Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауыш мектеп.Қазақ сыныптары
2014-2015 оқу жылындағы бастауыш сынып әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары
 
Мектептің әдістемелік жұмысының  тақырыбы:
     «Мектептің оқу жұмысының жоспары және оның жүзеге асуы мектептің өзгешелігінде  және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын белгілі нысанаға келтіруінде»
ӘБ жұмысының тақырыбы:
      «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын белгілі нысанаға келтіру»
 Мақсаты: «Білім технологияларының қызметін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын белгілі нысанаға келтіру»
 
Міндеттері:
-         оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын белгілі нысанаға келтіретін инновациялық технологиялық  білімдерін іс жүзінде қолдана біліп және  меңгеру;
- оқушылардың қызығушылықтарына сай негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін үйлесімді шарттар жасау;
-         өлшемнің бағалауымен танысу және қолдану;
-         ұстаздың жеке атқаратын қызметтерін іске асыру үшін шарттар жасау,оның кәсіби мәртебесін көтеру,білім және тәрбие үдерісінде инновацияларға жоғарылап дамуға дайындау;
-  жоғары мотивациялы оқушылармен жұмыс түрлерін жетілдіру;
-    мотивациясы төмен оқушыларға психологтік-ұстаздық қолдау көрсету;
 
 
 
ӘБ жұмысының бағыттары
Іс -шаралар
Орындалу мерзімі
Жауапты
Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды тексеру.
Жас мамандарға
практикалық көмек көрсету
қыркүйек
ӘБ  басшысы,
әкімшілік
Білімнің кіретін тексерісінің жасалуы.
Нәтиже сараптамасы
 
қазан
ӘБ  басшысы,
бастауыш сынып мұғалімдері
Оқу  бағдарламасының орындалуы,бақылау жұмысының шамалары
 
 
 
Әр тоқсан сайын
Әкімшілік,
бастауыш сынып мұғалімдері
 
Бастауыш сыныптың оқушыларының білімдерін тексеруге кезеңдік  бақылаулар өткізу
Желтоқсан
ӘБ  басшысы,
бастауыш сынып мұғалімдері
Бастауыш сыныптың оқушыларының білімдерін тексеруге жылдық  бақылаулар өткізу,
Бақылау жұмыстарын тесттер дайындау
 
мамыр
ӘБ  басшысы,
бастауыш сынып мұғалімдері
Мектеп құжаттарымен жұмыс
Емлелік қағиданың орындалуы
Жыл бойы
ӘБ  басшысы,
бастауыш сынып мұғалімдері
 

 

Бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталық жұмыс жоспары

20.02-25.02.2012 жыл

Іс-шара

Күні

Сынып

Жауаптылар

1

Мерекелік іс-шараның ашылуы.

Ойын-саяхат

«Білім әлеміне»

20.02

фойе

Бастауыш сынып мұғалімдері

2

Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы.

«Қазақ тілі пәнінен білгірлер» сайысы.

21.02

2-4 сынып

Хажым А.

 

 

Сарсембекова А.С.

3

Дүниетану сабағына саяхат.

22.02

2-сынып

Алимхан С.

4

Викторина

«Ертегілер әлемі»

23.02

1-сынып

Хамит Б.

5

Математикалық турнир.

24.02

2-4 сынып

Алимхан С.

Хажым А.

Сарсембекова А.С.

6

Апталықтың жабылуы.

Қорытынды.

25.02

1-4 сынып

Бастауыш сынып мұғалімдері

   

 

 

Азаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педагогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту.

 

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

     Құзірет, құзіреттілік дегеніміз не ? Бұл ұғымдар 12 жылдық білім беру жүйесінде, бастауыш білім беру сатысында дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай роль атқарады ? Алдымен осы сұрақтардың жауабын тауып көрелік»

     «Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дефференцияланды.

    Құзірет- тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер(іс- әрекет тәсілдері), психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.Мұны былай көрсетуге болады:

 

Құзірет

Білім, білік (әрекет), дағды әрекет

Құзіреттіліктер (игерілген іс- әрекет тәсілдері)

Өзін- өзі басқару

Тұлға

Кесте 1

С.И. Ожеговтың сөздігінде «құзіреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген: «құзіреттілік - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлығы.[1]

           Құзіреттілікті ауқымды жоспарда қарастыру Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінен байқалады. «Құзіреттілік- дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

       Бүгінгі қоғамда оқушының академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктерінің қалыптаспағанын айғақтайды. ҚР 12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында «Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін  білім беру нәтижесі» деп көрсетілген.Әрине, бұл жердегі әрекет – танымдық әрекет.[2]

         Қызығу – танымдық іс- әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып- үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

   Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады.Педагогикалық әдебиеттерде  оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

   Біріншісі- оқытудың мазмұны мұндағы оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы

    Екіншісі-  оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта жаңа технологияларды қолдану, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын қолдану, сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру.

      Үшіншісі- мұғалім мен оқушы , оқушы мен оқушы арасындағы қарым- қатынаста сыйластық болуын қамтамасыз ету.

     Танымдық іс- әрекет – оқушының білімге деген өте белсенді ақыл- ой әрекеті. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс- әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай –ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс- әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс.

     Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: Бастауыш сынып жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру.

  Дамыта оқыту деп (В.Давыдов, В.Репкиннің, Элькониннің трактовкасы бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.

    Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде өзін- өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті.

      Мақсаты: Балада өзін жетілдіруге , өзін- өзі өзгертуге , өзін- өзі түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық қабілеттерін қалыптастыру.Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай, оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту  баланың жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет(оқу әрекеті арқылы теориялық ойлаудан жаңа білімге)

   Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден – нақтыға бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.

  Оқытудың ең басты әдісі- танымдық – ізденімпаздық оқу әрекеті. Оқу әрекеті барысында мұғалім оқушылардың өздеріне оқу мақсатын анықтауға басшылық жасайды. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқу мақсатын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.Оқушы ғылыми зеттеудің жолын қайталап өткендей юолады.Ол өзі жаңалық ашатын кішкентай ғалымға айналады.Осы арқылы оқушының танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға алғашқы жол қаланады.Бүкіл теориялық білім, білік дағдыны меңгеру бірнеше танымдық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.

    Жоғарыда айтылғандарды саралай келе байқағаным, дамыта оқыту техлогиясының өзі оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға негізделгендей. Себебі бастауыш сынып оқушысының танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда ілгері басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі проблемалық жағдайлар туғызу , оны шешу, осыны пайдалана отырып  оқушылар бойына танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық іс- әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық тұрғыда шешудің маңызы зор.Оқушылардың таным қабілеттерін қалыптастыруда дамыта оқытудың принциптеріне сүйену қажет: Жоғарғы қиындықта оқыту, теориялық білімнің жетекші ролі, оқу үрдісін сезіну және түсіну, барлық оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс, оқу үрдісін жеделдету.

       Қорыта келсек, бұл мақалада дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылды.

          

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ожегов С.И. Словарь русского языка.М.: «Оникс 21 век», 2004
  2. 12 жылдық оқыту мәселелері.Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана,2006
  3. Нұрмұханова Г.Шығармашылық танымдық іс- әрекет нәтижесі.// Бастауыш мектеп, 2004, № 10 36-37 б.
  4. 4.Б.Барсай. // Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы. Бастауыш мектеп, 1998, № 1 27-29 б.