e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz 140 000, Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25   Карта проезда телефон: 32-21-67 телефон доверия: 32-18-77
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2447544
Бір айда272971
Бір аптада60333
Кеше10340
Тәулік11672
Балабақша кезегін тексеру
Тегі (Мысалы: Абаев)
Туған жылы (Мысалы: 2009)

Павлодар қаласы № 24 жалпы орта білім беру мектебі

«Мейірімді ЖАЗ» жазғы компаниясының Бағдарламасы
   

№ 24 ЖОМ

«Мейірімді  ЖАЗ» жазғы компаниясының Бағдарламасы

 

Бағдарламаның ақпараттық картасы


1

Бағдарламаның толық атауы

  «Жаз» мектептегі сауықтыру күндізгі  лагерінің  бағдарламасы

2

Бағдарлама мақсаты

  Мектеп оқушыларының жазғы уақыттағы демалысы мен сауығуын ұйымдастыру

 

3

Қызмет бағыты

 Балалардың ойын құралдары,танымдық және еңбек қызметі арқылы дене және рухани дамуы

4

Бағдарламаның қысқа мазмұны

Бағдарлама тұрады: нормативті-құқықтық құжаттар пакеті;Бағдарламаны жүзеге асыратын іс-шаралар;    күтілетін нәтижелер және жүзеге асыру жағдайлары, қосымшалар.

5

Бағдарлама авторы

ДТЖО  Абенова А.Б.

6

Бағдарламаны ұсынған білім беру мекемесі

 № 24ЖОМ ММ

7

Мекен-жай, телефон

Павлодар қаласы,  Кутузов,190

 

8

Жүзеге асыру орны

 Мектептегі күндізгі сауықтыру лагері, профильдік лагерь, спорт алаңы, ЖЕО, телімді қөгалдандыру,аула клубтары, ЖЖИ отрядтары, БЖП, жас полицей отрядтары

9

Саны, оқушылар жасы

10жастан 15 жасқа дейін  250 оқушы 

10

Өткізу мерзімі, ауысым саны

Маусым,шілде,тамыз  

11

Ерекше ақпарат және ескерту

Қаржыландыру көздері мен көлемі: Павлодар қаласының бюджеттік білім беру бөлімдері, № 24 ЖОМ ММ


 

Түсінік хат

  Бағдарламаның әлеуметтік-педагогикалық негізі

 Соңғы жылдары балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көңіл бөлу өскендігі байқалады. Олар көп жанұялардың  күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдайында балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудің  маңызды міндетін атқарады. Сонымен қатар лагерь балалардың бойында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға ыкпал  етеді. Жазғы демалыс-бүгінгі күні тек қана әлеуметтік қорғау емес, балалардың шығармашылық дамуының,рухани әлемі мен зияткерлігі толысуы ортасы.   Жыл сайын оқушылар үшін №24 ЖОМ базасында  күндізгі «Балдырған», « РОСТок»   профильдік лагері сауықтыру ауысымдары өткізіледі.Онда бастауыш,орта сынып оқушылары дем алады.Жоғары сынып оқушылары үшін ЖЕО,телімді қөгалдандыру  жұмыстары,  спорт секциясындағы спортпен шұғылдану, «Бірлік», «Рахым»,  «Өркен» аула клубтарындағы сабақтарға қатысу және БШҚО жобаларына қатысу.   Жоғары сынып оқушылары ата-аналарымен бірге жеке кәсіпорындарда және шаруа қожалықтарында жұмыс істейді.Негізінен бұл оқушылар МІБ және КББ есебінде тұрған балалар.      ЖЖИ және БЮП отрядтары ұйымдастырылуда.   Жазғы демалысқа жетім балаларды, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қамту міндетті  болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты –мектеп оқушыларының жазғы уақыттағы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру   

Міндеттері:

1.     Уақытша ұжым жағдайындағы балалардың дене сауығуының жүйесін жасау;

2.     Ойын құралдары,танымдық және еңбек қызметтері арқылы балалардың дене және рухани дамуы арасындағы айырмашылықты жеңу.

3.     Оқушылардың бойында қарым-қатынас және толеранттылық дағдыларды қалыптастыру.

4.     Салауатты өмір салты дағдыларын сіңіру,денсаулықты нығайту.

5.     Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

6.      Демалыс уақытындағы балалардың қараусыз қалуының алдын алу.

7.       Мектеп, жанұя, қосымша білім беру мекемелерінің байланыстарын нығайту және дамыту.

 

 

 

Қызмет түрлері мен бағыттары

1.     Еңбек қызметі

2.     Спорттық қызмет

3.     Экологтық-валеологиялық бағыт 

4.     Эстетикалық бағыт

5.     Патриоттық бағыт

6.     Білім беру және бос уақытты қамту қызметі

 

 

 Лагерь жұмысының бұл барлық бағыттары танымдық сипатта және қоғамдық-пайдалы істерге бағытталған.   Бос уақытын қамту және ойындар жасөспірімдерді жаңа білім, білік, дағды, салмақты ойларға қызықтыра алуы керек.

 

Принциптер

·        жүйелілік;

·        шығармашылық;

·        бұқаралық;

·        шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·        жыныстық жас ерекшеліктерін ескеру.

 

 

  Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

Iкезең. Дайындықнаурызсәуір

Бағдарлманың,әдістердің,қойылымдардың жасалуы. Мектеп оқушыларының жазғы қамтылуын болжау.   Бос уақытты қамту мекемелерімен бірлескен  іс-әрекет жоспарын құрастыру.

II кезең. Ұйымдастыру – мамыр

Топтардың тізімін жасау,бағдарламаны іске асырудың  дайындығы,педагогтар мен мамандармен бірге жоспарды түзету,нормативті-құқықтық базаны жасау.

III кезең. Тәжірибелік– маусым-тамыз

Бағдарламаның іс-жүзінде жүзеге асырылуы.

IVкезең. Талдаулыққыркүйек

  Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін жинақтау, Бағдарламаны түзету,алдағы жұмысты жоспарлау.

 

 

 

Ресурстық қамтамасыз ету

 Жазғы сауықтыру компаниясының  саясатын педагог мамандар анықтайды.Сондықтан ауысымға пән мұғалімдері,педагог-ұйымдастырушы, кітапханашы,дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, дәрігер, сол сияқты вожатыйлар тартылады. Әрбір кәсіби маман жазғы демалысты ұйымдастыру сұрағы бойынша белгілі кәсіби міндеттерді шешуге шақырылған.  

·        Мектеп директоры  -   Қадағалаушы функция,қоғамдық ұйымдармен,мекемелермен,ата-аналармен  жұмысты үйлестіру.

 

 

·        Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары -  Жазғы сауықтыру компаниясын жалпы басқару

·        Медициналық қызметкер-   №4 поликлиникамен және қалалық СЭС-пен байланыс жасау,медициналық көмек көрсету,салауатты өмір салтын насихаттау.

·        Пән мұғалімдері– балаларға білім беру мен тәрбиелеу, жеке тұлғасын зерттеу, әлеуметтенуіне көмек беру, ұжымды нығайту. 

·        Дене шынықтыру мұғалімдері– Салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы денсаулықты нығайту.  

·        Педагог-ұйымдастырушы– қамту қызметін ұйымдастыру.

·        Кітапханашы –қызметтің түрлі бағыттары бойынша әртүрлі іс-шараларды өткізу.  

·        Вожатыйлар –балаларды қамтуды ұйымдастыру бойынша тәрбиешілердің көмекшілері

  Балалар толық демалу үшін пайдалану керек: спорт құралдары,  , кеңсе заттары, стөл ойындары т.б.

  Бағдарламаны құрастыру және қамту іс-шараларын өткізу үшін «Оқушыларды тәрбиелеу», «Сынып жетекшісі», «Соңғы қоңырау» журналдары,сонымен қатар мектептің педагогикалық қоржынындағы материалдар пайдаланылады.

Мектеп бағдарлама аясында бірлесіп қызмет көрсетеді:

§    Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен;

§    Аудандық ішкі істер бөлімімен,кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөліммен;

§  Өрт бөлімімен;

§  Қалалық балалар кітапханасымен;

§  Өлкетану мұражайымен;

§   Нептун бассейнімен;

§    Ш.Аймановатындағы кинотеатрмен;

§  БШҚО;

§   Аудан орталығының басқа ұйымдарымен.

 

 

 

Лагерь  жұмысының күтілетін нәтижесі

}  Балалардың денсаулығының нығаюы.

}   Балалардың салауатты өмір салтына үйренуі.

}  Қазақстан Республикасы,туған қаласы Павлодар тарихы,табиғаты туралы білімдерінің тереңдеуі және кеңеюі

}   Балалардың экологиялық мәдениетінің өсуі; табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысының қалыптасуы.

}   Балалар арасында жағымсыз әлеуметтік жағдайлардың өсу жылдамдығыының бәсеңдеуі.

}   Әртүрлі жастағы балалардың арасындағы қарым-қатынас пен достықтың нығаюы.

 

 

  Лагердің дайындық кезеңдері,үйлестіру және бақылау

  Жазғы компанияның ашылуы алдында педұжыммен және вожатый топтарымен сабақтар өткізіліп, мұнда лагердің жұмыс бағдарламасы, жұмыс кестесі, қызметтік нұсқаулар, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі нұсқаулары талқыланады.  Содан кейін жұмыс жоспары мен ішкі тәртіп ережелері құрастырылады. Материалдық   базаны ,үй-жайды қабылдауға дайындау . Соңғы кезеңі - лагердің ашылуы.   

       Лагерь жұмысын лагерь бастығы және аға тәрбиеші үйлестіреді.  Бақылау лагерь бастығы мен мектеп директорына жүктеледі.