Сенім телефоны
8(718-2)-54-54-51
email: sosh29@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы Павлодар қаласы, Катаев көшесі 22
Жетекшісі: 54-54-33. Қабылдау бөлмесі: 54-54-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Бейсенбі 15:30-дан 17:30-ға дейін
Главное достоинство учителя - это:
Голосовать
Человеческие качества - 155
Любовь к детям - 136
Блестящее знание предмета - 72
Качество подготовки к экзаменам - 72
Всего проголосовало: 435
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

 

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығы

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; 
2) жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 
Президенті                                 Н.Назарбаев