Сенім телефоны
31-66-62
email: soshg9@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шөкин көш., 90
31-66-64 31-66-67
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі 15:00 - 17:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МО учителей казахского языка и литературы
Асылова Раушан Бекболатқызы
Асылова Раушан Бекболатқызы

 Қазақ тілі мен әдебиет әдістеме бірлестігінің жетекшісі. Еңбек өтілі - 30 жыл. Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Мұғалімнің жетістігі: Оқушылары  48, 49, 50 қалалық және облыстық оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары, ХІ Сәтпаев оқуларына мұғалімнің өзінің қатысуы «Сабақтарды технологияландыру арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша қалалық педагогтар арасында тәжірибемен алмасу ұсынылды.  Облыс және қала мұғалімдері арасында өз тәжірибесімен  ықыласпен бөліседі.  «Туған өлкені тану-ғылымға жетелейтін жол» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды дайындағаны үшін сертификатпен марапатталды. Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Табыс-2011, Табыс-2012» жылғы кітапқа енді.

Байтілеуова Елсүиер Ахметқызы
Байтілеуова Елсүиер Ахметқызы

Еңбек өтілі- 36 жыл. Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Оқушылары аудандық «Абай оқуларына» қатысып 2009 жылы, 2 орынға ие болды, «Менің туған өлкем» сайысының (2008 жылы, 3 орын), «Әй, жарайсың!» (2011 жылы, 3 орын) сайыстарының дипломанттары, қазақ тілінен аудандық пән олимпиадасының жүлдегерлері.

Баян Рашитқызы Нұртазина
Баян Рашитқызы Нұртазина

Еңбек өтілі- 26 жыл. Мұғалімнің жетістігі: облыстық «Педагогикалық шеберхана» сайысының жеңімпазы, халықаралық «ІҮ Торайғыров оқулары» ғылыми - теориялық конференциясының қатысушысы. Қалалық білім беру бөлімінің дипломымен марапатталған.

Аубакирова Мадина Махмұтқызы
Аубакирова Мадина Махмұтқызы

Еңбек өтілі- 7 жыл. Мұғалімнің жетістігі: оқушысы, Диана Шерстянникова қалалық «Е. Ерботин оқулары» сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған, қазақ тілі бойынша мектеп сайыстарына, олимпиадаларға белсенді қатысады. Ұстаз адал еңбегі үшін  мектеп Грамотасымен марапатталған.

Гүлфариза Санитарқызы Джансаринова
Гүлфариза Санитарқызы Джансаринова

Еңбек өтілі- 15 жыл. Мұғалімнің жетістігі: Оқушылары – Республикалық І аралық «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің  рәмізі» олимпиадасының жеңімпаздары, калалық ғылыми  оқушылар  сайыстарының қатысушылары. Ұстаз – Республикалық «Павлодар облысының тіл саясаты: аймақтық ендіру» ғылыми – тәжірибелік конференциясының, «Білім және тәрбие берудегі инновациялық технологиялар» (ИнЕУ, 2010ж.) ІҮ Педагогикалық оқулардың, қалалық қазақ тілі олимпиадасының қатысушысы.

Айгүл Қыдырбайқызы Құрманова
Айгүл Қыдырбайқызы Құрманова

Еңбек өтілі- 7 жыл. Мұғалімнің оқушысы, Руза Исақанова - мектепте өткізілетін «Бір шаңырақ астында» ұлттық орталық фестивалінің, «Ертіс өңірінің компоненті» конкурсының III дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Қазақ тілінен «Тіл дамыту» бағдарламасының авторы, 2012 ж бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық жинақ.

Айман Түсүпқызы Сұлтанаева
Айман Түсүпқызы Сұлтанаева

Еңбек өтілі- 19 жыл. Оқушылары қалалық «І Махамбет Өтемісұлы оқулары» сайысының қатысушылары, қалалық  пән олимпиадасының жүлдегерлері. Республикалық «Павлодар Ертіс өңірінде демократиялық жаңғыртулар» конференциясының дипломанты», халықаралық «Дыбыстар әлемі қандай тамаша!» балалар мен ұстаздар ынтымақтастығының сырттай сайысының дипломанты (2009 жылы,Омбы қ.), халықаралық «Ү Мәшһүр- Жүсіп оқулары» ғылыми-тәжірибелік  конференциясының  дипломанты. Қазақ тілінен 9 сыныптар үшін «Нәтиже сабақтары» оқу құралының авторы, 11 сыныптар үшін  «Қазақ тілі сабақтарында тестілік бақылау» әдістемелік-дидактикалық құрал. Тамыз педагогикалық оқуларына қатысқаны үшін қалалық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен 2010 жылы марапатталған.

Әлия Сәбитқызы Жұмабаева
Әлия Сәбитқызы Жұмабаева

Еңбек өтілі- 12 жыл. Мұғалімнің жетістігі: Ұстаздар арасындағы қалалық қазақ тілі пәнінен олимпиадасы. Грамота I орын, Абай оқулары ІІ дәрежелі Диплом; «Ертіс өңірінің компоненті» облыстық конкурсы  III дәрежелі Диплом; Қазақ тілінен «Тіл дамыту» бағдарламасының авторы, «Қалижан Бекхожиннің», «Портреттер сыр шертеді» шығармалар сайысы III дәрежелі Диплом.

Бибігүл Қонырқызы Мұхтизарова
Бибігүл Қонырқызы Мұхтизарова

Еңбек өтілі- 21 жыл. Тамыз педагогикалық оқуларының, қалалық «Сынып жетекшілерінің қиын балалармен жұмысы» семинарының қатысушысы. 8 сыныптар үшін «Нәтиже сабақтары жинағы» оқу құралының авторы, «Педагогикалық альманах» журналына мақала жазды (2011 жыл, №6). Ең жақсы әдістемелік құрал үшін білім бөлімінің грамотасымен, тамыз педагогикалық оқуларындағы мазмұнды баяндамасы үшін білім бөлімінің Алғыс хатымен және «Нұр Отан» Халық демократиялық партиясының  Алғыс хатымен  марапатталған.

Әсем Геннадийқызы Қайрбаева
Әсем Геннадийқызы Қайрбаева

Еңбек өтілі- 7 жыл. Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған, «Жыл мұғалімі 2012» қалалық сайысының лауреаты, «Қалижан Бекқожин» қалалық оқуларының 2012 ж., 3 орынға ие болды, «Ертіс өңірінің компоненті» облыстық сайысының 2012 ж., 3 орын жүлдегері. Қазақ тілінен «Тіл дамыту» бағдарламасының , 3-4 сыныптарға арналған дидактикалық материалдардың авторы. Синцова Алла  қалалық «ІІІ Абай Кұнанбайұлы оқулары» сайысының жүлдегері 2012 ж., 3 орын.

Роза Қабдулқызы Аймуханова
Роза Қабдулқызы Аймуханова

Еңбек өтілі- 24 жыл. С.Торайғыровтың шығармаларына арналған «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық конкурсына, Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауына, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауына, Мәшһүр Жүсіп оқуларына белсенді қатысып, тамаша өнер көрсеткені үшін Алғыс хаттарпен матапатталған. Оның оқушылары - 9 мамыр Жеңіс күнін мерекелеуде, қала күнін мерекелеу шеңберінде «Асық Раrty» ұлттық ойынына белсенді қатысқан үшін мадақтамалармен марапатталған.

Алмагүл Сабырқызы Дарабаева
Алмагүл Сабырқызы Дарабаева

Еңбек өтілі- 26 жыл. 1-4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» арнаулы курс бағдарламасының  авторы, облыстық «Ертіс өңірінің компоненті» конкурсының жеңімпазы, облыстық «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» конкурсының жүлдегері. Алмагүл Сабырқызы Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен  марапатталған. Оқушылары - Джафарова Фатима  «Зерде» жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының 7 республикалық байқауының жүлдегері және облыстық «Ақбота» сайысының жүлдегерлері.

Ақмарал Сабитқызы Шоманова
Ақмарал Сабитқызы Шоманова

Еңбек өтілі- 28 жыл. Павлодар мемлекеттік институтының 50 жылдығна арналған «Педагогикалық оқулар» аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға  қатысқаны  үшінАлғыс хатпен марапатталды. Тамыз педагогикалық оқуларына қатысқаны үшін қалалық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Сәуле Уалижанқызы Тастыбаева
Сәуле Уалижанқызы Тастыбаева

Еңбек өтілі- 39 жыл. «ХІ Сәтбаев оқулары» халықаралық - ғылыми конференцияның қатысушысы. Оқушылары облыстық V кіші лингвистикалық олимпиаданың жүлдегері,  «Туған өлкені зерттеу – ғылымға апарар жол» атты ғылыми - практикалық  конференциясының, «Х-ХІ Сәтбаев оқулары» конференцияның қатысушылары.  Оқушысы Мажитова Әйгерім «Түркі жазулар тарихы» атты облыстық шығармалар сайысына қатысқан үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Назгүл Манапқызы Жағыпарова
Назгүл Манапқызы Жағыпарова

Еңбек өтілі- 24 жыл. Павлодар мемлекеттік институтының 50 жылдығна арналған «Педагогикалық оқулар» аймақтық ғылыми-практикалық кафедрасына қатысқан белсенді үшін.Алғыс Хат.

Алма Қайржанқызы Күлжігітова
Алма Қайржанқызы Күлжігітова

Еңбек өтілі- 33 жыл. «5 Шаяхметов оқулары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы болып, «Тиімді технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілеттерін арттыру» атты мақаласы жинаққа еңгізілді. Білім беру бөлімінің тамыз мәжілісіне қатысып ең үздік баяндама үшін Алғыс хатпен матапатталған, 1-4 сыныптарға арналған «Тіл дамыту» арнаулы курс бағдарламасының, 1 сыныбына арналған нәтиже сабақтар жинағының авторы, 4 сыныбына арналған нәтиже сабақтар жинағының авторы. 2012 жылдан бастап қалалық шығармашылық топтарының мүшесі.

Бахыт Қабиденқызы Абдрахманова
Бахыт Қабиденқызы Абдрахманова

Еңбек өтілі- 36 жыл. «Дамыта оқытудағы заттық-практикалық қызметтің рөлі» тақырыбы бойынша оқыту арнайы курсын табысты аяқтағаны үшін сертификат берілді, мұғалімнің оқушылары – қалалық «Абай оқулары»,«Ерботин оқулары» сайыстарының қатысушылары.

Нұрахметова Дана Жұмажанқызы
Нұрахметова  Дана  Жұмажанқызы

Еңбек өтілі- 14 жыл. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» конкурсы. Диплом II орын. «Туған өлкені тану-ғылымға жетелейтін жол» атты ғылыми-практикалық конференцияға оқушыларды дайындағаны үшін сертификатпен марапатталды. Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ”Қазақ тілі сабағын құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру” конкурсына қатасып, орын алғыны үшін марапаттайды, 1 дәрежелі Диплом.

Роза Өмірбекқызы Мұсабаева
Роза Өмірбекқызы Мұсабаева

Еңбек өтілі- 14 жыл. Оқушылары  47 қалалық оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары, ҰБТ-ге оқушыларын сапалы дайындағаны үшін Мадақтамамен марапатталды, «Мультимедиялық кешендерді құру және оның жұмысы» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырып шыққаны үшін Сертификат берілді, «Дамыта оқытудағы заттық-практикалық қызметтің рөлі» тақырыбы бойынша оқыту арнайы курсын табысты аяқтағаны үшін сертификат берілді, Республикалық ғылыми-практикалық конференциядағы үздік мақаласы үшін Алғыс хатпен марапатталды, «Тіл пәндерін оқытудағы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар жұмысына қатысқаны үшін Сертификат 2014 жыл берілді.