Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Басшының қабылдау бөлмесі

Людмила Александровна Вольф – б.ғ.к., Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының академигі, «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК директоры.

1987 жылы – облыстық жас натуралистер стансасының директоры болып тағайындалды;

1999 жылы - облыстық жас натуралистер стансасы «Балалар-жасөспірімдер экологиялық мектебі» МҚКК болып қайта ұйымдастырылды;

2007 жылы - «Балалар-жасөспірімдер экологиялық мектебі» МҚКК «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК болып қайта аталынды.

Людмила Александровнаның педагогикалық өтілі 33 жыл құрайды.

- «Қосымша білім беру жүйесінде тұрақты даму мақсатындағы экологиялық білім беру» (Астана қ. ЕҚЫҰ орталығы және Азия аймақтық экологиялық орталығының жобасы);

- «2007-2010 жж. қосымша білім беру жүйесінде оқушыларға үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру»;

- «2011 – 2015 жж. құзіреттілік тәсілдемесі БЖЭТО оқушыларының кәсіби тұрғыда өздігінен анықталуының құралы ретінде» бағдарламалары;

- ЖОО жаратылыстану-ғылыми мамандықтары магистранттары мен студенттеріне арналған «Экскурсиятану» оқу-әдістемелік құралы – Павлодар: Кереку, 2012ж. оқу құралы;

- «География», «Туризм» мамандықтары студенттеріне арналған «Мектеп туризмі нұсқаушысы» элективтік курсы;

- ««Жер байлығы» балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын ұйымдастыру бойынша кешенді жобасын жүзеге асыру» Қазақстан Республикасы химия және биология мұғалімдері I съезінің материалдары, Өскемен, 2012ж;

- «Балалардың социумға табысты бейімделуі мақсатында жалпы және қосымша білім берудің біріктірілуі», «Білім беру. Туризм. Біріктіру» Халықаралық форумы: Орал, 2012ж.;

-       «Жастарға экологиялық тәрбие беру жүйесіндегі балалар-жасөспірімдер туризмі», «Балалар-жасөспірімдер туризмінде табыс жағдаятын қалыптастыру арқылы құзіреттілік тәсілдемесін іске асыру», «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Павлодар, 2013ж. мақалалары;

- «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы, «Қосымша білім және тәрбие» оқу-әдістемелік журналы, «Экоәлем» журналы республикалық басылымдарындағы мақалалардың авторы болып табылады.

Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының алқасы, ҚР коммерциялық емес экологиялық ұйымдарының ұлттық ассоциациясы директорларының кеңесі, «Экоәлем» республикалық журналы редакциялық кеңесінің мүшесі болып келеді.

Марапаттары:

- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі (1993ж.);

- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы (2004ж.);

- ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасы (2009ж.);

- ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Дипломы (2006, 2012 жж.);

- ҚР БҒМ Ұлттық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығының Құрмет грамотасы (2009ж.);

- «Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ Құрмет грамотасы (2010ж.);

Байланыс жұмыс телефоны, e-mail: +7(7182) 624-624, ekowolf@mail.ru.