Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Басшының блогы

Сандугаш Зейнелагабиденовна Акылжанова

Тәжірибелі ұстаз, шығармашыл тұлға, кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейде. Жоғары аналитикалық мәдениет, инновациондық педагогикалық технология негізін концептуалды білімі оған оқу-тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастыруға көмек береді. «Математика және информатика сабақтарына қызығушылықты арттыру негізінде  саралап оқыту әдісін қолдану»өздігінен білім алу тақырыбы бойынша әдістемелік жұмысты белсенді түрде жүргізеді.

Оқушылары ойлау дербестілігімен, тұрақты танымдық қызығушылығымен, іске шығармашылық амалымен дараланады. Пән бойынша оқушылардың білім сапасы - 47% құрайды. 5-ші сынып оқушылары – «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2013 жыл).

Жұмыс тәжірибесін «ХІІІ Сәтпаев оқулары» халықаралық конференциясында «Математика сабақтарында логикалық ойлауды дамыту» баяндамасымен, «Жоғары педагогикалық мектеп ортасында инновациондық білім жағдайын ұйымдастыру және мазмұнын талдау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Мектепте математика пәнін оқытуды ұйымдастыру»мақаласымен, «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін модернизациялау» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Математика мен информатика сабақтарында білім сапасын арттыру барысында интерактивті әдістерді қолдану»  баяндамасын ұсынды (2013 жыл).  

Педагогикалық шеберлігін үнемі арттыруда. «Зерттеу жұмыстары» халықаралық семинар жұмысына, «Жастар ортасында танымдық оқытуды жетілдіру» халықаралық конференция айдарында өткен «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өсуі мен оқушы тұлғасының даму факторы іспетті ғылыми-зерттеу жұмысы» (2013 жыл, сертификаттар) семинарына қатысты.

Жұмысқа қабілетті, мақсатқа ұмтылған, білімді тұлға. Оқушылар, әріптестер мен ата-аналар арасында жоғары беделге ие.