ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Николай Захарович Семига
Дәреже: Золотая книга
Николай Захарович Семига

Николай Захарович Семига– ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Директордың ұсынысы бойынша мектепте орта буынның бейіндік жүйесін жетілдіруді дайындауда тәжірибе жасау-сынақ өткізу және 12-жылдық білім беру тұжырымдамасына сәйкес жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Қазіргі талаптарға сай оқыту технологияларын меңгеріп, қолдануда Инновациялық Еуразиялық университеті мен Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде қалалық ғылыми- тәжірибешілік семинардың ұйымдастырушы болды. Оның басшылығымен мектеп педагогикалық тәжірибенің озық мәртебесіне ие болды, сол арқылы мұғалімдер мен оқушылар сабақтастығының айқын үлгісін аңғартады. Николай Захарович оқушылардың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мектеп оқушылар ұжымы өмірінде сабақтастық қағидалары мен жоғары замандас адамгершілік тәжірибе негізінде балаларды тәрбиелеуде көп жылғы адамгершілік дәстүрі бар. 2007 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ішкі істер бөлімшелерімен тығыз байланысты жұмысы үшін және оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін Павлодар облысының ішкі істер департаментінің Атаулы мақтау қағазымен марапатталды; мектеп ұстаздары мен оқушылардың еріктілер жұмысын қала әкімі мақтау қағазымен бағалады. Мектеп жылдар бойы қалалық спартакиада нәтижесі бойынша І орын алып келеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметі, оқушылардың спортпен шұғылдануы, оқытудың жоғары нәтижелері - осының барлығы мектеп имиджі үшін берік іргетас болды. Өзінің барлық өмірін сүйікті ісіне арнаған тәжірибелі ұстаз, тәлімгер Николай Захарович өз айналасына шығармашылық ұстаздарды жинай алды. Кәсіби шеберлік, әріптестердің алдында еңбегі сіңген құрметке ие, Павлодар қаласының білім жүйесіне сіңірген еңбегі үшін тарихта шын алғысқа лайықты жазылды. Атақтары: «Қазақ КСР үздік ағартушысы», "Ерең Еңбегі үшін" медалі, «Астана қаласының 10-жылдығы» медалі, ҚР Президентінің Алғыс хаты.