Детский сад №16 города павлодар
г. Павлодар, ул. Камзина, 356
577387
Вернуться на главную страницу отдела образования

 

1. Толық атауы: 

    

    Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 16 сәбилер балабақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны.   

   

                      


 

2. Мекен жайы:

 Павлодар қаласы, Камзин көшесі № 356 үй, телефон 57 73 87

 

3. Жалпы мәлімет:

Ашылған жылы:  2006 жыл 25-ші ақпан

Жобалы қуаты - 320

Топ саны - 12

Балабақшаның жұмыс уақыты: 7. 00- 19.00

Балабақшаның материалдық базасы:

Дене шынықтыру залы, хауыз, ән-күй залы, логопед пен ағылшын тілі кабинеті,  әдіскер кабинеті, медициналық кабинет, физиокабинет, кір жуатын орын, асхана, есепші кабинеті.

 

Балабақшада 24 тәрбиеші, 3 ән-күй жетекшісі, 1 ағылшын тіл мұғалімі, логопед және дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет атқарады

         

 4. Мектепке дейінгі мекеме басшылары:

 
 

Басшы:    Анар Қасенқызы Тулеубекова
 

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты:

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма

сағат 15.00-17.00

Сенім телефоны: 62- 46- 84

Әдіскер:  Айнұр Айтмұхамбетқызы Темірғалиева
 

5. Балабақшаның 2014-2015 оқу жылына міндеттері:

1. Мектепке  дейінгі балалардың  шығармашылық қабілеттерін театр түрлерін  қолдану арқылы дамыту

 

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық қимылды ойындарды қолдану

 

 

   лужоклужок  

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту туралы әңгіме қозғады. Оны «Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары» атты тақырыбында атап өтті. 

Елбасы баса мән беріп келген мәселелердің бірі – балалардың мектепалды даярлығының тиісті деңгейде жүргізілуі. «Сіздер білесіздер, мен басты міндетті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болған «Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім» деді Жолдауда.

Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын. Ол үшін мынандай 3 түрлі бағытта қызмет атқару керек:

1.  Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

2. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы. Мен әрдайын бүгінде қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру – бұл өздері үшін міндетті шарт екенін айтып жүрмін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет

3.  Біз  қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз, - деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.