Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорны
Павлодар қ., Айманов көшесі, 32
сенім телефоны 642749 телефон 642750
Вернуться на главную страницу отдела образования

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім берук бөлімінің "Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорны

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы N 1718/27 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 3369 тіркелді

РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына cәйкес, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Қоса беріліп отырған "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Павлодар қаласының әкімі                                     О. Қайыргелдинов

Павлодар қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
 N1718/27 қаулысымен   
 бекітілді      

   "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

   1. Жалпы ережелер

        1. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар қаласының барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – мектепке дейінгі ұйым) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны стандарттың 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымы мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Білім беру ұйымының орналасқан орны туралы ақпарат Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мына сайтында орналасқан: www.goo.kz.
       7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты алушы мектепке дейінгі ұйымы мен бөлімінің интернет-ресурстарынан, мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы ақпараттық стендтерден, сондай-ақ бөлімдегі (8-718-2) 32-07-61 телефонға шалу арқылы алуға болады.
       8. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды мектепке дейінгі ұйымға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің рұқсат берілген ең көп уақыты – кемінде 30 минутты құрайды.
      9. Егер стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық  құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      10. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі ұйымға өтініш жасаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымының басшысы белгілеген заңды өкілдерді қабылдау кестесіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      12. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.
      13. Мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
      14. Шарт бланкілерін мектепке дейінгі ұйымының басшысы береді. Шарт екі данада жасалады.
      15. Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етілмейді.
      16. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі ұйымында мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық-фукционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:
      1) мектепке дейінгі ұйымының басшысы;
      2) мектепке дейінгі ұйымының іс жүргізушісі.
      18. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой - түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.                                                                                                                        4. Мемлекеттік қызмет көрсететін                                                                                                        лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауап береді.

  "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
 мемлекеттік қызмет регламентіне     
 2012 жылғы 27 желтоқсандағы N 1718/27   
 1-қосымша            

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы  № 1119 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2)3) тармақшаларына29-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      6) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      7) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      8) «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      9) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      10) «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      11) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      12) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      13) «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      14) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      15) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      16) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      17) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      18) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      19) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      20) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      21) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      22) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      23) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      24) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      25) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      26) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      27) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      28) «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
      29) «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      30) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
      31) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      32) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 6-бөлім жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                                   К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

"Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" МҚКК 1980 жылы наурыз айында ашылды. "Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" № 802/16 Жарлығы Павлодар қаласы әкімдігімен 2004 жылы 27 қыркүйегінде бекітілді.  Павлодар қаласының білім беру Департаментімен 2001 жылғы 25 желтоқсанда №0005691 АА сериясы мемлекеттік лицензиясы берілді. "Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" МҚКК алғаш рет Павлодар облысының әділет басқармасында 1999 жылғы 11 мамырда тіркелді, қайта тіркеу 2005 жылғы 18 мамырда жүргізілді, заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелуі туралы №6586 - 1945 - ГП куәлігі берілді. 

Құрылтайшысы Павлодар қаласының әкімдігі. 

Орналасқан мекен - жайы: 140005 Павлодар қаласы Айманов көшесі 32.  Жоба қуаттылығы 90бала. 

6 топты қалыптастырады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін  арнайы тағайындалған төрт топ. Орта арнайы топ, екі ересек арнайы топ, дайындық арнайы топ. Орта және дайындық тобы.  

"Павлодар қаласының №39 сәбилер бақшасы" МҚКК

Жұмыс бағыты: Білім беру - сауықтыру. 

Табиғатпен сырласу, сабақтарда және тәжірибелік қызметте алынған білімдері арқылы балалардың физикалық,  психикалық және әлеуметтік денсаулығының деңгейін жоғарлату.