Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шағын орталықтың әдістемелік жұмысы
МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері
 
    Мектепке дейінгі балалаық шақ – әр бір адамның өміріндегі бірегей кезең. Ересектердің міндеті – әр бір бүлдіршін үшін оның қабілеттіктерін ашуға қажетті жағдайлара жасау, оның өмірін қызықты және мазмұнды ету, құрдастарымен және ересектерімен қарым-қатынас жасауға үйрету, білім берудің оңтайлы бағдарғысын белгілеу. Әр бір балаға және отбасыға қолдау және өз уақытында жеке, аумақтық қолжетімді көмек көрсетуге қабілетті мамандарды біріктіретін, ұстанымдық жағынан жаңа үлгідегі МДҰ құру заманауи қоғамның дәйекті қажеттілігіне айналып келеді.
Мұндай тәсілдің өзектілігі көптеген отбасылар балаларды сапалы оқыту мен тәрбиелегуге мұқтаж болып отырған  жағдайларда арта түседі.
Стратегиялық мақсаты: баланың психологиялық-денелік жағынан салауатты, құзіретті, қатынас байланыстық және шығармашылық дағдыларды меңгерген, қоршаған дүниеде барабар өмір сүруге  қабілетті, сергек және еркін ойлай білетін жеке тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
-         жасы кіші балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін сапалық ресурстық қамтамасыз ету;
-         МДҰ дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету;
-         МДҰ дүниежүзілік стандарттармен уақыт талаптарына сәйкес келетін дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру;
-         МДҰ –да білім беру үдерісін жаңғырту;
-         мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
-         МДҰ басқарудың үдерісін демократияландыру;
-         білім беру үдерісіне қатысушылардың бәріне субъект-субъектілік өз ара әрекет ұстанымдарын енгізу;
-         балаларды сапалы тәрбиелеу және оқыту мақсатында мемлекеттік билік, ҒӨБ, әлеумет өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
-         өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену;
-         кентте, ауданда, облыста жоғары рейтингке қол жеткізу.
Девизі:«Әр қашан сүйіспеншілікпен-қарсы аламыз, ал мақтанышпен-шығарып саламыз!»
Мақсаткерлігі:балалық шақтың құндылықтарын: таңдауды, сенімді, қарым-қатынас жасауды сақтау.
Жетекші функциясы: бүлдіршіннің жеке тұлғасын әлеуметтендіру.
Өзекті идеясы: бәрі де балалақы шақтан басталады!
Біздің құндылықтар: балалар, отбасы, денсаулық, бақыт пен рахым.
Біздің ұстанымдар:
-         Адамгершілік;
-         Балалар, ата-аналар, педагогтардың құқытарын құрметтеу;
-         Балаларға деген сүйіспеншілік;
-         Сенім;
-         Ашықтық;
-         Бірге қуанып-күйінушілік пен ынтымақтастық;
-         Табысқа қарай ұмтылушылық.
МДҰ өз дамуында бағдарға алатын басты нәтиже,- түлектің жеке тұлғасы.

Педагогикалық кеңестер

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып математика

Сабақтың мақсаттары:

  1. Өткен тақырып бойынша пішіндер, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамыту.Тура және кері санауға үйрету.
  2. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру,логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
  3. Балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа,ізденімпаздыққа,ұқыпты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

 

Қайталау, пысықтау  сабағы

Сабақтың түрі:

 

Дәстүрлі емес (саяхат-сабақ)

Қолданылатын әдістер:

Жалқылау әдісі, оқушыны ойландыру, сұрақ-жауап, жаттықтыру,

Көрнекілік:

Қонақтар,геометриялық пішіндер,суреттер.

Пәнаралық байланыс:

Тіл дамыту, көркем әдебиет,бейнелеу

Сабақ барысы:

Мұғалімнің әрекеттері

Оқушылардың әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Сәлемдесу

Балалар жарты шеңбер болып тұрады.Қимыл қозғалыстарын жасайды.

Іздену ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

- Балалар бүгін  сендердің математикадан алған білімдеріңді ойындар арқылы тексеремін. Ал сендерді бізге қонаққа келген қонақтар және топқа  тапсырма ала келген Гүлім. Балалар Гүлім өзінің ормандағы  гүл бағынан адасып кетіпті,  ол гүл баққа жету үшін, біз Гүлімнің әкелген тапсырмаларын орындай алсақ, Гүлімге  ормандағы гүл бағына жетуіне көмектесеміз. Көмектесеміз бе?

 


Көмектесеміз .

 

 

 

 ( 1- тапсырма)

Ормандағы ағаштар қандай пішіндерге ұқсайды?

-Жақсы балалар. Геометриялық пішіндерді ата?

Олардың түстері қандай ? Неге үшбұрыш дейміз?

Дөңгелектің бұрышы бар ма?

Суретке қарайық, қандай  пішіндерден құрастырылған?

Бос орынға тиісті пішіндерді сал.

Әр суретте қанша геометриялық пішін көресің? Сана.

 

Жақсы балалар, біз Гүлімнің    геометриялық пішіндерге арналған тапсырмасын орындадық.

.

(2-тапсырма)

Гүлім сандарын шашып алып, енді ретімен жинай алмай отыр.Ретімен жинауға көмектесеміз бе?

Дидактикалық ойын « Ретсіз сандар

Жоғалған сандарды ретімен қой.

/ тақтада сандар ретсіз шашыратылып ілінеді, балалар сол сандарды өсу және кему ретімен орналастырады. Балалар 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды хормен айтып шығады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп –үлкен боп өседі

( 3-тапсырма)

Көршісін тап ойыны.

Әр суретті сана және тиісті цифрларды шеңбер ішіне жаз.

  Тақтада суретпен жұмыс.

(4-тапсырма)

Санамақ айту

 

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек сопақша,

Өйткені оның үш бұрышы бар.

 

Жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарында тұрып қимыл қозғалыстарын жасайды.

 

 

 

 

 

Иә,көмектесеміз.

 

 

 

 

Қорытынды

 Біз нені үйрендік?

Кімге ормандағы гүл бағына адаспай жетуіне көмектестік? 

 

- Жарайсыңдар, балалар Гүлім бағына жеткеніне қуанышты, Ал бүгінгі сабақта аса белсенділік танытып, дұрыс жауап берген балаларға Гүлімнің  алғысы  ретінде мынандай сыйлығы бар екен. Осымен сабағымыз аяқталды. Гүлім мен қонақтарға Сау болыңдар деп айтайық.

Сау болыңдар, балалар!

Санауды, геометриялық пішіндерді, салыстырдық.

Гүлімге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жыл мерекесі

(Жаңа жылдық вальс ойнап тұрады)

Сәлем бердік көп бала

Қыз бала мен ер бала

Жинал түгел төңірек

Шырша айнала дөңгелеп

Саз болады, ән болды

Кеш ойынға толады.

Өте қызық оқиғалар

Мәңгі есте қалады!

Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар ! Сендер мені таныдыңдар ма? Дұрыс мен  

кетер жылдың белгісімін, ал бұл Ұлу келер жылдың белгісі.

ӘН:

                              (Балалар шыршаны айналады)

Залда жалмауыз кемпір мен орман перісі пайда болады.

Жалмауыз кемпір: (Орман перісіне ұрыса) Асықсаңшы сен,кешігеміз ғой, үлгермейміз, қарақшы әкеткір  сен неме!

Орман перісі: Ой балақайлар! Бәрі сондай әсемденіп жасалған.

 Жалмауыз кемпір: Назар аудар операцияны бастаймыз. Соңымнан ер! (Балаларға) Сәлеметсіңдер ме балақайлар, кішкене қыздар мен балалар!

Айтсаңшы бірдеңе.

Орман перісі: Ал егер не айтарымды білмесем ше?

 Жалмауыз кемпір: Е, онда менің артымша сөздерді қайталап тұр.

Орман перісі: Сәлеметсіңдер ме балақайлар, кішкене қыздар мен балалар!

Жалмауыз кемпір: Біз Аяз Ата екеуіміз сендерге мерекеге келдік.

Орман перісі: Біз Аяз Ата екеуіміз сендерге.....

Жалмауыз кемпір: (орман перісін бүйірінен итермелеп) НЕ айтып тұрғаныңды ойла! Одан да неге келгенімізді айтсаңшы.

Орман перісі: Біз сендерден Аяз атаның сиқырлы таяғын тартып алуға келдік.Өйткені сиқырлы біздің барлық тілегімізді орындайды.

Жалмауыз кемпір: Сендер балалар оны тыңдамаңдар Аяз Ата қалжыңдайды! Ол күн көзінен қатты ыстықтап кетті. Оған шұғыл қыс жайында ән салып беру керек. Қане шапшаң дөгеленіп тұра қалыңдар. Қол ұстасыңдар. Жүрейік те ән шырқайық.

ӘН:  «Орманда шырша туыпты»

                   (Орман перісі балалармен бірге билейді)

Жалмауыз кемпір: Міне, енді ақырындап Аяз Ата жазылды. Бұдан әрі ақымақтықты қой, естимісің сен? Енді ақымақ сөздерді айтпайды, енді ол сендерді балақайларды көңілдендіретін болады. (Орман перісіне)  Ей Аяз Ата шыршаны тұтататын уақыт болды.

Орман перісі: Мейлі, солай болуға тиіс болса, болсын. Жағып жіберу керек болса, жағып жіберейік. Сондай сұлу шырша еді.( Қалтасынан үлкен сіріңкені шығарады)

Жалмауыз кемпір:( Сіріңкені тартып алады.) Ей, сен не істегелі жатырсың! Балалар тым болмаса сендер түсіндірсеңдерші оған, шыршаны қалай жағу керек екендігін көрсетіп.

Балалар оған: бір екі үш сан, Жасыл шырша тұтан!

Жалмауыз кемпір: Міне көрдің бе? Сіріңкемен емес шырша тұтан деген сөздермен. Ой неге сона бір ауыздан емес? Мен жалғыз болсам да қатты айқайлай алам.

                            (Шырша жанады)

Көрдің бе ата, ешқандай сіріңкесіз. Ал балалар енді ойын ойнаймыз.

Орман перісі: Ойнау! Мен тек бір ғана ойынды білемін. Жаңылыстырмақ, шатастырмақ. Мен орманда бәрін жаңылыстырамын.

Жалмауыз кемпір: Ал енді балаларды жаңылыстырып байқап тұрамын.

Орман перісі: Ал енді балалар байқаңдар. Мұқият тыңдап жауабынан жаңылысып қалмаңдар.

                   Жана жылда лақылдап

                   Жеді кәмпит пен тосап

                   Шатырда тұрды содан сон

                   Оның аты

                   (Дұрыс жауабы – карсон)

 

                   Ол ойнайды әз ғана

                   Откендерге сырнайда

                   Музыкантты бәрі біледі

                   Оның аты

                   (Құлтырауын Гена)

 

                   Көгілдір бұлақ көзінен

                   Басталады өзен

                   Бұл әнді ұнді әнге салад

                   Үш көнілді

                   (Титемдей жанат)

 

 

                   Ол жауынны бұлтындай

                   Пятачокке барды бұлтылдай,

                   Және ұнатқаны бал жұту

                   Бұл Гена (Винни пух).

 

Орман перісі: Байқа кемпір, Ақшақар мына балалар қандай зерек. Мен Аяз Атаның сиқырлы таяғын көрмейміз бе деп қоқамын.

Жалмауыз кемпір: Сен азырақ сөйлеп, көбірек ойлансан етті Аяз Ата!

Орман перісі: Мен сөйтер едім, бірақ болар емес!

Менің басым шұрық тесік... яғни мұз басқан! Ой...есесіне  жақсы естимін. Міне кәзір әлдекімнің келе жатқанын естіп тұрмын.

(Мұзыка ойналады. Залға Ақшақар кіреді. Оны көріп жалмауыз кемпір орман перісін арқасына тығылады)

Ақшақар: Сәлеметсізбе, балалар!

                 Аулада аяз боғанда

                 Бар ағаш күміс жамылар

                 Шырша отпен гүлденер,

Демек, Жаңа жыл келер!

Сендерді Жаңа жылмен бірінші болып құттықтап, Біздің құрметті қонағымыз Аяз атаны қарсы алу дайындалайық деп.

Қоян: Ой екі Ақшақар

Ақшақар: Ештене түсінетін емеспін! Сендер кімсіндер?

Жалмауыз кемпір: Қазір түсінесіндер! Бір, екі, үш (үстерінен киімдерін шешеді).

Қоян: Бұл Жалмауыз кемпір мен Орман перісі! Құтқарындар (беттерін  қолдарымен жауып)

Жалмауыз кемпір: Ұста оны! Байла оны!

Орман перісі: (барысты көрсетіп) Мыналарды аламызба?

Жалмауыз кемпір: Бұлардан не пайда! Ал Ақшақар үшін Аяз Ата бізге асатаяғын береді. Қаштық!

         Қашып кетеді де Ақшақарды бірге ерітіп әкетеді.

Қоян:Ай, ай, ай қорғай алмадық, құтқара алмадлық Ақшақарды. Енді қайттік? Барлығын Аяз атаға айту керек! Ол әлі келген жөқ. Ендеше оны шақыру керек. Былай болсын бәріміз бірігіп оны шақырып алайық. Балалар «Аяз» қыздар «Ата» деп айқайласын. Ал қане бәріміз бірге «Аяз ата». Неге екенін, нашар шықты. Келіндер керісінше қыздар «Аяз» балалар «Ата» деп айқайласын. Бір, екі үш. (балалар Аяз атаы шақырады, әуен ойналады. Залға Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Мені сонша катты айқайлап кім шақырды, кім мені көргісі келеді? А бұл сендер ме балақайлар! Амасындарма! Мерекелерін құтты болсын.

Қоян:Ой ата! Біз кәзір мереке тойлап, көніл көтеретін жағдайда емеспіз! Өте ауыр жайдайға дұшар болдық.

Аяз ата: Тоқа барыс асықпа, дұрыстап түсінідір не болды

Қоян: Ұрлады, әкетті, қорғай алмадық, құтқара алмадық.

Аяз ата: Ай, ай, ай!  Бұл іске кім барды екен. Ақшақарды кім ұрлады.

Балалар жауап береді.

Аяз ата: Оларын бекер емес. Мен, Жалмауыз кемпір, Орман перісі ертегі орманында көптен бірге келе жатып, олардан осыншама зұлымдықты күтпеген едім. Осынын бәрін зұлым Қаңқа ұйымдастырған шығар. Жарайды. Олар алысқа ұзай қойған жөқ. Бұл жауыздарды табаламывз ба? Ақшақарды қайтарамыз. Едеше назар аударыныз. Кәзір біз ең ақылды, шапшан, пысық көмекшілерді аламыз.

Ойын «Қарлар»

Ойынға қатысушылар сапқа тұрып, олардың алдында 2-3 метрге дейін себет қойылады. Осыған аң қағазды уқалап лақтыру. Қанша түсірсе сонша жұлдыз.

(Ойын арасында Орман перісі мен Зұлым қанқа ақ жалау алып залға кіреді).

Орман перісі: Эй, қызыл мұрын Аяз ата

                        Сені Зұлым қанқаның өзі көргісі келеді! Бері шық.

Аяз ата: Міне қара! Бізге зұлым күштердің өзі келіп тұр. Ал тыңдайық Зұлым қаңқаның не дейтінін, не ойлағанын.

Зұлым қаңқа:Бәрің тыңдандар. Мен Зұлым қаңқа, ертегілер әлемдегі ең арам, зұлым күш иесімін. Сенің немеренді ұрлаған мен мің Аяз ата. Ақшақардың мерекелеріне қатысқанын қаламайсындар ма ендеше ақысын төлендер.

Қоян: Қарай гөр өзін, кәзір мен сені оң қолыммен, сол қолыммен, сен ме, сені ме.

Аяз ата: Тоқа, тоқта достар! Бәрін бейбіт жолмен шешіп көрейік. Зұлым қаңқа Ақшақарды босату үшін не сұрайсың.

Зұлым қаңқа: Көп емес Аяз ата. Егер сен сиқырлы асатаяғынды берсен болғаны.

Қоян: Аяз ата берме! Олар сиқырлы таяқтың көмегімен бәрін бүлдіруі мүмкін, бәрін бүлдіреді.

Аяз ата: Ал Ақшақар ше? Зұлым қаңқаның қол астында оған да онай емес. Алдымен барлығы аман сау болсыншы, содан кейін мен көндім. Міне саған асатаяқ, алдымен Ақшақарды әкел.

Зұлым қаңқа: Бұл іс. Міне тамаша Орман перісі келіскеніміз есіндеме? Қәне Ақшақарды алып келші.

Орман перісі: Бәрі есімде ха-ха-ха, бәрін орындаймын ха-ха-ха

         (кетеді. Жалмауыз кемпірмен Ақшақар келеді)

         ӘН «Ақшақар атшы әнін орындайды»

Орман перісі: Бер асатаяғынды.

Қоян: Аяз ата бұл біздің Ақшақар емес, сияқты.

Аяз ата: Мен сенімен келісемін барыс. Бұл дұрыс емес Зұлым қаңқа, егер біз келіссек, соны орындауымыз керек!

Жалмауыз кемпір: Жарайды, Ала беріндер Ақшақарларынды.

Зұлым қаңқа: Орман перісі алып кел Ақшақарды өзінің өнерін көрсетсін.

(Орман перісі кетіп Ақшақармен бірге кіреді. Әуен).

Ақшақар:Жаңа жыл, жаңа бақыт құтты болсын

                 Бәрі жаңа қуанышқа толсын

                 Күмбез асты күмбірлеген

                 Ән мен саз, шат күлкіге толсын.

Аяз ата:    Ән салып, бүгін би билесін

                 Қарсы алайық Жаңа жыл мерекесін

                  Қолдан ұстап бірғалып

                 Залда ойналсын хоровод.

Ақшақар: Дұрыс! Қане балармен бірге ән салып билейік.

                 ӘН «Кел, кел Жаңа жыл»

Аяз ата: Жарайсын қызым! Бәрін таң қалдырдың

              Бәрінің көнілінен шықтың.

Қоян: Енді түсінікті болды. Ақшақар өзін көрсетті.

Зұлым қаңқа: ӘЙ-ӘЙ ұмытпандар Ақшақар сендерге, сиқырлы таяқ бізге.

Аяз ата: Амал не? Зұлым қаңқа айтылған сөз, атылған оқ деген ұста менің сиқырлы таяғымды. Бірақ абай бол оның сиқыры күшті, оған ие бол.

Зұлым қаңқа: Арманыма жеттім ау, енді менің барлық тілегім орындалатын болды.

Әй сиқырлы таяқ әлемдегі барлық  адам атаулының бәрі жақсы илтипатты сөздерден жұрдай қалсын қане орында міне көрдіндер ме ол менің қалауымды орындады. Сөзіме құлақ асып, менің сұрақтарыма жауап беріндер.

Егер мен түшкіретін болсам не деу керек?

Сау болыныз.

Ал егер сендерге кәмпит берсе ше?

Рахмет.

Достарынмен кездесіп қалсаңдар не дейсіндер?

Сәлем.

Қоштассандар ше?

Сау бол.

Зұлым қаңқа: Әй, бұдан түк шықпайды ғой, еш сиқыры жоқ бұнын. Аяз ата, ал таяғынды.

Аяз ата: Шынымен ақ солай екен. Сиқырлы таяқ дегендерің кәдімгі таяқ. Шын сиқыр дегендерің әдептілік, мейрім ілтипат емес пе? Көрдәндерме сиқырлы сөз құдіретін. Ал енді менің тілегімді орындандар. Жын перілер өтінемін, сәл де болса мейріміне түсіп бізбен бірге шеңберде айналындар.

Зұлым қаңқа: Әрине, мен де әзірмін. Мейрімді болу сондай ғанибет.

Орман перісі мен Жалмауыз кемпір: Біздің де ізгіліктен хабарымыз бар. Жаңа жылды шеңберде қарсы алғымыз келіп тұр.

Аяз ата: Тамаша! Күйді қосындар.

         Жаңа жыл

Аяз ата: Мерекеміз де өз мәресіне жетті

    Уа жұртым жиналған

     Көңілдерің дұр маржан

               Айналайын қыздардан

               Айналайын ұлдардан

               Өнерлеріне тәнтіміз

               Құтты болсын жаңа жыл

               Әкелсін тек сендерге

               Жаңа бақыт, жаңа жыл

               Кездесерміз амандықпен

               Келер жыл.

               Қош болындар бұлдіршіндер, балалар

Ақшақар: Бұлдіршіндер, балалар

                 Мұқият мені тындандар.

       Келесі жылы кездескенше

       Жаттандар әнменен жыр, тақпақтар

       Жинандар шырша, шырмауықтар

        Ал біз болсақ, сендерге

       Әкелеміз мол қылып

       Сыйлықтар мен ойыншықтар.

Зұлым қаңқа: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

                  Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жалмауыз кемпір: Жаңа жылмен құттықтаймыз сіздерді.

Орман перісі: Жаңа жылдарың құтты болсын.

Қоян: Міне балалар седермен қош айтысып кезекті Ұлуға бергім келіп тұр.

Сау бол! Жаңа бақытты кездесулерге дейін.

 

 

 

Тәуелсіздік күні

Жүргізуші:   Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, балалар! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылуға аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болса бұл мақсатқа жетеміз деген сенімдеміз.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау,көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан –елім менің.

Сен неткен Отан- Анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Борлашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отан –Қазақ елім!

 

Жүргізуші:Құметті меймандар, бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің ән ұранымен  бастайық. 

 

«Әнұран»

Бала: Он алтыншы желтақсан,

          Тәуелсіздік алған күн.

          Мерекеде ел тосқан,

         Атамменен барғанмын.

Бала: Мерекеге шығады,

         Бүкіл халық біліп қой.

         Отандастар ұғады,

         Тәуелсіздік ұлы той.

Бала: Он алтыншы желтоқсан,

          Тәуелсіздік алған күн.

          Ерекше боп мәңгілік,

          Ел жадында қалған күн.

Бала:Отаным менің кең өлкем,

          Жатыр ол гүлге бөленіп.

          Жетілсем өсіп мен ертең,

          Жасасын жұртым төрелік.

Бала: Досыма ашып құшағын,

          Татулы тәтті тағамы.

          Ұл- қызы көкті құшады,

Бала: Отанымның гүлі көп,

          Өсіріп, баулып баптаған.

          Өскелең елдің ұлы боп,

          Жүргенде бүгін мақтанам.

 

«Біз бақытты балалар»

Бала:Айдын шалқар көлім бар,

         Ну орманды жерім бар.

         Күннен- күнге көркейген,

         Менің байтақ елім бар.

Бала: Көкке қолын созады,

Көк байрағым желбіреп.

Бәрінен де озады,

Менің елім кең жүрек.

Бала: Еркелеткен төрінде,

         Елімізді сүйеміз.

         Ата- баба қалдырған,

         Байлығына иеміз.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін біз Тәуелсіздік мерекесін қызықты және көңілді өткізу үшін балалардың орындауында әндерді, тақпақтарды, билерді, қазақ ұлттық ойындарын ойнап, Қазақстан республикамыздың рәміздері турал өнерлерімізді ортаға салайық.

Қазір балалар бізге Қазақстан жалауы туралы өз білетіндерін ортаға салады.

1-бала: Қазақстан жалауы көк түсті. Көк түс бейбітшілік, ашық аспан, аманшылықты білдіреді.

2- бала: Өрнек – қазақтың ою өрнегі – адамды зұлымдықтан қорғаған.

3- бала: Күн – береке, тыныштықтың нышаны.

4- бала: Бүркіт – Қазақтың ой – ниетінің биіктігін білдіреді.

 

Бала: Биік болсын шоқтығың,

         Атымды айтам ән қылып.

         Желбірейді көк туың,

         Төбемізде мәңгілік.

Бала: Көк байрағы бабамның,

         Бүгінгі ұрпақ алауы.

         Тірегі әке, баланың

         Қазақстан жалауы.

                                                 «Пиала» биі.

Жүргізуші:  Біздің мерекемізге қонақтар да асығып келе жатыр. Алдымен қонақтарды қарсы алайық. «Жеті алып» ертегісінен Желаяқ келіп жетіпті.

Желаяқ:  Аяғым жүргісі келіп, тыным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма  қазандай тас байлап едім, соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.

Жүргізуші:  Желаяқ жүгіре, жүгіре шаршаған боларсыз, отырыңыз, төрлетіңіз, демалыңыз. Көрмейсіз бе, біздің балалардың жүздері жарқын, неге десеңіз бүгін біз тәуелсіздік мерекесін тойлаудамыз. Ұлттық ойындарды еске алып, «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық. Аяғыңыздағы тасыңызды шешіңіз.    

« Тақия тастамақ»

Желаяқ:  Ой-ой! Тастарды бекер шештім, аяқтарым бір жерге тұрмайды, жүгіре береді. ( Жүгіріп шығып кетеді)

 

Жүргізуші:Балалар сендер Астанамыз туралы не білесіңдер?

  • Бала:Астана біздің бас қаламыз. Астана қаласында биік ғимараттар ,   

               бәйтерек бар. Астана ең көркем, әсем қала.

  • Бала:  Отанымның төрінде,

           Сары арқаның өрінде.

            Ту ұстаған Астанам,

             Әсем қалам – бас қалам.

Жүргізуші:Біздің бүгінгі мерекемізге тағы бір қонақ келе жатыр. Қарсы алайық.(музыка ырғағымен қарны қампиып көлтауысар келеді.   

                     Ол ұртына су толтырып алған)

                     Балалар қараңдаршы!?

                     Қарнынан басқа мүше байқалмаған,

                     Өзінің омыртқасы қайқаңдаған.

                     Жалпақ бас,жайын ауыз, көнтек ерін,

                     Сөзін де түсіндіріп айта алмаған.

                    -Бұл Көлтауысар деген ағаларымыз. Қарнын қараңдаршы, іші                                      толған су. (Басып көреді)

                    -Сіз қайдан келе жатырсыз?

Көлтауысар:   (Қолын сілтейді)

Жүргізуші:Таудың арғы жағынан ба?

 Көлтауысар:   (Басын изейді)

Жүргізуші:Неше көлдің суын тауыстыңыз?

Көлтауысар:( Иығын көтереді)

Жүргізуші:саны жоқ десеңізші.Қолыңыздағы не? Балық па?

 

Ойын: « Бір көлден, екінші көлге балықты, басқа көлге тасу» (4 обруч,балықтар, Көлтауысар аузындағы суын шашады.)

 

Жүргізуші:Көлтауысар  суыңызды төге бермеңіз, отырған жерімізді су алып кетер. Енді балалардың онерін тамашалайық.

 

 

Жүргізуші:Ал енді балаларымыз елтаңбамыз туралы не біледі екен. Байқап көрелік.

 

  • бала:Елтаңба алтын және көгілдір шаңырақ түсті.
  • Бала: Елтаңбасы елімнің,

           Елдігімнің белгісі

 Мұнда да бар ерлігім

 Мұнда да бар жер күші.

(Ортаға садақтың жебесі түседі)

Жүргізуші:Балалардың, мынау кімнің жебесі болды екен? А-а, бұл Мергеннің садағының жебесі ғой. ( Мерген кіреді)

 

Мерген:Сәлеметсіздер ме, балалар? Менің жебем сіздерге қарай ұшып кетті. Бұл не думан?

 

Жүргізуші: Біздің шағын орталығымызда тәуелсіздік мерекесі өтіп жатыр, төрлет мерген, қонақ бол. Сен қалай мерген атандың, соны айтшы?

 

Мерген: Мен кішкене кезімнен асық атып жүріп, мерген атандым. Келіңдер балалар сендерге де үйретейін.  

                             

«Асық» ойыны

Жүргізуші:Ал енді балалар бізге әнұранымыз туралы айтып берсін.

1- бала: Әнұран – салтанатты мемлекеттік ән. Сөзі Нұрсұлтан  Назарбаевтікі, әні Шәмші Қалдаяқовтікі

 Жүргізуші: Өте жақсы, балалар, біздің мерекемізге тағы да бір қонақ келді.

Келе жатса тау біткен бүлкілдейді,

Төбесі түндіктердің желпілдейді

Тауларды соғыстырған Таусоғарды,

Көруге көп халайық елпілдейді.

Таусоғар:  (Таусоға иығына тауды көтеріп әкеледі)

                   Уф, жеттік ау, мұнда не болв\ып жатыр?

Жүргізуші:Той болып жатыр, дәл келдіңіз, еліміздің егемендік алған қуанышты тойы.

Таусоғар:  Бұларыңыз дұрыс екен. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Жүргізуші:Таусоғар, тауды-тауға соғамын деп шаршап қалған сияқтысыз ғой. Деміңізді алып балалардың күшін тамашалаңыз, олар сіз сияқты күшті болғысы келеді. (Арқан тартыс) ойыны.

 

«Арқан тартыс» ойыны.

Таусоғар:   Мен балаларға базарлық әкелдім.

                   (балаларға кәмпит таратады.)

Жүргізуші:  Байтақ далам- туған жердің

                     Қымбат маған әр тасы.

                     Өзен көлі, самал желі,

                     Асқар тауы – баршасы.

Осымен біздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз аяқталды.

«Қазақстан туған жерім» әні орындалады.

 

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге  нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен,шуағымен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне күн көктем.

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ болып ақ жүзің.

Ведущая:

Наурыз это новый день

Зимы отступила тень

Весны звуки тут и там

Наурыз счастье пополам.

 

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер , қымбатты достар. Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Әр жанұяға тек бақыт, молшылық, зор денсаулық әкелсін. Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!

 

Ведущая:

Добрый день дорогие друзья, уважаемые гости!  Мы с вами собрались на светлый праздник, праздник Весны! Наурыз мейрамы  стал общенародным праздником Весны, труда и единства. Наурыз как символ обновления, очишения, прихода весны зарождения новой жизни, любви и красоты. Этот праздник является символом мира и дружбы и согласия на земле Казахстан.

Илхам:         Күнтізбенің парағын,

Бүгін аңдап қарадым.

Мерекелі күн кепті,

Жыртпаймын мен бұл бетті!

   Нұрмұқаммет:         Жаңа жыл! Жаңа жыл!

                            Бақыт жылы болғайсың!

                            Бізге беріп жаңа жыр,

Бізден алғыс алғайсың!

Жасмин:             Мы здесь сегодня собрались,

                            Чтоб встретить праздник –Наурыз!

                            Улыбки,шутки,звонкий смех,

                            Пусть радуют сегодня всех!

Владислав:        Возьмемся за руки друзья

                            Ведь мы -единая семья:

                            Татарин, русский и казах,

                            Литовец, немец и польяк.

                            За нашим праздничным столом,

Мы вместе песни запоем!

 

Қабыл алыңыздар ӘН «Наурыз келді,Жаңа жыл!»

Жүргізуші:

Наурыз- мейірімділіктің, жақсылықтың мерекесі   сондықтан бұл күні әр үйде  мерекелік дастархан жайылады. Халық арасында бұл күні  жомарттық танытып, кеңпейіл мінезбен өткізсе, жыл бойы  жақсылық болады – деп сенген.                                

Ведущая:

Наурыз – праздник добра, поэтому в этот день дастархан казаха превращается в праздничный алтарь. В народе говорилось: чем щедрее будет отмечен праздник Наурыз, тем благополучнее пройдет год.

Жүргізуші:

Жақсы тілек айтамыз,

Наурыз құтты болсын деп!

Жаңа жылда сіздерді!

Қуанышқа толсын деп.

Ведущая:

Наурыз – это радость на лицах,

Это праздник даров и щедрот!

День деньской от души веселиться

Хлебосольный открытый народ.

Дархан:                 Наурыз- гүл көктем,

                       Сәнді ай арайлы.

                       Күлімдеп күн көктен,

                       Нұр шашып қарайды.

Маша:                Открыта дверь для всех гостей-

                            Для  пожилых и для детей.

                            Весна навстечу нам идет,

                            Весна на праздник всех зовет,

                            Народы самых разных стран

                            Шлют поздравленья в Казахстан!

Темирлан:                   Бусанып жерім бай,

                            Төсінде қалқыр ән.

                            Наурыз- көңілді ай,

                            Шаттығы шалқыған.

Артур:                Играй, баян,звени, домбра

                            Желаю счастья и добра,

                            Здоровья и терпения,

                            Отличного настроения,

                            Чтоб мечты у всех сбывались-

                            Здравствуй, праздник Наурыз!

Ильнара:           Ойнаймыз шаттана,

                            Ішеміз күнде айран.

                            Балаға, қартқа да,

                            Ортақ қой бұл мейрам.

Қабыл алыңыздар БИ «Қара жорға»         

Ведущий:

В этот день в каждом доме готовится Наурыз коже. Наурыз коже – традиционный весенний суп из семи компонентов. Ингридиенты могут быть разными, но обязательно копченое мясо, зимнего согыма. Молоко или айран и злаки. Это тоже своеобразный конкурс, потому что есть поверье, если ты отведаешь Наурыз коже в семи домах – то год для тебя будет удачным. Поэтому каждая состоятельная семья старалась вынести свой казан с Наурыз коже. Лучшая хозяйка награждалась сердечными пожеланиями и доброй славой. А это в старину ценилось больше всего.

Жүргізуші:

Бұл күні әр үйде дастарханға  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көже – ол  жеті түрлі дәм салынып жасалған көктемгі сорпа. Оның ішіне салынатын заттар әр түрлі ,бірақ  міндетті түрде тұздалған соғым еті, сүт немесе айран және күріш пен дәмдеуіштер қосылады. Егер жеті үйден  наурыз көженің дәмін татсаң –ол жыл сен үшін   берекелі болады деп сендірілген.    

Әмір:                  Құт бауырсақ шашылып,

                            Наурыз тойы ашылсын.

                            Бір-бірімен мынау жұрт,

Көрімдігін асырсын

Өнім еккен дәніміз,

Бүршік жарған базымыз,

Төлдеп жатыр малымыз.

Сұлтан:              Қарды ертіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамына халықтың.

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз көжеден дәм татамыз.

 

Кәне көңіл көтерейік, ойын ойнап бой сергітейік.

Ойын: «Сәукеле»

Жүргізуші:

Жасай берсін жаңа күн

Туа берсін жаңа нұр

Дүр сілкінсін дала бір

Құтты болсын наурыз тойы

Құтты болсын жаңа жыл.

 

Ведущий:

Старая добрая сказка любви – Наурыз

Жизни дорога петляет то вверх то вниз

Солнца улыбка растопит последний снег

И начинает новый весны разбег.

Савелии:                 Ты цвети,Казахстан, расцветай,

Наш любимый солнечный край!

От детей ты привет принимай!

Начинаем наш праздник,

Наурыз именитый

Встречаем мы его весной.

Заур:                                      Когда приходит праздник Наурыз,

                                      Цветут сады, цветут поля,

                                      Когда приходит праздник Наурыз,

Весною дышит вся земля.

Дима:                           Свежий ветер летит

                                      Над моею страной,

                                      В птичьем крике тепло

Тоже радость вселило

Света:                          Вы почуствуйте,

В воздухе пахнет весной

Нам природа весной

Наурыз подарила!

 

Қабыл алыңыздар ӘН «Көктем» орындайтын ересек «А» тобы.

Ведущий:

Радуйтесь люди земли Казахстана!

Радуйтесь, все от велика до мала

Праздник – Наурыз мы встречаем по праву,

Нашей стране всенародную славу.

Жүргізуші:

Жақсылықтың достықтың күні бүгін

Тапшылықтың шықпасын үні бүгін

Наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні

Тарту болсын достықтың гүлі бүгін.

 

Жанаберді:  Аяласын жақсы күн,

                       Адамзаттың бөбегін.

Бізге керек бал- шырын,

Көп-көп жаңбыр, көп егін!

Аяужан:             Наурыз тойы –береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салайық бәріміз,

Би билейік бәріміз.

Қабыл алыңыздар БИ «Шарлар»

 

Мөлдір:              Қаһарлы қыстан қыстан қалжырап,

Қайысқан белі тал- құрақ.

Мұз, көрпе өзен жамылып,

Қалғандай тұрқы қаудырап.

Шыңылтыр аяз жылыстап,

Көкте күн тұрды маужырап.

Диляра:              Бусантып жалпақ даланы,

Бетіне өрнек салады

Көктемге кезек бергендей,

Қыс ұзап кетіп барады.

Бүрленген орман секілді,

Құлпырып көңіл қалады.

Айым:                Қуантып кәрі, жасыңды,

Наурыздың бүгін есігі

Айқара елге ашылды.

Қуаныш нұры себіліп,

Мерейлі шашу шашылды.

Ойын ойнап бой сергітейік. Ойын  «Кім мерген»

 Ведущая:

Самый почитаемый из всех дней Наурыза а их 22 дня считается первый день, и потому он называется великим народным днем. По народному преданию в эту ночь с 21 на 22 марта землю обходит старик кадыр. Он садит деревья, и посылает людям счастье, благоденствие. Под его взглядом земля становится плодовитой и даже камни могут расплавится, превратившись в живительную влагу.

 

Жүргізуші:

  • Уа, балалар, жараңдар,

Ана жаққа қарандар,

Қыдыр ата келе жатыр,

Салтанатпен қарсы алыңдар.

Қыдыр ата:

«Амансыз ба, достарым!

Жана жыл келді!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле жала жерге енсін! »

Ересек «Б» тобының орындауында ӘН қабыл алыңыздар

 

 

Жүргізуші:

Наурыз тойы Ұлыстың Ұлы күні қутты болсын! Қашанда құт – береке оралсын деп тойларда шашу салты елімнің ШАШУ!

 

Обряд ШАШУ  происходит во время музыкального номера

    Жүргізуші:                   Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!

            Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

   Құрметті қауым осымен бүгінгі  шағын мерекелік думанымыз аяқталады. Көңіл бөліп      келгендеріңізге рахмет. Баршаңызға Наурыз мейрамы құтты болсын.

Келесі кездескенше. Сау болыңыздар

 

     Ведущий:

   Дорогие гости на этом наше мероприятие подошло к концу. Мы еще раз поздравляем вас с праздником Наурыз.

    До новых встреч.