e-mail: kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25   Жол жүру картасы
телефон: 32-21-67
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Сенім телефоны:
8 7182 32 19 37
Бір жылда2086766
Бір айда115771
Бір аптада29842
Кеше4630
Тәулік2174
Облыстық КВН -2016 қорытындысы

Облыстық КВН -2016 қорытындысы

15-01-2016 10:10

Жас маман педагогтер командалары арасындағы КВН – 2016 соңғы кезеңі аяқталды. Финалда Павлодар облысының  қалалары мен аудандарынан 6 жас маман командалары (Павлодар, Аксу, Қашыр, Лебяжі, Ертіс, Баянауыл) қатысты.Барлық командалар жүлделі орынға ие болуға ынталанды. Жарыс 3 параметр бойынша бағаланды: өздерін таныстыру, үй тапсырмасы, ринг (командалардың сұрақтары мен жауаптары). Лебяжі және Қашыр ауданы командаларының көрсеткен өнері өте қызықты да шығармашылыққа толы болды. Ақсу қаласы командасы  үйлесімді ойынды көрсете алды. Көрермендер  көзайымын Ертіс және Баянауыл командалары иеленді.

Ең нәтижелі,  сөзге өткір де шешен, креативті  қатысушылар Павлодар қаласының  жас мамандары болды. Команда құрамында  №24 мектеп, «Жігер» клубы қосымша білім беретін жас мамандар.

Әзіл, әртістік қасиет, тапқырлық «24.кz» командасына лайықты І -ші орын әкелсе, ІІ- ші орын  Лебяжі ауданы, ІІІ–ші Қашыр ауданы, ІV- ші  Ақсу қаласы, V-ші Баянауыл, VІ-шы Ертіс ауданы командалары ие болды.

Облыстық кәсіподақ педагогтурінің төрайымы Г.А.Наурызбаева жарыс қатысушыларын құттықтап, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Гүлбарам Әуезханқызы  қатысушыларға тамаша ойын үшін  алғыс білдіріп, алдағы барлық бастауларға табыс тіледі.

Павлодар қаласының «24.кz» конкурсының жеңімпазы «КиВиН-2016» халықаралық  фестиваліне жолдау алып, Сочи қаласына аттанды.

Оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

                       Ш.С.Нұрахметова,

Павлодар қаласының

білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі