Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Нормативтік құжаттар

 

2014-2015 оқу жылындағы №41 ЖОБМ бойынша ОЖСБ-ға дайындалу шараларының жоспары

 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

 

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау туралы

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылындағы №41 ЖОБМ бойынша ОЖСБ-ға дайындалу шараларының жоспары

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

 

1

Мектеп мұғалімдеріне негізгі орта білім беру курсынан ОЖСБ-ға дайындық сұрақтары бойынша  әдістемелік-нұсқау хат кеңесін өткізу

 

ақпан

 

Л.А.Щербакова

2

9 сыныптың ата-аналары үшін жиналыс өткізу:

1) ОЖСБ, мектеп оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау

2) Сынама тестілеудің нәтиже сапасының талдауы

 

3) ОЖСБ-ны өткізу ережесі,  оқушылардың өздерін ұстау ережесі

 

желтоқсан

қаңтар

 

 

наурыз

 

Л.А.Щербакова

9 сыныптардың сынып жетекшілері

Л.А.Щербакова

 

3

9 сынып оқушыларына жиналыс өткізу

1) ОЖСБ-ны өткізу технологиясы

2)Кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

3) ОЖСБ-ны өткізу ережесі,  оқушылардың өздерін ұстау ережесі

желтоқсан

жыл бойы

 

 

наурыз

Л.А.Щербакова

9 сыныптардың сынып жетекшілері

Л.А.Щербакова

 

4

Пәндер бойынша қосымша сабақтар кестесін құру және пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру

қыркүйек-сәуір

Л.А.Щербакова

пән-мұғалімдері

5

ОЖСБ-ға тест тапсырмаларын дайындау

 

қыркүйек-наурыз

 

Пән-мұғалімдері

 

6

9 сынып оқушыларына сынама тестілеу өткізуді ұйымдастыру.

 

 

Оқушылардың сынама тестілеулерінің нәтиже сапасына талдау жүргізу

 

қазан-сәуір

 

Л.А.Щербакова

9 сыныптардың сынып жетекшілері

Пән-мұғалімдері

 

7

Пәндер бойынша ӘБ отырысында сынама тестілеудің нәтижесін қарастыру

наурыз

 

ӘБ жетекшілері

8

9 сынып оқушыларымен психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру

 

жыл бойы

И.В.Карпова

9

9 сынып оқушылары  туралы деректер банкін құрастыру

 

қазан

 

Л.А.Щербакова

9 сыныптардың сынып жетекшілері

10

ОЖСБ-ны өткізу

сәуір

Мектеп директоры

ОТЖ ДО

Л.А Щербакова.

 

артқа


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының

2012 жылғы «6»cәуірдегі №151 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында  оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

 

Жалпы ережелер

 

1. Осы нұсқаулық«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Нұсқаулықменшік нысандары мен ведомстволық бағынушылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.

3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы атқарушы мекеме (әрі қарай - атқарушы мекеме) белгілейді.

 

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

 

5.Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6.Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ  білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері  және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.

8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.

9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.

10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі  және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.

11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.

12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.

13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.

15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.

Оқушыларға:

  1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;

  2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;

  3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;

  4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;

  5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;

  6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға

рұқсат етілмейді.

 

3. ОЖСБ-ны жоғары білім беру ұйымдарында өткізу

 

18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемінбілім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады.         

19. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетінұйымдар пайдаланатын болады.

20. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

21. ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндерінің циклдары бойынша тест тапсырмалары  пайдаланылады.

 

22. ОЖСБ кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 4 пән бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді.

24. Тестілеу оқыту тілінде, тиісінше қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

25. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларыныңсақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жіберілген Министрліктің өкілдері жүзеге асырады.

26. Тестілеудің нәтижелері студенттердің назарына тестілеу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.

артқа


 

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау туралы

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бүр түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9-сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2(3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін жәнеөзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес           2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді. 
ОЖСБ-ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте        (9(10) сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4-курста) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады.  
ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.
Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.
9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі  пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының  және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін  жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін ММББС-ның базалық және бейіндік пәндерінгің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары  пайдаланылады. 
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі. 
ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен  Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
МАБ пен ОЖСБ-ның арасындағы ерекше  айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады. 

артқа