Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отансүйгіш орталығы
«ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ» МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
 
    15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсанында біздің мектепте мектеп оқушыларын «Жас Ұлан Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына қабылдау салтанатты шеруі өтті. «Жас Ұлан» қатарына 34 бесінші сыныптықтар алынды. Белгілер тағу құқығы іс-шара қонақтарына:  11 сынып мұғалімдері мен ата-аналарына берілді. Осы күн мектеп оқушыларының өмірінде ең жарқын күн болып қалады. Біз «Жас Ұлан Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына қабылданған барлық оқушыларды құттықтаймыз!!!!!!
 
Құрылтай
 
     7 қарашада Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Болашақ бүгінен басталады-Будущее начинается сегодня!» атты «Жас Ұлан» балалар-жасөсіпірімдер облыстық VII Құрылтай болып өтті. Шарбақты, Қашыр, Баянауыл, Железинка, Успен, Лебяжі, Ертіс, Павлодар аудандарының, Ақсу,Екібастұз  және Павлодар қалаларының делегациялары VII облыстық Құрылтайдың жұмысына қатысты. Біздің мектептің делегациясы мектеп комитетінің мүшелері Братченко Екатерина мен Серікбаева Айгерім Құрылтай қатысушылары болды. Ең бірінші үлкен залда «Ел болашағы жастардың қолында» пленарлық мәжілісі болды. Құрылтай қатысушылары мәжілістердің дөңгелек үстелінде көптеген сұрақтарды талқылады: қазақстандық патриотизм тәрбиесінде балалар-жасөспірім ұйымының ролін, балалар-жасөспірім прессасы...Балалар және ересек палатасының мәжілісі, көптеген қызықты кездесулер өткізілді.  Құрылтайда балалар және ересек палатасына жаңа құрам тандалды. Қала мектептерінен Ересек палатасына  біздің мектептің аға тәлімгері Надежда Никлоаевна Маракина және №38 ЖОМ тәлімгері Алма Баязитқызы Рахматулина тандалды. Олар VII облыстық Құрылтай жұмысына белсенді қатысты. Надежда Николаевна мен Алма Баязитқызы «Төзімділік – татулыққа жол» тақырыбына жасөспірім орталығының мәжілісін жүргізді.  Құрылтайда белсене қатысқаны үшін біздің мектептің аға тәлімгері Надежда Никлоаевна Маракина алғыс хатпен марапатталды.
 
 
Отан үшін от кешкендер
 
    Павлодар ауылында Ұлы Отан Соғысының екі ардагері тұрады:
Лукашев Иван Макаровичжәне Жуков  Михаил Леонтьевич.
  Мереке күні қарсаңында 8 «Б» сынып оқушылары Иван Макарович Лукашевтің үйінде болып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Михаил  Леонтьевич Жуковты 8 «В» сынып оқушылары құттықтады.
 
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

 

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!

     Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мектебімізде көрініс қою арқылы әндер фестивалі өткізілді. Фестивальге 5-7 сынып оқушылары қатысты. Аталған шара Жеңіс туын желбіретуде қан кешкен жауынгерлерге, майдангерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналды.
     Шара соңында оқушылар кеудесін оққа тосқан боздақтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.
 
Елге қауіп төнбесін!
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
 
 
 
 
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
 
 
       М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы балалар үшін өз есігін айқара ашты. Оқушылар Сарайы қарашада өз туған күнін атап өтпекші. Аталған мереке аясында балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылмақшы: мерекелік концерттер, танымдық-ойындар, ойын-сауық бағдарламалары, отырыстар, теренингтер, экскурсиялар....
    Күзгі демалыс кезінде мектеп оқушылары Оқушылар Сарайына барды. Балалар мұражай тарихымен танысып, ондағы Ұлы Отан Соғысымен байланысты экспонаттарды жинауға өздері сияқты балғындардың көмектескендігі жайында білді. Мұражай қорын толықтыруға ҰОС ардагерлері де ат салысқан. Соғыс кезінде жазылған естеліктер, хаттар, фотосуреттер, марапаттаулар әлі күнге дейін сақталған.
      Балалардың көпшілігі соғыс кезінде жазылған хаттарды, құжаттарды, басқа да заттарды көріп таң қалысты. Сонымен қатар оқушылар «Эко – мир»  үйірмесінің жетекшісі И.Н.Матвеевамен кездесті. Жетекші балаларды үйірме жұмысымен таныстырып, ондағы мекендеушілерді үйірме мүшелерінің қалай күтіп баптайтындығы жөнінде айтты. Экскурсия өте қызықты және танымды болды.