e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25   Жол жүру картасы
телефон: 32-21-67
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Сенім телефоны:
8 7182 32 19 37
Бір жылда2084992
Бір айда113997
Бір аптада28068
Кеше4630
Тәулік400
Педагогтер қызметтерінің сараптамасы

Педагогтер қызметтерінің сараптамасы

15-01-2016 10:08

Педагогтің  кәсіби өсуінде маңызды істің бірі ол аттестатциядан өту.  Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті аттесациядан өтудің  мақсаты  мұғалімнің кәсіби  өсуі және мұғалімнің шеберлігін шындау болып табылды.

Аттестация келесі маңызды қағидалардан құрылады: жеке тұлғаның басымдылығы, ашық және  шешім шығарудағы  басымдылық.

Әдістемелік кабинетте аттестатциядан өту  кезең  бойынша өткізіледі. Бірінші кезең- дайындық кезеңі.

Аттестатцияны сапалы өткізу мақсатында  пеагогикалық кадрлармен  бірінші жарты жылда білім беру мекемелерінің басшыларымен  бірлесе аттестацияны өткізудің қолайлы жолдары туралы семинарлар өткізілді.

Санатын көтеру туралы өтініш берген мұғалімдерге  жеке кеңес беру сағаттары берілді, яғни ашық сабақ, семинар, шығармашылық жұмыс және шеберлік сағаттары, бұл жұмыс түрлерін өткізуде әдістемелік көмек көрсетілді.

Екінші кезеңде мұғлімнің  жұмысы ұсынылған санаттың талабына сәйкестігіне сараптама жүргізілді.  Мұғалім қызметінің маңыздылығы – мұғалімнің  аттестатцияға дейінгі аралықтағы жұмысының талдауы, рецензияланған баспа өнімдері, түрлі деңгейдегі семинарлардағы баяндамалары.

         Үшінші кезең – аттестациядан өтіп жатқан педагог қызметінің сараптамасы. Қала мектептерінде сараптама топтары құрылды. Олар аттестацияның өту ережесін,  аттестатциядан өтетін мұғалімнің жұмысына талдау жасап  сараптаманың шешімін шығарды.

Білім беру бөлімінің әдіскерлерімен аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебін зерттеп, жеке  және топтық тәжірибе жөнінде презентация қаралды. Аттестация барысында  қалалық және облыстық  іс-шараларға  аттестациядан  өтетін 382 педагог өз жұмыс нәтижелерін көрсетті.  Олар 287 сабақ, 18 шебер – сағат, 15 қалалық және облыстық семинар, 22 шығармашылық зерттеулер өткізді.

Төртінші кезең – талдап түзету. Бұл кезең  мұғалімнің  есебі жөніде кеңес алу, мінездеме жазу, сарапшы тобының қорытындысы,  сарапшы тобының аттестация  комиссиясының жұмысына қатысу.

Мұғалімнің  педагогикалық қызметін ұйымдастыруда оның еңбегіне әділ баға беру, аттестацияның рөлі, өзінің  жинаған  жаңашыл педагогикалық  іс-тәжірибесін тарату, мұғалімнің өз біліктілігін  жоғарлатудағы өз білімін жетілдіруі зерттелді.

Мұғалімдердің   инновациялық ізденістері мен тәжірибелері ауқымды  болғаны қуанышты. Олар: халықаралық, республикалық және облыстық  конференциялар, Абай және Сәтбаев оқулары, әдістемелік басылымдар, желілік одақтарда, интернет порталдары мен жеке сайттар.    Қорытындысында, сараптама тобы  білім беру мен тәрбиелеудегі мәселелерді тиімді шешкен  мұғалімдерді атап өтті.

Дәстүр бойынша қалалық  сараптама тобының отырысы болды. Бұл топ аттестациядан өтетін бірінші және жоғары санатты педагогтердің жұмыстарына    ББжТДИО     бірлесе баға берді.

Портфолионы қорғау екі кезеңнен тұрды: электронды презентация және педагогтің портфолиосы. Онда аттестациядан өтетін педагогтің және оқушыларының жетістіктері көрсетілді.

Сараптама  қызметінің қорытындысы  бойынша 382 мұғалімге,  35 педагогке қосымша білім және  380 аса мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне сараптамалық қорытынды беріледі.

Барлық аттестаттаудан өтетін  мұғалімдерге  сәттілік, денсаулық,   береке және шығармашылық  табыс  тілеймін!

Ш.С.Нұрахметова,

Павлодар қаласының

 

білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі