Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп газеті


Отаным десем ойыма,
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім дариям.
Егеменді елім, туым, әнұран
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түске есер Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар.
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ халқым бар
Менің Отаным – Қазақстан! 


16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін осы күн -біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл – азаттықты аңсаған елдің мақсат-мұраты орындалған ұлы күн. Осынау мерейлі мереке еліміздің күнтізбесінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" КонституциялықЗаңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып келеді. Қандай да ауыртпалықты көтере білген жігерлі, батыр бабалардың ерлігі өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс. Елі үшін, жері үшін жан аямаған халқымыздың бұл потриоттық дәстүрі 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Осылайша, тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз.
Тәуелсіздігімізді жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл - Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі, еліміздің тыныштығы мен кауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен достығының арқасында мүмкін болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы –стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.Сонысымен де бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтамақ пен татулықтың, сондай-ақ, болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың каһармандық өмір жолына құрметпен басымызды июіміз керек.
Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандар мен батырлар есімінің ұлт мақтанышы ретінде осы күнге дейін жетуі - Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл қасиетті шежіре - бүгінгі буын  арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік.Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, потриоттық рухты тәрбиелеу бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты болған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
 
 
 
Артық болмас – білгенің.
 
 
 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы:
 
1. 1990 жылғы 25 қазан– Жоғарғы Кеңес "ҚазақКСР-ніңмемлекеттік егемендігі туралы Декларация" қабылдады.
2. 1991 жылғы 21 желтоқсан, Алматы келісімі. 11 Республика Тәуелсіз Достастығын құрды.
3. 1991 жылғы 1 желтоқсан– бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланды.
4. 1991 жылғы 10 желтоқсан– ҚазақКСР-ныңатауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
5. 1991 жылғы 16 желтоқсан– Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заң қабылдады.
6. 1991 жылғы 16 желтоқсан– Республика тәуелсіздік алған күні.
7. 1992 жылғы 2 наурыз– Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
8. 1992 жылғы 4 маусым– ҚР Мемлекеттік Туы  мен Елтаңбасы қабылданды.
9. 1992 жылғы 11 желтоқсан– ҚР алғашқы мемлекеттік Әнұраны бекітілді.
10. 1992 жылғы қаңтар айы– ҚР Ішкі істер әскері құрылды. Республиканыңалғашқы сом алтыны шығарылды және алтын қорын жинау басталды.
11. 1993 жылғы 28 қаңтар– Қазақстан Респубкасының  тұңғыш  Конституциясы қабылданды.
12. 1995 жылғы 30 тамыз– еліміздіңжаңа Конституциясы қабылданды.
13. 1993 жылғы 15 қараша– Республика  Президентініңжарлығымен ұлттықтеңге айналымға енгізілді.
14. 1995 жылғы 1 наурыз– Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
15. 2011 жылыАлматы, Астана қалаларында Азиада қысқы олимпиадасы өтті.
16. 2012-жылы Лондонда өткен жазғы олимпиадада спортшыларымыз жоғары жетісітіке жетті.
17.  Халықаралық көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің басым көпшілігі ЭКСПО-2017 өткізуге дауыс берді
 
 
 
Артық болмас – білгенің. 

 «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» 
Тұңғыш Президент күніне орай мектебіміздің 8 "а" сынып оқушылары "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"  атты тәрбие  сағатын өткізді. Қонаққа 5-9 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы шақыртылды. Іс-шара қызықты әрі тартымды өтті. Елбасы  өмірі туралы танымдық викторина өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар Президентке өздерінің жүрекжарды лебіздері мен ән-жырларын арнап,  көрермендердің  ыстық ықыласына  бөленді.   
Мектеп тілшісі: Арман Жансая
 
   8 "а" сынып жетекшісі Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызы ауылымыздың кітапханашысы Шакубаева Гулнармен   бірлесе Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған іс-шара өткізді. Жұлдыз Саятқызы автордың өмірі мен шығармашылығына шолу жүргізсе, кітапханашы Гулнар апай тақырыптық көрме ұйымдастырды. Шара барысында Бахытбол Ж. "Ұран" өлеңін, Тажманова Н. "Ақбілек", Сағадатов А. "Қартқожа" өлеңдерін оқыды. Тақырыпқа байланысты 7 "а" сынып оқушысы Мешитбаев А. презентация, баяндама, викторина дайындаса, 7 "а" сынып оқушысы Арман Құралай "Әжей" әңгімесіндегі автордың суреттеу шеберлігі туралы өзінің  алған әсері жайлы ойын бөлісті. 

Сынып тілшісі: 8"А" сынып оқушысы Тажманова Назерке
 
      Желтоқсанның 12-сі күні 5 "а" сынып оқушылары  "Тәуелсіздік – тірегім" тақырыбында ашық тәрбие сағаты  өткізілді. Басты масқаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Тәрбие сағаты барысында еліміздің бастан кешкен оқиғалары мен тарихынан сыр шерткен  таныстырлым  көрсетіліп, оқушылардың тәуелсіздікке арналған өлеңдері мен әнге ұласты.  Шара соңы "Қазақстан" әнін орындаумен аяқталды. 
                                                                     
Сынып жетекшісі: Камарова К.Т

      Ким Сонг Судың ашылуына орай халықаралық таеквонда сайысы өтті. Сайысқа Барнауыл, Кулунды, Екибастұз, Қарағанды, Павлодар қаласының сторшылары қатысып, мектебіміздің 8 "а" сынып оқушысы Байгереева Дария 1-орынды иеленді.
   Қазақстан Республикасының жас натуралистер қозғалысының 100 жылдығына арналған "Менің Отаным - Қазақстан"  ХІV-ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Ахтамберова Саида,Сәбит Жұмабек марапатталды.
 
     "Құстар-біздің досымыз" атты қалалық сайыстың 3-орын жүлдегерлері 1 "а" сынып оқушысы Арман Нұрмұхаммед пен 6"а" сынып оқушысы Сакен Еламанды табыстарымен құттықтаймыз!
 
 
 
 
 
 
    Желтоқсан айының 11-12 күндері қалалық пәндер олимпиадасы өткізілді. Мектебімізден алдыңғы орын иеленіп, қалалық олимпиадаға қатысқан барлық оқушыларды білімнің биік шыңынан көрінуін тілейміз!
 
 
 
 

 

Құрметті балалар!
 
     Бұл журналда сендердің  де   шығармаларың болуы мүмкін.      Сондықтан қызықты әңгімелеріңді,  жұмбақтарыңды немесе өлеңдеріңді№ 216 кабинетке тапсыруға   болады.        
Сонымен қатар,төмендегі купонды қиып алып, сол купонда "ҚҰЛАҚҚАҒЫС" бөлімінде газетте берілген сұрақтарға жауаптарыңды  және   құттықтауларыңды жіберуге   мүмкіндіктерің бар.
 

 

Бүгінгі нөмірде:   
ØТәуелсіздікке 23 жыл. Ата заң – Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығының негізі.
ØҚазақстан Республикасының хронологиясы
ØЖаңалықтар
ØДаңққа лайық  өрендер
ØБілімнің болар данасы
ØТіл – күретамыр
 
Жауапты мұғалім:Хажым Айнур
Тілшілер:Мешітбаев Амангелді, Тажманова Назерке, Арман Құралай


 




Көктем – күннің қанаты
Көктем – гүлді дала аты.
Көктем – біздің сағынға
Самал ескен таң аты,
Көктем – жердің тынысы,
Көктем – елдің ырысы...


"№ 40 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ



   Бір шаңырақ  астында» атты  Қазақстан халықтары достығының фестивалі
 Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектебімізде «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль  өткізілді.
 Шараның мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа  тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін ғұрыптауға, құрметтеуге шақыру, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
   Мектептің мәжіліс залында түрлі ұлттың әндері шырқалып, би биленді, көрініс көрсетілді. Сахнаға әрсынып өздері таңдаған ұлттың костюмін киіп шықты. Көрермендер ду қол шапалақтап, дән риза болды.

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР
Павлодар ауылында Ұлы Отан Соғысының екі ардагері тұрады:
Лукашев Иван Макаровичжәне Жуков Михаил Леонтьевич.
Мереке күні қарсаңында 8 «Б» сынып оқушылары Иван Макарович Лукашевтің үйінде болып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Михаил Леонтьевич Жуковты 8 «В» сынып оқушылары құттықтады.
 
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

 

"№ 40 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!

     Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мектебімізде көрініс қою арқылы әндер фестивал іөткізілді. Фестивальге 5-7 сынып оқушылары қатысты. Аталған шара Жеңіс туы желбіретуде қан кешкен жауынгерлерге, майдангерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналды. Шара соңында оқушылар кеудесін оққат осқан боздақтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды

Елге қауіптөнбесін!

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

 
ӘСКЕРИ-ДАЛА ЖИЫНДАРЫ
 
    2014 жылғы 15-19 мамыр аралығында Шарбақты ауданы «Орман ертегісі» сауықтыру лагерінде 10 сынып бозбалаларымен әскери-дала жиындары өткізілді. Біздің мектептен оқу-жаттығу жиынына 8 оқушы қатысты. 10 сынып оқушылары әскери қызмет негіздері бойынша білімдерін шыңдап, дене шынықтырудан, сапта тұрудан өздерінің дайындық деңгейін көрсете білді. Оқу-жаттығу жиындарының болашақ сарбаздарды тәрбиелеуде маңызы зор болды: психикалық тұрақтылықты, өзін-өзі тәртіптілікке баулуды қалыптастыруға себін тигізді, оқушылардың  әскери мамандықтарға деген қызығушылығы арта түсті.
    Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша мектеп командасы Білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. 10 «А» сынып оқушысы Қайкен Мейірманға тәулік бойы кезекшілік атқарғаны үшін грамота берілді. Сонымен қатар
Мейірман 100м-ге жүгіруде курсанттар арасында III орынға ие болды.
 
 
ӨРКЕНІҢ ӨССІН!
 
    2014 жылғы  30 сәуірде № 17 мектеп қабырғасындаөткен  ІІІ«Өркеніңөссін!»  сайысынабіздің  мектебіміздің 7 «А» сынып оқушылары қатысып,  «Әнші-бұлбұл» номинациясында марапатталды.
     Бұл сайысқа оқушыларды дайындаған мұғалімдер: Тукушева Айсұлу Талапқызы, Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызы, Жанакиева Әсем Алпамысқызы.
 
Сауле Базылгазина 7 «А»
 
 
 
 
 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАР
 
  5-6 сыныптарарасында «Ұлы отан соғысы туралы кітаптар » атты кітаптар  шолуы өтті. 12 кітапты оқырмандар үйге оқуға алды.Сонымен қатар осы тақырып бойынша  
к ітаптар презинтациясы болды.
 
 
 
 
 
«ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ»  ОБЛЫСТЫҚ   САЙЫСЫ
  19 мамырда М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайында қалалық және аудандық «Жасұлан» балалар және жас өспірімдер ұйымдарының Ұланбасы-көшбасшылары арасында «ҮздікҰланбасы» облыстық сайыс ыөткізілді. 
     Аталған шараға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларынан, 8 ауданнан    оқушылар белсене қатысты. Біздің мектеп оқушылары Павлодар қаласының атынан қатысты! Содружество» ББҰ мүшелері өз көшбасшылары Безукладникова Элеонораны жақсы біледі және құрметтейді.       Мектепбел сенділер өз ұланбасылары, әрі команда капитаны Элеонораға қолдау көрсетті.
 
 
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ  69-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
 
    Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыс туралы 6 мамыр күні  ҰлыЖеңістің 69-жылдығына орай 1-4 сыныпар асында оқушыларға екінші Дүниежүзілік соғыс туралы»  атты кітапханалық сабағы өтті. Басты міндеті оқушыларға отан соғысы туралы мәлімет бере отыра отан сүйгіштікке ,бірлікке, бойына патриотты қсезім қалыптастыру. Оқушылар өз ойларын ортаға сала отыра,тақырып қасай өлеңдерін жатқа айтты.
 
 
 
 
 
"Қош бол, мектебім!" Үлкен өмірге жол бастаймыз
 
     Оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік шаралар осындай ұранмен өтті. Бастауыш сыныптар мен орта буын оқушыларына арналған саптузеуде оқу озаттарына мақтау қағаздары мен белсенді оқушыларға, спортшыларға мадақтамалар табысталды. Саптүзеуде ата-аналар, педагогтар, еңбек ардагерлері сөз сөйледі. Шығармашылық топтар да оқыушыларды өз өнерлерімен қуантты. 25 мамыр күні соңғы коңырау 11 сынып оқушылары үшін соғылды. Мерекеде Павлодарауылының  әкімі Фогель Ирина Викторқызы қатысып, мектеп түлектерін құттықтады.Оларға алдағы ҰБТ мен емтихандарды жақсы тапсыруларын тіледі. Шара жақсы деңгейде өтті.
Ата-аналар мен балалар риза болды.


ҰЛТТЫҚ   ОЙЫНДАР

   Көкпар,  Аударыспақ,  Қыз қуу,  Күрес,  Мойын арқан,  Теңге ілу,  Алтын қабақ (жамбы ату),  Асау үйрету,  Ақ сүйек, Сақина салу,  Тымпи,  Бастаңғы, Ине жасырмақ,  Алты бақан, Тоғыз құмалақ,  Асық ойыны

БҮГІНГІ НӨМІРДЕ:
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
 ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР
 ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!
ӘСКЕРИ-ДАЛА ЖИЫНДАРЫ
. ӨРКЕНІҢ ӨССІН!
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАР
«ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ» ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ  69-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
"ҚОШ БОЛ, МЕКТЕБІМ!" ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ЖОЛ БАСТАЙМЫЗ
 
 
 
 
Бас редактор және корректор: Кабышева О.А.
Тілшілер: Алдан Ақмарал, Арман Жансая, Серікболова Айгерім

 

 



Наурыз көктем, наурызжыр,
Ана мейрім, шуақнұр. 
Жан иесін жаңартқан, 
Аққанбұлақ, нәзіксыр. 

Наурыз әлем, наурызқұс, 
Сұлудала, сағымтүз. 
Самғайұшқанқарылғаш, 
Аққуқаздармамықтөс.


 «САНДАР ӘЛЕМІНДЕ» САЙЫС
 
   Барлығымыз білеміз, математика пәні ғылымдардың патшасы, сондықтан 1 «Б» сыныпта «сандар әлемде» деген сайыс өткізілінді. Сайысқа қатысқандары оқушылар мен ата-аналар.
Олардың назарына әр түрлі қызықты тапсырмалар ұсынылды: сөзжұмбақтар, анаграммалар.Оқушылар қызығушылықпен барлық тапсырмаларды орындады.        Нәтижесінде барлық тапсырмалар шешілді


 
«ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСТАРЫМЫЗ!» ИНТЕРАКТИВТІ ОЙЫН
 
    Біздің  жерімізде ғажайып жәндіктер- құстар тіршілік етеді, жерді қорғап, ұшып жреді.
     Құстар болмаса тіршілік бола ма жерде?
  Наурыздың 28 –і күні мектепте «Құстар біздің достарымыз!» Оқушылар белсеңді қатысып, құстарды қорғау ережелерімен танысты. В.Бианки шығармашылығымен танысып,құстардың тіршлілігімен танысты.

 
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ» ВИКТОРИНАСЫ
 
     Көктемгі демалыстар- ерекше кезең, осы кезде балақайлар демалып, денсаулықтарын жақсартады, осы кезде балалар әр түрлі ғажайып жерлерге саяхат жасайды,бүгін де біздің мектепте «ертегілер әлемінде» викторинасы өтті. Ойын кезенде оқушылар әр түрлі ертегілерді,жазушыларды еске түсіріп, бір бірімен жарысты.
    Оқушылар қызығушылықпен әр түрлі жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға жауаптарды тауып, ән айтып, би биледі.
   «Знайки» командалары осы сайыста жеңіп, сыйлықтарға бөленді.
    Оқушыларға үй жұмысы берілді, көптеген ертегілерді оқып, сурет салып келу.


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ БІЛІМГЕРІ» ВИКТОРИНАСЫ
 
     Наурыздың 27- і күні мектепте «Қазақстан республикасының  салт дәстүрлерінің білімгері» деген викторина өткізілді, қатысқандары 3 Г сынып оқушылары.
    1 кезеңде оқушылар өз ұрандарын ұсынды, екінші кезеңде сұрақтар қойылды, үшінші кезеңде оқушылар өз шығармашылық өнерлерін көрсетті.
   Осы ойын арқылы  оқушылардың топта жұмыс істеу қабілеттері дамып,коммуникативті қасиеттері жоғарлады.
 
 
«КӨПТЕН КҮТКЕН ДЕМАЛЫСТАР!»
 
    Көктемгі демалыстарда біздің ортақ үйіміз- жер деген суреттер сайысы өтті, осы сайысқа қатысқандары 1 « г» сынып оқушылары, барлық оқушылар мадақтамаларға ие болды. Жарайсындар!
 
 
 
 
 
 
 
 
«ӘКЕ, АНА ЖӘНЕ МЕН - БІЗ СПОРТТЫҚ ОТБАСЫМЫЗ!»
 
     Мектепте ғажайып мереке өткізілінді, осы шараның мақсаты салауатты өмір сүру жағдайларын қалыптастыру, балаларды ата-аналардың мысалдары арқылы дұрыс тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
   Осы шараға қатысқандары 22 адам,оның ішінде оқушылардың әкелері, аналары және оқушылар өздері.
Мереке өте қызықты өтті, сайыстарға қатысқан ата-аналар қобалжып, көптеген эмоцияларға ие болды, осындай сәттер балалардың есте мәнгілікке қалады деп үміттенеміз!
  Осы мерекеге қатысқандар Розе,Хасанов,Тишкин, Рачковский, Пейхвассер отбасыларға үлкен алғыс белдіреміз!
Барлық отбасылар мадақтау қағаздарға және сыйлықтарға ие болды.
 
 
 
«ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ»
 
    Көктемгі демалыстар- ең қызықты кезең, осы күндері де мектептің есіктері балалар ушін ашық,біреулері би билеп, ән салып, спорттық мерекелерге қатысып жатыр, бүгін де мектепте 8 сынып оқушылар арасында «қызығушылықтар әлемінде» атты ойын- сайыс өтті, оқушылар белсеңді қатысып, тарих, география, дүниетану пәні бойынша білімдерін көрсетті, нәтижесінде.... достық жеңді!
     Барлық қатысушылар ойынға риза болып қалды, ойын ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

 

"Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ"
 
     Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  тілдерді  дамыту жөніндегі іс- шараларды орындау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту, қазақтың ұлы ақыны Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас –ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптсатыру, отан сүйгіштік сезімді арттыру мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында қалалық Абай шығармаларының көркемсөз оқу байқауы өтті. «Мақсұтым–тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты байқауына мектебіміздің  жас ұстазы Бегельдинова Ирина қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
 
 Құттықтаймыз!
 
 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
 
 Қазақ әдебиетінің  ұлы ойшыл, бас ақыны «XVI Абай «Құнанбаев» қалалық  оқуларының «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу аталымында шебер орындаушылық өнерімен тамаша оқыған үшін 6 сынып оқушысы Арман Құралай I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН   марапатталады.
«V Мәшһр – Жүсіп Көпеев» оқуларында» Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» аталымында тамаша өнер көрсеткені үшін 7 сынып оқушысы Арман Жансая  ДИПЛОММЕН  марапаталады.
 
Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызы мұғалімдер арасындағы Қалалық қазақ тілі олимпиадасында
 I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
 
 Мұғалімдер арасындағы Қалалық қазақ тілі кабинеттер сайысында Жанакиева Әсем Алпамысқызы Алғыс хатпен марапатталды.

 

НЕМІС ТІЛІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНУ
 
   2014 жылғы 5 сәуірде № 40 ЖОМ-да «Неміс тілін ойын арқылы үйрену» атты тілдік чемпионат өткізілді. Ойынның мақсаты - Қазақстан және Қырғызстан мектептеріндегі неміс тілін көпшілікке тарату. Ойынды ассистент Гальман Даниель өткізді. Неміс тілін үйренуге қызығушылығы басым оқушылар ойынға белсене қатысты.
I орын
Шкретова Лариса 9 «г»,
Гура Кирилл - 5 «б».
 
II орын
Төлеген Әділ – 9 «г»,
Урсол Елизавета. – 5 «б»
 
I орынға ие болған топ сертификатқа ие болды және жеңімпаздарға 9 сәуірде болатын аймақтық ойынға шақыру қағазы берілді.
 
 
«ЕЛ МҰРАСЫ»
 
 
 
 
    19-сәуір 2014 жылы,  Павлодар  қаласында «Ел мұрасы» атты сайысына қатысып, 3-орынға ие болған,  4 «а» сынып оқушыларын құттықтаймыз!!!

 
ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІ КОРРЕКЦИЯЛАУ ТРЕНИНГТЕРІ
 
   Мектеп психологі  4 «А» сынытпа эмоциялық күйзелісті коррекциялау тренингтері өткізіген, оқушылар сабаққа қуана қуана қатысты, сабаққа қорытынды жасалғанда оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, көз қарастарын айтты.    Осы сабақтан оқушылардын оң қуат алғандары үшін өте маңызды.
 
 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
 
    2014 жылдың 25-сәуір күні қалалық Абай оқуларында, 3-талым бойынша сайыс өтілді. Осы сайысқа қатысқан біздің мектептің үш оқушысы да, жүлделіорындармен оралды. Сәбит Жұмабек, Нұрғали Олжас, Арман Айдынгүл, жарайсыңдар! Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
 
 
 
БІЗ ӘРҚАШАН КӨМЕККЕ ДАЙЫНБЫЗ!
 
    Тимуровшылар отряды қарт адамдарға көмек көрсету ісін жалғастырып келеді... Балалардың бұл қызметінің маңызы зор. Тимуровшылар отряды қызметі оқушыларды азаматтылыққа, ізеттілікке, үлкендерге қамқор болуға тәрбиелейді. 6 «В» сынып оқушылары ауыл тұрғыны Антонина  Петровнаның үйіне көмекке келді: ауласын тазалап, бау-бақшаны ретке келтірді. 

 

МОНТАЖДІ КОЛЛЕДЖГЕ САЯХАТ ЖАСАДЫҚ
 
   Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша  №40 мектептің оқушылары монтажді колледжге саяхат жасады.
     Оқушылар мамандықтар туралы тындап, өздері де іске кірісті.
Колледждің өмірімен танысып, оқу бөлімдеріне кіріп, жұмыс құралдармен жұмыс істеп көрді.
    Колледждегі мұғалімдер өз жұмыстары туралы мақтанышпен баяндады.
 
 
«МЕЙІРІМДІ БОЛСАҚ ӘЛЕМІМІЗ МЕЙІРІМДІ БОЛАДЫ»
 
   Сәүірдің 18-і күні біздің мектебіміз оқушылар сарайымен бірлесіп Мичурино ауылына барып жетім балаларға арнап үлкен концерт өткізді. «Акварель» тобы көрермендерді  тамаша билермен қуантты, ал «Радуга» деген вокал тобы әсем әндерді орындады.     Көрермендер өте көп болды, барлық концерттік номерлерді балалар қуана қуана қабылдады. Концерттен кейін барлық балалар далаға шығып спорттық шараларға қатысты. Болашақта Мичурино ауылының балаларын біз өз мектебімізде күтеміз!
 
 
 
     «ЖАРҚЫН ӨМІР ИГІЛІГІ- ЖАҚСЫЛЫҚ» ДӨНГЕЛЕК ҮСТЕЛ
 
     Сынып әдістемелігінің апталығына орай 5 «а» 6 «а» сыныпта жарқын өмір игілігі – жақсылық атты дөнгелек үстел өткізілді.
   Мақсаты оқушылардың жақсылық, қайырымдылық, изгілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, адамдар арасындағы жақсылық, ізгілік ұғымынының мәнін ұғындырып, осы қасиеттердің бәрі ананың ақ сүтінен танайтындығын түсіндіру, жауапкершілікке, өзін –өзі тани білуге тәрбиелеу. Оқушылар белсенді қатысып, іс шараға риза болып қалды.
 
 
«ЖАРҚЫН ӨМІР ИГІЛІГІ- ЖАҚСЫЛЫҚ» ДӨНГЕЛЕК ҮСТЕЛ
 
   21 сәуірде № 40 ЖОМ-да 4 «Б» сынып оқушыларымен сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. Мақсаты: «отансүйгіштік, адамгершілік, ар-ождан, борыш» секілді негізгі ұғымдармен таныстыру; оқушылар бойында мәдени- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Оқушылар топпен жұмыс жасады: анаграммалар шешіп, жағдаяттық есептер шығарды және постерлер құрастырды. Шара соңында әрбір оқушыға жаднама таратылды.
 
 
 «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМОРТАЛЫҒЫНА» САЯХАТ
 
   Экологиялық тәрбиені қалыптастыру мектеп оқушыларын тәрбиелеудің басымды бағыттарының бірі болып табылады. № 40 ЖОМ оқушылары экология және туризм орталығына барды. Орталық қызметкерлері оқушыларды қуана қарсы алды. Балалар тропикалық өсімдіктер оранжереясын, хайуанаттар мұражайын аралады. Мұражай қызметкері флора және фауна туралы, Павлодар облысының тарихи жерлері, палеонтологиялық қазбалар туралы айтты.

Бүгінгі нөмірде:
«Сандар әлемінде» сайысы»
«Құстар-біздің достарымыз!» Интерактивті ойын
«Ертегілер әлемінде» викторинасы
«Қазақстан республикасының салт дәстүрлерінің білімгері» викторинасы
«Көптен күткен демалыстар!»
«Әке, ана және мен- біз спорттық отбасымыз!»
«Қызығушылықтар әлемінде»
«Мақсұтым –тіл ұстартып, өнер шашпақ»
Құттықтаймыз!!!
Немістілінойынарқылыүйрену
«Ел мұрасы»
Эмоциялықкүйзелістікоррекциялаутренингтері
Құттықтаймыз!!!
Біз әрқашан көмекке дайынбыз
Монтаждіколледжгесаяхатжасадық
«Ел мұрасы»
Эмоциялықкүйзелістікоррекциялаутренингтері
«Мейірім іболсақ әлеміміз мейірімді болады»
«Мейірім іболсақ әлеміміз мейірімді болады
«Жарқын өмір игілігі- жақсылық» дөнгелек үстел
«Жарқын өмір игілігі- жақсылық» дөнгелек үстел
«Балалар мен жасөспірімдердіңэкология және туризморталығына» саяхат
Қазақтың салт-дәстүрі
Бас редактор және корректор: Кабышева О.А.Тілшілер: Алдан Ақмарал, Арман Жансая, Серікболова Айгерім.
 
 

Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
 
Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
 
Қуаныштың бүгінгі,
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді,
Үйретеді қыскүні! 
 

Павлодар қаласы №40 ЖОМ
 
 Ақпан айында « Рахмет саған, ана!»  тақырыбында шығармалар  сайысы өтті.  Онда 5 А сынып оқушылары Нұрболат Марал мен Сәкен Еламан өз шығармаларын ұсынды.

 


«ЗАРНИЦА» ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ
   Сынып сағаты дәстүрл іемес түрде өткізілді: 10 сыныптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылса, 8 сынып оқушылары Ауған соғысы туралы фильм көрді.
9 сынып оқушылары жойқын күштің ортасында болған жауынгерлер туралы жазған өлеңдерін оқыды.
Мәжіліс залында кадет мектебі тәрбиеленушілерінің қатысуымен концертті  к бағдарлама ұйымдастырылды. Көрермендер назарына  ұсынылды.
 Мектебімізде «Зарница» әскери-спорттықойынын өткізу дәстүрге айналған.
Ойынерекшеболды, себебішараға № 13 ЖОМ, № 30 ЖОМ,№ 35 ЖОМ
және №40 ЖОМ оқушылары қатысты. Оқушылар әскери өнерде сайысқа түсті: автоматты жинау, гранат лақтыру, ату және топография. 

 
 
«Денсаулық – зор байлық» мектеп
белсенділерінің отырысы
    Мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға арналған кездесу өтті. 8а, 9а, 10а және 10б сынып оқушылары - «Ассоль» клуб бірлестігінің көшбасшылары «Денсаулыққа «иә» дейміз» ұранымен мектеп белсенділері отырысын өткізді.
Жоғары сынып оқушылары осы отырысқа «Шуақтар» клубы бірлестігінен жетінші сыныптарды шақырды. Оқушылар денсаулық туралы, оны қалай сақтау керектігі жөнінде бірлесе отыра әңгімелесті.
Жағымсыз қылықтарды талқылай келе, кәдімгі сағыздың пайдасы мен зияндылығын айтып өтті. Оның құрамындағы бояғыш заттарды анықтап, денсаулыққа қандай зиян келтіретінін сөзге тиек етті.
Отырыс соңында клуб мүшелері денсаулықты сақтау жолдарын атады.


ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНАН «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТОЛҚЫНЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Біздің ел – Қазақстан,
Болашағы – Жас Ұлан!
«Жас ұлан»Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау Қазақстанның тәуілсіздік күніне арналып өтті. Мектептегі 40 ең үздік оқушы, ғылыми жобаларға қатысқан, қалалық, метеп ішілік олимпиадаларға қатысқан оқушылар тандалды


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2014 жылдың 22 қаңтары күні Павлодар облыстық білім басқармасы, аймақтық «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастырумен мектепалды даярлық тобы оқушылары арасында «Жауқазын» интелектуалдық олимпиадасы өтті. Бүлдіршіндер логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар бойынша тапсырмалар орындады.
Біздің мектептен олимпиадаға қазақ тілінде білім алатын мектепалды даярлық тобының, оқушысы Қабыкен Мөлдір қатысып, 17 балмен қортынды турға жолдама алды.

 

ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
 
        Биыл Ауғанстан елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл болады. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шығарылғаны тарихтан белгілі.
     Осы маңызды оқиғаны тойлау барысында 11 ақпанда мектепте ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу күні өткізілді.
    Аталған күн салтанатты жиынмен басталды.Жиынға ауылымыздың ауған соғысы жауынгерлері, Павлодар облысы білім Басқармасының денешынықтыру жәнеалғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшіс іӘленов Тимур Мұсабекұлы, Павлодар қаласыбілім беру бөлімінің әдіскер іТасыбаев Назымбек Жәпішұлы, Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі Басқарма бастығы Олег Владимирович Николашин, Ауған соғысы ардагерлер ікеңесі, Павлодар және Ақтоғай аудандарының алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты. 
 
       Жиын аяқталға нсоң «Ауғанстан – жазылмайтын жара» аттысынып сағаты өткізілді.

 
«АФГАНИСТАН  ЖОЛДАРЫМЕН»
 
     Павлодар қаласының 5 мектебінде Афганистан жолдарымен атты ән сайысы өткізілді  Біздіңмектептен 6 «В» сыныптың оқушылары Дунаев Миша мен Камзин Тимур 9 «г» сыныптың оқушысы Толегенов Адиль сайысқа  қатысып «Сәлем, анашым» деген ән орындады.
      Осы өлен қонақтардың көңілінен шықты, белсеңді қатысқыны үшін біздің мектеп марапатта қағазымен марапатталды. Қаланың 5 мектебі,соның ішінде біздің мектепте  «Афганистанды еске  алу кеші» қалалық ісшараға шақырылды.

Ауғанстан елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жылына орай Павлодар облысының білім Басқармасының  дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшісі Әленов Тимур Мұсабекұлы біздің мектепті бірінші дәрижелі дипломмен марапаттады.

 

Қазақтың бас ақыны Абай ата,

Танылған бар әлемге ұлы дана.

Өсірді талай көсем,талай шешен

     Жинаған сөз маржанын қалай ғана.

 

Ұлы Абай мен пірімсің ұлағ,атым,

Әр сөзің саф алтыннан құралатын.

Өзің салған сара жол қазақ үшін,

Тұнық бастау мөлдір бұлақ нәр алатын.

 

Қазақ елі Абайменен танылған,

   Ешқашанда өшпейді ел жадынан,

     Уайым жеген қазақ үшін қаймыққан,

 Сондықтан да ел ағасы саналған.

 

«Сәлем» газетінің  тілшісі

7 - сынып оқушысы

Арман Жансая 

Павлодар қаласы №40 ЖОМ
 
 
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
 

Әлди, әлди ақ бөпем..."

 

    

Тұсау кесу

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқа мінгізу

 

 

 

 

 

 

 

 


 




Алтын күзбірдешуақ, бірдесалқын,
  Жер мен к
өкжалтырағансап-сарыалтын
Ағаштажапырақтарсылдырлайды,
Т
өгілгеналтынтеңгесансызжалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Қырмандақызылалтын, қызылмаржан
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.





«АЛТЫН КҮЗ»
 
     Қазан айының 26-ші жұлдызында біздің мектебімізде «Алтын күз» мерекесі өтті. Бұл мерекеге оқушылар өте әдемі және көрікті келді.  Сайысқа қатысқан балалар өздерінің өлеңдерін, билерін, көріністерін көрсетті. Ең жақсы сайыскер алғыс хатпен марапатталды. Мерекеден соң оқушыларға арнап шағын би ұйымдастырылды.

«Сәлем» газетінің  тілшісі
8- сынып оқушысы
 
 
ЖАҢАЛЫҚТАР
 



    Қазан айында біздің мектебімізде әр пәнге байланысты олимпиада өткізілді. Осы олимпиадаға қатысқан балалар  өздерінің білімдерін көрсетті.
Ең жақсы білімді оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
 
Серікболова  Айгерім



КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
 
     М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы балалар үшін өз есігін айқара ашты. Оқушылар Сарайы қарашада өз туған күнін атап өтпекші. Аталған мереке аясында балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақшы: мерекелік концерттер, танымдық-ойындар, ойын-сауық бағдарламалары, отырыстар, теренингтер, экскурсиялар....
   Күзгі демалыс кезінде мектеп оқушылары Оқушылар Сарайына барды.



Сонымен қатар оқушылар «Эко – мир»  үйірмесінің жетекшісі И.Н.Матвеевамен кездесті. Жетекші балаларды үйірме жұмысымен таныстырып, ондағы мекендеушілерді үйірме мүшелерінің қалай күтіп баптайтынды жөнінде айтты.
 


ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОРБАЙЛЫҚ
    Денсаулық – баға жетпейтін жалғызғана асыл дүние. Олжақсы болу үшін не уақытты, не күш  жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. 
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әрадам баласыө денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек Бізден саулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
 
Мақал – мәтелдер
 
Денсаулық — зор байлық.
Жарлының байлығы — денінің саулығы.
Ауру атанды да шөктірер.

 
Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
  
Тәні саудың жаны сау.
 
 
Көңіл жақсы болғаны —
Өмір жақсы болғаны.
 
 
Жылағаңмен өлген кісі тірілмейді
 
 
Емнің алды — еңбек.жақсы.
 
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
 
Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
 
Ауру желмен келіп, термен шығады.
 
Сырқат — төнжарасы,
Қайғы — жанжарасы.
 


 

 
СҮЙІНШІ!!!  ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ....
 
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ
 
       2013 жылдың 22 қазан күні №2 Жалпы орта білім беру мектебінде өткізілген сайыста мектебіміздің 8 «а» сынып оқушысы Алдан Ақмарал «Бас жүлде» Дипломымен марапатталды. Ұлы Абай атамыз:
«Білімділік шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
     Көкірегінде болсын көз.» - деп жырлағандай Нағашыбай ұстазының берген тәлім – тәрбиесін ықыласпен қабылдап, тәтті жемісін көруде. Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров оқуларына дайындаған  мұғалім Мұсатаева Сымбат Халимоллақызына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
    Сондай – ақ жуықта өткен «Туған өлкені тану – ғылымға жетелейтін жол» атты ғылыми  - практикалық конференцияда II дәрежелі Дипломға иеленген 10 «б» сынып оқушысы Тазиева Альмираны да табыспен құттықтаймыз!
     Дайындаған ұстаздары Ережепова Бейбігүл Махметқызы мен Байкенова Бақытгүл Қайырқызын мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!
 
 
"КҮЗГІ БАЛЛ"
 
     2013 жылғы 24 қазанда 9-11 сыныптар арасында Күзгі балл кеші өткізілді. 10 «А», 10 «Б» сынып оқушылары кештің ұйымдастырушылары болды. Шараға жан-жақты дайындалып, залды безендіруге кірістік. Күзгі балл кешін есте қаларлықтай етіп өткізуге тырыстық.
Балалар «Күзгі көңіл-күй» бағдарламасына белсене қатысты. Бағдарлама өте қызықты болды. Жоғары сынып оқушылары ән салып, би билеп, көңіл-күйлері жақсы болды.Әдемі безендірілген зал шара көркін аша түсті. Ең соңында қорытындысы шығарылып, оқушылар грамоталармен марапатталды. «Ең үздік күзгі вальс» аталымы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Қайкен Мейірман мен 10 «Б» сынып оқушысы Вальц Алена жеңімпаз атанды. «Ең үздік музыкалық нөмір» аталымы бойынша 9 «А» сынып қыздары жүлделі орынға ие болды. 9 «Г» сынып оқушылары Малова А., Пятак В., Төлеген Ә. романтикалық ән орындап, грамотамен марапатталды.    Балл соңы би кешіне ұласты....
 
 
ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ БЕДЕЛІНІҢ КҮНІ
 
  Бұл күні  Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктері мен әлем алдындағы жинаған абырой-беделіне тағы бір мәрте ой жүгіртіп, қорытынды жасайтын күн.
  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осы кісінің құрметіне 1 - желтоқсанды – Президент күні деп аталды. Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді. Қаскелеңдегі 10 - жылдық мектепті оқып бітірді.
Одан кейінгі жылдары Қарағанды қаласындағы металлургия комбинатында жұмысшы болды. Содан өсіп, жақсы жұмыстарда істеп, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан соң оның рәміздері болады. Ол – ту, елтаңба, әнұран. Жаңа өзіміз айтып өткен әнұранның авторларының бірі осы Елбасымыз.
Ақмола қаласын еліміздің орталығы етіп таңдап, ерекше әдемі астаналардың бірі еткен де осы Елбасының ойы. Сондағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі, елбасының жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

 
   БАЛАҚАЙЛАР ҚАЛАМЫНАН
                                                            
Арнау
 
                                  Нұрсұлтан-қазағымның кемеңгері.
                                  Елім деп әрқашанда елеңдеді.
                                  Жемісін ұрпақтары көріп жатыр.
                                   Елі үшін еткен оның зор еңбегі.
 
                                  Қиындыққа мойынмаған Елбасы,
                                  Өте білген сынға толы сан жолдан,
                                  Бар қазақтың ақылшысы Елбасы,
                                  Елімізге бейбітшілік орнатқан.
 
                                  Көк жиектен сансыз жұлдыз самғаған,
                                  Сол жұлдызбен аспан жүзі жайнаған.
                                  Нұрсұлтан атам игі істер жасаған,
                                  Бар өмірін өз халқын арнаған.
 
                                  Елордамыз сұлуланып барады,
                                 Шетелдіктерқызыға оған қарады,
                                 Нұрсұлтан атам елін алға жетелеп,
                                 Ұрпағына кең жол ашты саналы.
 
                                  Бір ел болып бірлікпенен жайланды,
                                  Бұзылмасын қазағымның қаймағы.
                                  Тағы да бір тілегім сол Алладан,
                                  Желбіресін елімнің көк байрағы!
 
«Сәлем» газетінің  тілшісі
7 - сынып оқушысы
Арман Жансая





 





















Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Лебіменен жылытып өкпек желді.
Күн сәулесі тоң жоңын жербұлау ғып,
Бусандырды бұрлыққан беткейлерді.
Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген – жаздың кең дарбазасы,
Гүлге орап жіберер өткелдерді.

 

 

Құтты болсын мереке!
 
 
 
 
 
 
Көктемнің шуақты  мерекесі  8 наурыз – Халықаралық аналар күні Балалар үшін бұл ерекше мереке. Себебі ол күні балалар өздерін әлдилеп өсіріп келе жатқан аналарын мерекемен құттықтайды. Осындай мереке  шағын -орталықта  7 наурыз күні аталып өтті. Ол күні бүлдіршіндер әсем безендірілген залда сүйікті аналарын төл мерекесімен құттықтап жүрек жарды тақпақтарын айтып, музыка маманының сүйемелдеуімен шағын ғана  мерекелік концерт қойды. Би биледі,ән салды,ойын ойнады.  Бүлдіршіндердің беттері бал- бұл жанады. Аналар да бүлдіршіндеріне  сондай мейіріммен қарап, осы кішкентай балапандарының ұйқысы тыныш, күлкісі ешқашан бұзылмаса дегендей. Аналарды тәрбиешілер де құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Аналардың  әрқашан өмірлері шаттыққа, құшақтары гүлге толсын ойлаған барша армандары іске ассын!
Өмірлері көктемдей шуақты, күндей жарық,, гүлдей сән беріп, жайнап жүре берсін!
Мереке соңында балалар қолдарымен әзірлеген кішкентай ақ қағазға жапсырылған гүлдерін сыйлады, суретке түсті.
 
 
 

 
 
 
Наурыз мерекесі
 
Төрімізге келіп жеткен наурыз мерекесі баршамызға құт – берекеәкелсін!
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын. –
деген тілекпен әжеміз ақ ниетпен шашу шашты.
   Мереке барысында балғын балалар наруыз көктем мерекесіне арналған жыр өлеңдер оқыса, ендібірі тамылжыта ән салды, қазақтың қара жорға биін 4-сынып оқушылары билеп көрермендер көңілінен шықты.  
  Кеш соңында   жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже ұсынылып, көңілді көрініспен жалғасты.
   Елдігіміздің, теңдігіміздің жарқын белгісі НАУРЫЗ  баршамызға құт-береке әкелсін!
 





 

Құттықтаймыз!
 
 
 
     2013 жылғы 14 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Үздіксіз білім беру үдерісінде дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
        Конференцияға Павлодар облысынан үш педагог қатысты, солардың бірі – мектебіміздің информатика және физика мұғалімі Исләмова Дариға Мұхамед-Қанапияқызы.
    Пленарлық және секциялық отырыстарда дарынды балаларды анықтау және іріктеу механизмдері, ғылым негіздерін оқып-үйренуде қабілеттілік пен ерекше дарындылық танытқан оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы қарастырылды.
  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына Қазақстан және Ресей педагогтарының 102 баяндамасы ұсынылды. Солардың ішінде № 40 ЖОМ информатика мұғалімі Д.М.Исләмованың «Қосымша білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбына баяндамасы ұсынылған еді.
     Конференция қорытындысы бойынша Дариға Мұхамед-Қанапияқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сертификаты берілді.
 
 
 
1 сәуір - күлкі күні
 

 

  Бүгін 1 сәуір – күлкі күні. Бұл күні ауа-райы, көңіл-күйге қарамастан, әзілдеп, қалжыңдау керек. Достарыңызды, сүйіктіңізді, отбасыңызды, әріптестеріңізді алдап, бұл күнді келесі жылға дейін есте қалатындай етіп өткізіңіз.
                                               
Жұмыс, кеңсе... Әрине жұмыста байсалды, ұстамды боламыз, алайда жылына бір рет басқаларды алдап, көңіл көтеруге болады. 
·   Әріптестеріңіз қолданатын қаламдардың қалпақтарын желімдеп, қарындаштардың ұштарына түссіз лак жағып қойыңыз. Артынан әріптесіңіз қаламның қалпағын аша алмай не қарындашымен қағазды тесе жаздайтындай болады.
·         Жақын әріптесіңіз, тіпті досыңызға өтетін әзіл. Ол жұмыс орнында телефонмен сөйлесіп тұрғанда, қасына жүгіріп келіп, скотчпен телефонымен бірге басын орап тастаңыз. Аң-таң болған досыңызыз "кек алмай" қоймайды.

 

12 сәуір – ғарышкерлер күні

 

Қазақтың тұңғыш ғарышкері
 
 
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.
1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды.

 

Байқоңыр-ғарыш алаңы

Байқоңыр – ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол арқылы байланысқан.
 
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс  Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

 

Ғарышкерлер не жейді?

 
Ғарышкерлер тамағын әзірлеу - қиын процесс. Оны
ойлап табудан әзірлеуге дейін диетолог, инженер ғалымдар барын салады. Ғарышкер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болып, оңай сақталуы тиіс. 
Ғарышкерлердің рационы алғаш ғарышқа ұшулардан бастап 50 жылда талай өзгерістерге ұшырады. Адамдардың пайдалы тамақ, диета туралы көзқарастарының өзгеруі, ғылыми жаңалықтар ғарыш тағамының тенденциясының ауысуына өз септігін тигізді.
Осы өзгерістер, оған қоса технологияның дамуы ғарышкерлер мәзірінің өзгерулерін түсіндіреді. Мысалы 60 жылдары синтетикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдықтағы басты тренд - табиғи азық-түлік, көкөніс пен жемістер.
Ғарыш тағамы үшін оның сақталуы да үлкен рөл ойнайды. Салмақ пен кеңістік кез келген ғарыш аппаратында құнды дүние. Сондықтан бос орынды барынша тиімді пайдалану керек. Ғарышкер тағамдары барынша аз орын алатын әрі жеңіл болуы тиіс. Сондықтан инженер ғалымдар жылдан-жылға осы мәселені шешуге тырысуда.

 

Құрметті балалар!

 Бұл журналда сендердің  де   шығармаларың болуы мүмкін.      Сондықтан қызықты әңгіме,  жұмбақтар не өлеңдеріңді                           

  215 кабинетке тапсыруға   болады.        

Сонымен қатар,төмендегі купонды қиыпалып,    сол купонмен     ”құттықтаулар” бөлімінде   құттықтауларыңды жіберуге   мүмкіндіктерің бар. 

 

Бүгінгі нөмірде:   
 
  Құтты болсын мереке!
  Наурыз мерекесі.
 1 сәуір- күлкі күні
 12 сәуір- ғарышкерлер күні
 Байқоңыр – ғарыш алаңы
 Ғарышкерлер не жейді?
Бас редактор және корректор: Сарсембекова А.С.
Тілшілер:   Алдан Ақмарал,  Арман Жансая.


 

Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дейсің...

     Халықаралық балалар кітабы күні №40 ЖОМ кітапханасында «Әке,шешем және мен оқырманбыз шетінен» атты сайыс өткізілді.. Үнемі газет-журнал, кітап оқып отырған ата-ананы көрген бала кітапқа қызығып өседі. Кітап-адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал. Ерте бастан кітап оқуға тарту,балалардың шығармашылық қиялын,дүниетанымдарын кеңейту,ата-аналармен жұмыс өз нәтижесін көрсетті. Сайыс тартымды,қызықты өтіп, « Көп оқып,көп білуге құмар» отбасы,«Әдеби кейіпкерді мықты қорғаған»отбасы,«Ең белсенді оқырман»отбасы, «Сан қырлы оқырман» отбасы,«Ең ізденімпаз оқырман» отбасы номинацияларында мақтау қағазы берілді .Ерекше алғысымызды  Арман,Нұрболат,Сәкен,Кутиналар,Камзиндар,Гура,Серікмұрат отбастарына білдіреміз Балаларды кітап оқуға үйрету үшін, ең алдымен ата-аналар кеңес беру керек. Соны ұмытпайық ағайын!

 

 

 

 
Күз әсемі қандай көркем тамаша!
Бар тіршілік өзгереді жаңаша,
Жапырағы сап-сары боп сарғайып,
Қуанады кәдімгі бір балаша.

 

Павлодар қаласы №40 ЖОМ

 

«Алтын күз»

   Қазан айының 18-ші жұлдызында біздің мектебімізде «Алтын күз» мерекесі өтті. Бұл мерекеге оқушылар өте әдемі және көрікті келді.   Сайысқа қатысқан балалар өздерінің өлеңдерін, билерін, көріністерін көрсетті. Ең жақсы сайыскер алғыс хатпен марапатталды. Мерекеден соң оқушыларға арнап шағын би ұйымдастырылды.

 

 

      Жаңалықтар

   Қазан айының 23-ші жұлдызында №40 ЖОМ облыстық семинар өткізді. Жан-жақтан көптеген мұғалімдер келді. Біздің мектеп алты арнайы шеберлік класын өткізді. Мектепшілік «Сәлем» және «Здраствуй» газеттері шеберлік класын көрсетті Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін, мақалдарын, шығармаларын оқыды.

       Қонақтарға өте қатты ұнады.

 

«Сәлем» газетінің   тілшісі

7 - сынып оқушысы      

Алдан Ақмарал         

 

      Қазан  айының 24-ші жұлдызында №40 ЖОМ кітапханашылары  ПОПМБАИ курстарында өтіп жатқан  облыстың мектеп кітапханашыларына арнайы шеберлік  класын  өткізді. «Білім  көзі  кітапта», «Посвящение в  читателей» атты 2 театрланған шара мен іс қағаздарды  жүргізуге арналған шаралар көрсетіп,өз тәжірибелермен ой бөлісті.

 

 

     Қазан айының 25-  күні  «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы біздің мектепте қонақта болды. Кездесудің басты мақсаты  оқушылардың шығармашылығы насихаттау болды. Кездесу барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Келген қонақтарды жүргізушілігімен Алдан А тәнті етсе, өзі жайлы өлең жазған Арман. Ж ерекше көзге түсті. Сондай-ақ  3«а» сынып оқушыларының орындауындағы «Отан»  әні көрермендерге ұнады. Бірі өлең құрастырса енді бірі ребус, өтірік өлең шығарып келген қонақтарға айтып берді.   «Сарыарқа самалы»  газетінің 80 жылдыққарсаңында жүргізіліп жатқан іс-шараны ұйымдастырған газет ұжымы өз тартуларын ала келді. Әсем ән мен тамылжыта орындалған күйді оқушылар ұйып тыңдады.     

     Газеттің «Айналайын» қосымшасының балалар шығармашылығын дамытуда ерекше орын алатыны айтылып, оқушыларды шығармашылықпен айналысуға кеңес берді.  Кезекті санында оқушылар шығармашылығы газетте жарияланатындығын айтып өтті. Кездесу  соңы түрлі ұсыныстармен аяқталды.

 

«Сәлем» газетінің   тілшісі               

4 - сынып оқушысы                    

Асылбек Инжу                       

 

Сүйінші!!!Жеңіспен оралды....

 

 

 

     Жуырда қалалық  «V Мұқағали  оқулары»  өтті. Қаланың әр мектебінен келген оқушылар  өзара тартысқа түсті. Ақынның өлең , поэмаларын жаттаумен қатар, ақынға арнаған өлеңдер оқыды. Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар да болды. Осындай білімділік пен шығармашылықты талап еткен сайыста  мектебіміздің атынан қатысқан  оқушы Арман Жансая өзгелерден оза шауып «Бас жүлдеге» ие болып облыстық сайысқа жолдама алды Осы сайысқа дайындаған ұстазы Махамбетова А.Ш мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз!

Е. Ерботин оқуларында ерледі.

     Қараша айының 7 жұлдызында қаламыздың Бұхар Жырау атындағы мұражайда бастауыш сынып оқушылары  арасында  қалалық Е.Ерботин оқулары өтті. Осы сайысқа біздің мектептен бір оқушы қатысты. Ол 2-сынып оқушысы Хызыр Айшанұр. Бұл оқушыға бағыт көрсеткен жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Әлімхан Серікгүл апай. Айшанұр «Шеберлік» номинациясымен марапатталды.

 

·        БАЛАҚАЙЛАР ҚАЛАМЫНАН

 

Күз

              Күз әсемі қандай көркем тамаша!

              Бар тіршілік өзгереді жаңаша,

              Жапырағы сап-сары боп сарғайып,

              Қуанады кәдімгі бір балаша.

 

              Ұлы дархан мына менің даламның,

              Өңі өзгеріп шыға келді қаламның.

              Ағаштардың гуілдеген дауысынан,

             Тербеледі тіршілігі әлемнің.

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

9 «а» сынып оқушысы

Сакен Аякөз

 

Құс

 

               Құстар кетпей алыс жаққа,

               Қонақтап жүр біздің жақта.

               Күз келседе қалада,

               Жайқалып тұр ғаламда.

               Айналамыз гүлге толы,

               Қазақстан құсқа толы.

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

9 «а» сынып оқушысы

Хуатхан Ильмира

 

      Қазақтың салт-дәстүрлері

      Бесікке салу

 

 

                                    Тұсау кесу                                                                             Атқа мінгізу

  

 

 

 

 

 

 

 

 

12-сәуір ғарышкерлер күні

ҚАЗАҚТЫҢ  ҒАРЫШТЫ  БАҒЫНДЫРҒАНЫНА – 21 ЖЫЛ

 

 

 

 

Аспанда ұшып самғайтын,

Жұлдыздарды санайтын.

Мен ғарышкер боламын,

Ағайларға ұқсайтын.

 

 

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы

 

 

Биыл Кеңес Одағының баты­ры Юрий Гагариннің ғарышқа ұш­қанына 51 жылтолды. Ал қазақ ғарышкері   Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшқанына 21 жыл толды.

1991 жылы 2-қазанда ғарышқа бірінші рет көтерілген қазақ азаматы.

1974 жылы оған бірінші класты әскери ұшқыш атағы беріледі. Ол түрлі маркадағы әскери ұшақтарды сынақтан өткізеді. Тоқтардың сынақшы –ұшқыштың таланты дүниежүзілік сыан көрмесінде ерекше көзге түседі. Ол дыбыстан да жылдам «Миг 29» истребителін «Тбилиси» крейсерінің әуе техникасы алаңынан аспанға көтеріп, қайта қондырған.

 

 

 «Сәлем» газетінің тілшісі

3 «А» сыныбының оқушысы

Нұрболат Марал

 

 

Сүйінші!!! Жеңіспен оралды....

 

 Мәшһүр Жүсіп оқуларында ерледі.

Сәуір айының 13 жұлдызында № 19 мектепте қалалық «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» оқулары өтті.  Бұл сайысқа біздің мектептің 10 «а»  сынып оқушылары: Асылбек Жанбота, Егізек Нағашыбай, Некрасова Ксения   белсене қатысты. Сайыстың бірінші кезеңінде үш бағыт бойынша өзін өте жоғары деңгейде таныта білген оқушылар  2-кезеңнен де сүрінбей өтті. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмылып еңбек етудің нәтижесінде № 40  мектептің құрама командасы жүлделі 1- орынға ие болды. Бір күнде, бір мезетте, бір уақытта мектеп намысын қорғаған  оқушыларымыздың осындай жеңіске жетуі  – мектеп үшін үлкен қуаныш!  Жүлдегерлерге толайын табыс, жанды жадыратқан жеңіс тілейміз! Ал оқушыларға басшылық етіп, бағыт-бағдар берген ұстаздар: Ә.А. Жанакиева, Т.С. Серікбаева және Ж.С Тілеуғабылға  шексіз алғысымызды білдіріп, еңбегіңіз жана берсін демекпіз!

 

 

 

Жуырда өткен Махамбет оқуларында Асылбек Гүлнәр алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ Абай оқуларына қатысқан 6 «а» сынып оқушысы  Алдан Ақмарал грамотамен марапатталды.

      Көкірегімізді нұрландырар, «жұқа» жүрегіміздегі асыл сезімдер мен ой-толқыныстарын дөп басар бірден-бір нәрсе болса, ол – Мұқағали бабамыздың жырлары десек, артық айтқанымыз емес. Сондықтан поэзия пайғамбарының інжу-маржан жыр жолдарын насихаттау мақсатымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады. Соның бірі – қаламызда дәстүрлі түрде өтетін «Мақатаев оқулары». Бұл жыр додасына біздің мектептің оқушылары да қатысты. Таудай талап пен ізденістің арқасында Сәбит Майгүл мен Некрасова   Ксения алғыс хатпен марапатталды және бағалы сыйлықтарды қанжығасына байлады. Майгүл мен Ксенияның болашақтағы істеріне сәттілік пен табыс тілейміз. Жыр додасына қатысқан жампоздарды баптаған Байкенова Бақытгүл Қайырқызы мен Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызына шексіз ризашылық білдіреміз.

 

 

Құттықтаймыз!

Наурыз айының  29 күні өткізілген бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының VIII қалалық конкурсының  III орын иегері  4 «а» сынып оқушысы Арман Құралайды табысымен құттықтап,  білім мен ғылым сырын  әлі де зерттеп, арықарай үлкен жетістіктерге  жете беруін тілейміз!

Және де дайындаған ұстазы Хажым Айнурдың жұмысынан табыс күтеміз.

 

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

4  «а» сыныбының оқушысы

Муханова Айнель

 

 

«Қазақша сөйлесейік».

Әр айдың бірінші сәрсенбісінде өтілетің «Қазақша сөйлесейік» акциясы 4 сәуір күні өтті. Бұл акцияға байланысты «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы - ой» атты ойыны, алтыншы сыныптар арасында өтті. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарға қасиеті. Сайыс 5 кезеңнен құрылды:  1 кезең – таныстыру  «Жүйрік болсаң –шауып көр», 2 кезең – «Мықты болсаң –тауып көр», 3 кезең – «Сөздің көркі - мақал», 4 кезең – «Тұрақты тіркестердің мағынасын ашайық», 5 кезең – Қорытынды.

 

 

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

7  «а» сыныбының оқушысы

Асылбек Гүлнәр

 

 

 

 

ХХІ ғасыр көшбасшысы

 

Күні: 2012-04-05 14:50:33    Құрметті  № 40-мектеп сайтының қонақтары!    Үстіміздегі  жылдың наурыз айында  мектебіміздің 10  сынып оқушысы Егізек Нағашыбайдың Алматыға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына кеткенін құлағдар еткен едік. Міне, бүгінде Нағашыбай Алматыдан                                                     жақсы нәтиже танытып   оралды. Ойыннан алған әсерімен бөлісу үшін Нағашыбайдан сұхбат алуды жөн көрдік.
- Нағашыбай, қош келдің!
- Қош көрдік!
- Сенің әрқашан ізденіс үстінде жүретініңді білеміз. Соның арқасында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттің. Бірнеше жыл қатарынан ғылыми жобалармен айналыстың,  қалалық «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» оқуларынан бірінші жүлделі орынды иелендің. Бірақ оның ішінде орны бөлек сайыстың бірі  Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы десем, артық айтқаным емес. Бұл білім додасына қатысу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл сайысқа қалай тап болдың?
- Биылғы 2011-2012 оқу жылының  қыркүйек айында өткен облыстық іріктеу сайысына қатыстым. Іріктеуге облысымыздың түкпір-түкпірінен 129 оқушы қатысты. Өткізілген  тест қорытындысы бойынша  іріктеліп алынған 11 оқушының ішіне мен де іліктім. Ойынға 10 наурызда шақырту алып, 19 наурызда жолға шықтық.
- Бұл сайысқа дайындық барысы қалай жүзеге асты?
- Дайындық барысына тоқталсам, арнайы орындарға барып, білімімді нақтырақ толтыра алмадым. Өзім оқып жүрген №40 мектептің ұстаздары қолдарынан келгенше білім жағынан көмектесуге тырысты. Ұстаздар қауымына шексіз ризашылығды білдіремін. Сондай-ақ баруыма  қаржылай көмектескен  ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер қауымына алғысымды айтқым келеді.
- Алматыға кіммен аттандың?
- Жолға ардақты да аяулы, сүрінгенде сүйеу бола білген, мені тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген анаммен аттандым. Асыл анамның өмірімдегі алар орны ерекше деп білемін, себебі қандай игі бастамаға аяқ бассам да, өзінің ақ ниеті мен аналық қамқорлығымен  көңіліме медеу, қадамыма қуат береді.Оған деген алғысым шексіз.
- Сонау Оңтүстік Астанаға бардың. Сірә, басыңнан талай–талай қызықты оқиғалар өткен шығар. Мүмкін, бізбен бөлісе отырарсың?
- Біз сайысты ұйымдастырушыларымен бірге Шымбұлаққа бардық. Тауға шығып, таза ауамен серуендедік. Таулы өлкенің табиғаты бойымызға күш-қуат, тынық та таза ауасы ойымызға серпіліс берді. Бізді алда болатын сайысқа психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында табиғат аясында көптеген  қызықты тренингтер  өткізілді. Ойын барысы өте қызу, ішкі толқынысқа толы болды.  Ойыннан кейін қатысушылармен мейрамханаға барып, бір-бірімізбен қимай–қимай қоштастық.
-«ХХІ ғасыр көшбасшысы» - республикалық сайыс. Оған қатысатын оқушылардың деңгейі де жоғары, әрине. Сен өз қарсыластарыңа қандай баға берер едің?
- Әрине, бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар қатысты. Олардың барлығы дерлік «Алтын белгі» үміткерлері, сондықтан  жүлделі орындарға бәсекелестік жоғары болды. Қатысушылардың деңгейі көңіл көншітерлік еді.
- Қанша дегенмен, қарсыластың аты қарсылас. Олармен тіл табысу қиындық туғызған жоқ па?
- Жоқ. Себебі, олардың қарапайым да ашық мінездері біздің тез тіл табысуымызға зор септігін тигізді. Олармен өткен бес күн өмірімнің тамаша сәттерінің бірі болды.
-Сенің ойыңша, көшбасшы болу үшін адамда қандай қасиетер болуы қажет?
- Адам өз-өзіне сенімді, кез келген қиындыққа төтеп беретіндей төзімді, жауапкершілікті сезіне білетін әрі ұйымшыл, әрі ұстамды болуы керек. Әр адамда кездесетін білімге, ғылымға деген ұмтылысы тек ой жүзінде ғана қалмай, нақты амал-істермен ұштасып  жату керек.
-Болашақта бұл  сайысқа қатысамын деп талаптанатын іні-қарындастарыңа  қандай ақыл-кеңес беріп,  лебізіңді білдірер едің?
- Әрқашан тек өз білімдеріне сену керек. Дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ.. Өмір соқпағында алғашқы қадам жасаған жас өрендерімізге қиял қанатында самғап, талаптың тұлпарына мініп өмірдің асқақ белестерінен жарқырап көрінулеріне тілектеспін!
- Сырлы сұхбатың үшін рахмет.

                                                    


                                                                                  

Тұңғыш шығарама.

 

    

    Біз №40 мектепте, 5 «а» сыныбында оқимыз. Онда тәртіпті, инабатты оқушылар оқиды. Солардың ішінен Жансая деген озат та ақылды қыз бар. Жансая ғажайыпқа толған керемет қыз. Оның мындаған өнерлері бар. Ал оның сүйікті өнері - өлеңдерді  ойдан шығарып, оларды жаттау. Жансая еңбек етіп өз арманына жетуге тырысады, оған қоса өзін-өзі сенімді ұстайды. Сенімділік,сабырлықты әрқашанда Жансая оны  өзінде ұстайды. Жансаяның өзіне деген тән ерекшелігі:біріншіден оның ниеті ақ, ал екіншіден ол өзі өте адал жан.Жансая қашанда қолын созып алға ұмтылады.Өз ойын сөзбен жақсы жеткізе алады.Ал осы мақаланы оқып отырған адамдарға Жансая сияқты адал болындар,достар!

Иемін басымды ұлағатыңа...

 

Қолыма қалам алып толғанайын,

Қан тамған туған жерді еске алайын.

Өмірден өткен-кеткен бабалармен,

Ағайын   ұрпағыма   жол салайын.

Жыр қылған  талай ақын туған жерін,

Жайқалған жапырағы, шалғын  шөбің,

Солардай дарынды ақын болмасам да,

Бабалар  жолын  қуған   ізбасармын.

Қырандай қанатымды мен қағайын,

Елімді енді, ағайын,   еске   алайын.

Абай  мен Шәкәрім сынды ақындарға,

Өлең мен жыр шашу  ғып мен жазайын.

 

«Бақытты сәт»  ойыны

Өткізген мектеп психологі: Салыкова Т.Т

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойларын дамыту, тіл байлықтарың тереңдету, оқушыларды достастыру, топпен жұмыс істеуге үйрету

Сабақты өткізу әдістері: викторина, сайыс, логикалық жаттығулар мен сұрақтар, жұмбақтар

Қөрнекті құралдар: жаттығулар, карточкалық тапсырмалар, сөзжұмбақ, анаграммалар, ребустар

 

  1 таймжұмбақтар сайысы

Ғарыш кемесі қайдан ұшырылады?

Алғашқы ғарышкерді білесің бе ?

Қазақтың алғашқы ғарышкері кім?

Қазақтың екінші ғарышкері кім ?

Екі пілдің құйрығы нешеу ?

Үш тышқанның неше құлағы бар?

Екі санды қосқанда не шығады ?

Бөлке нанды үшке бөлу үшін пышақпен неше рет тарау керек?

Ән жазатын адамды кім дейміз?

Адамды жылататын өсімдік?

Бос ыдыста неше құлпынай бар?

Неше ай «Р» әрпіне аяқталады ?

2 тайм логикалық тапсырмалар

сөздің соңғы дыбыстарын алып тастасаң, сөз қандай дыбысқа аяқталады

қайрағы _________

көйлегі _________

шелегі ___________

тамағы __________

шөбі     __________

добы    _______

 

Сөздің екінші бөлігін тап. Оларды меңзермен қос. Қандай сөз пайда болады .

 

 

3 тайм мақалдарды толықтырып жаз

Адам досымен __________

___________Тамырымен мықты.

Бетегеден –биік, жусаннан_________

Бірлік болмай,

Тірлік _____________

 

Дауысты дыбыстарды қой, қандай сөз пайда болады?

Қ-р-п        с-нд-қ

-рм-н        т-м-қ

п-рд-         н-р

к-р             б-л-п-н

 

4 тайм жоғалған әріптерді жаз

а АӘБВ ...........

ә ИЙКҚ ...... н.......

б РСТУ....... х......

в ШЩЪЫ ..ь...........

 

5 тайм заңдылығын сақтап, сан қатарының тізбегін жаз

 

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

2 «а» сыныбының оқушысы

Әдепбай Диля

 

 

·        ӘРІ ОҚУ, ӘРІ ОЙЫН

 

     Дверь - есік                   Пламя – жалын                  Мудрый – дана

     Дыра – төсек                Густой – қалың                   Мать – ана

     Колыбель – бесік         Мыло – сабын                    Сознание – сана

 

       Народ – халық             Язык - тіл                          Цена – құн

       Рыба – балық               Слон- піл                          Мука – ұн

       Светлый- жарық           Цветок – гүл                      шерсть –жүн

 

 

 

 

Пән: қазақ тілі. 3- сынып

1.   Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді тап:

а)  етік,үкі,терезе                  ә)кітап, мұғалім             б)ауа, мамыр

 

2.   Төрт дыбыстан құралған сөздерді табыңдар:

а)  ыстық                      ә) өріс                 б) тікенек

 

3. Қай әріп жазылады:айда...ар, гау..ар, қа..арман:

а)  х                  ә) һ            б)қ

 

4. Қайсысы дұрыс тасымалданған:

а)  та- уық                  ә) тау- ық             б)  тау - қ.

 

5. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап:

а)  л,н,п                      ә) с,т,ш                 б) д,з,ж

 

6. Бес буынды сөзді тап:.

 а) оқушылардың                  ә) оқушыға             б)оқушы.

 

7. Дұрыс жазылған сөзді тап:

а) сыйлады                  ә)силады             б)сиылады

 

8. Жалаң сөйлемді анықта:

а)  Бүгін күн жылы              ә) Мен қызық кітап оқыдым         б) Күн бұлттанды

 

9.  Жайылма сөйлемді анықта:

а)  Таза ауа                  ә)Сабақ аяқталды             б)Ағаштар бүршік жарды

 

10. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап

а)  Біз циркқа бардық       ә)Марат, сен кезекшісің бе?     б)Қарға қарқылдады

 

11. Қосымша неше түрге бөлінеді?

а) бір                  ә) екі            б) үш

 

12. Жазушы сөзіндегі –шы қосымшаның қай түріне жатады?

а)  жұрнақ                          ә)  жалғау                 б)  түбір

 

13. Мына сөздер  сөз табының қайсысына жатады: ана, отан, жапырақ,түлкі, тас

а)  сын есім                  ә) етістік             б) зат есім.

 


 

 

 

 

 

 

«Анашым»

      Осы тәрбие сағатын 1- ші сынып мұғалімі Хамит Бибигүл өткізді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Аналарына жылы сөздерін айтып, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды. Аналар жарысы өтті. Өте қызықты болды.

 

      8- ші наурыз қарсанында Орханбай Алтынгүл технология пәнінің мұғалімі 6-10 сынып арасында сайыс өткізді. Сайыстың тақырыбы: «Технология және модельдеу». Әрбір сыныптың аттары және эмблемалары болды. Бұл сайыс IY-кезеңнен тұрды. «Киім үлгісі» берілген матадан киім үлгісін жасау. Осы сайыста 10 «А» сынып қыздары ерекше көзге түсті. «Шаш үлгісі» мұнда шаш өрумен 9 «А» сынып қыздары жеңіп шықты. Әділқазылар шешімімен I-ші орын          10 «А» сынып, II-ші орын 8 «А» сынып, III-ші орын 6 «А» сынып оқушылары.

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

Асылбек Гүлнәр

 

« Қиын жағдайлардын шешу жолдарын табу»

     8 -9 а сыныптарға арналған дөнгелек үстел өткізілді. Мақсаттары; оқушыларды әр түрлі қоғамда болатын жағдайыларынан шешу жолдарын табуға үйрету, осы шара тренингтер, жаттығулар, сұрақ-жауаптар түріне өткізілді, оқушылармен бірге әртүрлі өмірдегі қиын мәселелердің шешу жолдарын табуға тырыстық

Тренинг: «Мен осындаймын»

Мақсаты: Оқушылардың өзін өзі бағалау қасиеттерін жоғарлату

     Оқушылар тұрып, 2 шеңбер түзеді ішкі және сыртқы шеңбер, әр бала қарама- қарсы тұрған балаға өзінің жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай керісінше, рөлдері ауысады, сосын шеңберге отырып талдау жасаймыз, бір- бірімізге мінездеме береміз

Тренинг; Кірпі

Мақсаты; оқушыларды біреудің қателіктерін кешіруге  үйрету

Бір оқушы кірпі болады, рөл кезек-кезек ауысып тұрады, барлық оқушылар ренжулі отырған кірпіге  жылы сөздер айтып, кешірім сұрайды, кірпінің мақсаты тыңдап, өз сезімдерін айту

 

Ауылым асқақ жырым-85жыл

Наурыз мерекесі қарсаңында

   Наурыздың 14 күні мектебімізде 3-4 сыныптар арасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Павлодарское ауылымыздың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Әр елдің салты басқа» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты Қазақстан халқы достық пен бірлік ел екенін көрсете отырып, әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрін насихатттап, келешек ұрпаққа үлгі ретінде көрсету болды. Мұнда кейбірі «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», салт-дәстүрін көрсетсе, бірі қазақтың ұмыт болған ұлттық қолөнері киіз басуды, сырмақ тігуді  көрсетті. Бірі мың бұралып, украина ұлтының биін билесе, бірі грузин халқының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, енді бірі қазақтың Алдаркөсе ертегісінен үзінді көрсетті. . Сондай-ақ қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

Муханова Айнель

 

 

 

 

 

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

Алдан  Ақмарал

 

 

СүйІнші:

     Наурыздың 14 күні дәстүрлі қалалық «ХIII Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары»   өткізілді.  Біздің мектебімізден екі оқушы қатысты. I-ші орын 5 «А» сынып оқушысы Арман Жансая иеленді. « Белсенді»  қатысқан үшін 6 «А» сынып оқушысы Алдан Ақмарал  марапатталды.

 

«Сәлем» газетінің тілшісі

Нұрболат Марал

 

ОҚУШЫЛАР ҚАЛАМЫНАН

 

 

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

 

Тазалайық аула мен даламызды,

Тазалайық ауыл мен қаламызды.

Табиғатты әрқашан аялауға,

Үйретіңіз халайық балаңызды.

 

Қорғайық тіршілікті көріңіздер

Әлемге сұлулықты  беріңіздер.

Ағаш пен гүлдер бізге бас иеді,

Менің айтқан сөзіме сеніңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқан таңдай арайлы

Аққу- қаздар ән салып,

Бұлбұл құстар сайрайды.

Көктем келді тамаша,

Ойнап жүрміз балаша.

Жұпар иісін аңқытқан

Бау- бақшасы тамаша

Көктем маған ұнайды

Балалар мәз боп ойнайды.

Ойнағаны соншалық,

Ойынға құмары тоймайды.

                                                                                                                                                                             

                                                                              «Сәлем» газетінің тілшісі

                                                                                           Арман Жансая

 

 

Құрметті балалар!

     Бұл журналда сендердің  де   шығармаларың болуы мүмкін.      Сондықтан қызықты әңгіме,  жұмбақтар не өлеңдеріңді

215 кабинетке тапсыруға   болады.        

Сонымен қатар,төмендегі купонды қиыпалып,    сол купонмен     ”құттықтаулар” бөлімінде   құттықтауларыңды жіберуге   мүмкіндіктерің бар.

 

  

 

 

Арнайы шығарылым.

Бас редактор және корректор: Сарсембекова А.С.

      Тілшілер:   Алдан Ақмарал,  Арман Жансая   

 

 

 

 

**********Балалар   журналы *************************************№ 1  Қаңтар 2012 жыл

                   Қазақстан Республикасы  Павлодар қаласы  №40 Жалпы орта мектебі

 

Аққыс

 

  • Зеңгір көктен
  • Ақ қар төккен,
  • Жомарт неткен аспаным!

 

  • Ақ түс – досы,
  • Ақ қыс – осы,
  • Аққа ораған қас қағым!

 

  • Тау да аппақ,
  • Бау да аппақ,
  • Аппақ тал мен терек те.
  • Ақшақар – шебер,
  • Ақ қырау - өнер,
  • Керемет сурет керек пе?!

 

  • Қонақтап жерге,
  • Қонаққа келді,
  • Қыс-ата жайып ақ кілем.
  • Ақ қары – ырыс,
  • Арманы дұрыс,
  • Ақ қыстың жолы – ақ кілең!

 

  • Қаһары ыршып,
  • Аязы шымшып,
  • Мұздаса бойым, мұздасын.
  • Ақ қыстан басқа,
  • Ақ түстен басқа,
  • Ойымды суық бұзбасын!

 

Жуықта.

Тәуелсіздіктің   20 жылдығы қарсаңында  ұйымдастырылған іс-шараның бірі 8-10 сынып арасында  өткізілген  сыныпаралық КВН  болды..

Мақсаты:интеллектуалдық, шағармашылық, потенциалды қабілетін ашу және дамыту.

 

  

 

 

Қалалық пән олимпиадасында

"Қазақ тілі" пәні бағыты

бойынша қатысқан

10 "А"сынып оқушысы

 Сакен Ботагөзді

 I  орын иеленгені үшін құттықтаймыз!

және оны дайындаған ұстазы

Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызына алғыс айтамыз!

 

1) Асан Қайғының көлігі.

2) Адамның ойлау мүшесі.

3) Сегіз ағасын іздеген батыр.

4) Ер Төстіктің әкесі кім?

5) "Аяз би" ертегісіндегі хан.

6) Жиреншенің сүйікті жары.

7) Тапқыр сөйлейтін адам.

 

Қазақ халқының ауа райын болжаудағы қалыптасқан қағидалары  мен тәсілдеріне тоқталайық. Бұлар халық даналығын жадына  ұстаған қариялар мен жұлдызшы-есепшілер аузынан жазылып алынған.

 

 

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылады.

Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады.

Мысық керіліп ұйқыға берілсе – ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады.

Қой тісін қайраса – боран немесе дауыл болады.

Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса аяз болады.

Қыста күн құлақтанып шықса, суық болады, құлақтанып батса, суық сынады.

Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса – аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе – аяз сынады.

Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса, күн жылынады деген сөз.

Қыста қаздар қаңқылдаса – жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып қалса – күн суытады немесе боран болады.

Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп, шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады.

Қыс қатты болатын болса, тиін ұясын – төмен жерге, жылы болса – жоғары жасайды.

Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, қыстыгүні – қар, жаздыгүні жаңбыр күт.

Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса – дауыл немесе боран болады.

Бұлтты болса да (тек жел жоқта) түтін көкке шаншыла шықса, ауа райы жақсы болмақ.

Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін созылады.

Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе – күн жылынады, жазда терлесе – ауа райы бұзылады.

Ай шайқаласынан туса, шаруашылыққа ауа райы қолайсыз болады.

Суық күндері қораз ерте шақырса, жанға жайлы жылы күн болады дей бер.

Ит ұлыса – жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі

Мысық пешке тығылса – аяздың алды сол болар.

 

Құттықтаулар:

Қаңтар айында туған оқушылар!

Сендерді туған күндеріңмен құттықтаймыз.

Зор денсаулық, ашық аспан тілейміз. Сабақтарыңды жақсы оқып,

білім шыңына көтеріліп, жетістіктерге жете беріңдер.

    Т/б: «Сәлем» газетінің тілшілері

Бүгінгі нөмірде:   

  •  Ақ қыс
  • Құттықтаймыз!
  • Ойнайық та ойлайық
  • Бала тілі – бал
  • Ойлан тап!
  • Халық болжамы

 

Бас редактор және корректор: Сарсембекова А.С.

Тілші: Алдан А.

 

 

 

 

Балалар   журналы *************************************№ ,желтоқсан  2011 жыл

Қазақстан Республикасы  Павлодар қаласы  №40 Жалпы орта мектебі

 

16 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік күні.

 

 

Қазақстаным, Тәуелсіз, Қазақстаным!

Ақ қанат таңның көрдім мен ұшқанын.

Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,

Алатау, Алтай, Қаратау – айбындарыңды.

Ұлытауыңды көрдім мен Шыңғыстауыңды,

Абайдың жыры оқылған мың қыстауыңды.

Гүлденді қазір кең далам иесі болмаған,

Жамбылдың Қызыл Жолбарыс киесі қолдаған.

      Махамбеттің сөзі лаулаған Қараойды көрдім,                                                

      Мағжан боп өзі лаулаған дара ойды көрдім.

Мұстафа, Халел, Жақып пен Әлімхандардың,

Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек, Әлихандардың...

... Бауырыңа қайта оралды өз арыстарың,

Қазақстаным, Тәуелсіз, Қазақстаным!

Алтын күн алтын дала құйыпты нұрын,

Желбіреп тұрған көк Туым, биік тұғырым.

Оралып батыр, билерім, хандарым ойға,

Іргеміз бүтін ел болдық, тәуба құдайға!

Қазақстан Астана, өзен-көл, тау-тасым енді

Әлемнің барлық жаңғырған картасына енді

Бостандығымыздың күн санап артар әні,

Нұрлы болашаққа Нұрағам бастап барады.

Ғаламға жайдың аспанға қазақ ұшқанын,

      Қазақстаным, Тәуелсіз, Қазақстаным!

 

3 желтоқсан 2011 жылы 300 оқушы республикалық және халықаралық сайыс өтті. Балалық және жасөпірімдік ұйым:

"Жас Ұлан» «Жас Қыран».

БЖЖ«Достық» 20 оқушылардың ішіне және жеке куәлігін алған:

Әдепбай Диля,   Амантаева Дариға.

 

 

Әдепбай Диля

 

 

 

 

 

 

 

  Амантаева Дариға

 

 

 

  Безукладникова Элеонора

 

 

 

 

 

 

   Ерқанат Ботагөз

 

 

 

 

 

 

      Әр айдың сәрсенбі күні «Қазақша сөйлесейік» акциясы біздің мектебімізде әдеттегідей дайындықта, жақсы іс-шаралармен өтеді. Соның бірі бастауыш сыныптарда өткізілген    «Менің Отаным-Қазақстан»  атты әдеби-сазды композициясы болды. Шараның мақсаты мемелекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейту , басқаларға насихаттау, ұлттық патриоттық тәрбие беру.

 

 

Шараның соңы қызықты  ұлттық ойын түрлерімен жалғасты.

 

 

 

М.М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында ұйымдастырылған    Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған     «Тарих және тағдырлар» қалалық зияткерлік сайысында біздің   10 «а» «Көшбасшы» командасы II орынға ие болды.

 

Павлодар қаласының №40 орта мектебінің 8«А» сынып оқушыларыКөбеш Ұлбек пен Ерқанат Ерлан қалалық жалпымектептік «Тоғыз құмалақ»  спартакиадасында, мектепке бірінші орын алып келді.

 

Ата-  аналармен жұмыс

 

  Тәуелсіздіктің   20 жылдығына ұйымдастырылған іс-шарадан ата-аналар да тыс қалған жоқ. Сондай шараның бірі 2 «а» сыныбында жүргізілген «ТОЛАҒАЙ» спорттық сайысы болды.Сынып жетекшісі Алимхан Серікгүл   спорттық   шарасын  ұйымдастырды.

 

 

 

Жексенбі күніне  қарамайбарлық ата-аналар, ұстаздар осы шараға белсенді қатысты.

                                                                 

Есіңде болсын!

 

 

 

Тәуелсіздік сарайы

 

     Балалар, Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған символдық нышандарымыздың тағы бірі Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы. Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының онжылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өсенінің сол жақ жағалауында. "Қазақ елі" монументі мен "Шабыт" шығармашылық сарайының қасында орналасқан.

     Тәуелсіздік сарайы – Халықаралық деңгейдегі рі конференциялар мен саммиттер, әртүрлі деңгейдегі жиындар мен көрмелер, концерттер мен мерекелік шаралар өткізуге болатын әмбебап сарай. Жұмыс істей бастаған мезгілден бері мұнда Қазақстанның беделін күшейтіп, абыройын арттыратын талай-талай келелі жиындар өтті.Солардың ішінде ең ірі халықаралық жиын ретінде 2010 жылдың 1-2 желтоқсан күндері болған Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін атап өтуге болады.

     Сырқы келбеті киіз үйдің керегелеріне ұқсатып жасалған Тәуелсіздік Сарайы үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында үш мыңнан астам адам сиятын Конгресс зал, 268 орны бар рәсімдер залы, 220 адамға арналған баспасөз орталығы, жеті жүз адамдық мейрамхана орналасқан. Екінші қабатында бір мезгілде 400, 200, 100 және 50 адамды қабылдай алатын мәжіліс залдары бар. Салтанатты кештер өткізуге арналған сахна алаңы, көрме залдары, өнер және Қазақстан тарихы мұражайлары, қолөнер мен этнография, археология және антропология галереялары да осы екінші қабаттан орын тепкен. Ал үшінші қабатқа кинотеатр, отыздан астам кеңселер, технология мұражайы мен астана қаласының макеті орналасқан.

     Елердамыз Астананың мәні мен сәнін, мазмұны мен тұрапын айшықтап тұрған Тәуелсіздік Сарайы бүгінде жаттың да, жақынның да, біздің де, сенің де тамсана тамашалап, сүйсіне әңгімелеп жүретін қсиетті орынның біріне айналғаны сөзсіз.

  

Құттықтаулар.

Желтоқсан  айында туған оқушылар!

Сендерді туған күндеріңмен құттықтаймыз.

Зор денсаулық,ашық аспан тілейміз. Сабақтарыңды жақсы оқып, білім шыңына көтеріліп, жетістіктерге жете беріңдер.

Т/б: «Сәлем»газетінің тілшілері

 

 

Бүгінгі нөмірде:   

  •  Тәуелсіздікке арналған арнайы шығарылым.
  •  Балалар журналы.

 

Бас редактор және корректор: Сарсембекова.А.С

       Тілшілер: Алдан А., Серікболова А., Арман Ж.

 

 

 

 

                  Арманы болған бабамның

              Еркіндік бүгін төрімде.

              Құлпырып төсі даламның

              Рухтана түсті елім де.

              Желбірейді көк туың,

              Жерің ыстық мен үшін.

              Отанымсың жерімсің,

              Егеменді елімсің.

              Өзіңе бас иемін,

              Мәңгі сені сүиемін!

 

 

Ата заң – Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығының негізі.

  

  

 

     Қазақстанның болашағы келешек ұрпақтың қолында  демекші мектебімізде осы оқу жылында  гимназия сыныбы екінші рет ашылды. Қазан айында 2 «А» сыныбы гимназия атағына ие болды. Сыныптың ашылуына орай жүргізілген іс-шараға ата-аналар, ұстаздар қатысып, өз ізгі тілектерін білдіріп, білімнің асқар шыңында қажымай білім алып, еліміздің білімді ұрпақтары болып, ата-ана мен ұстаздар сенімін ақтауын тіледі.

Оқу ісінің меңгерушісі Қожахметова Айтжамал Антайқызы жүрек жарды лебізін білдірді.

Сүйінші

 

       Қалалық  ғылыми жобалар сайысына қатысқан оқушыларымыз  Мешітпаев  Ермек 11 «А» сынып  оқушысы және Жолдаспаева Бақытгүл 9 «А» сынып оқушысы,облыстық ғылыми жобалар  сайысына  жолдама алды. Ермек өзінің тарих  секциясында  29 оқушы ішінен өткен  алтаудың  қатарына енсе, Бақытгүл өз  секциясында «Жас  ғалым» аталымы бойынша дипломға   ие болды.

Оқушыларымызға  сәттілік тілейміз!

 

     С. Торайғыровтың шығармаларының сайысы 2011 жылдың 4 қараша күні «Колос» атындағы мәдени орталығынды  «Сұлтанның қоңыр күзі» атты қалалық конкурста мектебіміздің 10 «а» сынып оқушысы Сәкен Ботагоз III орынға ие болды. Осы жеңісімен құттықтаймыз.

Ұлы Абай атамыз:

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

     Көкірегінде болсын көз.»- деп  жырлағандай Айдана ұстазының берген тәлім-тәрбиесін ықыласпен қабылдап,  тәтті жемісін көруде. Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызына мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

     Сәлем» газетінің тілшісі

Арман Жансая

Биыл 2 а сыныпқа «Мен жеке тұлға» деген сабақ кіргізілді.

Сабақтың мақсаты: балаларды жан- жақты дамыту. Сабақта әр түрлі әдістер қолданылады: арттерапия, музыкатерапия, тренингетер мен жаттығулар.

 

Коммуникативті қасиетті жоғарлату үшін «көпір», «мен осындаймын» жаттығулар өткізіледі.

 

 

Сабақта  арттерапия элементтерін қолдану

 

«Мен саған жүрегімді сыйлаймын», балаларды достастыру үшін

Біздің «достық» ағашымыз

Сәлем» газетінің тілшісі

                                                                                                 Әдепбай Диля

 

Салауатты өмір салты

Қараша айының 18-19 жұлдызында Павлодар

қаласындағы спорт кешенінде  үшінші  облыстық 

«Таэквандо» - карате жарысы өтті. Оған 5 «А»

сыныбының оқушылары Байгереева Дәрия мен

Аспандиярова Аружан қатысты. Осы жарыста

Аспандиярова Аружан I-ші орынға ие болған, ал

II-ші  орынға ие болған Байгереева Дәрия.  Осы жарысқа бүкіл Қазақстан облысының аймағынан келді.

 

  

 

 Сәлем» газетінің тілшісі

Токушова Аида

 

Сабақтың тақырыбы:«Жаман әдеттерге «жоқ» деп айтамыз!»

Сабақтың мақсаттары: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, шылым, нашаның адам баласын аздыратынын одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.

 Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: жарыс -сабақ

Сабақтың барысы:  Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.

 Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай?

Дүниежүзілік денсаусаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік- саулықтың толық мәнді теңдігі»

  Отамызыдың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарында.

Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз- « Жаман әдеттерге «жоқ» деп айтамыз!» деп аталады.

Жарыс бағдарламасы:

1 танысыру

2 қабырға газеттерің қорғау

3 оқушы шығармашылығы

4 мақал- мәтел сайысы

5 ситуациялық жағдайлар

 

«Таныстыру» кезіңде екі топ аттарын, ұрандарын таныстырады.

Ал екінші кезеңде әр топ өздерінің шығарған газеттермен таныстырып, қандай мақсатта салғандарын айтып өтеді.

 Жарысымыздың үшінші кезеңі жас ақын деп аталсын, оқушыларымызыдың шығармаларын тыңдайық.

 Төртінші кезеңі жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп ата- бабаларымыз айтып кеткендейатадан қалған асыл сөздер мен мақал- мәтелдерден жарыс өткізілді.

1 Денсаулық – зор байлық

2 ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады

3 Жан ауырса, тән азады

4 тәні саудың- жаны сау

5 Тәуіптің жақсысы- ауруға ауру қоспағаны

6 Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті

7 Ауруын жасырған өледі

8 Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы

9 Денің сау болса, жарламын деме

10 Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі

11 Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ 

Ситуациялық жағдайлар:

1 Егер сенің досын шылым шексе, сен ол туралы біреуге айтасын ба ата- анасына, сынып жетекшісіне ?

2 Егер саған достарың айтса –«жүр бізбен, шылым шегеміз».Сенің жауабын қандай болады ?

3 Сенің досын көшеде сыра ішіп келе жатса, сенің іс- әрекетің қандай болады?

4 Дүкенде сатушы 7 сыныпта оқитың оқушыға шылым сатса, ол дұрыс па?

Осы жағдайда кім қателік жасап отыр?

 

Сабақтың қорытындысы: балаларға  «Өзінді сақта» деген фильм көрсету.

Суреттер сайысын өткізу.

Балаларға сұрақтар қою: ең негізгі байлығымыз не? Денсаулықты біз қалай сақтаймыз? Шылым шегудің ағзаға әсері қандай ?  Жасөспірімдерінің ағзаларына ішімдіктің, шылым шегудің әсері қандай?

 

Сәлем» газетінің тілшісі

Нұрболат Марал

 

Құрметті балалар!

Бұл журналда сендердің  де   шығармаларың болуы мүмкін.      Сондықтан қызықты әңгіме,  жұмбақтар не өлеңдеріңді                 215 кабинетке тапсыруға   болады.        

Сонымен қатар,төмендегі купонды қиыпалып,    сол купонмен     ”құттықтаулар” бөлімінде   құттықтауларыңды жіберуге   мүмкіндіктерің бар.

 

 

 

 

     Қыркүйек айы басталды. Күнде-күнде сендер секілді оқушылар мектепке барады.Мектепке барғанша бірнеше көшеден өтеді. Біздің мектеп ауылда орналасқан.Бірақта бәрібір мектепте жеткенше абай болу керек. Сендер  де осыны естен шығармаңдар!

  • Балалар, біздің балақайлар сендерге қызықты әңгімелер дайындады.Ендеше, солармен таныс болайық..

   

Үш көзді дәумен кездесу.

 

    Таңертеңгі астан кейін Тазша бала қыдырып қайтпақ болды. Ол көліктер әрі-бері жүйткіп жатқан үлкен көшеден қалай өтерін білмей, аңырап тұрып қалды. «Тәуекел»-деп көшені кесіп жүгіріп өтпекке бекінді.Сол кезде оны:

-Әй, тоқта!-деген дауыс тежеді.Қараса, кеудесіндегі қызыл,сары,жасыл көздерін кезек жыпылықтатып,зор денелі үш көзді дәу тұр екен.

-Сен кімсің?-дейді аң-таң болған Тазша бала.

- Мен- Бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.

-Қалай?Қашан?

-Қызыл жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың.

-Қалай өту керек?-деп Тазша бала желкесін қасыды.

 

        Тазша бала секілді сендер де ойланып қалатын шығарсыңдар.Ендеше, бұл ережелді естен шығармаңдар.

-Тротуардың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегін баспай тоқта.

-Жасыл сигналды күт.

-Сол жаққа қарап, көлік құралдарының тоқтап, жүргіншілерді өткізе бастағанына көз жеткіз.

-Жолдан өтпенің оң жағын ала жүріп өт.

-Жылдам адымда,бірақ жүгірме.

-Ортаға жеткен соң оң жақтағы көліктердің әлі қозғалмағанына көз жеткіз.

-Егер жүргін бөліктің орта тұсына жеткенде сары сигнал жанса, тоқта.Ортада тұрғанда не алдыға, не артқа бір қадам да жасама. Оң және сол  жақтан өтіп жатқан көлік құралдарын бақылап тұр.

-Жасыл жарық қайтадан жанғанда оң жақтағы көлік құралдарының толық тоқтағанына көз жеткізіп, жолды толық кесіп өтуіңе болады.

-Егер сен жолдың орта тұсынан асқанда сары сигнал жанса, көлік құралдарын сақтықпен байқап,жолдан толық кесіп өт.

 

     Қыркүйектің 17-і  мектепте қала күніне арналған денсаулық күні өткізілді. Бұл  күні бүкіл мектеп оқушылары,сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі  мектептен тыс, тоғай ішінде,яғни таза ауада қызықты шаралар өткізді. Сыныптар арасында анықталған мәреге дейін кросс жүргізілді. Сайысқа таңдаулы оқушылар қатысты.

 


        

 

Кросстан кейін оқушылар «дәмді тағам көрмесі», «топтық әндер» сайысына түсті. Оқушылар дастархан басында көңілді уақыт өткізгеніне қуанышты болды.

 

 

Мәшһүр Жүсіп оқулары

 

     2011 жылдың 30 қыркүйек күні Қ.Әбусайітов атындағы мәдени орталығында өткізілген сайыста мектебіміздің 10 «а» сынып оқушысы Егизек Нағашыбай I орынды қанжығасына байлады. Ұлы Абай атамыз:

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

 Нұрын, сырын көруге,

      Көкірегінде болсын көз.»- деп  жырлағандай Нағашыбай ұстазының берген тәлім-тәрбиесін ықыласпен қабылдап,  тәтті жемісін көруде. Оқушыны Мәшһүр Жүсіп оқуларына дайындаған мұғалім Ахметова Жұлдыз Саятқызына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

     Сондай –ақ жуықта өткен  қалалық «Махамбет оқуларында» I орын иеленген 10 «а» сынып оқушысы Сакен Ботагөзді де табысымен құттықтаймыз!    

   Дайындаған ұстазы Махамбетова .Айман Шектібайқызын мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!

     Жыл сайын жүрілетін «Қазақша сөйлесейік» акциясы бойынша мектепте  түрлі іс-шаралар оқушы деңгейлеріне, сынып жас ерекшеліктеріне сай жүргізілді.


   


 

Мәселен «Әрі ойын,әрі оқу» , «Өлең құрастыру», «Мақал-мәтелдер» «Кітапша құрастыру

«Қазақшаңыз қалай»  «Тілім-алтын діңгегім» сияқты шаралар өткізілді. «Тілім тірлігімнің айғағы» іс-шарасы 10- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында жүріліп өтті. Сайыс 5 бөлім бойынша қорытындыланып,  «Жұлдыздыр» тобы алға шығып, «Тұлпарлар» тобы келесі орынға ие болды. Екі топ оқушылары да тіліміздің құндылықтарын насихаттауға байланысты тапсырмаларды жақсы орындады.

 

 

Сәлем» газетінің тілшісі

6 «А» сыныбының оқушысы

Серікболова Айгерім

 


                 Неше тауық, қанша әтеш?

 

 

        Әйгүлдің апасы қыркүйек айында 10 тауық, 1 әтеш сатып алды. Олар ай  сайын 2 есе көбейе берді. Ал шілде айында олардың аяқтарының саны 121-ге келді. Шілде айында неше тауық, қанша әтеш болды?

       *********************************************************

    Мұғалім  4 қызға тапсырма беріпті.Тапсырмалары:

 “ Ертеңге  60 гүл қиып алу” деген  .Қыздар оны орындап әкелді. Біріншісі-16 гүл, екіншісі біріншісінен  5 гүл көп, үшіншісі біріншісінен  4 гүл аз, төртіншісі екіншісінен 10 гүл аз қиып әкелді. Әр қыз неше гүлден қиып әкелген?

 


 

Ойлан!

          Қазақ тілі олимпиадасында Қарлығаш, Ғабит, Диана алғашқы үш орынға ие болды. Қарлығаш не бірінші не екінші орын ала алмады,ал Ғабит  екінші орынды алған жоқ.Диана үшінші орын алған жоқ.Балалар қандай орындарға ие болды?

     Балалар, келесі нөмірге дайындайтын сөзжұмбақтарың маңызды және күрделі болуын талап етеміз.

 

Р/с

Сұрақтар

Жауабы

Ұпай

1.

Әріп ненің таңбасы?

 

 

 

2.

Тасымал мен буын саны бірдей бола ма?

 

 

3.

Салдырдан тұратын дыбыстарды жаз.

 

 

4.

Буынды  не анықтайды?

 

 

 

5.

Қандай сөздер тасымалданбайды?

 

 

6.

“Қазса”сөзінде қандай үндестік кездеседі?

 

 

7.

Ап-анық , теп-терең қандай сөздер?

 

 

8.

Баланың, балама қандай сөздер?

 

 

 

9.

Мекеме, жер, ән аттары қандай есімдер?

 

 

10.

Қолмен ұстап,көзбен көруге келетін зат есімдер қалай аталады?

 

 

11.

Зат есімнің қандай жұрнақтары бар?

 

 

12.

Зерек, парасатты, кішіпейілзаттың несін білдіреді?

 

 

13.

Сын есім қандай сөз таптарынан жасалады?

 

 

14.

Салыстырмалы шырай - қандай шырай?

 

 

15.

Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

 

 

16.

Іс- әрекеттің болу-болмауына қарай қандай етістіктер бар?

 

 

17.

Жіктеу есімдіктерін жаз.

 

 

 


 

 

 

 

Құттықтаулар.

Қыркүйек айында туған оқушылар!

Сендерді туған күндеріңмен құттықтаймыз.

Зор денсаулық,ашық аспан тілейміз. Сабақтарыңды жақсы оқып, білім шыңына көтеріліп, жетістіктерге жете беріңдер.

Т/б: «Сәлем» газетінің бүлдіршіндері.

 

- Сүйінші

Жаңа оқу жылына орай ауыл мектептер арасынан үздік мектеп атанып, бас жүлдеге иеленіп, видеокамераны сыйлық ретінде алдық. Құттықтаймыз.

 

 

                                                                                                             Қонақбаева Сәуле, 7 «а»