ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА
Дәреже: Золотая книга
ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА

Зәуреш Қуантайқызы Мұқашева 1957 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылында дүниеге келген. Зәуреш Қуантайқызы 40-жылдық жұмыс өтілі ішінде білімнің барлық баспалдағынан өтті. 2010 – 2016 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру жүйесін басқару кезінде қалалық білім беру жүйесінің инфрақұрылымы 115 мекемеден 137 мекемеге дейін артты. Оның бастамасымен және жеке қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі білім беру саласында жеке меншік жеткізушілерді ынталандыру бойынша қарқынды жұмыс басталды. Зауреш Қуантайқызының басшы ретіндегі басты ерекшелігі – әріптестеріне талапшыл болып келе, қандай жетістіктерге жетуге болатынын өз үлгісімен көрсетеді. Оқу-тәрбиелеу үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге көп көңіл бөле отырып, Зауреш Қуантайқызы бөлім жұмысын нақты мақсаттарға жету үшін үйлестіре білді. Павлодар қаласы мектептерінің құрама командасы жыл сайын облысымыздың ең үздік олимпиадалық командасы болып танылады. Жыл сайынғы рейтинг (дәреже көрсеткіш) қорытындылары бойынша Павлодар қаласының білім беру жүйесі үнемі бірінші орында. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, «ҚР Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», «Білім беру ісінің үздігі - 2012», «Ең үздік мемлекеттік қызметкер», «Облыс алдындағы ерең еңбегі» белгісі секілді атақтары Зауреш Қуантайқызының жоғары деңгейдегі жеке кәсіпқорлығын, басқару қызметіндегі тиімділігін растайтын нәтижелері болып табылады.