ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Гүлмира Төлеутемірқызы Медиева - бас бухгалтері
Дәреже: времен папка
Гүлмира Төлеутемірқызы Медиева - бас бухгалтері

Білім беру бөлімі бойынша барлық қаржылық операциялар мен бухгалтерлік есептің есебінде көрсетілетін, жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операциялардың бақылауын жүзеге асырады.

Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық етеді және ОБ қызметіне бақылау жасайды.

Жылдық, тоқсандық, жиынтық есептерді және бөлім бойынша балансты құрастырады.

Белгіленген мерзімде қаржылық есепті ұсынады.

Банкке жіберілетін құжаттарға және ТМҚ мен ақшалай қаражаттарды қабылдау мен беру үшін құжаттарға қол қояды, сондай ақ қаржылық міндеттер.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында ҚР заңнамасының сақталуына, қаржыландыру жоспарының орындалу барысына, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есептесу жағдайына, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасайды.

Мемориалдық ордерлер мен айналмалы ақпартізімнің құрылуына бақылауын және тексерісін жүргізеді.

Негізгі кітапты және бухгалтерлік өткізгіштерді, негізгі кітаптың барлық есептері бойынша салыстыруды жүргізеді.

Қаржылық және орындау тәртібінің қатаң сақталуын, бюджеттік қаражаттың мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді. Қазынашылық органдары арқылы жүргізілетін, операциялар есебін бақылайды және жүргізеді.

ОБ бухгалтерлік есептің тиісті түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүліктің түгендеуін уақтылы және дұрыс жүргізілуін, негізгі құралдар мен басқа да материалдық құндылықтардың есептен шығарылуын жасайды.

Білім беру бөлімі және ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне бақылау жасайды.

Бақылаудағы құжаттарды орындайды және міндет сұрақтары бойынша өтініштерге жауап береді.

Ревизиялық тексеріс актілері бойынша ақпарат әзірлейді – білім беру бөлімі бойынша жиынтық ақпаратты, (Талдау). Бақылау органдарына бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат ұсынады.

Бөлімнің «Депозиттік шотында уақытша салынған ақшалай қаражат» №3 мемориалдық ордерін, 1041, 1042, 1043 шоттары бойынша айналмалы ақпартізімін жасайды (құрастырады).

3271 шоты бойынша айналмалы ақпартізім «Жеке және заңды тұлғалардың уақытша салған қаражаты бойынша есеп-қисабы.

№20 мемориалдық ордердің жиынтығын, 3111 шоты бойынша айналмалы ақпартізім. №23 мемориалдық ордерін, бухгалтерлік анықтама. Шоттарды жабу. 1-С бухгалтерия бағдарламасында бухгалтерлік есепті жасайды (құрастырады).