Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰБТ 2014

МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

1. Тестілеуге өтініш беру

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуғаөтініштімектеп бітіруші10 наурыздан 25 сәуіргедейін береді.

Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесіндетолтырады.

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат; 2 фотосурет (3х4 өлшемді)

Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге: мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама; тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.

Тіркелу анықтамасын алғаннан кейін аты-жөніңіздің, әкеңіздің атының дұрыс жазылғанын тексеріңіз, себебі бұл мәліметтер сертификатта және білім беру грантының куәлігінде көрінеді және жеке басыңызды куәландыратын құжатқа сәйкес келу қажет.   

2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.

ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша шығармашылық емтихан тапсырады.

ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша бағаланады және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен ауыстырылады.

Балды бағаға ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі:

Пән

2 (қана ғат-сыз)

3(қана ғат-лық)

4(жақ сы)

5(үздік)

1

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9

Дүние жүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

16

Қазақ  тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

 

 

3. Тестілеудің  мерзімі мен ұзақтығы

Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.  

ҰБТ-ныңбасталу уақыты  – сағат 09.00.

ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.

Тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады.

4. Апелляция

Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштібітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды.

Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.

Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсетуі керек.

5. Сертификат

ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі: ҰБТ нәтижесі туралы сертификат; жалпы орта білім туралы аттестат.

Сертификаттыңжарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынадейін.

Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады. Ламинатталған сертификаттар ауыстырылады.

6.Білім беру гранты

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.                        

Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандығы үшін 55 балдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамау керек («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

2013 жылы күндізгі оқу түріне бір орынға ең үлкен конкурс келесі мамандықтарда болды:

қазақ бөлімі:

1.     5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» (жалпы конкурс)- 174,44 адам;

2.     5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» (жалпы конкурс)- 168,48 адам.

3.     5В110100 - «Мейірбике ісі» (жалпы конкурс) – 133,59 адам;

орыс бөлімі:

1. 5В020700 - «Аударма ісі» - 250,25 адам;

2. 5В110400  - «Медициналық-профлактикалық іс» («Астана» медициналық университеті) – 97,45 адам;

3. 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Астана» медициналық университеті) – 90,17 адам;

Күндізгі оқу түріне бір орынға ең төмен конкурс келесі мамандықтарда:

қазақ бөлімі:

1. 5В011924 «Шетел филологиясы: екі шет тілі (француз тілі)» - 0,1 адам;

2. 5В021022 «Шетел филологиясы: француз тілі»  - 1 адам;

3. 5В021012 «Шет тілі: екі шет тілі (неміс тілі)» - 1,14 адам.

Орыс бөлімі:

1.     5В021020 «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» - 0 адам;

2. 5В072200 «Полиграфия» - 1,07 адам;

3. 5В051500 «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» - 1,1 адам;

4. 5В021100 «Теология» - 1,13 адам.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында, болашақта оқуын жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да тапсырады. 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.  

Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Білім беру грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.

Назар аударыңыз!!!

Бітіруші тестілеуден өту үшінҰБТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен біргекелесі құжаттарды алып  келу керек:

  • ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • қара сиялы қалам;
  • ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
  • сөйлесуге;
  • орнынан тұруға;
  • орын ауыстыруға;
  • кез-келген материалдар және заттармен алмастыруды жүзеге асыруға;
  • калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер,  шпаргалкалар және анықтамалық құжаттарды (Меделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) қолдануғажәне аудиторияға алып кіруге.

 

Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, ҰБТӨП-тегі тестілеудің барлық кезеңінде тыйым салынады.

Тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу барысында металіздегіштер, тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары  мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады. 

Бітіруші аудиториядағы тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін Министрлік өкілінің шешімімен қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде (3,5 сағат) бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді.

ҰБТ кезінде мектеп бітірушіге:

Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс. Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;

Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

Ойыңды жинақтау! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

Қорықпау! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

Тапсырманы соңына дейін оқу!  Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

Тексеру! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.     

Назарыңызда болсын!Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақтылы тапсырма бойынша Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Сіздің Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге қол жеткізуіңізге тілектеспіз!


Сіз қай ЖОО таңдау керектігін анықтай алмай жатырсыз ба? Онда, осы сілтемелер сізге!

 

 

Государственный медицинский университет города Семей

 

Казахский национальный медицинский университет им.С. Д. Асфендиярова

 

Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева (г.Астана)

 

Евразийский гуманитарный институт (г.Астана)

 

Павлодарский государственный педагогический институт

 

Инновационный Евразийский университет

 

Павлодарский государственный университет имени С. Торайгырова

 

 


ҰБТ тапсыру кезінде көмек ретінде түлектерге арналған сайттар

 

 

ҰБТ дайындалу үшін бағдарлама (Қазақстан тарихынан, орыс тілінен тестер)

 

Қазақстан Республикасының ЖОО-на қабылдаудың үлгілік ережелері. Білім грантын беру ережелері. Күштер және басқа құрылымдар ведомствосындағы ЖОО тізімі. Мамандықтар бойынша бейіндік пәндер тізімі. Қазақстан ЖОО туралы ақпарат, ЖОО рейтингі.

 

ҰБТ дайындалуға арналған тестер, ҰБТ туралы жаңалықтар, форумдар, чаттар.

 

БМЕ және ҰБТ үздік тапсыр! Сайтта математика бойынша БМЕ және ҰБТ тест тапсырмаларын шешудің ерекше, мамандандырылған тәсілдері туралы айтылады. Оқушыға тест және математикалық есептерді дұрыс шығаруға көмектесетін материалдар орналастырылған. Оnline тестілеу.

 

Тест кітапшалар, онлайн тестер, оқыту бағдарламалары

 

Онлайн-тестілеуге ҰБТ міндетті пәндері кіреді: математика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдері. Сонымен қатар абитуриент қосымша пәнді өзі таңдай алады. Оның тізіміне кіреді: география, химия, физика, дүниежүзілік тарих, биология, орыс әдебиеті, ағылшын, неміс және француз тілдері.

 

KAZ-EKZAMS.RU - ҰБТ-ге дайындалу үшін мамандандырылған интернет-ресурс. Осында сіздер оқу әдебиетін, ҰБТ тестерін, ҰБТ тестеріне жауаптарды, жауаптарды есте сақтау және негізгі мектеп пәндері: Қазақстан тарихы, орыс тілі, география, биология бойынша тестерді білуді тексеру үшін онлайн сервистерді табасыз. m.kaz-ekzams.ru сайты мобильдік құрылғыларға арнайы бейімделген. Сайтта Kaz-Ekzams.ru сайтының online-сервистерінің жеңілдетілген түрлері бар: онлайн тестер, оллайн жаттау.

 


 

ҰБТ әліппесі

 

А Ә Б Е Ж Қ М О Ө Р Т У Ұ Х Ш  

 

 

Аппеляция.

Апелляциялық комиссия тестілеу пәндері бойынша орта мектептер мұғалімдері және апелляцияға өтініштерді қабылдайтын техникалық жұмыскерлер санынан құрылады. Өтініш түлектің өзімен апелляциялық комиссияның төрағасының атына беріледі және апелляциялық комиссиямен бір күнтізбелік күн бойы қарастырылады.

 

 

 

Аудитория бойынша кезекші.

Аудиториялық тізімге сәйкес түлектерді аудиторияға кіргізуді жүргізеді; орындар парағына сәйкес орындар бойынша түлектерді отырғызады; түлектерге емтихандағы мінез-құлық ережелерін түсіндіреді; емтихандық материалды таратады; емтихандық материалдарды толтыру ережелерін түсіндіреді; аудиториядағы мінез-құлық ережелерін сақтауды бақылайды.

 

 

Әзіл.

ҰБТ қоғамның назарын аударғаны соншалықты, ол туралы түрлі әзіл әңгімелер ойлап шығарыла бастады.

 

 

Баллдар.

ҰБТ нәтижелері 125-баллдық жүйе бойынша бағаланады. Баллдарды бағаларға көшіру ҚР Білім министрлігі бекіткен шкалаға сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

Беттер.

Сұрақ-кітапшаларын таратқан соң, түлектер сұрақ-кітапшасындағы барлық беттердің бар болуын тексеру керек.

 

 

 

Болмайды.

ҰБТ кезнде бір орыннан екінші орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге, шпаргалкаларды, мобильдік құралдарды көргізіп, қолдануға болмайды. Осы ережелерді бұзу кезінде түлек емтиханнан шығарылады.

 

 

 

Білім гранты бойынша конкурсқа қатысу.

ҰКонкурсқа қатысу үшін 45 баллдан кем емес жинау керек (қазақ тілі бойынша тестілеуді есептемей), сонымен қатар бейіндік пән бойынша 7 баллдан кем емес (әр шығармашылық емтихан бойынша 10-нан кем емес), ал қалған пәндер бойынша – 3 баллдан кем емес.

 

 

 

Емтихандық материалдар.

Жауап парағы, сұрақ-кітапша әр түлектен жеке қабылданады, ол оларды кезекшіге жауапты аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты аяқталған соң тапсыра алады.

 

 

Жалпы орта білімнің білім алушыларының қорытынды аттестаттауының түрлері.

Ұлттық бірыңғай тестілеу, жалпы білім беру пәндері бойынша қорытынды емтихандар.

 

 

 

Жауап парағының көшірмесі.

Арнайы бланк, осы бланкте түлек өзінің жауаптарын белгілейді, тестілеуден кейін баллдарды өзі есептеуге арналған.

 

 

 

Жауап парағы.

Тестілеу нәтижелері түлектердің жауап парақтарын өңдеуден кейін ұсынылады, сондықтан түлек жауап парағы бір данада берілетінін, ол ауыстырылмайтынын және оның білімін растайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Түлек оны қате және түзетулер жасамай өте ұқыпты толтырады.

 

 

 

Жеңілдетілген тәртіп.

Мектептегі ҰБТ дайындалу түлектердің жаңа түрге психологиялық бейімделуін қосады.

 

 

 

Журналисттер.

ҰБТ бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударады, олар ҰБТ өткізудің мәнін түсіндіреді, қоғамдық пікір құрады.

 

 

 

Қара сия.

Түлек ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктіне рұқсатнамада көрсетілген күні және уақытта келіп, өзімен бірге әкелу керек: ҰБТ рұқсатнама; тұлғаны куәландыратын құжат; қара сиясы бар қалам.

 

 

Қорытынды аттестаттаудан босату.

Барлық жалпы білім беру пәндері бойынша үлгеретін білім алушылар денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатыла алады. Жазғы жиындар қатысушылары, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) Қазақстан Республикасы командасына кандидаттар облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен босатыла алады.

 

 

Мақсат.

ҰБТ жүргізу мақсаттарының бірі жалпы орта білім алу туралы мемлекеттік құжаттардың баламалылығын арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

 

 

 

Мен.

МЕН БАРЛЫҒЫН ОРЫНДАЙ АЛАМЫН!

 

 

 

Мемлекеттік комиссия.

ҰБТ өткізу үшін мемлекеттік комиссиялар құрылады, оның құрамына мәслихат және әкімдік өкілдері; жоо ректорлары; білім беру басқармасының бастығы, құқық қорғау органдарының өкілдері; қоғамдық, сонымен қатар жастар және студенттік ұйымдардың өкілдері; бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

 

 

 

Орындарға отырғызу.

Түлектер аудиторияға бір-бірлеп кіргізіледі. Кезекші тұлғаны куәландыратын құжат, рұқсатнама және рұқсатнаманың түбіртегі негізінде түлектің тұлғасын сәйкестендіруді жүргізеді. Түлек орындар парағындағы номерге сәйкес орын алады. Түлек орындар парағына қол қояды, осымен парақта көрсетілген орынға отырғанын растайды.

 

 

Өтініш.

ҰБТ қатысу үшін әр түлек өтініш береді, ол арнайы бланкте ресімделеді және техникалық хатшымен ҰБТӨП жеткізіледі. Түлек техникалық хатшыға өлшемі 3-4 екі фотосуретті және тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

 

 

 

Рұқсатнама.

ҰБТ кіргізу тек рұқсатнама арқылы жүргізіледі. Рұқсатнаманы ресімдеу мектепте жүргізіледі. Рұқсатнаманы ресімдеу үшін түлек екі фотосуретті (өлшемі 3/4) тапсырады. Рұқсатнамаға және түбіртекке фотосуреттер жабыстырылады. Рұқсатнаманы алу кезінде түлекке ҰБТ өткізудің уақыты және орны хабарланады.

 

ТЖК.

Тест өтушінің жеке коды түлектің рұқсатнамасында көрсетіледі. Жауап парағында толтырылады. ТЖК бойынша тест өтушінің тұлғасы сәйкестендіріледі.

 

 

 

 Уақыт.

Тестілеу үзіліссіз үш жарым сағат бойы жүреді (210 минут). Тестілеу кезінде бірінші және соңғы сағатта аудиториядан шығуға болмайды, қалған уақытта қасында кезекшінің еріп жүруімен аудиториядан шығуға рұқсат етіледі.

 

 

ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тестілеу - орта білімнен кейін немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен қосылған жалпы орта білім беру ұйымдарында оқитындарды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.

 

 

 

ҰБТ өткізу орны.

ҰБТ өткізу пункты (ҰБТӨП)- тестілеуді өтуге арналған мектеп түлектерінен өтініштерді қабылдауды, тестілеуді, нәтижелерді өңдеуді, тестілеу нәтижелерінің апелляциясын, осы ҰБТӨП өтініш берген түлектердің сертификаттарын толтыруды және беруді жүргізетін пункт.

 

 

 

ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына көшіру шкаласы.

МК шешіміне сәйкес ҰБТ шегінде тапсырылған жалпы білім беру пәндері бойынша аттестатқа көшіру шкаласына сәйкес ҰБТ-де алынған баға қойылады.

 

 

 

Хакер.

ҰБТ бойынша құпиялы деректері, сонымен бірге емтихандық тапсырмалар нұсқалары бар жүйені бір де хакер сындыра алмады.

 

 

Шығармашылық сынаулар.

Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарды таңдаған түлектерге таңдау бойынша пән – еркін. ЖОО-на және колледждерге қабылдау кезінде осындай түлектерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, осы емтихандар қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.