Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЖСБ ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат

 

ОЖСБұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты орындау туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңының 55 бабына сәйкес орта  білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізіледі. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ міндеттері:

1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін іске асыру;

2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3. Білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын салыстырмалы талдауды жүргізу.

ОЖСБөткізу ережелерін сақтауды бақылау Білім және ғылым саласында бақылау бойынша Комитетінің Білім беру саласында бақылау бойынша департаменттері және Министрліктің жіберілетін уәкілетті өкілдері  іске асырады.                                               

ОЖСБуәкілетті органдармен бекітілетін кешендік тест, сонымен қатар жазбаша тапсырмалар түрінде қағаз жүзінде де, қазіргі кезгі ақпараттық технологияларды қолданумен де өткізіледі.Тапсырмалар  жалпы білім беру оқу  бағдарламалары  негізінде  әзірленеді, олардың мазмұны  көрсетілген бағдарламалар шегінен шыға алмайды. 9-шы сыныптарда ОЖСБрәсіміне міндетті түрде  қазақ тілі және жыл сайын уәкілетті органмен белгіленетін 3 пән кіреді.  Әр пән бойынша тест тапсырмаларының  саны – 20.

Төрт пәннен тестілеуге 120 минут (2 сағат) беріледі. ОЖСБнәтижелері әр дұрыс жауап үшін 1 баллмен бағаланады. Нәтижелерді санау ұлттық бірыңғай  тестілеуді өткізу орындарында жүргізіледі.

Тестілеуді өткізуге дайындалу кезінде оқушылармен  тестілеу материалдарын толтыру бойынша  түсіндіру  жұмыстары  жүргізіледі, оқушыларды рәсімді өткізу тәртібімен таныстырады.

Оқушыларға рұқсат берілмейді:

1) орнын ауыстыруға;

2) тест тапсырмаларын кезекшінің рұқсатысыз ашуға;

3) басқа оқушылармен тест материалдарын ауыстыруды жүргізуге;

4) калькулятор, анықтамалық әдебиетті қолдануға (Менделеев кестесінен және тұздардың ерігіштік кестесінен басқасы);

5) электрондық жазба кітаптарын, түзетулер жасауға арналған сұйықтықты және ұялы байланыс  жасау құралдарын;

6) басқа оқушылармен сөйлесіп, олардан көшіруге;

7) шпаргалканы және басқа анықтамалық материалды қолдануға; кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатысыз аудиториядан шығуға.  

ОЖСБдайындалу үшін дайындық бойынша жұмыс жоспары және қосымша сабақтар кестесі, 9-шы сыныптар оқушыларының мәліметтер қоры құрылған. Жалпымектептік жоспарға негізделе отырып, әр пән мұғалімі өз жоспарын құрды және  кесте бойынша  қосымша сабақтар, сынау тестілеулер жүргізіп жатыр және нәтижелерді қадағалап жүр.Сынау тестілеуден кейін пән мұғалімдері  тақырыптар бойынша кемістіктерді айқындайды, сосын түзеу жұмысын жүргізеді. Мұғалімдерде тест тапсырмаларының қоры бар және ҰБТ дайындалу үшін  тест кітаптарын  қолданады.

Қорытынды: мектепте МАБ дайындалу бойынша белгілі жұмыс атқарылып жатыр. Кесте бойынша қосымша сабақтар жүргізілуде. Сонымен қатар  барлық емес оқушылар қосымша сабақтарға  барады.

Ұсынымдар:

- оқушылар және олардың ата-аналары арасында ОЖСБсұрақтары бойынша  түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- оқушыларды тестілеу тапсырмаларын толтыруға үйретуді жүргізу

- үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру.

-қосымша сабақтарды жүргізуді және нәтижелерді қадағалауды жалғастыру.

-сынып жетекшілерге балалардың қосымша сабақтарға баруын  бақылау.

 

ОТЖДО Б.С. Байдильдина құрды.