Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп оқушыларының шығармашылығы
 
Қасым ата туралы ой-толғау
 
     Ауыл десе,  қазақ деген сөз қатар ойға оралатыны әркімге аян. Иә, ауыл әрбір қазаққа  етене жақын. Мейлі ол қалалық болсын,  тағдыр тәлкегімен  басқа өлкеде жүрсін, әйтеуір ауылға деген бір ыстық сезім қазақ баласының бойынан табылары анық.
Кір жуып, кіндік қаным тамған  өз ауылым - өзіме оттай ыстық. Ал осынау елді мекеннің тарихына, шежіресіне, бастау бұлағына  көз жүгіртсем,  өз көзіммен  көріп, тілдесу бақытына  жетпесем де, жүрегімді  шымырлатып, ерекше жылулыққа бөлейтін   бірден бір тұлға – Қасым Мұстафаұлы Ертісбаев.
Өз атасы Ертісбай  ел қорғаған жаужүрек батыр, әкесі Мұстафа  басқарған елінің әділ, білімді де парасатты биі болса, соңдарынан ерген тұяғы -  Қасым атамыз да  ата-бабаларының  абыройын асқақтатып,  бүкіл саналы өмірін,  шалқар дарынын, қажымас қайратын  туған халқына сарп еткен  адам.  Менің көз алдымдағы бейнесі - әрқашан адалдықтан ауытқымай,  адал ғұмыр кешкен жан, себебі  аласапыран заманда  қазақ жастарын білім нәрімен сусындатып, аянбай еңбек ету – ерен ердің ісі. Сол кездегі  қанды қырғын заманның  кесірінен қудаланып, абақтыға тасталып,   ажал аузына түсіп, Махамбет айтқандай: «өзінен туған жас бала сақалы шығып жат  болса да»,  өз елінің   адал перзенті ретінде  есімі мәңгілікке қалмақ
Менің  атамекенім -  Павлодар ауылының бастауында  болған Қасым Ертісбаевтың есімі елдің шежіресіне алтын әріппен  жазылғанын мақтан етемін. Біз, тәуелсіз Қазақстанның жас қырандары,  алдынғы толқын ағалардың  үкілеген үмітін ақтап,  туған халқымызға адал қызмет  етуге уәде береміз.
Көбеш Ұлбек, 9 «а» сынып
 
 
 
     Жарқын болашаққа бастаған біздің президент
Сәкен Ботакөз

     «Тамшы телегей теңізге айналады»  деген сөзді қазақ атам тауып айтқан сияқты. Сонау XV ғасырдағы жер көлемі алақандай ғана қазақ елі бүгінде телегей теңізге, әлем мойындаған патшалықққа айналды. Ел болып, еңсемізді көтеріп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, өркениетке қанат жаю үшін әлемдік табыстарға қол созып, дамыған елдер қатарынан көріндік, көсегемізді көгертіп, тәуелсіздік жалауын жалтаң өмірдің атжал айдынында асқақ биікке көтеріп, айбынымызды жаһанға таныттық. Осының мәні - Керей мен Жәнібек бастаған сара да дара жолды, елді бір тудың астында ұстай білген білгір саясатын Елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, асқан көрегенділікпен жалғай білуінде десем, артық айтқаным емес.
    Елбасы деген кім? Елбасы дегеніміз – туған халқына, жеріне деген жауапкершілікті өз мойнына алған, ел ішіндегі тепе – теңдікті сақтаушы, халық өміріне тиімді деген  бастамаларды бастайтын және елді бір жүйеге бағындыратын адам. Менің президентім бүгінге дейін өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындады. Бұл дәстүр әрі қарай жалғасатынына кәміл сенемін. Менің елбасым мөп – мөлдір таза суға ұқсайды: ішсең, шөлің қанады; қарасаң, көзің тояды әрі сол судан дидарыңды көре аласың. Бұл нені білдіреді? Бұл президенттің өзгеге үлгі болар асыл қасиеттерін,халқына деген кіршіксіз таза пәк махабббатын аңғартады. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді» дейді арғы аталарым. Көш басындағы елбасының асыл қасиеттеріне, ел билеудегі небір дана ойларына қарап, ел болашағының жарқын болатынына, жас ұрпақтың қисық емес, түзу ағаш болып өсетініне сенімім мол.
    Адам баласы тәуелсіз, еркін, дербес өмір сүргенде ғана жан рахатына бөленеді. Елбасы сол рахатты халқына сыйлай білді. Соның арқасында біз бүгінгі күнде тәтті шәрбәттің(тәуелсіздіктің) дәмін татудамыз.
    Елбасының  жүргізген саясаты мен ел өміріне арналған бастамалары арқылы жарқын болашақтың есігін айқара аштық. Елбасы назарынан ештеңеде тыс қалмады. Тіпті қандас бауырларымыздың өзі президенттің арқасында Отанына, Қазақстанға, оралуға мүмкіндік алды. Өзінікін қойып, өзге ұлттың баласын емірене бауырына басқан қазақ елінің жан жылуы, президенттің сындарлы саясаты, елі үшін жасаған батыл қадамдары  қандас ұландарын еліне шақырды. Қазіргі күні еліне оралған оралман бауырларымыз туған жердің жұпар ауасымен тыныстап, бақытты ғұмыр кешуде.
    Өзім де жас болғандықтан, басшымыздың жастарға арналған бастамаларын түбегейлі қолдаймын. «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» жобасы және тағы да басқа сан алуан істері жастар өмірін түбегейлі өзгертіп, болашаққа нық қадамдар жасауына септігін тигізді. Осы арқылы мен өзіме, жастарға деген қамқорлықты сезінемін. «Жастарға қамқорлық – ел болашағына деген қамқорлық». Елбасының «Еліміздің келешегі - жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді.


   Еліміздегі қалыптасқан ұлыстардың арасындағы береке мен бірлік, сыйластық, достық қарым-қатынастың орын тебуі, қазақ жұртының руға, жүзге бөлінбей, тәуелсіздіктің нұрлы шапағымен  бойындағы адамгершілік деген дегдар сезімін өмірлік жарық жұлдыз етіп тұтынуы президентімнің  сындарлы саясатының арқасы екені хақ.
    Үлкен сарайды жарықтандыру үшін, алдымен жан-жақты жетілдірілген электр желісін орнату керек. Алайда сарайды жарықтандыру үшін қарапайым ғана тетікті басу керек. Елбасы сол тетікті дөп басты, жүрегімізге шамшырақ орнатты. Сондықтан елбасыма деген құрметім шексіз. Елбасының ел билеудегі үлгілі әрі өнегелі істері маған ерекше әсер ететіні соншалық – менің де саясатқа араласып, ел сүйетін, қадірлейтін басшы болғым келеді.

 

Жұмыс тақырыбы: « Мен елімнің нағыз патриотымын»

 Жанр: проза
 Аты жөні: Әдепбай Диля Арманқызы
Сынып: 2 «А» гимназия сыныбы
жетекші: Салыкова Толқын Темиртасқызы

 

           Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде  мен үшін өте ыстық, өте әдемі жер орналасқан- ол Қазақстан.
            Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық аяздары да, терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата- бабаларым туып - өскен, олардың тарихы менің тарихым, олардың туған тілі - менің тілім.
            Менің елім ерекше ел, өйткені тек  біздің елде бір жүзден астам халықтар тату тәтті өмір сүреді, тек біздің елде, мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады, барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп, өз ұлттық тағамдарын дайындап әр түрлі тілдерде өлеңдер айтып, би билейді, тек біздің елде сондай жоғары деңгейде наурыз деген керемет мереке тойланады.
            Менің елім ерекше, өйткені менің елімде ұлы адамдар өмір сүрген, ол Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфулин, Қаныш Сәтбаев, Мағжан Жұмабаев және тағы да көптеген бүкіл әлемге әйгілі адамдар.
            Менің елім үшін Әлия, Мәншүк деген батыр қыздар өз жандарын аяған жоқ, мен  өз  жерлестерімен мақтанамын.
Қазақстанда тұратын адамдар да басқаша: мейірімді, қонақжайлы, тәрбиелі.
            Тек менің елімде Алматы қаласында сондай дәмді, жұпариісті алмалар өседі, тек біздің қазақ әжелеріміздің бауырсақтары сондай тәтті болады, тек біздің суреттерімізде жасыл шөптің үстінде әдемі жылқылар жайылып жүреді, киіз үйдің қасында үстелдің басында көп адамдар шәй ішіп отырады, барлық осы жағдайлар мен үшін қымбат, мен үшін ыстық.
            Алғаш рет бала бақшада болған кезде, мен қолымды жүрегіме қойып  Қазақстанның әнұранын айттым, сол кезде жүрегімде, сезімімде бір сөз айтылмайтын сезім пайда болды, мақтаныш па? қобалжын ба?...  осы сезім менің жүрегімде мәңгілікке қалады, әр дүйсенбі күні мектепте әнұранды айтқанда, менің ішкі дүниемнен көптеген сезімдер өтеді:отансүйгіштік, ел үшін мақтаныш, осы барлығы болмау мүмкін деген қорқыныш билейді.
            Теледидардан Азия олимпиадаларын қараған кезде, біздің туымыздың бірнеше рет көтерілуін көргенде, мен бақыттан жылағым келді, бірақ жылауға мен ұялдым.
            Мен өз отанымен мақтанамын, жазғы демалыс күндері мен Астана қаласында болдым, зәулім сарайларды, керемет ғимараттарды көріп мен таң қалдым. Байтерекке көтеріліп Нұрсұлтан атамыз қолын салған ізге қолымды қойып, мен жан жағыма қарағанда, Астананың соншалық әсемділігіне, кереметтілігіне қуандым, өз елім, өз халқым үшін, мен ойладым – «қандай біз бақытты елміз, бізде осындай танғажайып Астанамыз бар», мен өмірімде сонша көп гүлдерді бірінші рет көрдім және гүлдер жәй емес оюлар, әріптер, фигуралар түрінде өседі.
     Астанада мен бір неше күн болдым, халықаралық сайысқа қатыстым, бос уақыт кезінде мен ата-аналармен қаланы араладым, «Думан» орталығына барып балықтарды көрдім, «Мега» орталықта әртүрлі аттракционардарға бардым, Есіл өзенінің үстінен орналасқан көпірмен жүргенде қаланың тынысы естіледі екенін көрдім. Астананы мен ешқашан ұмытпаймын.
Көптеген энциклопедиялар оқыған кезде әр түрлі елдердің керемет жерлерімен  танысасын , мысалы Акрополис- әлемнің бір ғажайып жері,  мен сондай керемет жерлерге барушы едім, тек бір аптаға, сосын өз Қазақстаныма оралушы едім, өйткені менің отанымнан мен үшін артық жер жоқ.
            Осы үлкен, керемет елде менің кішкендай туған елім бар, ол Павлодар қаласы, біздің қаламыз басқа қалаларға ұқсамайды, қыста бізде өте суық күндер болады, ал жазда өте ыстық күндер, ал мамыр айында көшелермен жүргенде көзім тоймайды, қандай біздің қаламыз таза, жасыл, әсемді.
            Мен үздік оқушымын, сабақтарды тек өте жақсы оқуға тырысамын, өйткені өскенде мен жүрек емдейтін дәрігер боламын, жылда көптеген адамдар жүрек ауруларынан көз жабады, менің атам да, мен мықты дәрігер болуға тырысамын, өз халқым үшін , өз елім үшін көп еңбек жасаймын.
            Биыл біздің республикамызда «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымдар ашылды мен «Жас қыран» ұйымның  мүшесімін, мен үшін ол керемет жағдай, күшім келгенше, мен біздің алдымызға қойылған мақсаттарға жетуге тырысамын.
            Менде бір неше арман бар, біріншіден,  Қазақстан халқының денсаулығы жақсы болсын, адамдардың денсаулығы мықты болса, олар ел үшін, өз отбасылар үшін көп пайда әкеледі, көп еңбек жасайды екіншіден, біздің Қазақстанымыз Жапония, АҚШ, Франция елдерімен қатар тұрса ғой деп армандаймын, және мен білемін болашақта ол болатын жағдай.  
            Егер менен біреу сұраса  «Сен үшін өмірінде не бірінші орында тұрады - отбасын, мектебін, достарын, туған жерін?».  Менің жауабым барлық компонентер мен үшін қымбат, бірақ барлығы туған жерден басталады, отбасым, мектебім, достарым, туған жер болмаса ештеңе болмайды.
            Мен өз елімнің нағыз патриотымын, «патриот»  деген сөз мен үшін өз елін жақсы көру, қадірлеу, өз елін үшін көп еңбек жасау, ел үшін ойлау, біздің елде әр түрлі қиын жағдайлар болған кезде мысалы  табиғи апаттар мен  елім, халқым  үшін қорқып кетемін.
            Бәріміз Қазақстан халқымыз бірігіп, тату тәтті өмір сүруге тырысу керекпіз, қалаларымызды, көшелерді таза ұстау керекпіз, шет елдерден бізге қонақтар келген кезде ұят болмау керек, еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз, мен әрқашанда патриот болып, өз елімнің көркеюіне үлес қосамын, шығарма жазып отырғанда есіме келесі сөздер түседі.
 
           Ең бірінші бақытым- халқым менің,
          Соған берем ойымның алтын кенін...
          Ал, екінші бақытым- тілім менің,
          Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
          Бақытым бар үшінші- Отан деген,
          Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
                                            М.. Мақатаев

 

     Биік заңғар таудың қарлы шыңдары  көк аспанмен астасып тілдескендей,  адам жанының ішкі шабыты да  қандай да бір үлкен белес,  асуларға құштар.  Мен үшін алып та, құдіретті  тау іспеттес тұлғалар – ұлы Абай мен Шәкәрім. Тұла бойымды  алып ұшып бара жатқан тылсым күш,сөз өнеріне деген шексіз сүйіспеншілігімді мына жыр жолдары арқылы жеткізгім келеді:
 
Домбырамдабіркүйбартартылмаған,
Бойымда   дарын   бар   ашылмаған.
Бағымболса, жетермінсолмұратқа,
СолтілектісұраймынбірАлладан.
Жансая Арман

 

Иемін басымды ұлағатыңа...
Қолыма қалам алып толғанайын,
Қан тамған туған жерді еске алайын.
Өмірден өткен-кеткен бабалармен,
Ағайын   ұрпағыма   жол салайын.
Жыр қылған  талай ақын туған жерін,
Жайқалған жапырағы, шалғын  шөбің,
Солардай дарынды ақын болмасам да,
Бабалар  жолын  қуған   ізбасармын.
Қырандай қанатымды мен қағайын,
Елімді енді, ағайын,   еске   алайын.
Абай  мен Шәкәрім сынды ақындарға,
Өлең мен жыр шашу  ғып мен жазайын.

 

Абай туралы

Қазақтың бас ақыны Абай ата,
Танылған бар әлемге ұлы дана.
Өсірді талай көсем, талай шешен.
Жинаған сөз маржанын талай дана.
 
Абай ата құдіретті данышпан,
Бар қазаққа ақылымен танылған.
Әр өлеңін, асыл сөзін, жырларын,
Қазағымның ұрпағына қалдырған.

 

Ұлы Абай, сен пірімсің, ұлағатым,
Әр сөзің саф алтыннан құралатын.
Өзің салған сара жол қазақ үшін,
Тұнық бастау, мөлдір бұлақ нәр алатын.
 
Абай ұлы, Абай кен, Абай асқар,
Абай ұлық мәңгіге  ізін тастар.
Абай жолы қазақтың қан тамыры,
Болашаққа сеніммен жолды бастар.

 

Қазақ елі Абайменен танылған,
Ешқашан да өшпейді ел жадынан.
Уайым жеген қазақ үшін қаймығып,
Сондықтан да ел ағасы саналған.
 
Қолыма қалам алып толғанайын,
Қан тамған туған жерді еске алайын.
Өмірден өткен-кеткен бабалармен,
Қазақтың ұрпағына жол салайын.
 
Жырлаған талай ақын елін-жерін,
Жайқалған жапырағын, шалғын шөбін.
Солардай дарынды ақын болмасам да,
Бабамның жолын қуған ізбасармын.
 
Сұңқардай қанатымды мен қағайын,
Қырандай биікке ұшып, мен самғайын,
Абай мен Шәкәрімдей ағалардың,
Мұрасына тағзым етіп, басымды иейін.
 

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері -

Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары


     Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді.

     Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.

Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.

Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.

Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

    Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.

    Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

  Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің   пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.

Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.

     Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.

   Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.

Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын  нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.

«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір.

Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.

     Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.

Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.

    Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.

   Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.

                                                              10 "А" сынып оқушылары


 

Жолғыз қазақ - дивизия командирі

Менің атам Мұқышұлы Жүніс Баянауыл ауданы,Көгденбақ(қазіргі Тендік ауылы)

дүниеге келген. Атамыз жас кезінде ән шырқаған, жастайынан жұлқынған жас жігітке елдің көзі тиіп бір күнде дауыстан айырылған. Атам өте мейірімді, өте ақылды деп айтуға болады. Әр айтқан сөзінде үлгі-өнеге, сабырлылық байқалатын.

Менің мұғалімім атасын айтқанда, көзіне жас алып ішіне демін тартып алып, ауыр күрсініп әңгімесін-«қолда бар алтынның қадірі жоқ...»-деген нақыл сөзден кейін бастады.

Менің атамның айтуы бойынша, алты жасында әкесінен айырылып жетім қалған.

Жан-ұясында тоғыз бала болған, анасы күніне екі, үш баладан жерлеп отырған.

Бұл қайғы-қасірет, «шешек»-деген аурудан сол кездегі жас балалар қырылған.

Анасы кіші ұлын, яғни атамды да өлтіріп аламын ба деген үреймен-Теңдік ауылынан Жаңа тілек ауылында тұратын бауыры, Нүрейман нағашысының үйіне қашып келіп атамды емдеп жазып аман алып қалған екен. Ол кезде жетім жесір әйелдер, жетім балалар қардың суымен балшық езіп ауыр жұмыстар атқарған. Өгіз жегіп соқа мен жер жыртып егін себуге көмектескен. Атам алтыншы сыныпты бітірер-бітірместен ер мұғалімдерін соғысқа алып кетіп жатқан. Мектеп жабылып Баянауылда бұғалтерлік курста білім алған, онда қысқы жылы киім жоқ, кигізді аяққа пима секілді орап алып жаяу-жалпы, жолда кездескен ат-арбаға отырып ауылдан-Баянға, Баяннан ауылға жетіп отырған. Содан бір күні, атама әскерге шақыру қағазы келген.

Ол кезде атам, әжеме үйленіп отау құрған кезі екен, яғни 1941жылдың шілде айында.Үйленгендеріне үш ай толған соң, сол жақтан соғыс қатарына алынып кеткен. Атамның айтуынша; Иранда, Жапонияда, Қырғыз мемлекеттерінде болған.

Өкінішке орай атамда соғысқа қатысқаны туралы, бір жапырақ қағазын (куәлігін) жоғалтып алған. Атам 1941-1946 жылдарға дейін соғыс қатарында жүріп, елге бес жылдан кейін оралған. Елге оралған соң куәлігін Баянауылдағы ардагерлер басшысына берген, содан бір-біріне сілтеп құжат жоғалып кеткен.

Атам көзі тірісінде бармаған жері жоқ, құжатты тауып беріндер деген өтінішпен, бірақ ешқандай басшылардың көмегі тиген жоқ.

Атам 2008 жылдың наурыздың 28-і күні өмірден өтті, оған дейін осындай өзіне әділетсіздік жасалғаны үшін, сыртқа айтпасада, іштен қан жұтып, өмірінің жастық шағын соғыста өткізгеніне, елге оралған соң еш қандай көмек көрсетілмей елеусіз қалғанына қатты іштей қынжылғанын тек біз немерелері, балаларына айтқан өсиеттен аңғарылып тұратын. Қазіргі кезде әжеміз тірі, үш баласы бар-екі қыз,бір ұл.

Әжеміз сегіз бала көтерген, бес баласын жер қойнауына тапсырған,тыл ардагері.

Бұл жерде айтқымыз келгені, осындай аталарымыз өмірден көптеп өткені байқалады. Аталарымызды тек қана тоғызыншы мамыр күні ғана емес, күнде еске алсақта, патриоттық сабақ ретінде мектеп бағдарламасына енгізсек те артық емес деп ойлаймыз. Қазіргі таңда ардагерлер қатары өте сирек кездеседі, үлкен қалаларда болмаса ауылдық жерлерде мүлдем қалмады деп айтуға болады.

Мұғалімнің, атасындай ала-алмай кеткен «соғыс ардагері»-куәлігін, қолына түсіре алмай, арманда болған ардагерлер қатары болмаса екен деп тілейміз.

Себебі, «ешкім де ұмыт қалмайды, ештене ұмытылмайды»-деген қазақ ұраны қайда деп ойлайсын, осындай қиын қыстауда өмір мен өлім арасында жүрген ата-әже,

ағаларымызды ұмытпай мәңгі жас ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді ешқашан сөндірмей жадынында мәңгі сақтап тұру, келешек ұрпақтың парызы-деп айтамыз.

Соғыс кезіндегі болған жайттардан; атамыздан естіген әңгімеден біраз мәліметтер келтіре кетсек;

Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды.

Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.

Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандық

тардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді.

Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, К. Иманқүлов, Е. Качанов, т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.

Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды.

Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді.

/Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/.

Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.

Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды.

1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді.

Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.

Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.

Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны

азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты.

Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты.

Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық қүрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров,Ғ. Омаров,В. Шаруда,Қ. Қайсенов,Ә.Шәріпов,

Ә. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.

Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т. Бегилдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды.Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы

соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті.

Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

65-жыл бұл бақыт елге!
Бақыт толы күндер де.
Гүлдеп қала,
жайнап дала.
Ұлы той деп жариялаған,
тағзым еткін ерлерге!
Қарт жауынгер жасай берсін,
Жасай берші әрқашан рұхы берік қазағым!

 

Корреспондент: Павлодар қаласы,№ 40 ЖОМ ММ.
5 «а»-сынып оқушысы: Қонақбаева Сауле.
Тарих пән мұғалімі:Таңсамал Сериковна.

Павлодар ауылыныњ 80-жылдыќ мерейтойына арналѓан

Ауылым
Туѓан елім, туѓан жерім, ауылым,
Шалќар кµлім, байтаќ елім сен едіњ.
Жастайымнан ќ±рметтеген жанарым,
Сені с‰йген, ќадірлеген мен едім.
Ќанша жасќа толып келген ауылым,
Сонау к‰ннен µсіп келген, µмір µскен.
К‰міс б±лаќ сылдыраѓан ауылым,
Жарќыраѓан алтыбаќан, ауылым.
Аќ ауылым анамдайсыњ сен маѓан,
Ж‰регі оныњ сыздаѓан да толќыѓан.
Алыс жерге кетіп ќалсам бір сенен,
Саѓынармын, жалыѓармын, келермін.
(Н±рѓалиева Зємзємг‰л, 6 ќазаќ сыныбы)
 

Меніњ Отаным
Отан – меніњ ата-анам,
Отан - µлкем, астанам.
Отан – меніњ ауылым,
Отан – меніњ бауырым.
Отаным – алтын бесігім,
Туѓан жерім, мекенім.
Табиѓат байлыѓы таусылмас,
Меніњ баќытты ауылым.
Меніњ Отаным – Ќазаќстаным,
Оны мєњгі маќтан т±тамын.
Мен оны шексіз с‰йемін,
Ешќашан ±мытпаймын!
(Айдашева Ж±лдыз, 6 ќазаќ сыныбы)
 
 

Отан
Отан – меніњ ата-анам,
Отан – байтаќ кењ далам.
Отан – меніњ достарым,
Отан – шалќар кµлдерім.
Отаным - єдемі ауылым,
Отанды с‰ю – міндетім.
Отанды біз ќадірлейміз,
Маќтан т±тамыз, ќастерлейміз.
(Айдашева Айгерім, 6 ќазаќ сыныбы)