Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әкімшілік
БАИЛЬДИНОВА ДИНАРА САРСЕНБАЕВНА
БАИЛЬДИНОВА ДИНАРА САРСЕНБАЕВНА

БАИЛЬДИНОВА ДИНАРА САРСЕНБАЕВНА -  Тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарының м.а.(құқықбұзушылық бойынша)

тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

жолда жүру ережелері, өрттен қорғау, адам өмірі қауіпсіздігі бағдарламасының өтуін басқару, бақылау;

мектеп инспекторы, психолог, әлеуметтік ұстазбен бірлесіп жұмыс атқару, сынып жетекшілермен біріккен жұмыс ұйымдастыру;

ата-аналармен жұмыс және қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

тәртіп бұзушылардың профилактикалық алдын алу кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және басқару;

ата-анасы туған емес отбасы балаларының жағдайын тұрақты түрде бақылауда ұстау (үнемі осы балаларды әлеуметтік ұстаз, мектеп психологы, сынып жеткшісімен назарында ұстап, бірге жұмыс жасау);

діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, басқару, бақылау, қадағалау.

Калиева Күляш Темиржановна
Калиева Күляш Темиржановна

Калиева Куляш Темиржановна - Басшының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілімі: 29 жыл

Біліктілік санаты:

Жетістіктері:

 

Оқушылардың жетітіктері:Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада 2020 жылы ІІ және ІІІ орындар; «ХХІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-конференциясында 2022 жылы ІІІ орын; Қалалық пән олимпиадасында 2018 жылы І орын; 2019 жылы – ІІ орын; 2020 жылы ІІІ орын; 2021 жылы ІІІ орын; 2022 жылы ІІІ орын. Облыстық пән олимпиадасында 2018 жылы ІІІ орын; 2020 жылы ІІІ орын. Қалалық ғылыми жобалар сайысында 2018 жылы ІІ орын; 2018 жылы І орын; 2018 жылы І орын; 2019 жылы ІІ орын; 2020 жылы І орын; 2020 жылы І орын; 2021 жылы І орын; 2022 жылы І орын; Облыстық ғылыми жобалар сайысында 2018 жылы І орын; 2017 жылы І орын; 2018 жылы І орын ; 2019 жылы ІІІ орын; 2020 жылы ІІІ орын; 2020 жылы ІІ орын; 2021 жылы ІІ орын. 2022жылы І орын;  «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының қалалық кезеңінде 2021 жылы І орын; 2022 жылы І орын -0,5 балл. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңінде 2021 жылы І орын; 2022 жылы ІІ орын; «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының республикалық кезеңінде 2021 жылы ІІ орын.

Сагымбаев Рустам Бахытбекович
Сагымбаев Рустам Бахытбекович

Сагымбаев Рустам Бахытбекович - бейінді оқыту бойынша басшы орынбасары

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін және әдістемелік жұмысты ұйымдастырады;

Бастауыш мектептің педагогикалық ұжымына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;

Ата-аналарды/заңды өкілдерді бастауыш мектепте оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылдайды және кеңес береді;

Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім қимасын жүргізеді, мектептегі бақылау қорытындысы бойынша білім сапасын, бөлім бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды (ТЖБ)талдайды;

Профильдік оқыту бағыттырын ұйымдастыру;

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жұмысын ұйымдастыру, 6 жастағы балалардың 2022-2023 оқу жылында оқумен қамтылуын жоспарлау, жүзеге асыру;

Гимназия және тереңдетілген сыныптарына оқушыларды қабылдау, ашылуын ұйымдастыру, оқытылу жағдайын бақылау, жоспарын құру;

БАБЖМ, PIRLS қатысты  4-сынып оқушылары туралы деректер базасын құру, жұмысын ұйымдастыру, басқару, бақылау.

Оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;

Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларымен бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім беру рейтингін қалыптастырады;

Бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады

Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;

Әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп Оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;

Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді.

САМЕТОВА ЗАРИНА ТОЛЕГЕНОВНА
САМЕТОВА ЗАРИНА ТОЛЕГЕНОВНА

Саметова Зарина Толегеновна - ақпараттандыру бойынша басшы орынбасары

  • Білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады, «Күнделік» жүйесі, ҰБДҚ, PISA, ақпараттандыруды және осыған байланысты есептер, мектеп сайты мен интерактивті тақта, робототехника, информатика кабинеттерінің дамуын,  мұғалімдердің компьютерге үйренуін қадағалау, бақылау-басқару;
  • оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;
  • ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;
  • білім беру ұйымында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;
  • оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
  • Қатаң есептегі құжаттар (мақтау қағазы, мақтау грамотасы), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;
  • Қатаң есептегі құжаттар (жалпы орта білім туралы аттестат, негізгі білім туралы куәлік), сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;
  • «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылау;
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылау.
Асылбекова Алуа Маратқызы
Асылбекова Алуа Маратқызы

Асылбекова Алуа Маратқызы - басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары 

  • Білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға,конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады
  • «Ертіс дарыны», «Павлодар дарыны» орталықтармен дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, басқару
  • Химия, биология, география, пәндерінің ӘБ жұмысын басқару, кабинеттердің дамуын қадағалау
  • Пәндер олимпиадасын,ғылыми жобалар сайыстарын басқару, ұйымдастыру,  нәтижелеріне талдау жасау
  • 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға қатысатын оқушылар туралы деректер базасын құру. ҰБТ жұмыстарын басқару, бақылау, ҰБТ-ге қатысушылардың құжаттарын дайындайтын техникалық хатшы міндетін атқару
  • 8-11 сыныптарының жұмысын басқару, бақылау (10 сынып комплект сынып журналы, табель, оқушының жеке іс-құжаты)
  • Мемлекеттік емтиханға дайындау, оқу жылының аяқтау туралы шараларды ұйымдастыру.
  • 5-8-10 сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшу  емтихандарын жүргізу және 9 сынып мемлекеттік емтихандар жұмысын ұйымдастыру, басқару, қорытындылау.
Бегежанова Тлектес Амантаевна
Бегежанова Тлектес Амантаевна

Бегежанова Тлектес Амантаевна - басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары 

«Білім туралы», «Тілдер туралы», «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы», «Педагогикалық мәртебесі туралы» Заңдарын орындалуын басқару, бақылау.

  1. «Білім туралы» заңын жүзеге асыру жөніндегі құжаттарды, әдістемелік нұсқау хаттағы, ЖМББ стандартындағы нұсқауларды меңгеру және орындау;
  2. Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру;
  3. Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, басқару;
  4. Мектептің даму, жалпы мектеп жоспарларын құрастыру жұмысын ұйымдастыру.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрамы жұмысын бақылау.