Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бұйрықтар

 

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 22 ЖАЛПЫ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

ШКОЛА № 22 ГОРОДА ПАВЛОДАРА

                                                                                                                            

140000, Павлодар қ, Ак.Шокин көшесі, 27

тел/факс (7182) 34-26-51

140000, г. Павлодар, ул. Ак. Чокина, 27

тел/факс (7182)  34-26-51

 

 

БҰЙРЫҚ  №  1-03/

2013 жылы  «  »

 

Оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, азықтандыруды және педагогикалық кадрлармен  жұмысты ұйымдастырудағы мектепішілік бақылауының жағдайы туралы.

 

 

Қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1747 бұйрығы негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

 

1.     Оқу-тәрбиелеу процесін сапалы ұйымдастырылуына өз салалары бойынша жауапты болып директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары тағайындалсын.

2.     Оқушылардың ыстық тамақтануын ұйымдастыру директордың орынбасары М.П. Баядиловаға жүктелсін.

3.     Педагог кадрлармен жұмысты ұйымдастыру кәсіподақ  төрайымы Қ.С. Бекишеваға жүктелсін.

4.     Мектептің оң имджін қалыптастыру және тұрғын органдардың сайттарын келіп түсетін ата-аналардың, мұғалімдердің және оқушылардың жағымсыз үндеулеріне жол бермеу мақсатында «Виртуалды қабылдауының» жұмысын бақылау директордың орынбасары Д.Б. Жакишеваға жүктелсін.

5.     Азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыруды өзіме қалдырамын.

6.     Бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

Мектеп директоры:                     М.К Мамбетова

 

 

Таныстым:

 

Г.А. Бекмурзинова

Н.М. Батесова

Ж.Е. Ракишева

Д.Б. Жакишева

М.П. Баядилова

Ш.М. Кульбекова

К.С. Бекишева

 

 

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 22 ЖАЛПЫ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

ШКОЛА № 22 ГОРОДА ПАВЛОДАРА

                                                                                                                            

140000, Павлодар қ, Ак.Шокин көшесі, 27

тел/факс (7182) 34-26-51

140000, г. Павлодар, ул. Ак. Чокина, 27

тел/факс (7182)  34-26-51

 

 

БҰЙРЫҚ  №  1-03/

2013 жылы  «  »

 

Қаіпсіздік шараларын сақтау туралы:

 

Қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 1-14/1477 бұйрығы негізінде және оқушылардың өмірі мен денсаулықтарының қаіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

Директордың орынбасарларына:

1.     Кезекшілік уақытында мектеп бойынша, мектеп асханасында мұғалімдердің кезекшілікке шығуын қадағаласын.

2.     Сабақ барысында мұғалімнің шығып кетуіне жол бермеуін және оқушылар мұғалімнің қадағалауынсыз қалмауын бақылансын.

3.     Білім беру қызметкерлеріне қатысты қойылатын талаптар мен лауазымдық  міндеттерді тиісті түрде орындау керектігі жөнінде сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен кеңес өткізу.

Сынып жетекшілеріне:

1.     Мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда жүріп-тұру тәртібін сақтау және құқықтық тәрбие жөніндегі оқушылармен жеке дара жұмыстар күшейтілсін. Әрбір сынып жетекші сабақтан кейін оқушыларды мектеп аумағынан шығарып салсын. 2-аусымда оқитын сыныптардың сынып жетекшілері оқушылардың үйлеріне жеткенін бақыласын.

1.     Мектеп жарғысымен ата-аналар таныстырылып, қолдары қойылсын.

2.     Ата-аналар мен оқушыларды Қазақстан республикасының «Кәмилетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы» Заңымен қолдарын қойып таныстырылсын.

2. Әкімшілік Кодексінің № 3363-4 бабымен оқушыларды және ата-               аналарды таныстырылсын.

3.     Мектепке ұялы телефон әкелуге тиым салынғаны туралы ата-аналар назарына жеткізіп, қолқат алынсын.

4.     Қоғамдық тәртіпті бұзғандығы, суық қару, ұстағандығы мен төбелестерге қатысқандығы үшін құқықтық жауапкершілікке тартылу мәселелері бойынша оқушылар ұжымында, ата-аналар жиналысында, сынып сағаттарда ақпарат берілсін.

5.     Сабаққа кешігіп келген оқушылармен және ата-аналармен жүйелі жұмыс атқарылсын.

6.     Мектеп орналасқан шағын ауданда шолғындау жүргізуге ата-аналарды жұмылдырып, тексерулер өткізілсін.

7.     Оқушылардың мектеп киімін талапқа сай киюін қадағаласын.

8.     Мектепте хиджаб кию мәселесі бойынша оқушылармен сынып сағаттарында ақпарат жұмыстарын өткізсін.

9.     Сәтсіз отбасыларын қатаң бақылауға алынсын. Осы отбасыларда мектеп инспекторымен бірлескен тексерулер өткізсін.

10.                       Мектеп оқушыларының бос уақыттарының сабақтан тыс және мектептен тыс қамтылуының айлық мониторингін жүргізсін.

11.                       Педагогтардың қолдауынсыз және қаіпсіздік техникасының нұсқауларысыз оқушылардың саяхатқа, экскурсияға шығуларына, қалалық іс-шараларға қатысуына тыйым салынады.

Оқу үдерісі кезінде:

1.     Химия, физика, информатика, дене шынықтыру, технология сабақтарында қауіпсіздік техникасы ережелері сақталсын.

2.     Нұсқаулыққа сәкес зертханалық, практикалық жұмыстар кезінде және технология мен дене шынықтыру сабақтарында керекті нұсқаулықтар өткізілсін.

3.     Спорттық залда және спорттық алаңдағы құралдардың ТҚ сынауы мен тексеруін міндетті түрде өткізсін.

4.     Пластикалық терезелердің мықты болуын тексеру және мұғалім болмаған кезде сыныптағы терезелердің ашылуына жол бермесін.

Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында:

1.     Оқушылардың асханада тамақтану кестесіне сай және толық түрде қамтылуы қамтамасыз етілсін.

2.     Аз қамтамасыз етілген отбасылардан щыққан балалар, жетім және ата-анасының қамқорысыз қалған балалардың 100% тамақтануы қамтамасыз етілсін.

3.     Оқушылардың қолдарын жууы және су ішу режімі сынып жетекшілері тарапынан бақылансын.

4.     Оқушылардың басқа сауда  орындарынан тамақтануына тиым салынсын.

 

Осы бұйрықтың орындалуын директордың орынбасарларына жүктеледі.

 

 

Мектеп директоры:                      М.К. Мамбетова