ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ
Дәреже: Золотая книга
СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ

Юрий Иванович Сипий 1945 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. 1976 жылдан бастап Павлодар қ. №12 ЖОМ педагогикалық ұжымға жетекшілік етті1995 жылдан бастап әр түрлі жас тобында ұжымдық оқыту тәсілі негізінде оқыту демократиялық жүйесін ендіруімен жұмыс жасады. 1999 жылдың сәуірінде № 34 ЖОМ-да директор болып тағайындалды, онда 14 жыл жетекшілік етті. 2001 жылы мектепке инновациялық үлгі мәртебесі берілді. 2004 жылдан бастап №34 мектепте 12-жылдық жалпы орта білімге көшу жүйесі жағдайында мектеп моделі бейімделді. 2006 жылы халықаралық «Қазақстанның Эко-мектептері» жобасында жеңімпаз атанып, «Шаңырақ» экологиялық қызметінің мектебі атауына лайық және Жасыл тумен марапатталды. Қазіргі күні педагогикалық қызметін тарих мұғалімі ретінде жалғастырып келеді. Өнерлі, бастамашыл педагог, Краснояр білім орталығында КСО қозғалысының халықаралық мұғалімдер ассоциациясы мүшесі. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде мағыналы жетістіктері үшін бірнеше дүркін марапатқа ие болды. 1991 жылы «Қаз ССР ағарту үздігі» атауына ие болды. 2009 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.