Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тематикалық бет

Кітаптарды қалай тиімді оқу керек? Бірнеше қарапайым ереже.

1-Ереже. Әр апта ең құрығанда бір кітап оқу.

Әр кез оқып, өркендеу. Кез-келген табысқа жететін адамдардың берік ережесіне айналу керек. «Тірі нәрсенің барлығы өседі! Өсуін, дамуын тоқтатқан ағза өле бастайды». Бұл Бодо Шефердің сөзі. Табысты адамға айналу үшін өзіңіздің өміріңізге мына бір қарапайым ережені енгізіңіз. Әр апта сайын ең құрығанда табықа жетуге, қаржы, жеке тұлғаның дамуы, бизнеске арналған бір кітап оқыңыз. Жылына төрт рет осы тақырыптарға арналған семинарларға қатысыңыз.

2-Ереже. Нақты бір оқылайын деп жатқан кітаптың мақсатын анықтау.

Қазіргі таңда білім беру мекемесін жақсы бітірген, бейбақ адамдарды көптеп кездестіруге болады. Бізге, өкінішке орай, БАСТЫ нәрсені үйретпейді!!!

Білім жақсы баға, жақсы емтихан, жақсы студент болу үшін керек емес!

Білім, оны ӨМІРІМІЗГЕ СІҢІРУ үшін керек. Білім ӨМІРІМІЗДІ ЖАҚСЫ АРНАҒА бұру үшін керек. Білім ТАБЫСТЫ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ өмір сүруіміз үшін қажет.

Осыдан барып: кітап оқудың алдында анық мақсатты қою керек. Нәтижесінде ҚАНДАЙ БІЛІМ алғым келеді? ОСЫ БІЛІМ маған не үшін қажет? Осы білім арқылы НАҚТЫ НЕНІ өзгерткім келеді?

3-Ереже. Алған білімді тез арада іске қосу.

Тағы бір маңызды сәт бар! өмірімізді өзгерту мақсатында кітаптарды жай ғана оқуға болмайды! Алған білімді ӨМІРІҢІЗГЕ СІҢІРУ керек.

2000 жылы Ақш-та зерттеу жүргізілген болатын, оның қорытындысы мынандай:

            «Егер адам 72 сағат ішінде алған жаңа ақпаратпен ешқандай әрекет етпесе, онда білім үшін салынған – қайраттылық, ақша, уақыт, осы алған білім – зая кетті десе де болады».

4-Ереже. Маркермен оқу. Оқығаннан кейін алған мағлұматты бағалау.

Кейде кітап қызық болғаны соншалық, тоқтай алмай қаласыз! Олай етуге болмайды, себебі біз жай ғана оқи алмаймыз, оны сіңіру керекпіз!

Өзімнің құпияммен бөлімейін: мен әр кез кітап оқығанда, қолымда қалам ұстаймын. Маңызды жерлерін тез арада белгіліп отырамын, оларды сол сәтте-ақ өміріме сіңіруді бастаймын.

Тағы бір айтарым, кітапты оқи сала, он балдық шкала бойынша бағалаймын.

Ол не үшін керек?

Егер көп кітап оқысаңыз, сіздер оны өмірде қолданып үлгермейсіздер, -дейтін Бодо Шефер.

Сол үшін оқылған білімді бағалау кезінде, мен бірнеше параметрлерді есепке аламын. Алған білімді өмірде пайдалану қаншалықты оңай? Оқымас бұрын  қойылған мақсатыммен қаншалықты сәйкес келеді? Қалай алған білімімді тезірек, арзанырақ, пайдалырақ қолдансам болады?

Осы сұрақтардың жауабын жазып аламын.

 

 

5-Ереже. Оқудан тиімдірек нәтиже алу.

            Қазіргі таңда кітаптардың саны бар, сапасы жоқ. Жиі, оқығаннан кейін өкініп қаласыз.

            Кітапты қалай дұрыс таңдау керек? Қалай уақытты, ақшаны, қайраттылықты зая кетірмеуге болады?

            «Қаржылық тәуелсіздікке апаратын жол» атты кітабында, Бодо Шефер жақсы ұсыныс береді.

            «Сіздер қызықты тұлғамен танысқанда, уақытты бос сөзге жұмсамай, оны тиімді пайдаланыңыз. Ол кісі оқыған, екі-үш жақсы кітаптардың атын сұраңыз. Келесі қадамыңыз, неліктен осы кітаптарды үздік санайтындығына бағытталсын. Сол арқылы құзырлы адамнан кеңес аласыз. Бірнеше секундта осы айтылған кітаптарды оқимын ба, жоқ па деген сұрақтарға жауап аласыз».

6-Қайта оқу және жаңа түсінікпен сіңіру.

Қайталау – ілім анасы. Қайталанып оқылған кітаптан, оны түсінудің тереңдігі пайда болады. Осы уақытқа дейін байқамаған ЖАҢА білімді табасыздар. Негізі 7-8 баллмен бағаланған кітаптарды қайта оқып шығамын. Ал сіздер қандай кітап оқисыздар? Қандай құпиялықтарды қолданасыздар?