Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылардың демалу және сауықтыру бағдарламасы
 «Балаға мейірімді қала»
«СОРОКа»
№ 40 жалпы орта білім беру мектебі оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыру ЖОБАСЫ
 
(экологиялық-өлкетану бағыт)
Жобаның ұраны: «ЭКОЛОГИЯ. ҚАУІПСІЗДІК. ӨМІР»
НЕГІЗДЕМЕ
 
    2012 жылдан бастап мектебіміз «Экологиялық мәдениет мектебі» қалалық тәжірибе эксперименталды алаңының статусына ие болды. Мектептің дамыту Бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – келешек буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сол себепті педагогикалық ұжым экологиялық өлкетану бағыттағы оқушылардың жазғы демалысын, сауықтыруын және еңбекпен қамту инновациялық бағдарламасын құрастырды.
   Жобаның ғылыми негіздемесін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің экология кафедрасының профессоры А.Н.Бондаренко «Жалын» зияткерлік жазғы мектебімен бірлесе отыра реттейді. Жоба жұмысына 10 сыныптың 16 оқушысы қатысады.
   Жазғы компания құрамына экологиялық-өлкетану бағытындағы 5 шағын жоба енеді: «Радуга» экологиялық бағыттағы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері, құрамына 5 шағын жоба енетін «Родник» бейінді экологиялық-өлкетану лагері.
    Жобаға қатысушылардың жалпы саны: 658 мектеп оқушысы, Павлодар ауылының әкімдігі, Мичурин, Черноярка, Чернорецк, Пресный ауылдарының әкімдіктері мен мектептері, «Бейбітшілік қоры» ұйымы, «Ремэнергосервис» ЖШС бас директоры В.И.Ноздрин, ауыл ардагерлері мен кәсіпкерлері кеңесі, полиция бөлімі, ауыл емханасы, № 117 балабақша, «Нұртас» балалар және жасөспірімдер клубы, Павлодар қаласының экологиялық мектебі, ата-аналар, ауыл орман шаруашылығы, Павлодар қаласының мәдени және ойын-сауық орталықтары, мұражайлар мен мұрағаттар.
    Экологиялық бағыттағы лагерь жұмысының тиімділігі -  оқу қызметінен зерттеу қызметінің бастапқы кезеңіне ауысу.
    Оқушылардың экологиялық және өлкетану бағытында ғылыми жобалар жазуы аталған жұмыстың қорытындысы болып табылады.
 
 «Радуга» экологиялық бағыттағы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ЖОБАСЫ
 
   “Радуга” бағдарламасы қарастырады: маусымды өзгеше ұйымдастыру, рөлдік ойындарды барынша енгізу.
     Мақсаты – оқушылардың толық жазғы демалысын қамтуға жағдай жасау, олардың бойында экологиялық білім-біліктерін қалыптастыру, балалардың дене бітімі, психикалық және эмоционалдық денсаулығын нығайту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
             Маусымның ұзақтығы 15 күн. Бағдарлама саны 170 адамнан құралған 1-5 сынып оқушыларына есептелген.  
Қызмет түрлері мен бағыттары:
·         Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі;
·         Білім беру-мазмұнды бағыты(экологиялық тәрбие);
·         Көркемдік-шығармашылық қызмет.
Бағдарлама блоктар бойынша жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, сауықтыру
Мақсаты мен міндеттері:  оқушыларды өз денсаулығына және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жұмыстың  түрлері мен формалары:
1. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
2. Ауылдың мәдени шараларына қатысу
3. Экскурсиялар, саяхаттар, қаланың мәдени-сауықтыру орталықтарына шығу
4. Экология бойынша түрлі операциялар өткізу, зерттеу жұмыстары. Оқушылардың жұмысын ресімдеу (альбомдар, фотостендтер, Кіші Қызыл кітап)
5. Рөлдік ойындар
6. Спорттық-бұқаралық шаралар
                                 Күтілетін нәтижелер:
·         Тәрбиеленішілерді жалпы сауықтыру, олардың денсаулықтарын нығайту
·        Балалар мен жасөспірімдердің дене бітімін және психологиялық күшін нығайту
·        Әлеуметтік-маңызды істерге жұмылдыру арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
·        Оқушылардың экологиялық және табиғатты қорғау дағдыларын қабылдауы
 
«Родник» жазғы экологиялық-өлкетану бағытындағы бейінді лагерінің ЖОБАСЫ
     «Родник» экологиялық-өлкетану бейінді лагері құрамына инновациялық бағыттағы 5 шағын жоба енеді: «Архивариус» іздеу-өлкетану отряды, «Жеңіс Марафоны» веложүгірісі, «GREEN PEACE» экологиялық отряды, «Жалын» зияткерлік жазғы мектебі, «Менің ауылым» еңбек отряды. Сонымен қатар дәстүрлі жобалар игерілуде: «Олимп» спорт мектебі, «Көшбасшы» отряды, «Достық» әлеуметтік-профилактикалық отряды.
«Архивариус» іздеу отряды ЖОБАСЫ
Бейінді лагерьдегі «Архивариус» іздеу отряды – барлық балалар мен мұғалімдерді біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық жұмыс түрі. Мақсаты – оқушыларға патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдай жасау.
«Архивариус» отряды – балалардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған өзара байланыстағы және өзара толықтырушы шаралар кешені.   
           Жоба Павлодар облысының 75 жылдығын, Павлодар ауылының 85 жылдығын, Ұлы Жеңістің 68 жылдығын тойлау аясында әзірленді.
 Жобаның негізгі мақсаты – жазғы сауықтыру компаниясы мерзімінде оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыптастыру үшін жағдай жасау, отансүйгіштікке тәрбиелеу,өз ауылын, елін сүйетін тұлғаны тәрбиелеу, балаларды тұлғалық дамыту және әлеуметтік бейімдеу, сауықтыру үшін жайлы кеңістік құру.
Күтілетін нәтиже:
1.    Мектеп мұражайы қорын толықтыру
2.    Оқушылардың туған жердің тарихына, салтына көз жүргіртуі, тереңінен үңілуі, ауыл тұрғындарының тағдырын қадір тұта білу
3.    «Кіші» Отанға деген патриоттық сезім таныту
4.    Қатысушылар: саны 30 адамнан тұратын 6-8 сынып жасөспірімдері.
Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған  «Жеңіс Марафоны»велоүгітжүгірісі ЖОБАСЫ
    2013 жылы «Жеңіс Марафоны» велоүгітжүгірісінің өткізілуі өлкетану қызметінің инновациялық формасы болып табылады.
Веложүгіріс ұйымдастырушылары – Павлодар ауылы әкімдігі, «Бейбітшілік Қоры» Халықаралық Қоғамдық қоры, ауыл ардагерлері мен кәсіпкерлері кеңесі, ата-аналар, «Ремэнергосервис» ЖШС бас директоры В.И.Ноздрин, Мичурин, Черноярка, Чернорецк, Пресное ауылдарының әкімдіктері мен мектептері.
Веложүгіріс жастарға патриоттық тәрбие беру, жастарды велоспортқа жұмылдыру, ауыл және қала қоғамдық өміріне қатысуға шақыру мақсатында өткізіледі.
Веложүгіріске № 40 жалпы орта білім беру мектебінің 25 оқушысы, Павлодар ауылы ардагерлер кеңесінің шығармащылық ұжымы, ауыл әкімдігі қызметкерлері. Веложүгіріске Павлодар ауылының жастары да 10 адам қатысатындығы жоспарлануда.
Веложүгіріс 2013 жылғы 27 мамырда келесі бағыт бойынша өткізіледі: Павлодар ауылы – Мичурин ауылы – Черноярка ауылы – Чернорецк ауылы – Пресное ауылы. Веложүгіріске қатысушылар аталған елді мекендерде орналасқан Даңқ ескеркіштері мен саябақтарына барады, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімін жүргізеді, ардагерлер шығармашылық ұжымымен бірлесе отыра концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Марапаттау
Веложүгірістің барлық қатысушылары ескерткіш сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталады.
Қаржыландыру жағдайы
Жүгіріске қатысушыларды тамақтандыру, автокөлік қызметі, гүл шоқтарын және сыйлықтар шығыны «Ремэнергосервис- ПВ» ЖШС мен Павлодар ауылы әкімдігі есебінен жүргізілді. Концерттік бағдарламаны ұйымдастыру шығыны «Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі» ММ есебінен жүргізілді, ата-аналар тарапынан да көмек көрсетілді.
«GREEN PEACE» экологиялық бағыттағы ЖОБАСЫ
Павлодар ауылының көрікті табиғаты балаға эмоционалдық жағынан жақсы әсер етеді, табиғатпен сырласу, серуендеп жүрудің өзі өте тиімді екені насихатталуда. Табиғатты тамашалау адамды тынықтырып, бойға күш қосады.
        Мақсаты: елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған істе оқушылар мен ауыл тұрғындарының экологиялық өзара әркеттесуі үшін жағдай жасау.
Жұмыстың бағыты: экология, сауықтыру,табиғатты қорғау қызметі  
Бағдарлама мазмұны
1.        Білім беру («Экомектеп» теориялық білім бағдарламасы, зерттеу қызметі)
2.        Экскурсиялық- тәжірибелік
3.      Әлеуметтік-педагогикалық(экологиялық жетістіктер фестивалін ұйымдастыру)
Күтілетін нәтижелер
    1.    Ауылдық жерде сапалы сауықтырумен қамтамасыз ету
    2.    Жаңа әлеуметтік тәжірибені алу.
Қорытынды жасау формасы:
·         зерттеу материалдары бойынша мақалалар жазу
·        оқу және ағарту мақсатында АКТ дярлау (сайттар, тұсаукесер)
·         олимпиадаларға, сайыстарға, конференцияларға қатысу.
Қатысушылар: саны 25 адамнан тұратын 5-8 сынып оқушылары.
 «Менің ауылым»жазғы еңбек орталығы ЖОБАСЫ
Мақсаты:
- Павлодар ауылы аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-маңызды қызмет негізінде өзін-өзі игеру үшін жағымды орта құру;
- еңбек мәдениетіне тәрбиелеу, өзін-өзі қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру.
Ауыл аймағында 720 мектеп жасындағы бала тұрады. Мектеп оқушылары жыл сайын еңбек отрядтарымен қамтамасыз етіледі.
Еңбек отрядтарының басым көпшілігі мектеп жанындағы учаскені көріктендіру отрядтары (346 оқушы 5-8 сыныптар), мектеп жабдығын жөндеу отряды (16 оқушы 10 сыныптар), ата-аналарымен жеке еңбек ету (аз қамтылған, көп балалы отбасынан 149 оқушы).
 Жазғы еңбек отрядынан басқа аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 45 жасөспірім ауылды көріктендіру жұмысына (үш маусым бойы 15 күннен) жұмылдыру. Бұл жазғы уақытта құқықбұзушылықтың, қылмыскерліктің алдын алуға жол береді, сонымен қатар экологиялық білімдерін арттыра түседі.
Еңбек отрядының ұйымдастырушысы – Павлодар ауылының әкімдігі. Бір маусымға төленетін оқушылардың еңбекақысы – 12 000 теңге.
Жоғары сынып оқушыларына арналған «Жалын» зияткерлік жазғы мектебі
Мақсаты:білім беру-мәдени шараларын ұйымдастыру арқылы қоғамда өзін дұрыс ұстай білетін, рухани жағынан бай, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру.
Жазғы мектеп 11 сынып оқушыларына арналған және екі кезеңнен тұралы (маусым, тамыз айларында жүргізіледі).
Оқушылар негізгі пәндер бойынша зияткерлік қабілеттерін арттыра түседі және оқу мекемесінде экологиялық білім беруді дамыту бойынша ПМУ профессоры А.Н.Бондаренкомен бірлесе отыра ғылыми жұмыс жүргізеді.
Күтілетін нәтиже
- білім сапасын арттыру, мектеп пәндеріне деген қызығушылығын арттыру
- оқушылар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «кіші» Отанға деген париоттық сезімдерін ояту.
      Келешекте экологиялық маңызды істерге мектеп оқушыларын көбірек жұмылдыра отыра, Павлодар ауылының кішкене тұрғындары экологиялық мәдениетті адамдар болатындығына, өздерінің «кіші» Отанын сүйетіндігіне, оны қорғайтындығына сеніміміз мол.