телефон - 616065
электронный адрес:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
- кабинеттің оқу, ғылыми, әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
- кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру үшін жағдай жасайды;
- облыстық ББДИО, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Павлодар облысы бойынша НЗМ, педагогикалық колледж әдіскерлерімен және ЖОО-мен қарым-қатынасты ұйымдастырады;
- жалпы білім беретін мектептердің өткізілетін іс-шараларын оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуді дайындауға басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
- педагогикалық инновацияларды енгізуді, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді, жаңа технологияларды меңгеруде әдістемелік көмек көрсетуді, шығармашылық топтардың, мастер-кластардың жұмысына басшылық жасауды қамтамасыз етеді;
- мұғалімдердің шығармашылық конкурстарын, педагогикалық оқуларын, конференцияларды өткізуді ұйымдастырады;
- педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу кезінде педагогтердің қызметін сараптамалық бағалауды ұйымдастырады;
- оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- ақпараттық материалдарды жүйелейді және жинақтайды, балалармен жұмыс бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
- білім беру мектептерінің әдістемелік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады;
- басқару және менеджмент бойынша жұмысты жоспарлайды;
- әдістемелік кабинет жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қуандық Момынғазыұлы Тайболатов - әдістемелік кабинет меңгерушісі