Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Заманауи сабақтың негізгі компоненттері

Заманауи сабақтың негізгі компоненттері

Сабақ - оқу үдерісінің басты бөлігі.Мұғалімнің және оқушылардың жұмысы сабақта басталады.Сондықтан оқушының дайындық сапасы сабақ өткізу деңгейімен анықталады.Деңгей жоғары  болуы үшін мұғалім сабақ барысын өзіндік ерекшелігімен дайындау керек.   

   

САБАҚТЫҢ  ҮШ БІРЫҢҒАЙ  МІНДЕТТЕРІ

 Білімділік:  оқушыларды білім, іскерлік және дағды жүйелерінеүйрету.

Тәрбиелік:  оқушылардың ғылыми дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін, көзқарастарын,сенімін  қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін,еркіндігін,эмоцияларын,танымдық қабілеттері – тілін, еске сақтауын, назарын, елестетуін, қабылдауын дамыту.   

  ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ:

1.Ұйымдастыру – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртібі.

2.Мақсатты – сабаққа және оның жеке кезеңдеріне мақсат қою.

3.Мотивациялық  – берілген тақырыпта, сонымен қатар курста оқытылатын материалдар маңыздылығын анықтау.  

4.Коммуникациялық – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Маңызды – оқыту, бекіту, қайталау, өзіндік жұмыстары т.с.с. үшін материалдар таңдау.

6.Технологиялық – берілген сабақтың түрі, берілген тақырыбы және берілген сыныбы үшін  оқытудың ең тиімді әдістерін және тәсілдерін таңдау.

7.Бақылау-бағалау – сабақта оқушы жұмысының белсенділігін ынталандыруына және танымдық қызығушылық дамытуына арналған бағалар.                                                                                            8.Аналитикалық  – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар жұмысын талдау, сабақ ұйымдастыру бойынша өз жұмыс нәтижесін талдау.      

 

            Сабақты қалай ұйымдастыру керек?Сабақта оқушылардың білімі мен іскерлігіне үйретумен қоса, сабақта өтілген материалдарға шынайы қызығушылық танытып, шығармашылық мәнін түсінуін қалыптастыру үшін не істеу керек?

 

I. Ең алдымен сабаққа дайындық неден басталуы керек?

– берілген тақырыпты өз үшін нақты анықтап, тұжырымдау;

– тақырыптағы сабақ орнын, ал тақырыптарды- жылдық оқу курсында анықтау;

–сабақтың жалпы міндетін белгілеу;

–сабақ міндеттерін нақтылау, тұжырымдау және оқушыларға мәні түсінікті,жетімді болу үшін жоспарға жазылу керек;  

–берілген сабаққа тірек болған түсініктерін анықтау, керісінше өзі үшін алда қолданылатын оқу материал бөлігін белгілеу;  

–сабақта оқушы нені ұғып, нені еске сақтау және сабақтан соң нені білу керектігін анықтау;

– оқушыларға беретін оқу материалын анықтау. (оқушыларға нені және қандай мөлшерде беру, қандай қызықты фактілерді ақпарат ету) Ол үшін білу қажет:

1) сынып оқушыларының ерекшелігі:

– сынып деңгейі;

– пәнге көзқарасы;

– сынып жұмысының шапшаңдығы;

– БІД қалыптастыруы;

– түрлі оқу жұмыстарына көзқарасы;

– оқу жұмысының түрлі формаларына қатынасы (соның ішінде дәстүрлі емес);

– оқушылардың жалпы тәртібі;

2) жеке ерекшеліктерін есепке алу:

– жүйке жүйесінің типі;

– коммуникативтілігі;

– эмоционалдығы;

– көңілсіз күйін жеңіп шығу іскерлігі;

– өз біліміне және іскерлігіне сенімділігі;

– ойдан шығару іскерлігі;

– оқытудың түрлі  құралдарымен қолдану іскерлігі

 

 II. Өзі және жеке оқушылар үшінсабақтың мақсатын анықтау, тұжырымдау –сабақ не үшін қажет? Осыған байланысты сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік қызметін анықтау.

 III. Сабақтың оқу материалын жоспарлау және мұғалімнің  дайындығы.

Ол үшін қажет:

1)      Тақырып бойынша әдебиет таңдау. Тақырыпқа қатысты кітаптың үш түрін таңдау: ғылыми, ғылыми-көпшілік,әдістемелік.Егер жаңа теориялық материал туралы сөз етсе, онда тізіміңізде жоғары оқу орнына арналған кітабы, энциклопедия басылымы, монография, ғылыми-көпшілік басылымы болуы керек.Таңдап алған материалдан қойылған міндеттерін шешетіндей қарапайым тәсілін таңдау керек.Ол үшін қажет:

-оқу бағдарламасын қарастыру;

-түсінік хатын  қайта оқу;

-берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқу         

      2) Мақсат болатын оқу тапсырмаларын таңдау:

– жаңа материалмен таныстыру;

– еске түсіру;

– таныс жағдаяттарда білімдерін қолдану;

– таныс емес жағдаяттарда білімдерін қолдану;

– білімге шығармашылық көзқарас.

3)  «қарапайымнан қиынға» оқу тапсырмаларын реттеу:

– материалды еске түсіруге жетелейтін тапсырмалар;

– материал мәнін түсіну мүмкіндігін туғызатын тапсырмалар;

– материалды бекіту мүмкіндігін туғызатын тапсырмалар

 

IV.  Сабақтың ерекшелігін ойластыру.

       Оқушылар таң қаларлықтай, мәз болатындай әр сабақ ерекше болуы керек.Бір сөзбен айтқанда үнемі есте қалатындай. Ол қызықты фактілер, кенет ашылу,белгілі болған жағдайларға стандартты емес көзқарас болуы мүмкін.

V.  Таңдалған оқу материалын топтастыру.

Ол үшін жұмыс таңдалған материалдармен қалай ұйымдастыратынын ойластыру қажет.

Материалды топтастыру барысында ең бастысы –оқушылардың белсенділігін арттыратын формасын табу іскерлігі.

VI.  Сабақтағы оқушылардың жұмысын бақылау үшін ойластыру қажет:

– нені бақылау;

– қалай бақылау;

– бақылау нәтижесін қалай қолдану.

       Оқушылардың барлық жұмыстары жиі бақыланса, қателерін және тудырған қиыншылықтарын анықтауға жеңіл екенін, сондай-ақ, оқушылар жұмысына өз қызығушылығыңызды көрсетуді ұмытпаңыз.

Сабаққа арналған құрал-жабдығын дайындау.

Қажетті оқу-құралдар, құрылғы, оқытудың техникалық құралдар тізімін құру, іске қосылғанын тексеру.        

 Үйге берілетін тапсырманы ойластыру:оның маңызды бөлігі, орындауға арналған ұсыныстар. 

VII.  Конспект негізгі үш бөлікті қамту керек:

        – тұжырымдылық;

        – маңыздылық;

        – аналитикалық.

Әдебиеттер:

1. ______________________

2. ______________________

3. ______________________