Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 155
Любовь к детям - 135
Блестящее знание предмета - 72
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 434
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бала және компьютер

 

Компьютер балаға пайдалы ма, зиянды ма?

Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

[*]Көздің көру қабілетін төмендетеді
[*]Омыртқалардың қисаюына әкеледі
[*]Жүйкеге салмақ түсіреді
[*]Шаршағыштық,әлсіздік басады
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып «байланады».Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…
Компьютер не үшін керек?

Расында, сіз осыншама «жапа шектіруші» компьютердің залалын біле тұра, балаңызға оны қолдануға рұқсат берер ме едіңіз? «ЖОҚ» деп кесіп айтуға асықпаңыз. Өйткені, сіз оған мұлде жоламай қой дегеннен гөрі, қалай дұрыс пайдалануды біліп алғаныңыз әбден орынды. Мәселен, компьютерде балаларға арналған қандай бағдарламалар бар деген сұрақты бірінші қоялық. Ондай бағдарламалар жеткілікті. Шет тілін, соның ішінде ағылшын, француз, неміс, түрік, корей, қытай тілін үйететін бағдарламалар ойымызға бірден түсіп отыр. Сосын балалар танымын арттыратын әртүрлі суреттерге толы компьютерлік энциклопедиялар, табиғат әлемі, өсімдік, жан-жануарлар, мұхит пен тау-тасты, аспен әлемін тағы басқа тақырыптарды қамтып білімін толықтыратын бағдарламалар бар. Және ой-қиялын дамытуға арналған, тілін жаттықтыратын сұрақ-жауап түріндегі ойындар, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жетілдіретін ойындардың компьютерлік нұсқасы толып жатыр. Тек әттең-айы, мұның барлығы орыс тілінде.Қазақ тілінде бұл бағдарламалар әзірге бұл бағдарламалар жоқ. Әрине, жаңа ғасырдың тынысына айналған компьютерге қазақша балалар бағдарламасын енгізу керек. Бұл осы күйі «бос кеңістік» болып қалмайды. күндердің күнінде мұндай бағдарламалардың сансыз түрлері қаптап шығатынына, оны балалар игілеігі үшін пайдаланатынымызға сенімдіміз. Уақыт қалайда заманның талабын орындайды.
Міне, түрлі ойын түріндегі бағдарламалардың бар екенін айттық. Оны қолданып көруге кеңес береміз. Енді компьютер-ұстаз балаға адам-ұстаздан асып түсіп, не бере білуі мүмкін деген теңіректі зерттеп көрейікші.
Алдымен, компьютердегі балалар бағдарламасының қайсысы болмасын ойын түрінде ұсынылады.Бірақ, қандай ойын-сабақ болса да бала белгілі бір шамада шалығады, Сол себепті баланың ынтасын жоғалтып алмау үшін қызықтыру амалдарын ойлап табу қажет.
Мысал: Анасы бес жасар баласына әріптердді жаңадан үйретіп жүрді. Бір күні баланың әріп жаттауға ықыласы болмай ұалады. Арада үш күннен кейін әлгі бала шешесінің компьютердегі әріптерге қолдарын тез жүгіртіп, текст жазып жатқанын байқап қызыға қарап тұрады. Сосын шешесінен "әріптерді мен өзім жазып көрейінші" деп сұранды. Анасы кенет компьютер әріптерін ірі етіп ұлғайтып берді де, баласын үстелге ыңғайластырды. Ол бұл тәсілді қуана орындады. Сөйтіп күніне 10 минут уақыт бөлу арқылы бала әліппедегі барлық әріптерді жаттап алды.
Екіншіден, компьютердің ойын-сабақтары баланың есте сақтау жады мен мұқият болу қабілетін арттырады. Қалай десеңіз, ондағы ойындар өте ашық түстерден құралған. Және бала ол жерде әрбір заттың егжей-тегжейіне дейін мән беріп қарап, жаттап алады.Мысалы, пілдің бейнесі. Оның түсі қандай, бойы-тұрқы қалай, ол қай жерде мекен етеді? Осы сұрақтарға бала кейбір ажағдайда ата-анасының көмегінен тыс жауап ала алады.
Үшіншіден, қолдарының жүйріктігі артады. Пернетақталарды басу арқылы баланың қолдары жаттығады. Төртіншіден, бала компьютер ойындарынан әртүрлі ақпараттар алады және қарапайым болса де ол үшін жаңа, жылдам болғандықтан, балақай шұғыл ойлануға, түйген ойларын тез қорытып үлгеруге бейімделеді. 
Дегенмен, компьютер болғаны, баламыз керемет дарынды болып кетеді деп ойламаңыз. Компьютер дискілерін сатып аларда баланың миына көп салмақ түсіретін көлемді, ұзақ уақытта талап ететінін алмаңыз. Қалай дегенмен, ондағы танымдық ойындарға сіздің де қатысып, баланың қойған сұрақтарына жауап бере алатындай, онымен әңгімелесіп-пікірлесе алатындай, ойын түрлері болса құптарлық. Өйткені, компьютер қанша тамаша болғанымен, өзіңіздей жылылық бере алмайды.
Есіңізде сақтаңыз! Балаңыздың компьютермен жұмыс істей алуы, компьютерге қызығушылығы мен қарым-қатынасының қандай болатыны тікелей сізге байланысты. Сіз өзіңізді компьютер алдында қалай ұстайсыз? Интернет пен компьютер ойындарына қанша уақытыңызды бөлесіз және осы әдетіңіз арқылы балаға қандай үлгі көрсетіп жатырсыз, көп нәрсе осыған келіп тіреледі. Мұның бәрінде бала сізді қайталайтын болады.
Дегенмен, компьютердің алғашқы шыққандағысына қарағанда қазіргі үлгілері әлдеқайда залалсыз етіп дайындалған. Сапасы жоғары, бұрынғыдай адам ағзасын сәулелендірмейді, яғни экраннан бөлінетін сәуленің күшін қайтаратын қорғаныш жабындысы бар. Оның ішінде қорғаныш сүзгілерінің арасында сұйық кристалданған немесе кәсіби сериядағы мониторлар көз жанарына қауіпсіз болып есептеледі. Бірақ, бұл осылай екен деп монитордың алдында ертелі-кеш отыра беруге болады деген сөз емес. Қанша дегенмен артық уақыт отыру бәрібір көзге және миыңызжы ауыртып, үстелден тұрған кезде басыңыз айналады. Балалар үшін мұның соңы конъюнктивитке әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың көзі тез қызарып кетеді, ішіне құм түсіп кеткендей суырып ауыратын болады. 
Бала көз ауруының алдын аламын десеңіз, барлық талапқа сай келетін сапалы компьютер сатып алуға тырысыңыз.
Сонымен бірге:
* Компьютерге арналған арнайы үстел болуын және оның балаға жайлы болуына мүмкіндік жасағыз
* Монитор экранынан ылғал шүберекпен жиі тазалап тұрыңыз, ондағы шаңның өзі көзге кері әсерін тигізеді
* Монитор мен орындықтың ара қашықтығын сақтаңыз, яғни бала өзін 50-60 см экраннан алыс ұстауы керек
* Үй ішінде интернетті пайдалануға және атыс-шабысқа толы ойындарды ойнауға тиым салыңыз
* Әр 15-20 минут сайын көзді тынықтырып отырған жөн. Ол үшін көзге арналған жаттығуларды үйретіңіз. Мысалы: көздің қарашығын жоғарыдағы бір нүктедегі, сосын төмендегі бір нүктедегі (басты қозғалтпастан) қадау керек. Содан кейін оңға-солға, жоғары-төменге қаратып бірнеше рет қайталаймыз. Мұны күделікті орындауды ұмытпау керек.
* Компьютерге арналған арнайы қорғаныш көзілдірігін балаңызға сатып әперсеңіз болады
Бүкірейіп отырудан сақтандырыңыз