Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЖІБ 2014 жөнінде ақпарат
9 сынып оқушыларының ОЖІБ-ға
дайындық барысы туралы ақпарат
 
      9 сынып оқушыларын ОЖІБ-ға дайындау үшін желтоқсан айында мектеп әкімшілігі жоспар құрды. ДОТІО С.Х.Мұсатаева сынып жетекшілерімен бірлесе отыра 9 сынып оқушыларының тізімін құрастырды.
Мектеп әкімшілігі ОЖІБ сұрақтары бойынша оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп фойесінде «ОЖІБ-2014» стенді ресімделді. ОЖІБ ережелерімен, Нұсқаулықтарымен таныстыру мақсатында 9 сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп әкімшілігі әрбір сынама тестілеуден кейін талдау жүргізеді, ата-анасына хабардар етеді, пән мұғалімдері қосымша сабақ өткізіп тұрады. Сынама тестілеуде төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен апта сайын жеке жұмыс жүргізіледі.
Пәндер бойынша орташа баллдың артқанын төмендегі кестеден көруге болады:
 
 
 
      Директордың орынбасары 9 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен бірлесе отыра қосымша сабақтар кестесін құрды. Өкінішке орай қосымша сабақтар тиісті деңгейде өткізілмей келеді.
2013-2014 оқу жылында ОЖІБ-ға төмендегі пәндер енеді: қазақ тілі, шет тілі және география.  
ОЖІб қорытындысы бойынша мектеп бойынша орташа 14,83 баллды құрады және тапсырмаларды орындау пайызы - 46,7%.
ОЖІб қорытындысы бойынша 9 сынып оқушылары арасында барынша балл жинағандар болған жоқ.
Сынама тестілеулер қорытындысы бойынша директордың жанында жиналыс өткізіліп, ОЖІБ-ға дайындық аясындағы педагогикалық ұжым қызметіне талдау жасалынды.
 
 
Ұсыныстар:
 
1.Мектеп әкімшілігі ӘБ жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жасауды және жекелеген оқушылардың жеткіліксіз дайындығының себебін анықтауды ұсынады.
2. Мектеп әкімшілігі оқушылардың ОЖІБ-ға дайындығын жоспарға сәйкес қатаң бақылауға алсын.
3. Пән мұғалімдері ОЖІБ-ға дайындық жасауда қосымша сабақтарды өткізу сапасына аса назар аударсын.
4. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері сынама тестілеуде төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізсін.