Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Родник» бейіндік экологиялық-өлкетану лагері

Бурабай - Қазақстанның маржаны

      Қазақстанның табиғатты қандай тамаша! Біздің елімізде Бурабай деген кереметті жер бар.Мектеп оқушылары, 26 бала Маракина Н.Н Салыкова Т.Т Бурабай деген  ғажайып жерді көріп келген.

 

Балаларымыз Бурабай табиғатына таң қалды, Абылайхан муражайын, тірі табиғаттың муражайын, тамашалап, Бөлектау тауына көтеріліп Жұмбақтасты көрді, балалар Чебачье өзеннің мөлдір суына шомылып, әлемде ең тәтті Көкшетау балмұздағын жеп қайтты.
 Біздің бес күніміз тез өтіп кетті, күнде әртүрлі спорттық сайыстар, музыкалық сайыстар,КВН, кешкі уақытта көңілді дискотекалар.

 

  Балалар «Жұлдыз» деген санаторийде тұрған, осында өте жақсы тәрбиешілер мне психологтар жұмыс істейді.

 

 

Саяхатымыз керемет болды!

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жазғы орманда серуендеу
 
     Табиғат сәні – орман-тоғайлар. Адам өмірінде орманның маңызы зор. Олардың маңызы тек құрылыс материалдарымен шектеліп қалмайды. Орман өзен мен көлдердегі судың мөлшерін реттеп отырады. Ондағы өсімдіктер топырақтарын ретсіз бұзылуынан және бүлініп кетуінен сақтайды.
Отряд мүшелері орманға серуендеп қайтты. Орманның ауасы таза, іші салқын. Орманның тазалық және тәрбиелік мәні зор. Орман – аң мен құстардың таңдаулы мекені. Ауылымыздағы Ертіс су қоймасының жиегінде отырғызылған жасыл желекті орман алқаптары елді мекенге көрік беріп қана қоймай, ауаны түрлі газ, шаң-тозаңнан сақтайды. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы, өсімдікке ықпалы зор.
    Табиғи орман, тоғайлар, қолдан отырғызылған орман алқаптары, жол бойындағы көшелердегі жасыл ағаштар мен алуан түрлі өсімдіктер осылардың бәрі де біздің жасыл достарымыз, жасыл сақшылар. Сондықтан әрбір оқушының ағаштарды мұқият сақтап, оны ретсіз сындырушыларға жол бермей, табиғатты белсене қатыса білуі шарт.
                                     
«Гринпис»отряды мүшелері
 
 
 
 
Қазақстанның Қызыл кітабы
 
      Өткен аптада «Гринпис»отряды мүшелері үшін  танымдық шара өткізілді.
 Мақсаты: Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
       Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.
Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
    Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.Балалар Қызыл кітаптағы жануарлар туралы аңыз-әңгімелер тыңдап, өлеңдер оқыды, жұмбақтар шешті. Сонымен қатар отряд мүшелері мектеп жанындағы тәжірибе учаскесіндегі өсімдіктермен танысты. Мектеп аулысының шеткі бұрышынан балалар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бір өсімдік тауып алды. Ол селеу болып шықты.
 
 «Гринпис»отряды штабы
 
 
 
Мектеп ауласы
 
         Мұғалімдер, ата-аналар және мектеп оқушылары бірлесе отыра мектеп ауласын көріктендіру ісіне қатысты.
      Мектеп ауласы - білім беру мекемесінің бұрыштамасы тәрізді, сол себепті оны үнемі қадағалап, күтіп, өзгертіп немесе шығармашылық элементтермен толықтырып отыру қажет.
«Гринпис» отряды мүшелері мектеп ауласын көріктендіру бойынша акция өткізді: мектеп ауласын көріктендірубойынша тәжірибе жұмыстарын жүргізді. Ромашкевич Данилдің ата-анасы петуния гүлінің көшетін әкеліп, оны аулаға егіп қойды. Оқушылар ауладағы гүлзарларды әдеміледі. Мектеп ауласы күн сайын көркейіп келеді.
 
«Гринпис» отрядының штабы
 
 
 
ҰБТ-ға дайындық
 
    «Жалын» жазғы зияткерлік мектебі өз жұмысын жалғастыруда, жетекшісі география пәнінің мұғалімі  Огородникова Е.А.  Жазғы мектептің  мақсаты – оқушыларды ҰБТ-ға жан-жақты дайындау.
      Мектеп бағдарламасына қазақ тілі, орыс тілі, математика және Қазақстан тарихы пәндері енгізілген. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: тірек-сызбалар бойынша жұмыс, алгоритмдер құру, ашық және жабық тесттермен жұмыс. Балалар ақпараттық құралдарды қолдана отыра, дербес компьютерде жұмыс жасайды. «Жалын» жазғы мектебінде жоғары және бірінші санатты мұғалімдер сабақ береді: Щербакова Н.В., Бейсенбаева Д.А., Надырова Ә.К., Огородникова Е.В.
 
Петрова В.Д.
 
 
 
Алақай, жаз келді!
«Достық» отрядында қызу кезең басталды!
 
      Осы демалыс қалай өтеді, қайда барамын деп ойланған едім. Әр түрлі ойлар болды, бірақ мен алдымен мектептегі лагерьге жазаламын деген ойым дұрыс болып шықты. Күн тәртібі бойынша біз таңертеңгі жаттығулар жасап, тамақтанып, түрлі қызықты іс-шараларды ұйымдастырдық. Атап айтсам «Нептун» бассейніне бару. Мен басқа сыныпта оқитын балалармен танысып достастым. Достық деген керемет сезім!!!
 
Мажников Юра, 7 «г» сынып
 
 
«Гринпис»бейінді экологиялық отряды
«Тропиктік көбелектер саябағына»саяхат
 
   «Гринпис» отрядының балалары «Тропиктік көбелектер саябағына» барды. Саябақта жүрген кезде барлық ойыңда жүрген мәселелерді ұмытасың да, өзіңді бір ғажайып бақта жүргендей сезінесің. Экскурсия барысында экзотикалық мекендеушілер туралы көп нәрсені білдік. Біз көбелектерге апельсин шырынын бердік. Саябақта көбелектің бірнеше түрі бар. Кейбір көбелектердің үлкендігі ересек адамның алақанындай болады екен. Тор ішінде жұмыртқалары салыныпты, ал арнайы камераларға көбелектердің қуыршақтары қойылыпты. Саябақта көбелектерден басқа ақ тоты құсты көрдік. Айдарлы тоты құс тор ішінде секіріп жүрді.Біз уақыттың қалай өткенін білмей қалдық. Экскурсия өте қызықты болды.
«Гринпис» отрядының штабы
 
 
 
Жалын» жазғы мектебі
 
      Мектебімізде 11 жыл бойы «Жалын» жазғы мектебі» жұмыс істейді. Оған 7, 8, 10 сынып оқушылары қатысады. 7-8 сынып оқушыларымен зияткерлік ойындар, оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін топтық жұмыстар жүргізіледі. ҰБТ-ға сапалы дайындау мақсатында 10 сынып оқушыларымен қосымша сабақтар өткізіледі. Жазғы мектепте төмендегідей шаралар өткізілді: «Ұлы ақын-жазушылар» викторинасы, «Павлодардың Ертіс өңірі» ойыны және т.б.