Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Патриоттық тәрбие

«Мен – Патриотпын»отансүйгіштікке тәрбиелеу

Мақсаты: Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың ерлігі рухында оқушылар бойында азаматтылық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу, өз мемлекетінің тарихына деген қызығушылығын арттыру.

 

 
Әскери-дала жиындары
 
     2014 жылғы 15-19 мамыр аралығында Шарбақты ауданы «Орман ертегісі» сауықтыру лагерінде 10 сынып бозбалаларымен әскери-дала жиындары өткізілді. Біздің мектептен оқу-жаттығу жиынына 8 оқушы қатысты. 10 сынып оқушылары әскери қызмет негіздері бойынша білімдерін шыңдап, дене шынықтырудан, сапта тұрудан өздерінің дайындық деңгейін көрсете білді. Оқу-жаттығу жиындарының болашақ сарбаздарды тәрбиелеуде маңызы зор болды: психикалық тұрақтылықты, өзін-өзі тәртіптілікке баулуды қалыптастыруға себін тигізді, оқушылардың  әскери мамандықтарға деген қызығушылығы арта түсті.
    Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша мектеп командасы Білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды. 10 «А» сынып оқушысы Қайкен Мейірманға тәулік бойы кезекшілік атқарғаны үшін грамота берілді. Сонымен қатар Мейірман 100м-ге жүгіруде курсанттар арасында III орынға ие болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ең жақсы алғашқы әскери дайындық кабинеті
 
   Ауғанстан елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жылына орай Павлодар облысының білім Басқармасының  дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшісі Әленов Тимур Мұсабекұлы біздің мектепті бірінші дәрижелі дипломмен марапаттады.
 
 
 
 
 
 
 
 
Еске алу күні
 
        Биыл Ауғанстан елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл болады. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шығарылғаны тарихтан белгілі.
     Осы маңызды оқиғаны тойлау барысында 11 ақпанда мектепте ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу күні өткізілді.
    Аталған күн салтанатты жиынмен басталды. Жиынға ауылымыздың ауған соғысы жауынгерлері, Павлодар облысы білім Басқармасының дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық аймақтық практикалық орталығының жетекшісі Әленов Тимур Мұсабекұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Тасыбаев Назымбек Жәпішұлы, Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі Басқарма бастығы Олег Владимирович Николашин, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі, Павлодар және Ақтоғай аудандарының алғашқы әскери дайындық оқытушылары қатысты. 
       Жиын аяқталған соң «Ауғанстан – жазылмайтын жара» атты сынып сағаты өткізілді.
        Сынып сағаты дәстүрлі емес түрде өткізілді: 10 сыныптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылса, 8 сынып оқушылары Ауған соғысы туралы фильм көрді.
9 сынып оқушылары жойқын күштің ортасында болған жауынгерлер туралы жазған өлеңдерін оқыды.
Мәжіліс залында кадет мектебі тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көрермендер назарына .... ұсынылды.
    Мектебімізде «Зарница» әскери-спорттық ойынын өткізу әстүрге айналған. Ойын ерекше болды, себебі шараға № 13 ЖОМ, № 30 ЖОМ,№ 35 ЖОМ 
және №40 ЖОМ оқушылары қатысты. Оқушылар әскери өнерде сайысқа түсті: автоматты жинау, гранат лақтыру, ату және топография.
       Әскери-патриоттық ойын қорытындысы бойынша № 13 ЖОМ оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынға№ 30 ЖОМ ие болды. Үшінші орынды № 35 ЖОМ мен № 40 ЖОМ командалары бөлісті. Жеңімпаздар білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды.
 
 
 
«Афганистан  жолдарымен»
 
       Павлодар қаласының 5 мектебінде Афганистан жолдарымен атты ән сайысы өткізілді  Біздің мектептен 6 «В» сыныптың оқушылары Дунаев Миша мен Камзин Тимур 9 «г» сыныптың оқушысы Толегенов Адиль сайысқа  қатысып «Сәлем, анашым» деген ән орындады.
      Осы өлен қонақтардың көңілінен шықты, белсеңді қатысқыны үшін біздің мектеп марапаттау қағазымен марапатталды. Қаланың 5 мектебі,соның ішінде біздің мектеп те « Афганистанды еске алу кеші»қалалық іс шараға шақырылды.
 
 
 
 
 
Павлодар қаласынан «Жас Ұлан»  Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің   толқынына оқушыларды қабылдау өткізілді
 
Біздің ел – Қазақстан,
Болашағы – Жас Ұлан!

 

 
     «Жас ұлан»Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау Қазақстанның тәуілсіздік күніне арналып өтті. Мектептегі 40 ең үздік оқушы, ғылыми жобаларға қатысқан, қалалық, метеп ішілік олимпиадаларға қатысқан оқушылар тандалды
     Рәсімдеу кезеңі алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін ұстаздарға берілді
 
 

 
 
«Зарница»  Әскери- патриоттық ойын
 
 
    Жыл сайын мектепте Зарница әскери патриоттық ойыны өткізіледі,биыл «Зарница» Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне арналып өткізілді. Қаладағы мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімдер қонақ ретінде осы ойынға қатысты. Ойынға 7,8,9 сынып оқушылары қатысқан, жалпы алғанда қатысқаны-50 бала, барлық оқушылар екі топқа бөлінді «қызыл» және «көк», сайыс осы екі топ арасында өткізілінді, ұйымдастырушылар 10,11 сынып оқушылары, сайыста «қызыл»тобы женімпаз болып шықты.
 
 
 
«Біздің Алғашқы Президентіміз» атты дөнгелек үстел
 
   Алғашқы президенттінің күнін тойлау алдында біздің мектебімізде Президентке арналған дөнгелек үстел өтті
Бағытты: Тәуелсіз мемлекетті құрастырудағы Н.Ә Назарбаевтің рөлі 6-8 сыныптар
Мақсаты:
·        Алғашқы Президентке құрмет көрсетуге үйрету
·        Оқушылардың қызығушылықтарын тұғыздыру
·        Президент туралы оқушылардың білімдерін бекіту
·        Оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін анықтау
  Оқушылар Президенттің өмір баянымен, айтылған сөздермен, ғылыми еңбектерімен танысты.
  Оқушылардың білімдерін бекіту үшін оқушылар «Астана- Отан жүрегі, тәуелсіздік негізі» деген слаид құрастырды.
 
  Отырыс өте қызықты және балалар үшін пайдалы өтті, үй жұмысы ретінде оқушыларға «Менің Алғашқа Президентім» деген эссе жазуға берілген.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№ 40ЖОМ әскери оқу-жаттығу жиынында
 
     2013 жылғы 20-24 мамыр аралығында мектебіміздің 10 сынып оқушылары «Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде» оқу-жаттығу жиындарынан өтті.
      Әскери оқу-жаттығу жиынының мақсаты – ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуге бозбалаларды дайындау, АӘД сабағында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, әскери қызметке бейімділігін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.
    Оқу-жаттығу жиынына 10 сыныптың 4 оқушысы қатысты. Бозбалалар төзімділік таныта отыра, практикалық сабақтардан өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Бес күн бойы оқушылар әскери қызмет негіздері бойынша теориялық білім-біліктерін шыңдады, дене шынықтырудан нормативтер тапсырды, спорт жарыстарына қатысып, гранат лақтырудан, тартылудан, 100 м-ге жүгіруден алдыңғы қатарда болды.
      Жиынның екінші күнінде бозбалалар тәулік бойы қарауылда тұрып, қорғаныс лагерін күзетті.
     Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша 10 сынып оқушылары Янбулатов Филипп пен Елқуатов Ерниязбек грамоталармен марапатталды.
Жалпы жиын ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан жоғары деңгейде өтті. Оқушылар «Болашақ сарбаздар мектебінен» сүрінбей өтті деуге болады...
 
 
 
1 МАМЫР   -  ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
 
Отан дегеніміз – кіндік қанымыз тамған жер, айналамызды қоршаған шалқар көлдер, ну ормандар, егіс алқаптары. Адам баласына  ерекше жылылық ұялататын туған өлкемізді кіші отанымыз деп айтсақ та болады
Әр адамның кіші Отаны болады. Біз үшін ол – ерке Ертістің саялы жағалауындағы Павлодар ауылы.
 Туған ауылымызда  түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт ғұмыр кешуде. Нақтылап айтсақ,  ауылымыздың 5858 тұрғынының құрамында 32 ұлт өкілдері бар.  Мамыр айының шуақты күнінде мектебімізде «Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреміз» атты шара өткізілді. 5-7 сынып оқушылары Қазақстан халықтарының ән-билерін орындады, салт-дәстүрлерін көрсетті. 7 «Б» сынып оқушылары қытай халқының шай ішу дәстүрімен таныстырып өтті.
Шара өте қызықты болды.
 
 
 
№40 ЖОМ аға вожатыйы
Маракина Н.Н.

 

Жарқын болашаққа бастаған біздің Президент

    «Тамшы телегей теңізге айналады»  деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалықққа айналды.Ел болып, еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып, дамыған елдер қатарынан көріндік, көсегемізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныттық. Осының мәні - Керей мен Жәнібек бастаған сара да дара жолды, елді бір тудың астында ұстай білген білгір саясатын Елбасымыздың,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, асқан көрегенділікпен жалғай білуінде десем, артық айтқаным емес.

    Елбасы деген кім? Елбасы дегеніміз – туған халқына, жеріне деген жауапкершілікті өз мойнына алған, ел ішіндегі тепе – теңдікті сақтаушы, халық өміріне тиімді деген  бастамаларды бастайтын және елді бір жүйеге бағындыратын адам. Менің президентім бүгінге дейін өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындады. Бұл дәстүр әрі қарай жалғасатынына кәміл сенемін. Менің елбасым мөп – мөлдір таза суға ұқсайды: ішсең, шөлің қанады; қарасаң, көзің тояды әрі сол судан дидарыңды көре аласың. Бұл нені білдіреді? Бұл президенттің өзгеге үлгі болар асыл қасиеттерін,халқына деген кіршіксіз таза пәк махабббатын аңғартады. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді» дейді арғы аталарым. Көш басындағы елбасының асыл қасиеттеріне, ел билеудегі небір дана ойларына қарап, ел болашағының жарқын болатынына, жас ұрпақтың қисық емес, түзу ағаш болып өсетініне сенімім мол.

    Адам баласы тәуелсіз, еркін, дербес өмір сүргенде ғана жан рахатына бөленеді. Елбасы сол рахатты халқына сыйлай білді. Соның арқасында біз бүгінгі күнде тәтті шәрбәттің(тәуелсіздіктің) дәмін татудамыз.

    Елбасының  жүргізген саясаты мен ел өміріне арналған бастамалары арқылы жарқын болашақтың есігін айқара аштық. Елбасы назарынан ештеңеде тыс қалмады. Тіпті қандас бауырларымыздың өзі президенттің арқасында Отанына, Қазақстанға, оралуға мүмкіндік алды. Өзінікін қойып, өзге ұлттың баласын емірене бауырына басқан қазақ елінің жан жылуы, президенттің сындарлы саясаты, елі үшін жасаған батыл қадамдары  қандас ұландарын еліне шақырды. Қазіргі күні еліне оралған оралман бауырларымыз туған жердің жұпар ауасымен тыныстап, бақытты ғұмыр кешуде.

    Өзім де жас болғандықтан, басшымыздың жастарға арналған бастамаларын түбегейлі қолдаймын. «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» жобасы және тағы да басқа сан алуан істері жастар өмірін түбегейлі өзгертіп, болашаққа нық қадамдар жасауына септігін тигізді. Осы арқылы мен өзіме,жастарға, деген қамқорлықты сезінемін. «Жастарға қамқорлық – ел болашағына деген қамқорлық».

   Еліміздегі қалыптасқан ұлыстардың арасындағы береке мен бірлік, сыйластық, достық қарым – қатынастың орын тебуі,қазақ жұртының руға, жүзге бөлінбей, тәуелсіздіктің нұрлы шапағымен  бойындағы адамгершілік деген дегдар сезімін өмірлік жарық жұлдыз етіп тұтынуы президентімнің  сындарлы саясатының арқасы екені хақ.

    Үлкен сарайды жарықтандыру үшін,алдымен жан – жақты жетілдірілген электр желісін орнату керек. Алайда сарайды жарықтандыру үшін қарапайым ғана тетікті басу керек. Елбасы сол тетікті дөп басты, жүрегімізге шамшырақ орнатты. Сондықтан елбасыма деген құрметім шексіз. Елбасының ел билеудегі үлгілі әрі өнегелі істері маған ерекше әсер ететіні соншалық – менің де саясатқа араласып, ел сүйетін, қадірлейтін басшы болғым келеді.

 

 

№ 40 ЖОМ бойынша Тұңғыш Президент Күніне арналған

шаралар жоспары

Шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Астана жәнеПрезидент» шығармалар сайысы

8-11 сыныптар

01- 15.11

Қазақ тілі мен орыс тілі ӘБ

2

«Біздің Елбасы» шығармалар сайысы

3-7 сыныптар

01-15.11

Бастауыш сыныптар ӘБ

 

3

«Менің Қазақстаным» сурет сайысы 1-7 сыныптар

01- 07.11

ДОТО, Бейнелеу өнері мұғалімі

4

Президент туралы фильм көру1-11 сыныптар 

08.11 2012

ДОТІО, сынып жетекшілері

5

«Н.Ә.Назарбаев- еліміздің тұңғыш Президенті»сынып сағаты 5-7сыныптар

«Олимпиада 2012 – елімнің мақтанышы» 8-11 сыныптар

«Мен өз елімнің патриотымын» 1-4 сыныптар

15.11.2012

ДОТІО, сынып жетекшілері

6

«Н.Ә.Назарбаев –біздің көшбасшымыз»кітап көрмесін ресімдеу

01- 09.11

ДОТІО,

кітапханашылар

7

«Президенттікэстафета» спорт сайысы 8-10 сыныптар

12 -17.11

ДОТІО, дене шынықтыру ӘБ

8

«Болашаққа ел президентімен бірге»аттыдөңгелек үстел9сыныптар

23.11.2012

ДОТІО, тарих және география ӘБ

9

«Жас Ұлан»және «Жас қыран» қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау

27.11.2012

ДОТІО, аға вожатый

 

10

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жиын

30.11.2012

ДОТІО, сынып жетекшілері

11

ҚР Тұңғыш Президенті кабинетін ресімдеу және тұсаукесері

24.12.2012

Тарих және  география Әб, кітапханашылар