады.

- балаға сұрақ қоюды үйрету.

- балаға өз сезімімен қалай дұрыс жұмыс істеу керегін үйрету, өз сезімдерін басқару тәсілдерін дамытуды үйрету.

- тәртіпке сай оқушы өзін ұстауы тиіс, назар қойып тыңдап және тапсырманы анық орындап, ауызша жұмыс істегенде және де көзбен көріп қабылдау бойынша бейнелеу. Бұған ереже бойынша ойындар және дидактикалық ойындар көмектеседі. Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді.

- Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құралады, сондай-ақ Н.И. Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді.

- араласу дағдысын дамыту.