Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Мектеп директорының виртуалдық қабылдау болмесі, сұрақтар мен жауаптар

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Мусенова Гульдана Танжарыковна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Можно ли перевести школьника в вашу школу, если он учиться сейчас в 8 классе в русском классе?
Добавлен: 15 Қазан 2022
Ответ:
Салеметсіз бе. Біздің мектептің оқыту тілі тек қана қазақша. Оқыту тілі - орысша сыныптар жоқ
Аты-жөнi: Айсұлу
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе биология пәнінен вакансия бар ма?
Добавлен: 17 Қыркүйек 2021
Ответ:
Қайырлы күн. Биология маманына бос вакансия жоқ
Аты-жөнi: Айгуль
Вопрос/обращение:
Салеметсизбе. Математика және физика пән мұғаліміне ваканттық орын бар ма
Добавлен: 19 Тамыз 2021
Ответ:
Қайырлы күн. Математика және физика маманына бос вакансия жоқ
Аты-жөнi: Егилова А.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Мектебіңізде 2021-2022 оқу жылына тарих пәні мұғаліміне ваканттық орын болады ма?
Добавлен: 18 Мамыр 2021
Ответ:
Сәлеметсіз бе. 2021-2022 оқу жылына тарих мұғалімінің ваканттық орын жоқ
Аты-жөнi: Ушакбаева Мадина Қанатқызы
Вопрос/обращение:
Салеметсіз бе! Сіздерде география пәнінің мұғаліміне вакансия барма?
Добавлен: 12 Мамыр 2021
Ответ:
Сәлеметсіз бе. 2021-2022 оқу жылына география пәні мұғаліміне вакансия жоқ
Аты-жөнi: Сулейменова
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Есть ли у вас русские классы?
Добавлен: 27 Сәуір 2021
Ответ:
Салеметсіз бе. Орыс тілінде оқытылатын сыныптар мектепте жоқ
Аты-жөнi: Жас маман.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе, сіздің мектебіңізге 2021-2022 ж оқу жылына қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміне вакантты орын бар ма?
Добавлен: 18 Наурыз 2021
Ответ:
Салеметсіз бе. 2021-2022 оқу жылына қазақ тілі мен әдебиет пән мұғаліміне вакантты орын жоқ.
Аты-жөнi: Бауржанова Гульнур
Вопрос/обращение:
1. Доброго времени суток! Вам требуются практиканты английского языка для начальных классов в период 07-12.09? Я студентка педагогического высшего колледжа, 4 курс.
Добавлен: 04 Қыркүйек 2020
Ответ:
Сәлеметсіз бе. Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес
Аты-жөнi: Болат Айдана
Вопрос/обращение:
Добрый вечер! Вам не требуется учитель иностранного (английского) языка? Мой контактный номер: 87055411396
Добавлен: 09 Тамыз 2020
Ответ:
Сәлеметсіз бе. Ағылшын тілі мұғалімі қажет емес
Аты-жөнi: оқушы
Вопрос/обращение:
неге демалыс кезінде кейбір оқушылар сабақ оқиды.
Добавлен: 17 Қаңтар 2013
Ответ:
Демалыс кезінде тек қана 11 сынып оқушылары шақырды, себебі үйде өзбетімен дайындалғанша пән мұғалімінің жанында кеңес алып, ҰБТ -ға дайындалғанын жөн көрдік
Аты-жөнi: 2-сынып ата-аналары
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласындағы №25 жалпы орта білім беру мектебінде өткен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік жоғары деңгейде өткізілді. Ертегі кейіпкерлері балаларымыздың көңілінен шыға білді. Сондай-ақ, мерекенің жалғасы ретінде ата-аналар балаларымен естелікке Аяз ата мен Ақшақардың жанында фотосуретке түсу үшін мектепте арнайы орын ұйымдастырылған. Біз 2-сынып ата-аналары атынан мектеп әкімшілгіне және ұжымына алғысымызды білдіреміз және жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Добавлен: 28 Желтоқсан 2012
Ответ:
Алғыс білдіргендеріңізге рахмет. Сіздерге де жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім өткенде ата-аналар жиналысында біздің 3 сыныптың мұғалімі баланың тілі шолақтығын және есте сақтау қабілеттері төменділігін себепке алып сабақ үлгерімі төмен болғандығын айтты. Сондықтан баланы қосымша ақылы сабаққа беруді сұрады. Сонда біздің мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесі болмағаны ма?! Егер бастауыш сыныптан баламды қосымшаға (ақылы) берсем, үкіметтің ұсынып отырған ақысыз оқуынан не қайыр. Неліктен өтілі көп мұғалім балалардың қызығушылықтарын арттырып, жаңа заманауи педагогикалық технологияны қолданбайды екен. сабақта қызықты тернинг тапсырмалары, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту деген жоқ болғаны ма? Осы сұрақты кімнен білуге болады. Қазақ десең өзіңе тиеді, айтпайын десем тағы болмайды. Сізден жауап күтемін. Рақмет.
Добавлен: 06 Желтоқсан 2012
Ответ:
Құрметті ата - ана сіздің сауалыңызға жауап беруден бұрын бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінде мұғалімдердің заманауи талаптарға сай технологияларды, атап айтсақ "тәй - тәй" технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология құзыреттілік технологиясы кеңінен қолдану үрдіске кірген мұғалімнің тіл мүкістігіне байланысты берген ұсынысы мектептегі логопедтің күші жетпегендігін және де қалада ұйымдастырылатын қосымша арнайы логопедиялық көмек алуыңызды өтінгені деп түсініңіз.
Аты-жөнi: мұғалім
Вопрос/обращение:
неге қазір мектепте мұғалімдерді қағаз басты етіп қойды? мұғалімдердің неге сонша жазатын,қатысты болсын, болмасын қағазы көп?
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
Мұғалімдердің қағаз басты болсада сабақтар уақытылы өтеді
Аты-жөнi: 4 сынып оқушысы
Вопрос/обращение:
2015 жылы 12 жылдыққа өтетініміз рас па?
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
2015 жылы 12 жылдыққа өту жоба түрінде әлі бекітілмеген.
Аты-жөнi: 4 сынып оқушылары
Вопрос/обращение:
маб болатыны, болмайтынын қашан ,қалай, әрі тез біле аламыз
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
Казіргі уақытта МАБ емес ОЖСБ оку жетістігін сырттан бағалау деп аталады. Қашан болатыны ҚР Ғылым және Білім министрлігі бекітілген бұйрық негізінде айтылады, оқушыларға сол кезде хабарланады.
Аты-жөнi: Жансүгір Зейнегүл Қадірбекқызы
Вопрос/обращение:
Маутина Светлана Тулегенқызы! Сіз менің сабағымды өзіңіздің сабағыңыз ретінде жариялапсыз. У дыбысының дауысты болып айтылуы тақырыбын мен "Ашық сабақтар" сайтына жариялаған болатынмын.Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зейнегүл Жансүгір
Добавлен: 17 Қазан 2012
Ответ:
Сізге рахмет! Кешіріңіз! Сіздің дайын сабағыңызды сабақ өткізу барысында қолданып сайтқа жіберілді. Пән мұғалімі ретінде менің аты жөнім жазылып кеткен болар.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім, менің балам 3 сыныпта оқиды. Биылдан бастап орыс тіл пәні басталды. Әрине балама өте күрделі болды, себебі басқа сабақтар сияқты бірізділік пен жүйелілілікті көре алмадым. мысалы қазақ тілі пәнін дыбыс, сөз, сөйлем, т.б. ең қарапайым түрден бастадық. Ал неге орыс тілінің мұғалімі қараша айында жат жазуды (диктант) бастады. Осы сабақтың ұйымдастырылу әдіс-тәсілдерін кімнен және қалай білуге болады. Тағы да бір тоқталатын жағдай сыныпта өткен ата-аналар жиналыста біздің мұғаліміміз бізге баланың сабаққа үлгерімі төмен деген сылтау айтып, баланы қосымша ақылы сабаққа беруімізді ұсынды. Сонда мұғалімнің екі айлық жұмысының нәтижесі, еңбегі қайда? деген сұрақ өзінен-өзі туындамай ма? неліктен сабақ үстінде деңгейлік оқыту, тренинг тапсырмалары, т.б қызықты жаңа педагогикалық технологиялар қолданбайды екен. Немесе жеке-дара жұмыс жүргізілмей ме? Осы сұрақтарды қалай шешуге болады? ҚҰРМЕТПЕН: Динара
Добавлен: 05 Желтоқсан 2012
Ответ:
3 сыныптан бастап орыс тілі оқытылады. Онда коммуникативтік даму бағдарламасы бойынша екі сағаттан дәріс беріледі қазақ тілі пәнінен алфавитті өтуіне байланысты және сондағы алған біліктілік деңгейлерін пайдалана отырып оқушылардың сауаттылығы арттырылады сабақта жеңілден ауырға қарай принципі сақталады. 1 тоқсан аяғында диктант емес сөздік диктанты алынды. Ол сөздік диктантында оқулықтағы есте сақтау сөздері қолданылды. Алдағы уақытта балаңыздың пәнге деген қызығушылығы артып білімін көтеретініне сенемін. Ешқандай ақылы оқытудың қажеті жоқ деп білемін.
Аты-жөнi: Акбаян Т.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 2013жылы 9сыныптарға МАБ бола ма?
Добавлен: 06 Қыркүйек 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 2012-2013 оку жылында МАБ тын болатыны не болмаса болмайтыны туралы әзірше ақпарат жоқ!
Аты-жөнi: Мадина К.
Вопрос/обращение:
Тамыз айында менің қызым алтыға толады. Сіздердің мектебіңізге барғымыз келеді. 2012-2013 оқу жылында мектепте дайындық (нулевой) сынып бола ма? Рақмет.
Добавлен: 12 Мамыр 2012
Ответ:
Cәлеметсізбе! 2012-2013 оқу жылында мектеп алды даярлық тобы өкінішке орай болмайды.
Аты-жөнi: 11 сынып оқушыларының ата-аналары
Вопрос/обращение:
1-ден ,біздің балаларымыз осы уақытқы дейін бірде-бір тестілеуге ПГУға барған емес! 2-ден,паток, аудиторияларын білмейді! Егер ертеңгіге дейін жауабын бере алмасаңыз, Бексейітоваға немесе облыс әкіміне жазамыз!
Добавлен: 23 Сәуір 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 11 сынып оқушылары ПМУ-ға оқу жылының басынан бастап 3 рет, баскада ЖОО-на барып 5 рет дайындық тест жазылды. 2 сұрағыңызға байланысты оқушылардың рұқсат қағазы алынбағандықтан аудитория мен патокты білмейміз.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 8 соңғысы

Сұрақ қою