Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"ШОҚЖҰЛДЫЗ" орталығы

«ШОҚЖҰЛДЫЗ» орталығы

Бұл орталықта 1-11 сынып оқушылары қатысады.

Орталыққа кіретіндер: 
 - вокалдық топ «Кемпірқосақ» (30 адам)
Жетекшісі Ивашкина О. Ж

- «Дударай»  (25 адам)

 Жетекшісі  Джақсыбаева Н.С.

- домбыра  ансамблі«Жас толқын» (40 адам). Жетекшісі  Токушева А.Т.

-хореография лықансамблі «Акварель»

                                           Жетекшісі Зубкова С.А.

Хореографиялық  ансамблі«Акварель» би тобы,  домбыра  ансамблі«Жас толқын», вокалдық топ «Кемпірқосақ» пен «Дударай»  сайыс жүлдегері болды.Бірде-бір іс-шара осы ұжымдырсыз өтпейді.

 

 

"ШОҚЖҰЛДЫЗ" орталығы

     Мектеп театры – балалардың қызығушылығын, танымдылығын арттыратын орындардың бірі. Театр оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануға, мәнерлеп оқуға дағдыландырады, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Сол себепті мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 19 ғасыр жазушыларының шығармалары бойынша театр қойылымдары сайысын өткізу дәстүрге айналған.

     22 ақпанда мәжіліс залы көрермендерге толы болды. Балалар театр тарихы, павлодарлық актерлер туралы ой бөлісті. Сайыс барысында 5 сынып оқушылары шығармашылық таныта білді: 7 «В» сынып оқушылары «Тарас Бульба» шығармасынан үзінді көрсетсе, 8 «Б» сынып «Капитан қызы» повесінен, 8 «Г» – «Сығандар» поэмасынан, 9 «Б» - Н.В.Гогольдің шығармасынан, 9 «В» - М.Ю.Лермонтовтың шығармаларынан көрініс дайындады.

     Сайыстың негізгі шарты төмендегідей болды: мәтінді мәнерлеп оқу, актерлік шеберлігі, сахнадағы сөйлеу мәнері, костюмделген көрініс. Әділқазылар алқасы 9 «Б» сыныпты ерекше атап өтті(1 орын), 8 «Г» сынып (2 орын) және9 «В» сынып (3 орын). «Үздік сахналық бейне» аталымы бойынша Павловский Дмитрий (9 «Б») мен Сейсенбаева Қымбат (8 «Г») жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

 

 

Шарль Перро шығармалары бойынша ертегілерден
көрініс сайысы

 

     «12 қаңтар – француз ертегішісі Шарль Перроның туғанына 385 жыл толған күн. (1628-1703)».

    Шарль Перро  1628 жылы 12 қаңтарда Париж қаласында туған. Ол белгілі адвокат, сәулетші, ғалым, ақын, француз академиясының мүшесі, әйгілі ертегіші.  Сүйікті ертегілермен кездесу өзіңе ұнайтын адамдармен кездесумен бірдей. Балалар да сүйікті ертегілерін жыртылғанша оқиды.

Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясындамектеп оқушылары Шарль Перроныңшығармашылығы бойынша өткізілген «Сказка среди бела дня» («Тал түстегі ертегі») атты әдеби шоуға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ұлы ертекшініңтуғанына 12 қаңтарда 385 жыл толды.

Балалар Шарль Перроныңөмірбаянымен танысты және оныңертегілерін естеріне түсірді. Басты кейіпкерлер - Қасқыр және Қызыл Телпекпен, Мысықпен Золушкамен кездесті. Әдеби викторинаныңсұрақтарына жауап берді. Шарль Перро кейіпкерлері портреттерініңгалереясын ашу ерекше ұмытылмайтын сәт болды. Сүйікті кейіпкерлермен кездесу оқырмандардың Шарль Перроның ертегілеріне деген қызығушылықтарын тудырары сөзсіз.

   Балалар ертегі кейіпкерлерін сомдауда, костюмдерін таңдауда шығармашылық көзқарас таныта білді.

   Сайыс қорытындысы бойынша 6 «В» сынып «Золушка» ертегісі I орынға, 5 «В» сынып II орынға «Етік киген мысық» ертегісі, 6 «Б» сынып «Көк Сақал» ертегісі III орынға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бардтық өлеңдер сайысы

   Бард… Осы сөзді естігенде алыс пен жақын, өткен мен болашақ көз алдыңа елестейді. Есімізге алау басында ән айтушы ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз түседі.     19 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында мектебімізде тұңғыш рет бардтық өлеңдер сайысы өткізілді. Ән сайысына белсенді қатысқан сыныптар жеңімпаз атанды: 10 «Б» сынып (1 орын), 9 «Б» сынып (2 орын) және 7 «Б» сынып (3 орын).

    Біз кеш барысында бардтық өлеңдерді орындаушы Никитин, Дольский, Галич, Визбор, Окуджаваларды еске алдық… Оқушылар бәрімізге белгілі бардтар әндерін орындап, көрермендерді тәнті етті.  Кеш соңында қонақтар да өз өнерлерін ортаға салды.

   Кездесу өте қызықты болды.

 

 

 
 
«Балауса-2013»
 
     «Балауса-2013» сайысында лауреат атанған мектеп оқушыларын құттықтаймыз!