Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Заманауи сабақтың дидактикалық талаптары

Заманауи сабақтың  дидактикалық талаптары – білім беру міндеттерін және оның элемент құрамын нақты тұжырымдау, оның дамытушылық және тәрбиелік міндеттерімен байланысы.  

- сабақтардың жалпы жүйесіндегі орнын анықтау;

- оқушылардың дайындық  деңгейлерін есепке ала отырып, оқу бағдарламасы талаптарына және сабақтың мақсатына сәйкес сабақтың тиімді мазмұнын анықтау;

-сабақта және оның жеке кезеңдерінде оқушылардың меңгеру деңгейін,іскерлігі мен дағдысы қалыптасуын жобалау;   

-аса ұтымды әдістерін және оқу тәсілдерін таңдау;

- сабақта барлық дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;

-жақсы жетістіктерге жету үшін жағдай жасау.

Сабақтың негізгі үлгілері:

1. Жаңа сабақ. Бұл: дәстүрлі (құрастырылған), лекция, экскурсия, зерттеу жұмыстары, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты: алған білімдерін оқу және бекіту.

2. Бекіту сабағы. Бұл: практикум, экскурсия, зертханалық жұмыс, әңгіме жүргізу, кеңес беру. Мақсаты:алған білімдерін қолдану бойынша іскерлігін жаттықтыру.

3.Білімдерін кешенді қолдану сабағы. Бұл:практикум, зертханалық жұмыс,семинар т.с.с.Мақсаты: Жаңа жағдай кешендегі білімді дербес қолдану іскерлігін жаттықтыру.

4.Білімді жүйелендіру және жалпылау сабағы. Бұл: семинар, конференция, дөңгелек үстел т.с.с. Мақсаты: бірыңғай білімдерін жүйеге келтіру.

5.Білімді тексеру, бағалау және түзету сабағы. Бұл: бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, байқау т.с.с. Мақсаты: іскерлігін және дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау.

Сабақтың құрылымдық элементтері:

КЕЗЕҢДЕРІ: Дидактикалық есептер. Есеп шешудің дұрыс нәтиже көрсеткіші.

1. Сабақ басын ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сыныптың және жабдықтың толық дайындығы.

2. Үй тапсырмасын орындалуын тексеру. Барлық оқушыларының үй тапсырмасын дұрыс және жете түсіну орындалуын тексеру, кемшіліктерін анықтау және оларды түзету.Өзін-өзі бақылау, өзара бақылау тиімділігі.

3.  Сабақтың негізгі кезеңіне дайындық.Оқушылардың мақсаты мен оқу-танымдық жұмыстарын, тірек білімдері мен іскерлік қабылдауын және мотивациясын қамтамасыз ету.Тірек білімдері негізінде оқушылардың белсенді оқу-танымдық жұмысына дайындығы.    

4. Жаңа білімдерін және тәсілдерін меңгеру. Білім мен тәсілдерін бірден еске сақтау және мәнін түсінуін,оқыту объектісіндегі байланыс пен қатынастарын қамтамасыз ету.Білім мен тәсілдерін меңгеруде оқушылардың дербес жұмыс жасауы.   

5. Білімдерін және тәсілдерін бекіту. Өзгертілген жағдаятта қолдану деңгейдегі жаңа білімдер мен тәсілдер меңгеруін қамтамасыз ету.Таныс және өзгертілген жағдаяттағы білімдерін қолдануға талап етілген тапсырмаларды дербес орындау.

6. Тақырып, курс бойынша тұтас жүйесін қалыптастыру;пәнішілік және курс аралық байланысын анықтау .      

7. Білімдерін бақылау және өздігінен тексеру. Білім мен тәсілін меңгеру деңгейін және сапасын анықтау. Олардың түзетуін қамтамасыз ету.Оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат дұрыстығын алу.           

 8.Сабақты қорытындылау. Мақсат жетістіктің табыстарын бағалау және талдау. Алдағы жұмыстың жоспарын құру.Оқушылардың дұрыс нәтижелері туралы ақпаратты алу.            

9. Рефлексия.(мотивация, қарым-қатынас) Өз жұмыстары мен өздігінен бағалаудағы мәнін түсіну оқушылардың мүмкіндігі. Қарым-қатынас тәсілдерін болжау.      

10. Үй тапсырмасы туралы ақпарат. Үй тапсырмасын орындау тәсілдерін және мазмұнын, мақсатын түсінуін қамтамасыз ету. Жазылғанның сәйкестігін тексеру. Оқушылардың барлығы үй тапсырмасын дұрыс орындау үшін дамыту деңгейіне сәйкес қажетті және жеткілікті жағдайды жүзеге асыру.