Құрметті, сайт қонақтары! Біздің мектептің сайтын бағалап, дауыс берулеріңізді сұраймыз!
Голосовать
үздік - 44
жақсы - 17
қанағат - 8
қанағаттандырған жоқ - 8
Всего проголосовало: 77
Смотреть результат
Бір жылда2864694
Бір айда375440
Бір аптада54394
Кеше3841
Тәулік5237
"Көңілді күлдіргішер" лагері

       Мектебімізде «Көңілді күлдіргештер» сауықтыру лагері маусым айының бірінен бастап жұмыс істеді. Ашылу салтанатында мектебіміздің директорыМ.Асайнов және мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасарыН.Жомартова құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанатын демалушылармен бірге тамашалап, жақсы демалуларына сәттілік тіледі.

     Сауықтыру лагерінде І кезең бірінші маусымнан  жиырма екінші маусым аралығында өтеді. І кезеңде 105 оқушы демалады. І кезеңде бес топ жұмыс істеді.  Таңғы жаттығуды арнайы жаттықтырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Мурсалимов жасатады. Жаттықтыру жұмысынан кейін лагерьдің аты, әнұраны «Балдырғандар әні» орындалып, демалушылар салтанатты көңіл күймен асханаға апарылады. Асханадан кейін 9.30-10.30-ға дейін әр топтағы іс -шаралар өткізіледі. 10.30-11.30-ға дейін лагерьдегі жоспарланған іс-шара өткізіледі. Лагерьдің жұмыс уақыты 9.00-17.00-ге дейін. 1 маусым күнінде лагерьдің ашылу салтанаты Орталық жағалауда «Мейірімді жаз» атты   мерекелік концерт ұйымдастырылды. Маусым айына толық айлық жоспар жасалып, айлықтан апталық, апталықтан күндік жоспар жасалды. Күн тәртібі, сауықтыру лагерінде жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналған қауіпсіздік ережелері және демалушыларға арналған қауіпсіздік ережелері жасалып, оқушыларға, ата-аналарға, тәрбиешілерге таныстырылды. Лагерьде балалардың компьютерлік сауаттылығын арттыруға арналған «Жаңа әлем» үйірмесі, ән айту шеберлігін шыңдау мақсатында «Ертіс жұлдыздары» үйірмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өзін-өзі басқаруға, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында «Шынықсаң шымыр боласың» секциясы жұмыс жасады. «Жаңа әлем» үйірмесіне күніне бір топ жіберілді, ал «Ертіс жұлдыздары» үйірмесіне ән айту қабілеттері ескеріліп алынды. Лагерьге келген демалушыларды мектебіміздің медбибісі Л.Сохарева учаскелік дәрігермен бірлесе отырып, медбайқаудан өткізді. Және күнделікті таңертең денсаулықтарын тексеріп отырды. Әр дүйсенбі және жұма күндері қаламыздағы балалар шығармашылық үйіне түрлі іс-шараларға апарылады.Олар дүйсенбі және бейсенбі күні «Шымыр» һауызына, сәрсенбі күндері Ertis Cinema кинотеатрына, Бұқар жырау, «Даңқ»,  «Көркем» мұражайына, Ж.Аймауытов атындағы драм театрға, дүйсенбі және жұма сайын «Жігер» клубына футбол, күрес, бейнелеу, вокал және қолөнер секцияларына қатысып жүрді.  4 маусым күні Қазақстан Республикасының символикасына іс-шара өткізілді. Осы аралықта өткізілген іс шаралар: «Жарысқа шық!», «Көңілді мәре», «Көңілді тапқырлар», «Беу, жігіттер», «Жұлдызды сәт», «Күлкі – көңіл ажары», «Супер стар», «Бантиктер күні», «Жаз аруы – 2012», «Ғажайып алаң» және «Көңілді күлдіргіштер» шеруі.  

       Маусымның жабылу салтанатында балалар қолымен жасалған дүниелер көрмеге қойылып, концерт өтеді. Белсенді бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар беріледі.