Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Басшының беті

 

 

БІЛІМДІ ЖАС – ЕЛ ЕРТЕҢІ

              Еліміздің даму бағыты мен келешегінің көкжиегін көрегендігімен болжаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған стратегиялық бағдарламалар Қазақ елін батыс пен шығыстың басын қосқан іргелі өркениет орталығына айналдырғанын ерекше мақтан етеміз. Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді ұрпақ десек, Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше басымдықтар беріп, «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізі» екендігін атап көрсетті.

                Адаммен адамды, мемлекетпен мемлекетті теңестіретін білім екеніне көзіміз жетті. Қазір шетелдік әріптестеріміз бізге назар аудара бастады, тіпті аузын айға білегендермен иығымыз теңесіп, сөзіміз жарасқан жағдайымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тірегі де, егеменді еліміздің ертеңі де білімді ұрпақ екені сөзсіз. Білім саласына Елбасы ерекше қолдау көрсетіп әкелік қамқорлық жасап отырғанын жақсы сезінеміз. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші біз ерен еңбегімізбен әлемдік аренада қазақ ұлтының оң имиджін қалыптастырып, Сыр өңірін ғажайыптар ғибратханасына, жақсылар мен жайсаңдар, ғұламалар тәу ететін білім мен тәрбиенің Меккесіне айналдыратын боламыз.