Сенім телефоны
630590
email: sad10@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Директор
Темирбекова Ботагоз Кайыржановна
Темирбекова Ботагоз Кайыржановна

Басшы

Қабылдау күндері:

Сейсенбі: 11.00-13.00

Бейсенбі: 15.00-17.00

 

Құрметті ата-аналар қандай да бір сұрақтарыңыз болса жазыңыздар ватсап:87014982745

Жалпы еңбек өтілі  - 30 жыл.

 

Білімі: жоғары И. Жансугіров  атындағы Талдықорған  педагогика  институты

Мамандығы: Мектепке дейінгі  педагогика  және  психология  пәнінің  оқытушысы,  мектепке дейінгі мекеменің  маманы.

Ботагөз Қайыржанқызы 1985 жылы Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтын  «Мектепке дейінгі мекемелердің басшысы және педагогика психология оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. Өзінің еңбек жолын 1992 – 1995 жылдар аралығында Үздіксіз білім беру институтының мектепке дейінгі мекемелер бойынша әдіскері ретінде бастады. 1995 – 2001  жылдар аралығында Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басқармасының бас маманы. 2001 – 2007  жылдары Павлодар қаласының № 19 сәбилер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры. 2007 жылы № 10 сәбилер бақшасы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының басшы лауазымына тағайындалды. Ботагөз Қайыржанқызы өз еңбек жолын бастаған күннен бастап мектепке дейінгі мекемелердің дамуына  белсенді үлесін қосып келеді. Өзін сауатты маман, іскер ұйымдастырушы, өз ісінің шебері ретінде көрсете білді. Әріптестерінің, ата-аналардың, балалардың арасында абыройлы, сыйлы, мәдениетті, білімді және беделді басшы. Мектепке дейінгі мекемелердің дамуына қосқан адал әрі қажырлы еңбегінің   үлесі үшін  2005 жылы Қала әкімі сыйақысымен, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алғыс хатымен және  облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасын алды.Қазақстан Республикасы  Президентінің жарлығы бойынша  «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен 2011жылы марапаталды. Қалалық маслихат басшынан алғыс хатпен 2014 жылы марапатталды. Республикалық «Аружан» орталығынан алғыс хатпен 2015 жылы марапатталды. Павлодар қаласы әкімдігінен алғыс хатпен 2016 жылы марапатталды. 2017 жылы. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісімен марапатталды.