Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапхана ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп кітапханасын пайдалану қағидасы

Абонементті пайдалану тәртібі:

     -    Жыл сайын, 1 қыркүйекте оқырмандар жайлы анкеталық

            мәліметтер алынып, өзгерістер енгізіледі, оқырмандар қайта

            тіркеледі.

      -  Оқулықтар мен әдістемелік кітаптарды беру мерзімі: оқулықтар        мен  әдістемелік кітаптар пәндер бойынша бір жылға немесе пәнді оқу мерзіміне байланысты.

      -   Кітаптарды беру мерзімі: әдеби кітаптар, ғылыми-танымдық кітаптар 15 күнге;

      -   Оқырманның сұранысы бойынша, кітаптарды пайдалану мерзімі басқа оқырмандарға қажетті болмағанда ұзартылады;

      -    Оқырмандар әрбір басылым үшін оқырман формулярына қол қояды.

Оқу залын пайдалану тәртібі:

      -   Оқу залында пайдаланылатын әдебиет үйге берілмейді;

      -   Энциклопедиялар, анықтамалықтар, сирек және құнды кітаптар, журналдар және басқа мерзімді басылымдар оқу залында пайдалану үшін беріледі;

-  Кітаптардың, мерзімді басылымдардың оқу залында пайдалану үшін   сандары қағида бойынша шектелмейді.

Оқырманның кітапханаға жазылу тәртібі:

1. Оқушылар кітапханалық сабақтарға қатысқаннан кейін, тізім  

     бойынша жеке дара жазылады.

2. Ұстаздар және мектептің басқа қызметкерлері төлқұжат бойынша

    жазылады.

3. Әр оқырманға жеке формуляр толтырылады және ол  

     оқырманның кітапхананы пайдалана алатын құжаты болып

      есептеледі.

4.  Кітапханаға жазылардың алдында оқырман кітапхананы

      пайдалану ережесімен танысып, формулярда қол қояды.

 

  5. Оқырман формулярында кітаптың берілген және қайтару         

      уақыты    белгіленеді және ол соны дәлелдейтін құжат болып табылады.

       6. Кететін оқырмандар барлық кітапхананың кітаптарын

            тапсырып, кету парағын алулары қажет.

       7. Барлық кітаптар  кітапханаға тапсырылмай, оқушыға оқу

           бөлімінде құжаттары берілмейді.

Оқу бөлімі  кітапханадан берілген «кету қағазы» бойынша  ғана құжаттарды қолға береді.

Мектеп қызметкерлері  басқа жерге жұмыстарын ауыстырған кезде кету қағазын толтырады, онда мектеп кітапханасының штампы және кітапханашының (барлық кітаптардың тапсырылғанынын анықтайтын) қолы қойылады.

 

Кітапханада мектеп кітапханашысына және оқырмандарға арналған

6 компьютер, принтер және сканер  бар, олар Интернет желісіне қосылған. 

Кітапхананың барлық оқырмандары компьютерде жұмыс істей алады.

Кітапханадағы компьютерлерді пайдалану ережесі

Компьютерлердің тоқтаусыз жүріп тұруы мақсатында төмендегілерге тыйым салынады:

     1.     Кітапханашының рұқсатынсыз компьютерді қосуға,

     флешкаларды вирусқа тексерілусіз қолдануға.

   2. Компьютерді ойындар ойнау үшін пайдалануға. 

   3.   Компьютердегі жұмыс істеу үстелін, мониторды,

        папкаларды, файлдарды өзгертуге және басқа

        бағдарламаларды   қосуға.

   4 . Папка мен файлдарға құпия белгі (пароль)қоюға.

   5. Қолданушының жеке түзетулерін енгізуге.

   6. Бағдарламаларды қоюға, өшіруге.

   7. «Жұмыс үстелінде» өз файлдарын сақтауға.

 

Пайдаланушының міндеті:

        1. Жұмыс істеудің алдында тіркеу журналына жазылу.

       2.  «Менің құжаттарым» («Мои документы» папкасында

            өзінің аты-жөнімен папка ашып, сонда ғана өз файлдарын

          сақтауға.)

 3. Ортақ пайдалануға арналған папкалардан басқа бөтен

    папка мен файлдарды ашуға.

 4. Ортақ пайдалануға арналған файлдарға өзгерістер енгізуге.

5. Жұмысты аяқтағаннан кейін компьютерді өз ережесіне сәйкес өшіру: «Қосу» нүктесі; «Жұмысты аяқтау»; компьютердің сөнгеніне көз жеткізу; Сөндіру.