Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 155
Любовь к детям - 135
Блестящее знание предмета - 72
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 434
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдары

2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылдың 6 шілдесінде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамашыл топ «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ұйымның  төменгі буынына («Жас Қыран») - 1-4 сынып оқушылары, жоғарғы буынына («Жас Ұлан») - 5-10 сынып оқушылары қабылданады.