Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп психологі

 

 

Мектеп психологы - Какимова Жанар Бакенқызы

 

 

 

 

Жұмыс кестесі:

дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00

сенбі: 09:00-14:00 

 

 

 

 

 

АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА !

 

1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі  басқаруға мүмкіндік туғызыңыз.

2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.

3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.

4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз.

5. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз.

6. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін қабылдауын, сезім – түйсігін, қай иісті қалайтын – қаламайтынын, талғам – тұжымын «жөнге саламын» деп әуреге түспеңіз.

 Мамандардың (тәрбиешілердің, дәрігерлердің) кеңестеріне оншалықты құлақ аса бермеңіз: олардың жөн сілтеуімен ешкім адам болған емес, болмайды да.

  Ешқашан балаңыздың пәк тәніне дақ түсіруге, қол жұмсауға оқталмаңыз. Егер ондай әрекетке қаталдықпен байқамай бара қалсаңыз,  дәлірек айтқанда, ұлыңызға немесе қызыңызға қызбалықпен қолыңыз тиіп кетсе, сол сәтте кешірім сұраңыз. Бірақ қателігіңізді айыпты бір нәрсемен өтеу, уәде беру арқылы жуып-шаюға тырыспаңыз. Әрбір ісіңізге жауаптылықпен қараңыз, өзіңіздің дұрыс емес деп тапқан әрекетіңізді енді қайтып қайталамаңыз.

7. Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, бас алып жазалаудың қажеті жоқ, оны сіздің көмегіңізсіз (немесе көмек бергеніңізді елетпей, қалыс қалған болып) өзіңің жөндеуіне мұрсат беріңіз.

8. Баланың миын ашытып ананы да, мынаны да тықпалай берудің қажеті жоқ және оны бәсекелікке үйретпеңіз. Ол өзіне қажетін теледидар көру, оқу арқылы өз-ақ ала алады. Одан да баланы жұртпен қайткенде тіл табысып, қалай сыйласу керектігін өзіңіз үлгі бола оытырып үйретіңіз.

 

 

Психологтың жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде    ата – аналарға ұсынылатын кеңестер

 

Балаларыңызға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

•   ҰБТ алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

•    үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

• балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

•   балаңызды ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

•   тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, ҰБТ-ге барар алдында оған сағатты беріңіз;

•       балаңызды мадақтап, оның өз - өзіне деген сенімін жоғарлатыңыз;

•   балаңыздың  дайындалуының күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;

•     балаңыздың ішетін тағамдарына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;

•  ҰБТ алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар,өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;

•      ҰБТ кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз;

•   Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.

 

 

СЫНЫП ЖЕТЕКШІГЕ 20 КЕҢЕС

 

1.   Баланың жетістігін байқап, көре білу керек

2.  Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа.

3.   Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет.

4.   Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс.

5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл.

6.    Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ болады.

7.    Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл.

8.    Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр.

9.   Жас боп қалғың келсе, оқушыларының арасында ұзақ жылдар жұмыс істе.

10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орныңды өзіңді дүниенің патшасындай сезін.

11.   Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол.

12.   Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме.

13.    Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың.

14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл.

15.   Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр.

16.   Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс.

17.   Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта.

18. Мұғалім – оқушы – ата-ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта тыс

19.   Баланың тағдырына ойланып қара

20.  Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу – таң қалудан басталады.

 

ПСИХОЛОГТЫҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ АЛДЫНДА ДАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕ ҰСТАЗДАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН КЕҢЕСТЕР

 

ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

•жоғары сынып оқушыларына дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

•жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;

•тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуін үйретіңіздер;

•жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарлатыңыз;

•ҰБТ алдынада жоғары сынып оқушыларына қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін;

•тестілеу алдында және одан кейін жоғары сынып оқушыларына ашу байқатпаңыз;

•есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында ҰБТ байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.