Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдістемелік кеңес
Жалпымектептік тақырып
 
Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі - экологиялық мәдениет мектебін қалыптастырудың жолы
Мақсаты:
Экологиялық мәдениет мектебіне үштілдік, функционалдық сауаттылық, оқу-тәрбие үдерісінің құнды тәсілі, инклюзивті білім беру негізінде түзетулер енгізу
 
Міндеттері:
1. ОЖЖ мазмұнын жаңарту, әсіресе мектеп компоненті бөлігінде.
2. Экологиялық мәдениеттің қалыптасу деңгейін құру және анықтау алгоритмін жасау.
3.   №40 ЖОМ моделінде Қазақстандық жаңғырту идеясын бөліп алу.
 
 
Ғылыми-әдістемелік тақырып
 
Мектеп оқушысының коммуникативтік құзіреттілігі: оқытудың дифференциалды тәсілі.
 
Мақсаты:
Инклюзивті білім беру аясында үштілдіктің мәселесін шешу
 
Міндеттері:
1.   Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияны ендіру жолымен оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру. 
2.   Оқытудың дифференциалды тәсілін инклюзивті білім берудің дамуымен байланыстыру.
3.   КБТ+ ЦБР= Функционалды сауаттылық формуласын оқу-тәрбие үдерісі үдерісінде жүзеге асыру. 

 

Жаңа педагогиқалық технологияларды сабақта пайдаланудың жолдары

     Өткен ғасырдың ақырғы ширегінде оқушыларға білім барысында жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа қолдану жолдарында ұстаздар қауымы ізденәс жолына түсіп, түрлі әдіс-тәсілдерді өз практикасынан өткізе бастады. Өткені ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, ақпараттық кеңістіктің кең қанат жаюы, осыған байланысты оқушыларға берілетін білім көлемінің молаюы, сабақта жаңа әдіс-тәсілдері пайдалану, жаңа педагогикалық  технологияларды мықты қадаммен практикаға енгізуді талап етті.

 

Жалпымектептік тақырып

№ 40 ЖОМ түлегі тұлғасының моделі – экологиялық мәдениет мектебі және оған парапар мұғалім тұлғасының моделі.

Мақсаты:

білім беру үдерісі субьектілерінің модельдері арқылы экологиялық мәдениет мектебі жағдайында олардың өзара әрекеттесу жүйесіне шығу

Міндеттері:

1. Модельдер құру:              

- экологиялық мәдениет мектебі түлегінің;                        

 - оқушыға парапар мұғалімнің;                          

- ата-ананың.                     

 2. Мектеп қорғаншылық кеңесі жұмысын жетілдіру және құрамын жаңарту.      

Ғылыми-әдістемелік тақырып

ББТоқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың көзі ретінде

 

Мақсаты:

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар негізінде ОТҮ-не құзыреттілікпен келуді қамтамасыз ету

 

Міндеттері:

1. Пәндер бойынша ББТ үлгілерін даярлау  (ӘБ пен мұғалімдердің күшімен).                      

2. Экологиялық мәдениет идеяларын игеру үшін мазмұнды жалпылау теориясын  (В.В.Давыдов) зерттеу

3. ДО теориясынан кіріктіру сабақтарының тәжірибесіне және жалпылау белгілеріне барар жолды анықтау.

 

   Қазіргі кездегі жалпы оқытудағы әлемдік тәжірибелер мен зерттеулерге сүйенетін болсақ, білім беруде, оның сапасын арттыруда шешімін таппаған мәселелер әлі көп.

Қазақстан Республиқасының Білім туралы заңында оқыту формасын,әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқаулық қағидалар бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісі кез келген  үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік беретіңдіктен оқу процесін қайта жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негізгі тірегі болып табылады. Ол идея мыңадай мазмұндағы бірліктерден құралады:

-          оқытудың жалпы мақсаты;

-          жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;

-          оқушылардың білімін алдын-ала  дмагностикалық бағалау;

-          оқу әрекеттерінің жыйынтығы;

-          нәтижені бағалау.

   Білім нәтижесін бағалау мен сапасының өлшемдерін анықтау, берілетін білімнің түпкі нәтижеге бағыталуымен және оқытуда тиімді технологияларды пайдалану мен айқындалады.

   Қорытып айтқанда, технология дегеніміз оқушының білім мен тәрбие алуына бағытталған іс-әрекет болса, оңда оқытуды өзіндік жүйемен оң жетістіктерге жетеді.

   Әр мұғалімнің өзіндік тәжірибесінен құралған іс-әрекеттер тиімді ұштастырылғанда сабақ та мақсаттарына жетеді

 Бүгінге таңда танымал болып отырған П.Эронаевтың дидақтиқалық біліктерді шоғырландыруын,Д.Елконин мен В.Давыдовтың дамыта оқытуын,Ш.Амоношвилидің ізгілікті,тұлғалық, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқытуын,М.Чоманаевтың модельдік оқыту,В.Монаховтың, В.Беспалконың үздік технологиялары  мен қоса Қазақстандық ғалымдар Ж.Қараев,Ә.Жүнісова,Қ,Бітібаева,М.Жанпейісова,Н.Оразакынова т.б оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек оқушыларға білім беру барысында түпкілікті нәтижелерге жетіп, сапалық деңгейлерін мейілінше көтеруге болатындыгын тәжірибе көрсетіп отыр.

Ұстаздарға арналған кеңес

1.Педагогика ғылымының басты қағидасы- мектеп оқушы үшін жұмыс атқарады.

2.Ұстаз қызметінің басты мақсаты- өз пәнің меңгертіп қана қоймай, парасатты адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Сабақ-ұстазбен оқушының озара тығыз байланыстағы қарым-қатынасты.

4.Ұстаз- оқушыны өзімен қатар ұстай білсе, еңбегі соншалықты жемісті.

5.Ұстаз-өз оқушыларының жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін жетік білуі тиіс.

6.Әр оқушының өмір тіршілігі әрқилы,әртүрлі. Оқушының күнделікті іс-әрекетіне ойланып қара:сабаққа келмесе себебін анықта,сабағына қызықпаса себебіне үңіл, тентектік жасаса себеп-салдарын зертте.Осы жәйттердің себебін алдымен өзіңізден іздеп көріңіз.

7.Оқушының қай бағытта болмасын ыкыласын дамыта біл,қолынан іс келетініне сендіре біл.

8.Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы әр уақыттада бір-біріне қуаныш әкелетіндей пайдалы болуға тиіс.

9.Мұғалімнің сөзімен ісі әрдайым бірлікте және шынайылықта болуы шарт.

10. Оқушыны таңқалдыратын кезеңдерді ұмытпаңыз. «Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады»,- деген қиғиданы есте ұстаңыз.

11.Оқушының  кемшілігін  көргіш болсаң, ықыласын жоясың. Жеңісін ізде.

12. Оқушыға сыйлы боламың десең, алдымен баланы өзің сыйла.

13.Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа.Сеніп айтқан сырын көпшілікке шашпа.

14.Оқушылардың ұстазына қоятын басты бағасы- оның өз пәнін жетікте терең білетіндігінде.