Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Сөйлеу кемшіліктерді еңсеру мерзімі бірқатар факторға байланысты:

1.Баланың жеке дара, жас және психологиялық ерекшеліктері

Көп жағдайда баланың бойында шырмалушылық, тұйықтық, кейде таныс емес құрдастармен немесе ересек адамдармен кездесуден қорқу байқалады, сондықтан кейде логопедке баланы өзіне қарату үшін және сабаққа ынталандыру үшін уақыт қажет. Сонымен қатар, түзету жұмысының тиімділігі ырықты зейіннің, қабылдаудың, естің, ойлау операциялардың даму деңгейіне байланысты болады. Артикуляцияға қатысатын мүшелерде (тіл, таңдай, тістер, жақ) аномалия бар жағдайда артикуляциялық аппаратты дыбыс шығаруға дайындығына тағы да қосымша уақыт керек;

 

2.Баланың сабаққа қатысуы

Логопед өз сабақтарын ойын түрінде өткізуге тырысады, бірақ олар сонда да оқыту сипатында өтеді, яғни бала бұл сабақтарда белгілі бір білімді, дағдыны меңгереді, ал оны келесі сабақтарда бекіту мен дамыту қажет. Сондықтан, егер бала сабақтарға кейде қатысып, кейде қатыспаса, алған білім мен дағдылар жоғалады немесе дамымайды да, логопедтік жұмыс баяулайды;

 

3. Түзету үрдісіне ата-ананың қатысуы

Егер сіздің балаңыздың сөйлеуінде ауытқулар болса, және ол логопедттік сабақтарға қатысса, бірақ сіз баламен үйде әрдайым қосымша тапсырмаларды орындамасаңыз, логопед ең мықты болсада, жақсы нәтиже алуға қиын болады, себебі дыбыс шығаруды түзету ‒ бұл балада жаңа шартты рефлексті қалыптастырту деген сөз (сөйлеудің жаңа әдеті), ал бұл әдет жағымды эмоциялық көңілмен, ата-ананың қолдауы мен тексеруімен бекітілуі керек (мадақтау, марапттау);

 

4.Дефекттің күрделілік дәрежесі, яғни сөйлеу диагнозына байланысты.