Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаратылыстану-математикалық циклі ӘБ

Семига Николай Захарович

526e3e6b45045

Физика мұғалімі. Жоғары біліктілік санатты педагог. "Қазақ ССР Ағарту үздігі", “Ерен Еңбегі үшін” медалімен марапатталған, тәжірибелі педагог және тәлімгер. 1979-2013 жж. №43 ЖОМ директоры болып қызмет атқарды. Мектеп оның басшылығымен озық педагогикалық тәжірибе мәртебесін алды. Кәсіби шеберлік, әріптестер құрметі және білім саласына қосқан жеке үлесі үшін Павлодар қаласының білім беру жүйесінің тарихына құрметпен енгізілді.

Рахпанова Замзагуль Жаскайратовна

Photo-11

Физика мұғалімі. Жас перспективті маман. 11-сынып оқушыларын ҰБТ дайындайдаумен айналысады. БАҚ өз мақалаларын жариялайды.

Марденов Мурат Базкенович

526e286232020

Математика мұғалімі. Жоғары біліктілік санатты педагог. Қызмет барысында өзін шығармашыл, жоғары білікті, кәсіби маман ретінде көрсетті. Мурат Базкенович – ізденімпаз, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға жүйрік, өз ісіне асқан ұқыптылықпен қарайтын мұғалім.

 

Пирожникова Ирина Анатольевна

Photo-8

Жоғары санатты информатика мұғалімі. "ИКТ в образовании", "Современный урок" облыстық байқау жүлдегері. Заманауи сабақтың әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолданады, мектеп және қала мұғалімдері деңгейінде өз тәжірибесімен еркін бөліседі.

 

Ахметбекова Торгын Шалгынбаевна

Информатика мұғалімі, бірінші санатты. Педагогикалық еңбек өтілі-19 жыл. Өз жұмысына шығармашылықпен келеді, сабақта ағылшын тілінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, Заманауи сабақ әдістемесін меңгерген.

 

Алиева Гуляйм Багадатовна

5474260607c35

Жоғары санатты математика мұғалімі. Қызмет ету барысында өзін шығармашыл, жоғары білікті, кәсіби маман ретінде көрсетті. Гуляйм Багадатовна – инновациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген педагог. Сынып жетекшілік міндетін атқарады, әріптестер, оқушылар және ата-аналар арасында беделді де, тәжірибелі маман.

 

Будкова Валентина Олеговна

526897d6b5b63

Математика мұғалімі. "Математика" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі. Бірінші санатты. Жұмыс өтілімі 9 жылдан астам. Валентина Олеговна - сабақ және сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық, танымдық және практикалық қызметін жақсы ұйымдастыра алады. Қажетті материалдар, құрал-жабдықтарды дайындап қамтамасыз ету арқылы білім беру жетістіктеріне оңай қол жеткізеді.

Хотянович Зинаида Васильевна

526f99f13037c

Жоғары санатты математика мұғалімі. Осы мектепте 20 жылдан астам жұмыс істейді. Зинаида Васильевна - заманауи әдіс-тәсілдерді жақсы меңгерген, оқытудың түрлі формалары: дәстүрлі емес сабақ, үйірме және сыныптан тыс жұмыстарды қолдана отырып, білім сапасын арттыру мақсатында сабақтарды қызықты етіп өткізеді. Әсіресе, жеке және сараптап оқыту тәсілдеріне аса көңіл бөледі. Сондықтан оның сыныптарында үлгермейтін оқушылар кемде-кем.

Хузина Оксана Александровна

Photo-2

Химия және биология мұғалімі. Жас перспективті маман. Сабақ және сабақтан тыс шараларда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады.

Пономаренко Ксения Сергеевна

54741fab88dd6

География мұғалімі. Жас маман. Педагогикалық шеберлігін арттыру үшін әрдайым өздігінен білім алу жұмысына басты көңіл бөледі. Ксения Сергеевна сабақ өткізу барысында балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескереді, пәнге деген қызығушылығын арттырады, қазіргі қоғамда табысты болу үшін оның заңдылықтарын білуді үйретеді. Әр сабақты тиімді жоспарлайды, бастысын анықтайды, алға қойған мақсат пен міндеттерді орындайды. Оқу материалын тиянақты, логикалық және эмоционалдық тұрғыдан дұрыс баяндайды.

 

Радченко Галина Револьдовна

Химия мұғалімі. Жұмыс өтілі 44 жыл. Галина Револьдовна - тәжірибелі, шығармашыл, жұмыс істейтін мұғалім. Оның жұмысының айырықша қасиеттері – балаларда оқуға деген тұрақты, мақсатты ұмтылысын тәрбиелеу. Барлығын тәрбиелеу, балаларға өз құндылығын сезінуге көмектесуге – бұл осы мұғалімнің педагогикалық қызметінің басты ұстанымы.