Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сыныптан тыс жұмыс

 
 
«Қауіпсіз жол үшін!» қалалық шығармалар
сайысының жеңімпаздары
 
«Қауіпсіз жол үшін!» акциясы аясында қалалық шығармалар сайысы өткізілді. 5 «Б» сынып оқушысы Чумарина Анастасия I орынға ие болды.
IIорын – Нұрғали Әйгерім (5 «А» сынып)
IIIорын – Арман Құралай (6 «А» сынып)
Құттықтаймыз!!! 
 
 
 
 
«Бір шаңырақ астында» атты
Қазақстан халықтары достығының фестивалі
 
     Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектебімізде «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өткізілді.
  Шараның мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа  тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін ғұрыптауға, құрметтеуге шақыру, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.
      Мектептің мәжіліс залында түрлі ұлттың әндері шырқалып, би биленді, көрініс көрсетілді. Сахнаға әр сынып өздері таңдаған ұлттың костюмін киім шықты. Көрермендер ду қол шапалақтап, дән риза болды.
 
 
 
 
«Жүрегімізді  мейірімділікке ашайық» акциясы

 

  Сәүірдің 18-і күні Естай атындағы сарайында үлкен концерт өтті, осы концерт обыр ауруға шалдыққан балалар үшін ұйымдастырылды. Осы акцияға біздің мектебіміз де қатысты, билеттерді сатып алып, оқушылар концертті тамашалады.

Барлық балаларға денсаулық тілейміз!


 

 
 
 
 
 
«Жарқын өмір игілігі- жақсылық»дөнгелек үстел
 
     Сынып әдістемелігінің апталығына орай 5 «а» 6 «а» сыныпта жарқын өмір игілігі – жақсылық атты дөнгелек үстел өткізілді.
    Мақсаты оқушылардың жақсылық, қайырымдылық, изгілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, адамдар арасындағы жақсылық, ізгілік ұғымынының мәнін ұғындырып, осы қасиеттердің бәрі ананың ақ сүтінен танайтындығын түсіндіру, жауапкершілікке, өзін –өзі тани білуге тәрбиелеу. Оқушылар белсенді қатысып, іс шараға риза болып қалды.
 
 
 
 
«Бір ел, бір кітап»
 
    Сынып жетекшілердің әдістемелік апталығына арналған шара «Бір ел , бір кітап» өткізілінді. Осы шара бүкіл Республикада өтті. Республикалық акцияға орай Сайын Мұратбеков шығармашылығына арналған әдеби музыкалық кешіне   10 «А» сынып оқушылары қатысып «Жабайы алма» театрлық қойылымды көрсетті.

 
 
«Оқуға қайда барамын
 
   Тоғызыншы сыныптарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілінді, жиналысқа қатысқан қала колледждері: технологиялық колледж, теміржолы колледжі, мұнайгаз колледжі, №1,№ 5,№ 7 колледждері, машинақұрылыс колледжі, жиналыста әр колледж өз бағдарламасын ұсынып,  оқушыларға, ата аналарға видеороликтер көрсетті.
   Жиналыс өте нәтижелі өтті, оқушылар мен ата-аналар сұрақтар қойып, қызығушылықпен қатысты.
 
 
 
Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды!
 
    15.04.14 жылы «Азбука дорог» атты шарамен сынып жетекшілерінің ӘБ апталығы басталды. 7 «Б» және 7 «В» сынып жетекшілері С.Н.Голубничая мен Неумывако Д.А. жол жүру ережелері бойынша жоғары деңгейе шара өткізді. Эстафета-ойыны оқушыларға жол жүру ережелерін қайталауға мүмкіндік берді. 7 сынып оқушылары күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
 
 
 
 
 
 
 
 
«Азбука дорог»
 
     15 сәуірде 7 сынып оқушыларымен «Азбука дорог» ойыны өткізілді. Жол жүру ережелері бойынша 7 б сынып оқушылары 7 в сыныбымен сайысқа түсті. Әр сынып өзіне эмблема ойлап тапты. Бірлесе отыра жолдағы жағдаяттарды талқыладық. «Жол белгілерін кім жылдам жинайды?» тапсырмасын екі топ та қызыға орындады. Балалар өлең шығарып, өздерінің жол жүру белгілерін ұсынды. Шара өте қызықты болды және достығымызды нығайта түсті...
 
7»Б» сынып оқушылары
 
 
 
 
 
 
Мәдени мұра
 
      7 «В» сынып оқушылары ата-аналарымен бірге түрік әлемінің астанасы Қазан қаласының 2014 жылдығына арналған «Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының» БҰ шығармашылық ұжымдарының концертіне барды.
       «Достық» Үйінің концерт залында Павлодар қаласынан ғана емес, сонымен қатар Екібастұз, Павлодар және Ақсу аудандарынан көрермендер жиналды. Бағдарлама «Татар моны-2013» халықаралық сайысының жеңімпазы «Мирас» ансамблінің «Қазақстан» әнімен басталды. Содан соң облыстық татар-башқұрт орталығының төрайымы Венера Иванова сөз сөйледі. 
        Концерттік бағдарлама оқушыларға қатты ұнады.
 Саяхатымыз Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин ескеркішіне жалғасты. Оқушылар ескерткіш жанында суретке түсті.
Біздің демалыс күніміз қызықты да танымды болды...
 
 
 
 
 
«Жайдан жай! »Акциясы

         Мектепте мейрімділік апталығы басталды, соған орай бүгін мектепте «жайдан жай» акциясы өтті, 2,3,4- сыныптағы оқушылар өз қолымен жүрек, күн және күлімдеген смайликтерді жасап, барлық айналадағы адамдарға таратты.
Мейірімділік және жылулық үшін рахмет балақайлар!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің апталығы
 
« Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» А.С. Макаренко       

      Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында: "XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”– деп жауапты міндет қойып отыр. Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын.  Сәүірдің 14-26 сынып жетекілердің әдістемелік бірлестігінің апталығы, күнде әр түрлі бағыттағы шаралар өткізілінеді патриоттық, құқық, рухани,салауатты өмір салтын қалыптастыру
 
 
 
 
Мектепте бағдар беру жұмысы
 
     Қазіргі түлеіктердің алдында қиын мәселе тұр; мектептен кейін дұрыс тандау жасау.
  Осы бағыттығы жұмыс біздің мектепте жүйелі түрде өткізілінеді.
   Мектепте тоғызыншы және он бірінші сыныптарға арналған  «Оқуға қайда баруға болады»  деген бағдарлаушы стенд ұйымдастырылған.
      Мектепте бағдар беру бағыттағы сынып сағаттар, іс-шаралар өткізілінеді. Павлодар оқу мекемелермен бірге күнде кезедулер үйымастаралған.
    Осы бағыттағы мектеп психологтің жұмысы да пайдалы, оқушылармен бірге күнде анкеталар мен тест жұмыстары өткізілінеді.
 
 
 
 
 
Неміс тілін ойын арқылы үйрену
 
     2014 жылғы 5 сәуірде № 40 ЖОМ-да «Неміс тілін ойын арқылы үйрену» атты тілдік чемпионат өткізілді. Ойынның мақсаты - Қазақстан және Қырғызстан мектептеріндегі неміс тілін көпшілікке тарату. Ойынды ассистент Гальман Даниель өткізді. Неміс тілін үйренуге қызығушылығы басым оқушылар ойынға белсене қатысты.
Iорын – Шкретова Лариса 9 «г», Гура Кирилл - 5 «б»
IIорын – Төлеген Әділ – 9 «г», Урсол Елизавета. – 5 «б»
   I орынға ие болған топ сертификатқа ие болды және жеңімпаздарға 9 сәуірде болатын аймақтық ойынға шақыру қағазы берілді.
 
 
 
 
«Сандар әлемінде» сайыс
 
    Барлығымыз білеміз, математика пәні ғылымдардың патшасы, сондықтан 1 «Б» сыныпта «сандар әлемде» деген сайыс өткізілінді. Сайысқа қатысқандары оқушылар мен ата-аналар.
Олардың назарына әр түрлі қызықты тапсырмалар ұсынылды:сөзжұмбақтар,анаграммалар.
  Оқушылар қызығушылықпен барлық тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде... барлық тапсырмалар шешілінді. Жарайсындар балақайлар!
 
 
 
 
 
 
«Құстар - біздің достарымыз!» Интерактивті ойын
 
    Біздің  жерімізде ғажайып жәндіктер- құстар тіршілік етеді, жерді қорғап, ұшып жреді.
Құстар болмаса тіршілік бола ма жерде?
     Наурыздың 28–і күні мектепте «Құстар біздің достарымыз!» Оқушылар белсеңді қатысып, құстарды қорғау ережелерімен танысты. В.Бианки шығармашылығымен танысып,құстардың тіршлілігімен танысты.
 

 

 

 

 

«Ертегілер әлемінде» викторинасы

        Көктемгі демалыстар- ерекше кезең, осы кезде балақайлар демалып, денсаулықтарын жақсартады, осы кезде балалар әр түрлі ғажайып жерлерге саяхат жасайды,бүгін де біздің мектепте «ертегілер әлемінде» викторинасы өтті.
     Ойын кезенде оқушылар әр түрлі ертегілерді,жазушыларды еске түсіріп, бір бірімен жарысты.
    Оқушылар қызығушылықпен әр түрлі жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға жауаптарды тауып, ән айтып, би биледі.
   «Знайки» командалары осы сайыста жеңіп, сыйлықтарға бөленді.
    Оқушыларға үй жұмысы берілді, көптеген ертегілерді оқып, сурет салып келу.
 
 
 
 
«Қазақстан республикасының  салт
дәстүрлерінің білімгері» викторинасы
 
     Наурыздың 27- і күні мектепте «Қазақстан республикасының  салт дәстүрлерінің білімгері» деген викторина өткізілді, қатысқандары 3 Г сынып оқушылары.
    1 кезеңде оқушылар өз ұрандарын ұсынды, екінші кезеңде сұрақтар қойылды, үшінші кезеңде оқушылар өз шығармашылық өнерлерін көрсетті.
   Осы ойын арқылы  оқушылардың топта жұмыс істеу қабілеттері дамып,коммуникативті қасиеттері жоғарлады.
 
 
 
 
«Қызығушылықтар әлемінде»
 
      Көктемгі демалыстар- ең қызықты кезең, осы күндері де мектептің есіктері балалар ушін ашық,біреулері би билеп, ән салып, спорттық мерекелерге қатысып жатыр, бүгін де мектепте 8 сынып оқушылар арасында «қызығушылықтар әлемінде» атты ойын- сайыс өтті, оқушылар белсеңді қатысып, тарих, география, дүниетану пәні бойынша білімдерін көрсетті, нәтижесінде.... достық жеңді!
     Барлық қатысушылар ойынға риза болып қалды, ойын ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
 

«Көптен күткен демалыстар!»

   Көктемгі демалыстарда біздің ортақ үйіміз- жер деген суреттер сайысы өтті, осы сайысқа қатысқандары 1 « г» сынып оқушылары, барлық оқушылар мадақтамаларға ие болды. Жарайсындар!

 
 
«Әке, ана және мен-  біз спорттық  отбасымыз!»
 
      Мектепте ғажайып мереке өткізілінді, осы шараның мақсаты салауатты өмір сүру жағдайларын қалыптастыру, балаларды ата-аналардың мысалдары арқылы дұрыс тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
    Осы шараға қатысқандары 22 адам,оның ішінде оқушылардың әкелері, аналары және оқушылар өздері. Мереке өте қызықты өтті, сайыстарға қатысқан ата-аналар қобалжып, көптеген эмоцияларға ие болды, осындай сәттер балалардың есте мәнгілікке қалады деп үміттенеміз!
  Осы мерекеге қатысқандар Розе,Хасанов,Тишкин, Рачковский,Пейхвассер отбасыларға үлкен алғыс белдіреміз!
Барлық отбасылар мадақтау қағаздарға және сыйлықтарға ие болды.
 
 
 
 
 
«Жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсау жағдайдың  алдын алу  жұмысы»семинар- практикумы
 
    Өзіне өзі қол жұмсау мәселесі қазіргі күнде ең қауыпты жағдай. Мектеп психологтары С. Г. Успанова мен Е. Ш. Томашева мұғалімдер арасында семинар- практикум өткізді.
      Семинарда мұғалімдер өмірде кездесетін қиын жағдайларды талқылап, шешу жолдарын табуға тырысты.
     Осы семинарда мұғалімдерге арнап қиын балалармен жұмыс істеу бойынша кеңестер шығарды.
 
 
 

     М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «Бізді қоршаған әлем» атты фотосуреттер сайысы өтті, біздің мектептен қатысқандары : Вислогузов Артём 3 «В» сынып, Осадчая Кристина 4 «Б» сынып, Цзинь Сандра  4 «Б» сынып, Безукладникова Элеонора 10 «Б», Малова Анастасия 9 «Г» сынып, Тәуекел  Асанали 5 «А» сынып.                                
   Осы сайыста біз жеңіске қол жеткізе алмадық, бірақ та фотосуреттеріміз «Твой мир»газетінде басылып шықты!
 
 
 
 
«БОЛАШАҚ   БҰГІННЕН БАСТАЛАДЫ
 
    
 
    М.М Катаев атындағы оқушылар сарайында «Болашақ   бұгіннен басталады  жасөспірімдер форумы өтті Форумға қатысқандары«Жас Ұлан» белсеңділері және   «Жас Отан» қанаттының оқушылары
     Тіркеуден кейін оқушылар шығармашылық топтарға бөлініп, жұмыс жасады. 
    Осы форумға қатысқан біздің «Содружество» бірлестігінің басшысы Ерканатов Ерлан қатысты. 
Ерлан «Шығармашылық академия» деген топта жұмыс жасап,өз пікірмен бөлісті
     Мектепке келіп Ерлан оқушыларға форумға қатысқаны жайлы айтып берді.
 
 
 
 
 

 

     М. М.Катаев атындағы оқушылар сарайында ақпанның 20- ы күні «Алтын микрофон»атты жүргізүшілер сайысы өтті, осы сайысқа біздің мектептен белсеңді қатысқандары: Воробьёва Алина и Мерненко Алина (7В сынып), Базылгазины Сауле и Самал (7А сынып), Алдан Акмарал (8А сынып) және Дунаев Михаил (6В сынып). 
     Алдан Ақмарал екінші турға өттіп, ақпанның 25- і күні екінші турға қатысты.
   Ақмарал«Алтын микрофон»сайысының женімпазы болып атанды!  Біз қуана отырып Ақмаралды құттықтаймыз!
 
 

 
Бард әндері сайысы

     8-10 сынып оқушылары бұл сайысты асыға күтті. 27 ақпанда мәжіліс залында гитара дауысы естіліп, бард өлеңдері орындалды. 9 «Г» сынып оқушылары салған ән көрермендер көңілінен шықты. Сайысқа белсенді қатысқан сыныптар: 10 «Б» сынып оқушылары, 9 «Б» сынып (Крутилко Ольга). 8 «Б» және 8 «В» сынып оқушылары да жан-жақты дайындалып келіпті.
Сайысты дайындаған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі -  Щербакова Н.В.
 
 
 
Поэзия кеші

       № 40 ЖОМ-да 24 ақпан-1 наурыз аралығында орыс тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Мектеп кітапханасында жерлес ақындарға арналған поэзия кеші ұйымдастырылды. Жүргізушілер П.Васильев, Ж.Нүркенов, В.Семерьянов, О.Григорьева, Е.Игнатовскаялардың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтып өтті. Жерлес ақындар туралы слайд бағдарламасы көрсетілді. 5-11 сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Поэзия кешін өткізуге орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Петрова В.Д. жауапты болды.
Сайыс жеңімпаздары: СинебрюковаП.,Сейсенбай Қ., Дунаев М.,
Новиков Е., Латыпова К.,
Мулина Д.,Евтушенко А.
 
 
 
 
«Халық мұрасы» домбра ансамбльдерінің облыстық фестиваль-сайысы
 
      Бес жыл бойы мектепте «Жас толқын» домбра ансамбльі жұмыс істейді. Ансамбльнің жетекшісі Токушева Айсулу Талапқызы.
    Ақпанның 19-і күні «Халық мұрасы» деген домбра ансамбльнің фестиваль- сайысы өтті. Біздің мектепке осы сайысқа белсене қатысқаны үшін мадақтама берілді.
 
 
 
 
 
Фемида клубының отырысы
 
   Ақпанның 19-ы күні мектепте «фемида» клубының отырысы өтті. Отырыстқа қатысқаны 7-9 сыныптың мектепішілік бақылау тобында тұрған оқушылары. Тақырыптың отырысы: «Қатаң заң, бірақ ол заң».
   Негізгі мақсаты:оқушыларды негізгі заңдармен таныстыру. Оқушылар топпен жұмыс жасады, әр түрлі проблемалар мәселелердін шешу жолдарын тапты. Жасөспірімнің моделін оқушылар өздері құрастырды.
 
 
 
 

 
 
 
«Жобалар сайысы»
 
     М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында жобалар сайысы өтті. Біздің мектеп осы сайысқа белсенді қатысқан.
    Біз 9 жобаны дайындадық: Ворошилова Анастасия 5 «В» сынып  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Ерқанат Ерлан «Павлодарское ауылының әскерлері» Фалеева Анастасия 4 «Б» сынып «Атаулардың құпиясы» Легович Анастасия    3  «В» сынып «Павлодарское- менің кіші отаным», Жуков Артём 2 «В» сынып , Курбаев Данияр 4 «В» сынып «Ойындар-балашағымның дәрүмендері» Юрченко Кристина – «Мен болашақтағы патриот», Радионов Артур 4 «Б» сынып «Бөлмедегі шаң құпиялары» Барлық оқушылар бірінші турдың нәтижелерін күтуде.
 
 
 
 
 
Біз ең жақсылар қатарында!
 
     М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «МЕГА ДАНС» сайысы өтті, осы сайыста № 40 мектепті ұсынған «Акварель» ансамблі.
    Көптеген қалалық сайыстарда бірінші орындарға ие болған  «Акварель» ансамблі бүкіл қалалық мектептерге белгілі.
     Көрермендер алдына төрт би көрсетілді, нәтижесінде.... біз финалға түстік!  Сәттілік тілейміз!
 
 
 
 
«Құстарды тамақтандыру»акциясы
 
     Суықтар түсе келе «Содружество»балалар ұйымы құстарды тамақтандыру акциясын жариялады Балалар құстарға тамақтандыру ақырларын орындарын жасауға ұсынды Кейбір оқушылар өз қолымен жасады, көбінесе ата-аналар көмектесүімен жасады.
       Ең белсенді қатысқын сыныптар 4 «б» және 1 «г» сынып
Ал 6 сынып оқушылары жасалынған тамақтандыру ақырларын  мектеп ауласына орнатты, сонымен қатар оқушылар құстарға тамақ әкелді.

 

"Мектептің 12 сәті"

 

     «Мектептің 12 сәті» жыл сайынғы сайысы да өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары бұл сайысқа белсене қатысушылардың бірі болды. Гала-концерт Естай атындағы ҚМС-нда өткізіліп, көрермендер назарына ең үздік нөмірлер ұсынылды. Нүркеновтер педагогикалық әулеті көрермендерді өз өнерімен тәнті етті.

 

 

 

21 қыркүйек– Халықаралық Бейбітшілік күні

   Мектебімізде Халықаралық бейбітшілік күніне арналған салатанатты жиын өткізілді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Таза бейсенбі» акциясы
 
      19 қыркүйекте бізде бірінші сенбілік өтті, оқушылар мектеп маңайын жинады.

Мы выходим на уборку,
Чтоб царила чистота.
Чтобы солнышком сияла
Вокруг школы красота.
      Алина Анциферова 3 «В»
 
Мы дружно идем на субботник,
Мы убираем школьный двор.
Ну и что, что холодно,
Мы это переживём.
Пакеты свои мы наполним
Сочной зеленой травой.
Кроликам и козочкам
Унесем домой.
Мусор убран и теперь
Школьный двор сияет
Красками ярких огней.
      Анастасия Легович 3 «В»
На субботник мы идем весело и дружно.
Будем мусор убирать: все дорожки подметать-
Ведь порядок соблюдать 
В нашем доме нужно.
      Евгения Козак 3 «В»
 
 
 
 
«Денсаулық- ең негізгі байлық»
 
   Қыркүйектің бірінші аптасында мектебіміз дәстүрлі «Денсаулық күніне» арналған шара откізді Ертіс өзенінің жағалауында.
     Біздің сынып өте ұйымшыл.
    Барлық өткізілген көңілді старт, кросс,мақал-мәтелдер сайысы бойынша алдыңғы қатарда болдық.
     Денсаулық күні-қандай тамаша!
 

 

«Балалар – жол – қауіпсіздік»

     Бүгін 8 «В» сыныпта «Балалар – жол – қауіпсіздік» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында балалар жол жүру ережелерін қайталап бекітті. Балалар бағдаршам түстері бойынша топқа бөлініп, «Жұмбақтар», «Музыка», «Жол белгілері тарихынан» атты эстафеталар өткізді. Шара  өте қызықты, көңілді және танымды болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты

   2 қыркүйекте барлық сыныптарда «Қазақстан 2050 Стратегиясы – бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты алғашқы сабақ өткізілді. Мұғалімдер сынып сағатын өткізуде интербелсенді тақтаны, ғаламтор жүйесін, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы сөзінен бейнежазбаны қолданды.
      Сынып сағатында 2012-2013 жылдарда Қазақстанда болған маңызды оқиғалар да аталып өтті.
 
 
 
«Мектепке жол» акциясы
 
     «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектепте аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету және анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Павлодар ауылының кәсіпкерлері алты мектеп оқушысына кеңсе тауарлары мен мектеп формасын алуға көмектесті.
     Жалпы сомасы 70 мың теңгеге кеңсе тауарларын және мектеп формасын, спорт киімін алуға ат салысқан қалалық мәслихат депутаты Шалабаев Сапар Қатайұлына алғысымыз шексіз.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

 
1 қыркүйекте № 40 ЖОМ-да Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. 2013-2014 оқу жылында 665 оқушы мектеп партасына отырды.Балалар жазғы демалыс бойы көрмеген сыныптас достарын, ұстаздарын сағынып қалыпты. Бұл күні оқушылардың жүздері балбұл жанып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Мектепке жол» акциясы
 
     
   Жаңа 2013-2014 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін Республика бойынша «Мектепке жол»  атты акция өткізу жарияланды.

 

 

 

 

 

1 маусым- балалар күні

Қуанышты күн бүгін
Қуанамыз біз бүгін
Алақайлап жазбенен
Қарсы аламыз
Балалар күнін!
   1 маусым- балалар күні, осы күні мектепте қызықты мереке өтті, әр түрлі станциялар жұмыс істеді, би, өлең, спорт, шығармашылық станциялар, балалар спорттық сайыстарда өз күштерін көрсетіп, ән айтып, асфальтта сурет салды, мереке өте қызықты өтті, баларға бұл күн керемет шаттық, қуаныш сыйлады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақылды мен ақылдылар
 
     2013 жылғы ақпан айында біздің оқушылар әлем көркем мәдени тарихы ойыны  «Золотое  руно» сайысына қатысты. Ойын шартты бойынша  тек ғана 4-11 сынып оқушылар қатыса алады. Ең белсенді өздерінің білімдерін көрсеткен 5 «Б» сынып оқушылар: Жарков Е, Герасимов В,Эртель Э және  7 «В» сынып оқушылар Большова К мен Кемен Ю. Барлық қатысқан оқушылар сертификатқа ие болды.Берген тапсырмалар киындау болса да,қызықты болды.Сайыс дайындығы неміс тілі пәнінің мұғалімі Эртель Екатерина Андреевнаның жетекші  көмегімен өтті.
Сайыстын қорытынды бойынша жеңімпазы да бар.Бұл 5 «Б» сынып оқушы Эртель Эдуард 60 баллдан 56 балл жинап, дипломға ие болды.
Барлық оқушыларға өз алғысымды білдіріп,оларға жаңа табысқа жетуі тілектеспін.Бәрекелді,балалар.Рахмет!
 
 
№ 40 ЖОМ
Эртель Е.А   неміс тілі пәнінің мұғалімі
 
 
 
 
Азаматтық қорғаныс күні
    13 сәуірде мектебімізде Азаматтық қорғаныс күні өткізілді. Оқушылар эвакуациялау жоспарымен танысып, оқу-жаттығу жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз
облыстық сайысы
    Мектеп оқушылары салауатты өмір салтын насихаттау аясында өткізілген облыстық сайыста жеңімпаз атанып, кубокқа ие болды. Үгіт бригадасы мүшелеріне алғысымыз шексіз.
 
 
 
 

 
Алтын ұя - мектебімізде сөз өнеріне құштарлығымен  көзге түсетін оқушылар баршылық.  Мәселен, 6 «а» сынып оқушысы Арман Жансая сияқты оқушылар өнердегі алғашқы қадамдарын басып, қала, облыс  деңгейінде өнерсүйер қауымның көзайымына айналса, енді біреулері тырнақалды туындыларын   туған жеріне, анаға арнап, өздері қатарлас оқушылар арасында,  мектеп газетінде танылып келе жатыр. Оқушылардың бірсыпырасы өнер атты үлкен даңғылға аяқ басып, түрлі шығармашылық сайыстарарда да өз өнерлерін шыңдауда. Атам қазақ «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, оқушы бойындағы дарынның алмас қылыштай жарқырап шығуына  мүмкіндік туғызып, бағыт-бағдар беру -  біздің міндетіміз. «Талаптыға нұр жауар» деген ізгі ниетпен оқушылардың шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз.

    
                Мен кіммін?

Мен қазақпын, орта жүз керейімін,
Батыр бабам Жәнібектің егейімін.
Арғы тегім Ақыт пен Оспан батыр,
Мақтан тұтар елімнің мерейімін.

Алтай тауы биігі туған жерім!
Еркелетіп өсірген туған елім.
Қазақстан, Отаным ақ ордамсың,
Өркендей бер, өрлей бер, думанды елім!

Арқалап дана халқым азап-мұңын,
Көгімде күліп тұр ғой ғажап күнім.
Елімнің үміт күтер қызымын мен,
Көк туын биікке ұстар қазағымның!

Шаттанып азат елге келдім мен,
Жайқалған жасыл шөбін бастым мен,
Қазағым бір ел болып біріккен соң,
Моңғолияның асуларын астым мен!

Ауыл бар Шаукен атты Керекуде,
Тұрамын сол ауылдың өлкесінде.
Сыңғыр қаққан Ертістің суларымен,
Көз тоймайтын бұл жердің көркіне де.

Жеткізсем өз халқыма сырымды жақын,
Елімде шығып жатыр ғұлама ақын.
Сөз майын жіберетін де тамызып та
Солардай мен де болсам ұлы ақын!

Шәкірті ұстазымен ашылмай ма,
Жырларым бір еліме шашылмай ма?
Жақсылық, шаттық тілеп қазағыма,
Толады көңілім менің осындайда.

Бір ел болып бірлікпенен жайланды,
Бұзылмасын қазағымның қаймағы.
Тағы да бір тілегім сол Алладан,
Мәңгілікке желбіресін көк байрағы!



            Ұлы парыз
Тілім менің бар қазынам, байлығым,
Баға жетпес мәңгі бақи айбыным,
Қастерлеген барша жұртың, қазағың,
Мәрмәр тілім,туған тілім - айдыным.

Өткір тіл, өзекті ой дара тілім.
Ата-бабам пір тұтқан дана тілім.
Сүйіп өтіп ана тілін бабамның,
Қастерлейік алашымның даралығын.

Сығындысы, лүпілі де жүректің,
Туған тілім, айбынысың білектің.
Қор қылмаймын өзгелердей өзімді,
Құдіретін білмей өткен тілінің.

Жүрегімді қайнатады от үрлей,
Тіл парызы неге жатыр өтелмей.
Тілекке нұр, жүрекке жыр сыйлаған
Ел болмаспыз тілімізді көтермей.

Тілімізді сақтайықшы жоғалтпай,
Жүректегі ұлы парыз болаттай.
Ата-бабам ар-намысын сақтаған,
Сөзбен жеңген, дұшпанына оқ атпай.

Мақсатым бар тіл дегенде көздеген,
Әділет пе бұл шындықты сезбеген?!
Жыр өрнегі, сөз маржанын халқымның,
Асқақтатам мәртебесін өзгеден!
        Арман Жансая, 6 «а» сынып оқушысы

       
Абайға арнау

Анасыз адам – толық жетім...

Бағаңды жүрмін сезініп,
Күн-Анам менің, Ай-Анам,
Өзіңді ойлап көз іліп,
Өзіңді көріп оянам...
       Қандай тамаша сөздер! Осы киелі сөздердің өзін жазған адамның өзі бақытты-ау! Өкініштісі сол, бүгінгі таңда бұл киелі сөздің дәмін де, мәнін де адамдардың көпшілігі түсіне қоймас.!
Адам болып жүрген жоқ қой бар адам,
"Адам" деген артық шығар шын айтсам!
Себебі де жүр ғой талай "надандар"
Өз Анасын адам құрлы көрмейтін!

"Ана деген – жүректің желімі, жұбататын!
Ана деген – гауһар тас, іздесең де табылмайтын!
Ана деген – өмір мәні, жаратушы адамды!
Ана деген – ыстық от, көңілді жылытатын!"
Деп жырлағым келеді
Мынадай бір адамға:
Шыр етіп дүние есігін ашқанда бала,
Болмады ешқандай өзгеріс айдалада...
Сондықтан да шығар ол болмады
Елден ерекше жақсы дана.
Өмірінде қандай қатты күн кешті!
Кедейлік те осы кезде тап болып,
Жалмады ол бүкіл даланы                                
Үйіндегі бар отбасы:
Мейірімді Ана, қатыгез бала.
Әкесіз өскен бала да қалай жетіссін!
Мейірміді Анасы қанша жапқысы келсе де,
Жабқызбады қатыгез бала әкесінің орынын!
Баласын көріп Анасы қалайша тыныш жата алсын?!
Қолындағы бар дәмдіні үйіп-төгіп береді
Өзі бір татым да жемейді.
Онысын көрер ұл қайда?!
Ешетеңе де аузынан шығармай
Тыныш қана дәмдіні жей береді.
Сабағы да оңып кетпеді ол баланың.
Анасы қанша жерде жұмыс істесе дағы
Ақшасы төгіліп жатқан бай болмады.
Сол себепті-ақ баласы Анасын жек көретін
"Кедей отбасыда дүниеге келдім" деп.

Бірер жылдар өтеді,
Ұлы да тез жетіледі!
Анасы әбден жүдеген,
Қолынан да келер түк қалмады.
Ал баласы қызық қуып,
Анасын көзіне де ілмейді.
Анасы айықпас дертпен ауырады,
Әрине, баласын тағы да ойлап,
Қынжылады, жылайды
Жүрегі елжіреп:
"Не жамандық істедім-ау,
Балам жетім қалатын болды-ау!"
Бір шешімге келеді,
"Ұлым оқудан қайтқанша,
Көзімді құртайын бұл жерден" деп,
Жақын досына келіп өтінішін тастайды:
"Мен қатты ауруға шалдықтым,
Сенен басқа менің сүйенішім жоқ.
Сондықтан да саған ұлымды табыстаймын!
Мына хатты қолына табыстарсың!"
Деп қынжылап тұрып айтады.
Ішкі жүрегі қанша ауырса да
Ұлынан артық ешкімі болмады.
Жалғыз қазынасы да,
Гауһар тасы да,
Алтыны да ұлы болатын.
Сондықтан да баласы ауырмасын деп
Ештеңеден таршылық көрмесін деп
Баласынан алысқа кете берді...
Баласы да түк білмей үйіне келді
Анасының жоқ екенін да сезбей
Келе сала ұйқыға кете берді.
Түсінде Анасының қатты жылап отырғанын көріп,
"Балам, жарығым" деген
Зарлы дауысын естіді.
Сол жерде-ақ баласы
Қатты шошынып оянып кетеді де.
"Ана" – деген қатты дауысты шығарады.
Сонда ғана анасының жақын досы, көршісі келіп
"Анаң жоқ" – деп, суық дауысын шығарды.
"Қалай жоқ? Анам қайда?!" –деп сұрақтың астына ала берді.
Көршісі бір ғана сөзбен аппақ аманатты береді:
"Арты қайырлы болсын!"  деген.
Баласы бірдеңені сезгендей қарайды да,
Аманатты алады да, оқиды:
"Күнім, Айым, құндызым, қымбатым...
Өмірдегі жалғыз нарым да сенсің!
Осылай қиын қыстау күнде тастағаныма кешір!
Сенен кешірім сұрасам да маған кешірім жоқ екенін білем!
Сонда да мені ажал ерте жалмады.
Өзіңе абай бол, саған ақ батамды бердім!.."
Сол жерде ақ баласы
Көздің жасы – жүректің жасы болып ақ қағазды сулады,
Шын жүректен анасына жылады...

"Жарлы кісі – жаманар,
Жаманар да қуанар"
демекші,әрбір істің өз жақсылығы да, жамандығы да болады.Тек қана оны қолдана білу қажет. Сөз соңында айтарым:
"Әкесіз адам – жарты жетім,
Анасыз адам – толық жетім..."

                        Алдан Ақмарал, 7 «а» сынып

                                                Ана махаббаты
    Сені аялап, қателігіңді  кешіретін, мақтан тұтатын, өзінің  мейірімді  жүрегімен сені жақсы көретін бірден-бір жан  – Ана.
Сен дүниеге келгенде ең бірінші көретін жан – ол. Ананың махаббаты  бала үшін алтыннын да қымбат. Ана  - сенің жаныңда жүретін періште. Сен қателік жасасаң да, ана сені кешіреді. Ақындар ана туралы қанша өлең жазған екен? Сен өз анаңа әр-қашан сенімді болу керексің, ана деген сөз үш әріптен тұрса да, үлкен мағына береді.
    Ана деген сөзді айтқанда тасымайтын қан, сезбейтін сезім болу мүмкін емес. Мен өз анамды режітсем, өзімді ешқашан кешірмеймін. Анамның раушан гүлдің жұпар иісіндей аңқыған қолы, ақ момықтай таза жүрегі жаныма мәңгілік дауа. Баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы. Ана болу -  бүкіл өміріне  кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – ұлылықтың ұлысы,  сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. Аспанға жазсам-ау, сенің есімінді, жан ана, көптік етпес еді деймін..
                                                        Ана.
 «Сен бақыттысың, тербете бер,
 Құба талдан иелген бесігімді,»
деп  М. Мақатаев ана туралы өлең жазған. «Ана» - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқыны, жанашыры, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялап, жанын да аямаған ардақтысы.
Маржандай жылтыраған көздері, қара теңіздей шашы, бұлттай жұмсақ, нәзік қолдары. Ананың махаббаты күннен де ыстық. Анамның сөзін естігенде мен тірілемін.
Ана махаббаты менің  үшін   қурап, шөлдеп жатқан жерге жауған  шарапатты да  береке-ырысы мол  жаңбырдай. Аналарымыз әрқашан қасымызда болып, жүздерінен қуаныш нұры кетпесін!      
            Жұмагелді Әділхан, 7 «а» сынып оқушысы



   АНА
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған,  жалғыз жанын да аямаған ардақтысы.
Анам - мені аялаған ақ гүлім,
Анам менің – бақытым мен шаттығым.
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған,
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін,  - деп жырлағым келеді.
 Ана - сарқылмайтын күш иесі. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - Ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да, кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана - үнемі баласы қайда жүрсе де, уайымдап жүреді. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ана туралы қаншама өлең жолдары, жырлар жазылған.
Әрбір ақын,  әр жазушы ана туралы не жазса да, бәрі шындыққа жанасады. Ешқандай адам анасы туралы жаман сөз, жаман ой айта алмайды.Б ұған себеп әрбір адам өз анасын жақсы көреді. Алыста жүрсе сағынады.
Ананың балаға, баланың анаға деген сүйіспеншілігі - адам жүрегін елжіретеді. Әр ана өз баласы үшін не істемейді?! Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз бітпеуі, сарқылмауы тиіс. Тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір беруші, асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
   Ана… Ана - деген жүрегімізге жылу сыйлайтын, құдіретті күш иесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,  жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны өмір бақи, нәрлене түседі.
  Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген екен
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
  Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, жаман  адам болып шықпасына кім кепіл. Алайда балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
 
 
Хуатхан Гүлмира, 7 «а» сынып оқушысы

Аялай біл сен деп соққан жүректі...
   Әрбір адам жарық дүниеге келгенде, аяулы анасын көреді. Анамыздың бізді «ботақаным», «қошақаным» деп аялағаны қандай жақсы! Қасыңда сырласатын, мұңыңды шағатын адам болғанын қалайсың ғой. Ол – ана. Ананың әр сөйлеген сөзі құлаққа майдай жағады. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір теңіз емес пе?! Тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап, жылап іздейтінің – ана. Ол - бәрінен де қымбат жан. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, селк етпейтін сезім болуы мүмкін емес! Ана - сенің жүрегің, сенің махаббатың, сенің құшағың, балаға тіл жеткісіз биік шың!
   Ана туралы қалам тербемеген ақын-жазушы да кемде-кем шығар. Осындай тамаша ақындардың бірі -  Төлеген Айбергенов. Төлеген Айбергеновтің «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өлеңдерінің бірі – «Ана».
«Ана саған керек болса, балаға да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға.
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда».
Міне, бұл шумақтардан ананың қадірін білуге болады.
    Мен оқыған Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» атты шығармасында ананы керемет бейнелеген. Баласы үшін жанын қиюға дайын, қайсар әрі батыр ананың бейнесін көруге болады.
  Менің ойымша, дүниедегі ең асыл жан – ана. Оның балаға сүйіспеншілігін, балаға деген махаббатын еш нәрсемен, ешкіммен салыстыруға болмайды.

 
                       Сәкен Айерке, 7 «а» сынып оқушысы

 

Мамандығым – менің болашағым

    Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» - дейді халық.

Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен таңдап алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп: адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу, шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу, халық алдына шығып ән салатын әнші болу.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек.

Мектебімізде 9,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кеңес өткізілді. Оған лицей, колледждерден мамандар шақырылды.

 

 

21 қарашада мектебімізде Жүргізушілер сайысы өткізілді

 

     Жүргізушілер сайысын өткізу жөнінде бастаманы өмір өзі көрсетті. Біз түрлі сайыстар, кештер ұйымдастыруды жақсы көреміз. Әр сайыстың, әр кештің көрермендермен еркін сөйлесе алатын ұйымдастырушысы, иесі болуы керек. Жүргізуші деп аталуы да сол себепті.

     Әділқазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиындық туғызды. Талантты балалар көп, әрқайсысы сахнада өздерін көрсетуге тырысты. Ең үздіктері «Балауса – 2013» қалалық балалар шығармашылығы сайысына қатысуға жолдама алды.

 

 

«Дәрумендер – біздің досымыз»» атты мереке

         Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Дәрумендер – біздің досымыз» атты шара өткізілді. Әр сынып дәруменнің түрлерін көрініс, ертегі қойылымдары, ән арқылы бейнелеуге тырысты. Шараға барлық бастауыш сыныптары белсенді қатысты.

    Мектеп үгіт бригадасы дәрумендердің пайдасы туралы айтып, көрермендермен қызықты ойындар өткізді. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарайсыңдар, балалар!

 

 

 

 

Күзгі мерекелер

   Қазан айында мектебімізде дәстүр бойынша күзгі мерекелер өткізілді. Күзгі шараларға барлық оқушылар белсенді қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында табиғи материалдан түрлі заттар жасаудан «Күзгі әуендер» көрмесі өткізілді.

9 «В» және 10 «Б» сынып оқушылары «Күзгі тарих» шарасын ұйымдастырды.

    Күзгі балл кешінде вальс биі орындалды. Сахнадан А.С.Пушкиннің, Феттің, Буниннің табиғат тақырыбына жазылған өлеңдері естіліп тұрды. Күз туралы әндер шырқалып, күзгі сән үлгісі көрсетілді.

      Күз – жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның адамның көңіл-күйіне де көп әсер етеді.

 

 

«Жасөспірім» шұғыл- профилактикалық шарасы.

«Жасөспірім» ШПШ аясында мектепте төмендегідей шаралар өткізілді:

- шұғыл - профилактикалық шараларды өткізудің жоспары әзірленді,

- ата-аналар қоғамдастығымен бірлесе отыра күн сайынғы рейдтер кестесі құрылды;

 

- құқықтық тақырыптарға арналған сынып сағаттары өткізілді;

 

- «Тәуекел» тобындағы балалардың бос уақыты ұйымдастырылды;

- жайсыз отбасылары бақылауға алынды;

- ШПШ барысында ата-аналар қоғамдастығымен кешкі және түнгі уақытта бақылаусыз жүретін балаларды тексеру мақсатында 6 қолайсыз отбасына рейд жүргізілді (рейд кезінде балалар үйлерінде болды);

- Октябрьская, Береговая көшелеріндегі дүкендерге рейд жүргізілді. Жасы он сегізге толмағандарға шылым және ішімдік өнімдерін сату байқалған жоқ.

Сонымен «Жасөспірім» республикалық шұғыл- профилактикалық шарасы Павлодар ауылы аймағында белсенді өткізілді және осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

«Оқушылар сарайына саяхат »

     2012 жылдың 13 наурыз күні , біздің мектеп оқушылары аға вожатыймен     Н. Н. Маракинамен  –  оқушылар сарайындағы соғыс ардагерлеріне арналған мұражайға барды.

     Әсем Қабдоллақызы Сыздыкова оқушылармен «Қазақстан тарихын білесің бе?» деген  сайыс өткізді Оқушыларға Қазақстанның рәміздері , Қазақстанның Ұлы адамдары , қалалар, облыстар туралы сұрақтар қойылды.Оқушылар арасында  сайысқа белсенді қатысып, өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсеткендерге  жүлделер берілді.

 

 

 

Ауылым асқақ жырым-85жыл

Наурыз мерекесі қарсаңында

 

    Наурыздың 14 күні мектебімізде 3-4 сыныптар арасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Павлодарское ауылымыздың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Әр елдің салты басқа» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты Қазақстан халқы достық пен бірлік ел екенін көрсете отырып, әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрін насихатттап, келешек ұрпаққа үлгі ретінде көрсету болды. Мұнда кейбірі «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», салт-дәстүрін көрсетсе, бірі қазақтың ұмыт болған ұлттық қолөнері киіз басуды, сырмақ тігуді  көрсетті. Бірі мың бұралып, украина ұлтының биін билесе, бірі грузин халқының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, енді бірі қазақтың Алдаркөсе ертегісінен үзінді көрсетті. . Сондай-ақ қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.