Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МО иностранных языков
Сигакова Татьяна Григорьевна
Сигакова Татьяна Григорьевна

 

Француз  тілі мұғалімі

Санаты: жоғары

 

Татьяна Григорьевна Сигакова, «Стикс»мектебінің француз тілі мұғалімі ерекше қабілет иесі,талантты  педагог, жасампаз –зерттеуші.Татьяна Григорьевна  демократтық қоғамда оқыту қандай болу керектігін жақсы түсінеді. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тапсырмаларды ұтымды ұйымдастырады.

Сондықтан Татьяна Григорьевнаның оқушылары өз оқуларына қызығушылық танытып, әр сабақта өздеріне жаңа бірнәрсе ашады.  

Сабақтағы шығармашылық  жағдаят оқушыларға өз ойларын еркін жеткізуге шабыттандырады.

Осы жерде ұстаздың «оқыта отырып, оқуға үйрет» ұстанымы жүзеге асады.

Шетел тілдерін саналы оқыту деген осы.

Күнделікті ұстаздық қызметін талдай келе, сабақтағы  жағдаятқа үңіледі, ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді зерделейді, өзіндік ұстаздық ізденіске  түседі.

 

Француз тілін үйретудің қазіргі талаптарын ескере отыра, өз тәжірибесінде интерактивті стратегияларды қолданып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытады. Шеберхана технологияларын және тілдік портфолио әдісін табысты қолданады.

Бұл  бағыттағы жұмысының нәтижесі «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері» журналында (№1, 2004 жыл) «Француз тілі екінші шетел тіл ретінде»факультативтік курс бағдарламасы (2004), «Францияның мәдениеттануы» элективтік курс бағдарламалары дайындалды. Мемлекеттік тестілеу орталығының тапсырысы бойынша 2002-2008 жылдар аралығында тест тапсырмаларын құрастырушы эксперт тобында қызмет етті. Жаңа буын оқулықтары мазмұнының эксперті болды.

Шебер мұғалім-тәжірибеші,әрқашан өзгерістерге бейімделген ұстаз өз жұмысына қанағаттанады, кәсібімен мақтанады,  әрі француз тілі мен француз мәдениетінің насихаттауға көп еңбек сіңіреді.

Оқушылары француз тілінен терең мықты білім көрсетеді, орташа білім сапасы 80 пайызды құрайды.

Шәкірттері  қалалық олимпиаданың үздіксіз жеңімпаздары: қалалық -17 жүлделі орын, облыстық -14 жүлделі орын, республикалық -2 жүлделі орын. Шәкірттерінің жетістігі үшін Татьяна Григорьевна қалалық білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен (2004, 2009ж.), облыс әкімінің грамотасымен (2007) және 2007 жылғы «Ұстаздық қошемет» байқауының лауреаты.

Татьяна Григорьевна жуапкершілігі  жоғары, кәсіби білікті  педагог, оқушылары, әріптестері, ата-аналар қоғамының зор беделіне ие.  

Сагитова Бекзат Сайткеновна
Сагитова Бекзат Сайткеновна

 

Ағылшын  тілі мұғалімі

Санаты: жоғары

 

Сагитова Бекзат Сайткеновна мектепте жүргенде-ақ мұғалім болатынын шешкен. Себебі  баланың рухани дамуына, дүниетанымының дұрыс қалыптасуына, мамандық таңдауына, әрине, мұғалімнің ықпалы зор. Баланың таңғалған көзін көру, оны қызықтыратын нәрселермен таныстыру, олардың есейгенін бақылау –өміріңді сарп етуге тұрарлық нәрсе.

Кім болу және қандай болу? Сонау 60-жылдары осындай сауал Бекзат Сайткеновнаның алдында да тұрды. Ол Павлодарда, Ертіс жағасында туып-өсті. Айналасын  бала кезінен шексіз қазақ даласы қоршады. Туған отбасы, әрдайым рухани тірек болды. Отбасылық кеңесте Бекзаттың АЛматыда, шетел тілдері институтында оқиды –деп шешілді. Өмір тез кеңее түсті. Өзің ана тілің мен орыс тілінен басқа ағылшын тілін білу-өте қызықтырды. «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» деген аталы сөз бар емес пе?

. 60-жылдарындағы Алматы қаласы. Бұл тек әсем қала, Алатау қарлы шыңдары, алма бақтары, саябақтар, тау бұлақтары ғана емес. Бұл институт, оқу сабақтары, семинарлар мен оқытушылар, жаңа құрбы қыздар және үнемі естілетін ағылшын тілі. 5 жыл байқалмай өтіп кетті.

Мемлекеттік емтихан –диплом қолыңда. Тағы да туған өлкең –Павлодар. Мектепке, балаларға, ағылшын тілін оқытуға берілген жылдар байқаусызда өтіп кетті. Артыңда зор педагогикалық өтіл -36 жыл, оның 16 жылы –«Стикс» мектебінде.

Сагитова Бекзат Сайткеновна – жан-жақты педагогтік тәжірибесі, кең тілдік эрудициясы бар жоғарыбілікті ұстаз. Қаланың үздік ұстаздарының бірі. Ол туралы  оның шәкірттері мен олардың жетістіктері  жақсы айтады. Зубарева Ольга-қалалық олимпиада жеңімпазы, учителе его ученики, их успехи и достижения. Mac Millanолимпиадасының жеңімпазы. Халықаралық емтиханды Британ консулдығында  ( IELTS) и сәтті тапсырып Великобританияның кез келген ЖОО-нде грантта оқу мәртебесіне ие болды. Сулейман Демирель университетінің сертификатына ие.  Бекзат Сайткеновна дайындаған оқушылар көп жылдар бойы «Акт в поддержку свободы» қоры ұйымдастырған тестілеудің жеңімпаздары.  Шабалина Д., Репников П., Голенищев В. Сатабаева Салтанат «Болашак»стипендиясының иегері. Америкада оқиды.   Тәжірибелі ұстаздың сабақтары  ұтымды ұйымдастырылуымен, материалды меңгертудің түрлі әдіс –тәсілдерімен ерекшеленеді. 2009 жылы оқушылары Мәлікбаева Сәния және Кузнецова Дарья қалалық олимпиада жеңімпаздары болды. Кузнецова Дарья тыңғылықты дайындығының арқасында  Канадада оқиды. 

Сағитова Бекзат Сайткеновна –шығармашыл, ізденімпаз ұстаз, жұмыс қарқының бір кезеңге де әлсіретпейді.

Өз сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданады.  Жиналған тәжірибесі 2 баспа өнімінде көрініс берді: «English – speaking countries» - «An apartment». 11-сыныпқа факультативтік курс бағдарламасын қүрастырып, арнайы курс бағдарламасын да әзірледі. Бекзат Сайткенқызының зор тәжірибесі, жоғары біліктілігі, ағылшын тілін терең білуі мұғалімдердің ағылшын тілін оқыту мен елтану  қазақстандық –американдық байқауын ұйымдастырушылардың назарын аударды. Ол 2004, 2006 жылдардағы «Ұстаздық қошемет» байқауының лауреаты. ҰБТ тестілерін құрастырушылардың шығармашылық топ мүшесі және мемлекеттік тест тапсырмаларын тексеруші эксперт тобының мүшесі. Сагитова Бекзат Сайткенқызы жай ұстаз емес, шебер ұстаз, ұстаз –үлкен әріптен. Ол облыс мұғалімдер білімін жетілдіруге ат салысады. Семинарлар мен педоқуларда сөз сөйлейді, озық тәжірибе таратуға ықпал жасайды. Оның еңбек нәтижесі «Стикс мектебінде шетел тілдерін үйрету барысында шеберхана технологиясын, жобалау технологиясын, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану» атты озық тәжірибеде көрсетілген. «Интернет-фестиваль» байқауында І дәрежелі Диплом иесі болды.

Кейде адамды бақылау өте қызық. Біз адамдардың мінезіне, іс-әрекетіне үйреніп қаламыз да, оның бойындағы өзгерістерді аңғармаймыз. Ал адамды жан-жақты таныған одан да қызық. 

Шмидт Лидия Андреевна
Шмидт Лидия Андреевна

 

 

Неміс тілі мұғалімі

Санаты: жоғары

Шмидт Лидия Андреевна  жоғары педагогикалық шеберлігі, оқушылардың жан-жақты дамуына зор үлес қосқаны үшін, элективтік курс және авторлық бағдарламалар құрастырғаны үшін   Білім және ғылым министрлігінің  құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен 2 мәрте марапатталған.

Павлодар  қаласының «Алтын есімдер» кітабына есімі еңгізілген.  «Аға оқытушы», «Оқытушы –әдіскер» атақтары бар.

Неміс тілі мұғалімдер Одағы жетекшісінің орынбасары. Неміс тілі мұғалімдерінің республикалық сьездеріне қатысушы  ( 2002-2009ж.) Goethe Institut-ымен бірлесіп жұмыс істейді.

Неміс тілін үйретудегі интерактивті технологияларды еңгізеді. Оқушылармен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  Оның оқушылары қалалық, облыстық ғылыми жобалар сайыстарының жүлдегерлері. Қазақстан Республикасы  Кіші академиясының «Ғылым мен білім интеграциясы – болашаққа қадам» атты XXXIII и XXXIV ғылыми-тәжірибелік конференциясында «оқушы –зерттеуші» номинациясында оқушысы 1-орынға ие болды.

 

«Қазақстан және әлемдік тілдер» Халықаралық конференцияларына қатысушы. Шәкірттері – неміс тілінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларының  үздіксіз жеңімпаздары.

 «Стиксте» еңбек еткен жылдары жүлделі орындар : қалалық -22; облыстық- 20; республикалық– 11Соңғы 5 жылда –республикада 5 жүлделі орын.

III орын– 3: Сирык В., Баймагамбетова Ш., Турусинов в.; IV орын  – 2: Кравчук К., Турусинов В.Баймагамбетова Ш. –«Болашак» Президент стипендиясының  иегері. – Германияда оқиды.Антонюк Илья (9-сынып.) Goethe Institut жазғы тілдік курстарының стипендиясын ұтып алды.  ( Германия, Рослебенқаласы) 2009ж. шілденің 5-нен 29-на дейін.

Балалардан жиі «Өскенде кім боласың? - деп сұрайды. Ұл балалар спортшы, ғарышкер, теңізші, өрт сөндіруші деп жауап берсе, қыз балалар шаштараз, дәрігер, сатушы, мұғалім деп жатады. Бірақ бал кездегі қиялдар орындала бермейді, себебі балалар өсе келе, олардың қызығушылығы өзгереді және өмір де өз талаптарын қойып жатады. 

Левина Наталья Петровна
Левина Наталья Петровна

 

Ағылшын тілі мұғалімі

сынып жетекшісі

ӘБ жетекшісі

Санаты: жоғары

Турий-Ладыко Александра Игоревна
Турий-Ладыко Александра Игоревна

 

Ағылшын тілі мұғалімі

 

Санаты: бірінші