Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Радуга» экологиялық бағыттағы мектеп жанындағы сауықтыру лагері
Лагерьдегі соңғы күн
  
     21 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері I маусымының жабылу рәсімі өткізілді. Тәрбиешілер сыған костюмін киіп, көңілді бимен балалардың көңілін бір көтеріп тастады. Олар ғажайып гүлмен бал ашып, түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді. Әр отряд қызықты ойындар, музыкалық нөмірлер дайындап келіпті: әндер шырқалды, би биленді, түрлі ойындар көрсетілді. Шара соңында оқушылар грамоталармен марапатталды. Содан соң балалар мерекелік түскі асқа аттанды.
 
 
 
«Дәрумендер еліне саяхат»
 
    20 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы лагерьде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дәрумендер еліне саяхат» шарасы өткізілді. Шараны өткізуге бастауыш сынып мұғалімі Назаренко Ольга Владимировна жауапты болды. 4 –ші отрядтың балалары күнделікті тамақтануға дәрумендерді енгізудің қажеттілігі туралы көрініс әзірледі.
     Балалар тапсырмаларды тез орындады. Шара тартымды әрі қызықты болды.
 
 
 
Алло, біз таланттарды іздейміз!
 
     19 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы лагерьде «Алло, біз таланттарды іздейміз!» сайысы өтті. Сайысқа қатысуға тілек білдірушілер өте көп болды. Дайындық барысында бірнеше жанр іріктеліп алынды: ән, би, мәнерлеп оқу және көремендермен ойын өткізу.
     Сайыстар арасында 3 «Б» сынып оқушылары Фалеева Настя мен Цзинь Сандра залдағы көрермендермен түрлі ойындар өткізді. Ойынға белсенді қатысушыларға тәтті дәмдер таратылды. Жарайсыңдар, балалар!

 

 

 

 

Саңырауқұлақтар күні

     18 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде Саңырауқұлақтар күні өткізілді. Балалар бұл шараға саңырауқұлақтың костюмін киіп келді. Шара барысында оқушылар саңырауқұлақтар туралы қызықты мәліметтерді көптеп біліп, олардың атауларын, ерекшеліктерін, жеуге жарамды саңырауқұлақтар мен улыларын қалай ажырату керектігін үйренді. IV отряд саңырауқұлақтар туралы көрініс даярлады. Шара соңында балалар викторина сұрақтарына жауап берді және қозғалыс ойындарын ойнады.
 
 
 
 
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз
 
      «Радуга» жазғы сауықтыру лагерінде салауатты өмір салтына аса мән берілуде. Күн сайын дәрумендер терапеясы, шынығу, таңертеңгілік жаттығулар өткізіліп тұрады. 17 маусымда отряд мүшелері «Доктор Айболитке қонаққа барамыз» сайысына қатысты. Балалар сайысқа дәрігердің киімін киіп шықты. Сахнаға әр отрядтан дәрігерлер командасы шығып, түрлі тапсырмаларды орындады. Болашақ дәрігерлер адам денсаулығына пайдалы тағамдарды атады, жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке гигиена ережелерін еске түсірді. Шара соңында СӨС қалыптастыру бойынша үгіт плакатын салды. III отряд жеңімпаз атанды.
 
 
 
 
Жануарлар Күні
 
     15 маусым мектеп жанындағы жазғы лагерьде Жануарлар Күні болып жарияланды. Шара басталмас бұрын дене шынықтыру мұғалімдері «Зов Джунглей» спорттық бағдарламасын өткізді. Содан соң балалар музыкалық сағат кезінде жанауарлар туралы ән айтып, сөздерін естеріне түсірді. Бірлескен шара барысында балалар үй жануарлары өмірінен білетіндерін ортаға салды. Ұйқыдан соң экологиялық сағат өткізілді. Экосағатта жануарларды қорғау жөнінде қандай шаралар қолдану керектігі айтылды. Балалар ормандағы ескерту белгілерінің суреттерін салды.
 
 
 
Мисс және Мистер Жаз
 
     13 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы лагерьде «Мисс және Мистер Жаз» сайысы өткізілді. I отряд тәрбиешісі Токушева Айсұлу Талапқызы шараны өткізуге жауапты болды. Отряд оқушылары қызықты шара даярлады: қатысушылар тапқырлық, жылдамдық, шығармашылықпен қатар әдептілік ережелерін көрсете білді. Әр отрядтан балалар жұп болып шығып, бес жұп өзара сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша V отряд оқушылары Сәкен Еламан мен Нұрболат Марал жеңімпаз атанды.
 
 
 
 
Қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат
 
       «Радуга» мектеп жанындағы лагерінде балалар қаладағы мәдени және ойын-сауық орындарына шығуды асыға күтеді. Лагерь оқушыларының қалаға шығуына ауыл әкімдігі ат салысады. Отрядтар кезек-кезекпен күн сайын мәдениет орындарына экскурсияға шығып тұрады: «Нептун» хауызы, М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы, Павлодар қаласының № 1 музыкалық мектебі, қала саябағы, кинотеатрлар, мұражайлар және т.б. «Нептун» хауызына барған кезде дене шынықтыру мұғалімі балаларды суда жүзуге үйретті. Музыка мектебінде өткізілген концертке көрермен ретінде барған оқушылар дарынды балалардың талантына таң қалысты. Ертіс өзенінің жағалауында қыдырып, теплоходпен туған жердің сұлу табиғатын тамашалады. Алда әлі де балалар баратын қаламыздың көрікті жерлері жетерлік...
 
 
 
Гүлдер фестивалі
 
     «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде «Гүлдер фестивалі» экологиялық мерекесі өткізілді. Балаларға гүлдерден түрлі костюм әзірлеу керек еді. Олар бұл ұсынысты жаппай қабылдап, келесі күні лагерь әдемі гүлдердей құлпырып кетті. Тәрбиешілер гүлдер туралы қызықты сценарий құрастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыта білді. Шара барысында балаларға түрлі тапсырмалар ұсынылды: гүлдер туралы әндердің атауын еске түсіру, гүлдердің суретін салу, гүлдерге қалай күтім жасау керек және т.б. Сонымен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығы арта түсті: гүлдердің отаны туралы, олардың атаулары қалай пайда болғандығы жөнінде көп мәлімет білді. Шара соңында барлық отрядтар арасынан Гүлдер Патшасы мен Патшайымы таңдалынды. Шара тартымды әрі қызықты болды.
 
 
Біздің шығармашылық
 
   «Радуга» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде шығармашыл балалар жиналған. Бұған экологиялық сағатта балалардың түрлі көкөністен қолдан жасаған материалдары дәлел бола алады. Кейбір балалар таныс мультфильмдердегі кейіпкерлерді жасаған. Балалар шығармашылығын арттыруға мектеп жанындағы лагерьде аса мән беріледі: сурет сайысы, ермексаздан түрлі мүсіндер жасау, оригами үйірмесі, берілген тақырыпқа шығарма жазу және т.б.
 
 
 
Дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы
 
   6 маусымда мектеп жанындағы лагерьде «Дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы» сайыс бағдарламасы өткізілді. Шараға үш отряд қатысты. Балалар тағамдар жөнінде көптеген қызықты мәліметтер біліп, дәрігер Пилюлькинаның кеңестерін тыңдады және тағамдарды дайындау жолымен танысты. Шара қорытындысы бойынша «Апельсин» тобы (IV отряд) жеңімпаз атанды. Балалар грамотамен марапатталды.
 
 
 
 
Лагерьдің бір күнінен
 
     5 маусымда таңертеңгі астан кейін лагерь оқушылары «Әуенді тап» ойынына қатысты. Балалар музыкаға сүйіспеншіліктерін білдірумен қатар спортта да қалыс қалмайтындықтарын көрсете білді. «Көңілді старт» ойынында 5-ші отряд жеңімпаз атанды. Біраз үзілістен кейін балалар «Орман тарихы» экосағатына аттанды. Балалар орман тұрғындарының кейпін бейнелейтін костюм киіп келіпті. Тәрбиешілер қызықты ойындар өткізіп, әр отряд «5» деген бағаға ие болды. Сонымен қатар балалар ормандағы ережелермен танысып, тәрбиешілер орманды қорғаушылар адамдар  екендігін айтып өтті.
 
 
 
 
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп...»
 
    Жайдары жаз да келді. Балалар түстен кейін қозғалыс ойындарын ойнағанды ұнатады.Әр сыныптан құралған отряд оқушылары бірі-бірімен танысып үлгерді. Түрлі ойындар отрядтағы балаларды тапқырлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелей отыра, жақынырақ танысып-білуге, олардың көшбасшылық қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызды.
 
 
 
 
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
 
    Лагерьдің екінші күнінде балалармен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді. Балаларға жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, суда жүзу ережелері туралы көрсетілім бағдарламасы ұсынылды. Шара барысында лагерьде болған кездегі қауіпсіздік ережелерінің ең негізгілері анықталды.
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
 
 
     4 маусымда «Радуга» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған шара өткізілді. Мәжіліс залына 5 отрядтың балалары жиналды. Оқушылар рәміздер туралы тақпақтар оқып, ән шырқады. Балалар «Еліміздің рәміздері» деректі фильмін көре отыра, Мемлекеттік Рәміздер туралы білімдерін ортаға салды. Фильмнен соң оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Шара соңында білгір балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
 
 
Сәлем, жаз!
Сәлем, сүйіктілагерь!
 
 
Жаз жайлау неткен кеңеді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақүйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақалақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.
 
     № 40 ЖОМ-да «Радуга» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ашылды.  Бірінші маусымның ашылуы салтанатты түрде өтті.
    Содан соң Жаз шараның басты кейіпкері рөлін ойнады. Балалар Жаздың тапсырмаларын орындап, көңілді ән салып, жаз мезгілі туралы жұмбақтар шешті. «Радуга тұрғындары» мен «Тәрбиешілер» салтанатты түрде ант берді. Шара ойын түрінде өз жалғасын тапты: балалар қызықты оқиғалар еліне саяхат жасады. («Олимпиада қалашығы», «Ертегі орманы», «Байлық аралы» т.б.) Сайыс соңында балаларға сыйлықтар, тәтті дәм таратылды.