Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мемлекеттік рәміздер

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

 

         (988-2007 ҚР СТ сәйкес суреті)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқьш болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты касиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен кырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

 

      

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

             (989-2008 ҚР СТ сәйкес суреті)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде — бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардьщ, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасыньщ Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырак әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағьш бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты гой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Ескерту:

1. Ту, Елтаңба, Гимн, рәміз сөздерін тек осы қалпында қолдану керек. Байрақ, нышан, әнұран
деген сиякты «синоним» сөздерді колдануға болмайды.

2. Мемлекеттік Гимнің авторларын жазғанда «сөзі», «әні» деп кысқаша жазбай, «сөзін жазғандар», «әнін жазған» деп толық жазу керек.

3. ҚР Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, және олардың бейнелерін, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру Ережесінің 36-тармағына сәйкес Рәміздер бейнелерінің бір деңгейлі орналастырылуының сакталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.